Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 ақпандағы Заем туралы келiсiмдi (Арнайы операциялар) (Базалық бiлiм беру жобасы) бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 262


     Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998
жылғы 23 ақпандағы Заем туралы келiсiм (Арнайы операциялар) (Базалық
бiлiм беру жобасы) бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
                                                    Заем нөмiрi 1542 KAZ 
(SF)

            Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі
                        арасындағы
                    Заем туралы Келісім
                    (Арнайы операциялар)
                 (Базалық білім беру жобасы)
                 Даталанған мерзімі 23.02.98
                                                                 
LАS:КАS28440
     
                     Заем туралы Келісім
                     (Арнайы операциялар)
     


      Қазақстан Республикасы (бұдан былай Заем алушы деп аталады) мән Азия Даму Банкі (бұдан былай Банк деп аталады) арасындағы
                         Заем туралы Келісім.

      (А) Заем алушы Банкке өзiнiң қалыпты қаржы ресурстарынан Заем және Заем туралы осы Келісiмнiң 1-Қосымшасында жазылған жобаның мақсаттарына арналған арнайы қор ресурстарынан Заем туралы өтiнiш жасады;
      (В) Заем алушы мен Банк арасындағы белгiленген уақыттағы. Келiсiм (бұдан былай "Заем туралы келiсiм қалыпты операциялар)") бойынша Банк Заем алушыға Банктiң қалыпты капитал ресурстарынан жобаның мақсаттарына отыз бес миллион доллар ($ 35, 000000) көлемiнде Заем беруге келiстi;
      (С) Заем алушының Yкiметi сондай-ақ Банкке орталық және жергiлiктi

үкiметтiк деңгейлерде бiлiм беру мен менеджменттi әкiмшiлiктендiруiн
жетiлдiру үшiн техникалық жәрдем туралы өтiнiш жасады, және де Банк осы
мақсатқа алты жүз мың долларға ($600, 000) балама Сомаға грант 
(Техникалық жәрдем) беруге келiстi; және
     (Д)Банк Заем алушыға бұдан былайғы белгiленген шарттарға қарай Банктiң
Арнайы қоры ресурстарынан Заем беруге келiстi;
      деген фактiнi Назарға ала отырып,
      тараптар мынандай келісімге келді:
     
                         1 Бап
                Заем ережелерi; айқындамалар
     


      1.01. бөлiм. 1982 жылғы 7 желтоқсандағы арнайы операциялар заемдерi жөнiндегi: Банк Ережелерiне енгiзiлген барлық ережелер Заем туралы осы келiсiмге қолданылады және егер ол осы құжатта толығымен баяндалғанындай күшi бар, бiрақ, төмендегiдей өзгерiстер жасалуы тиiс (арнайы операциялар заемдерi жөнiндегi ескерiлген ережелер, мынандай ретпен өзгертiлдi, бұдан былай Заем Ережелерi деп аталады):
      4.05 бөлiмi шегерiледi
      1.02. Олар Заем туралы осы келiсiмде қайсы бiр тұста қолданбасын, егер контекст бойынша қажет деп танылмаса, Заем Ережелерiнде айқындамасы берiлген бiрнеше терминнiң онда көрсетiлген тиiстi мағынасы бар, ол келесi қосымша терминдердiң төмендегiдей мағыналары бар:
      (а) "СЗК" Қазақстан Республикасы сыртқы Заем жөнiндегi комитет немесе оның кез-келген мұрагер: дегендi бiлдiредi;
      (е) "БМН" Бiлiм беру және мәдениет Министрлiгi (БММ) жанындағы бiлiм беру проблемалары институты немесе оның кез-келген мұрагерi дегендi бiлдiредi;
      (6) "АБЖ" N 1420 - КАZ (SҒ) Заем бойынша Заемшы мен Банк арасындағы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Заем туралы Келiсiм 1 Қосымшаның ДД Бөлiгiнде жазылғанындай, ақпараттарды басқару жүйесi дегендi бiлдiредi:
      Бiлiм беру жүйесiн басқаруды реабилитациялау және жақсарту жобасы (ЕR-МIР);
      (е) "БММ" Заемшының бiлiм беру және мәдениет министрлiгi немесе оның кез-келген мұрагерi дегендi бiлдiредi.
      (t) "ҚҰБ" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi, Заемшының орталық банкiсi немесе оның кез-келген мұрагерi дегендi бiлдiредi;
      (д) "Облысы Заемшының әкiмшiлiк бiрлiгiн, немесе оның кез-келген мұрагерi дегендi бiлдiредi;
      (f) "ПИ" педагогикалық институтты бiлдiредi;
      (i) "РIU" Заем туралы осы келiсiмдегi 6 қосымшаның 1 параграфында айқындалуына сәйкес БММ жанындағы құрылатын жобасы жүзеге асыру жөнiндегi Басқарма дегендi бiлдiредi;
      (j) Заем Ережелерiнiң мақсаттарына арналған және мәнi шеңберiндегi "Жобаның орындалуына жауапты Агенттiк" жобаның орындалуына жауапкершiлiктi көтеретiн БММ дегендi бiлдiредi;
      (к) "ЖБК" Заем туралы осы келiсiмнiң 6 қосымшасы 3 параграфында жазылғанындай Жобаны Бақылау Комитетi дегендi бiлдiредi;
      (l) "ПУ" Педагогикалық Университет дегендi бiлдiредi;
      (m) "ЖЖТ" Заем туралы осы келiсiмнiң 6 қосымшасы 2 параграфында айқындалуына сәйкес жобаның жұмысшы Тобы дегендi бiлдiредi;
      (n) "МЖРИ" мұғалiмдерi жетiлдiрудiң Республикалық Институты немесе оның кез-келген мұрагерi дегендi бiлдiредi;
      (о) "МЖИ" Облыс деңгейiндегi Мұғалiмдердi жетiлдiру институты немесе оның кез-келген мұрагерi дегендi бiлдiредi;

                            II Бап
                             Заем

      2.01. Бөлiм. Банк Заемшыға Банктың арнайы қор ресурстарынан шеттен қарыз алудың Арнайы Құқтары бойынша жетi миллион екi жүз қырық бiр мыңға тең (SDR 7,241,000) әртүрлi валюта сомасын бередi.
      2.02. Бөлiм. Заемшы заем есебiнен алынған және уақыттан уақытқа ұласып төленбеген заем сомасынан жылына бiр процент (1%) көлемiнде көрсетiлген қызметке төлем жасайды.
      2.03. Бөлiм. Қызмет көрсеткенi үшiн төлем және заем бойынша түскен кез-келген басқа ақша алты айда бiр рет сәуiрдiң 1-iнде және әр бiр жылы қазанның бiрiнде төленедi.
      2.04. Бөлiм. (b) және (с) параграфтарындағы ережелерiне тәуелсiз ретпен Заемшы Заем туралы осы Келiсiмнiң 2 Қосымшасында келтiрiлген амортизациялық графикке сәйкес Заем шотынан алынатын Заемның негiзгi сомасын төлейдi.
      (b) Кейiнгi 5 жылдың iшiнде 1985 жылғы ұдайы курс жөнiндегi 690 АҚШ долларынан Заемшының жан басына шаққанда ұлттық табыс өнiмi (жан басына шаққанда (ҰТӨ) Директорлар Кеңесiнiң тиiстi қарауынан соң және (ii) Заемшы Банктiң әдеттегi капитал ресурстарынан қарыз алу қабiлетiне жеттi деп Банк шешсе, онда Банк Заемшыны ескерте отырып, Заемның барлық сомасы толығымен жабылмай отырған кезде бұдан соң жоюдың мерзiмi басталады әрбiр соманы жүз (100) процентке ұлғайту жолымен шарттарды өзгерте алады. Бiрақ Заемшының өтiнiшi бойынша Банк төлем мерзiмi басталған осындай реттегi сомаларды ұлғайтудың орнына уақыт өткен сайын шоттан алынатын және төленбей қалған, жоюдың мерзiмi басталған жоғарыдағы қамтылған сомаларды ұлғайтуға сәйкес алынуы мүмкiн осындай төлемдi алу үшiн Заем сомасынан Заемшы мен Банк арасындағы келiсiлетiн жыл сайынғы ставка бойынша процент ала алады.
      (с) Егер (b) параграфы ережелерiне сәйкес Заем шарттары өзгергеннен соң қандай да бiр уақыт iшiнде Банк Заемшының экономикалық жағдайы күрт нашарлап кеттi дегендi айқындаса өзiнiң Директорлар Кеңесiнiң тиiстi қарауынан соң Банк Заемшының өтiнiшi бойынша алынған және төленбеген Заемның қалған соммасы турасында Заемның бастапқы шарттарын қалпына келтiре алады.

                             III Бап
                     Заем қаржыларын пайдалану

      3.01. Бөлiм. Заемшы Заем туралы осы Келiсiм ережелерiне сәйкес Жоба жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға Заем қаржыларын пайдаланады.
      3.02. Бөлiм. Заем қаражаттарынан қаржыландыратын тауарлар, қызмет және шығындардың басқа да бөлiктерi, және осындай тауарлар, қызметкер, және шығындардың басқа да бөлiктерi Заем туралы осы Келiсiмнiң 3 Қосымшасындағы ережелерiмен сәйкес келуi тиiс, және де мұндай қосымша уақыт өткен сайын Заемшы және Банк арасындағы келiсiмдер бойынша түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
      3.03. Бөлiм. Заемшы және Банк басқа жағдайлармен келiсуi мүмкiн жағдайларды есепке алмағанда Заем қаражаттарынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызметтер Заем туралы осы Келiсiмнiң 4 Қосымшасы және 5 Қосымшасы ережелерiне сәйкес сатып алынады. Банк Заемшы және Банк арасындағы келiсiлген процедураларға сәйкес, немесе келiсiм-шарттары Банктi қанағаттандырмаған жағдайдағы сатып алынбаған тауарлар немесе қызметтер бойынша жасалған келiсiм-шартты қаржыландырудан бас тарта алады.
      3.04. Бөлiм. Заемшы және Банк басқаша ретпен келiсе алатын жағдайларды есепке алмағанда Заемшы Заем қаражаттарынан қаржыландыратын барлық тауарлар мен қызметтер Жобаның орындалуы үшiн пайдалануға барлық iс-шаралар қолданылады.
      3.05. Бөлiм. Заем шотынан тауарлар және қызметтер жөнiнен ақша алу

тауарлар және қызметтерге байланысты шығындар есебiнен ғана жүзеге 
асырылады, олар:
     (а) уақыт өткен сайын тауарлар және қызметтердi сатып алуға арналған 
қайнарлар іспеттi Банк айқындайтын Банк қатысушы - елдерi жүзеге асырып,
жеткiзедi, және
     (b) уақыт өткен сайын Банк көрсететiн жарамды басқа да талаптарды
қанағаттандырады.
     3.06. Бөлiм. Заем Ережелерiнiң 8.03. Бөлiмiнiң мақсаттарына арналған 
Заем шотынан ақша алуға арналған түпкiлiктi мерзiм 2003 жылдың 30 маусымы 
немесе уақыт өткен сайын Заемшы және Банк арасындағы келiсiлуi мүмкiн басқа
мерзiм болып табылады.
     
                          IV Бап
                       Ерекше шарттар
     


      4.01. Бөлiмi (а) Заемшы Жобаны тиiстi ұқыпты, және тиiмдi, және парасатты әкiмшiлiк, қаржы саясатына сәйкес, және де қоршаған ортаның жағдайын және бiлiм беру деңгейiн ескере отырып орындау үшiн, барлық iс-шара қолданады.
      (b) Жобаны орындау және жобаның жабдықтарын пайдалану кезiнде Заемшы арнайы операциялар заемы туралы Келiсiмнiң 6 Қосымшасында қамтылған барлық мiндеттемелердi орындайтын немесе орындауға ықпалдық ететiн болады.
      4.02. Бөлiмi. Заемшы қажеттiлiкке қарай Жобаның орындалуы үшiн Жобаның жабдықтарын басқару және пайдалану үшiн Заемдiк қаражаттарға толықтыруға қажет қаражат, жағдай, қызмет және басқа да ресурстар бередi.
      4.03. Бөлiмi. (а) Заемшы Жобаның орындалуы барысында Заемшы мен Банк үшiн қолайлы, және де, Заемшы мен Банктi қанағаттандыратын жағдайда бiлiктi және маман кеңесшiлер мен мердiгерлердi жалдауды қамтамасыз етедi.
      (b) Заемшы Жобаның орындалуын Заемшы мен Банк үшiн қолайлы жоспарларға, ерекшелiктерге, жұмыс графиктерiне және құрылыс әдiстерiне сәйкес қамтамасыз етедi. Заемшы Банк дәлелдi сұрау сала алатын осындай жоспарлар, ерекшелiктер, жұмыс графиктерi немесе кез-келген басқа материалдық өзгерiстердiң кез-келген айғақтамасын, және де Банк дәлелдi сұрау салуы мүмкiн осындай нақтылықтардың әзiрлiгiн бередi немесе оның Банкке берiлуiн қамтамасыз етедi.
      4.04. Бөлiмi. Заемшы Жобаның орындалуына және Жобаның жабдықтарын пайдалануға қатысты оның ведомстволары мен агенттiктерi қызметi парасатты әкiмшiлiк саясат пен процедураларға сәйкес жүзеге асырылуын және үйлестiрiлуiн қамтамасыз етедi.
      4.05. Бөлiмi. (а) Заемшы ойлы практикамен кезiгетiн қауiп-қатерге қарсы және сондай көлемдегi дәрежеде заемдiк қаражат көздерiмен қаржыландырылатын жабдықтарды, материалдарды және оқу құралдарын сақтандыру үшiн Банктi қанағаттандыратын iс-шаралар қолданады.
      (b) Жоғарыда айтылғанның жалпы мағынасын шектемей, Заемшы жоба үшiн импортталатын және оларды алуға, тасымалдауға және пайдалану орнына жеткiзуге, немесе осындай сақтандыру бойынша оны орнатуға байланысты қауiп-қатерге қарсы Заемдiк қаражаттан қаржыландырылатын тауарларды сақтандыру үшiн iс-шаралар қолданады, және де осындай сақтандыру жөнiнен шығынның кез-келген қайтарымы осындай бұйымдардың ауысымы және жөндеу үшiн еркiн пайдалана алатын валютамен төленедi.
      4.06. Бөлiмi. (а) Заемшы заемдiк қаражаттан қаржыландырылатын тауарларды, қызметтердi және шығындардың басқа да баптарын теңестiру үшiн Жобаның барысына (оның құнын қосқанда) iлгерiлеушiлiктi тiркеу көзiнде оларды Жобада пайдалануын қамту үшiн және Жобаның орындалуына және Жобаның жабдықтарын, немесе олардың кез-келген бөлiгiн Жобаға сәйкес көлемде пайдалануға жауапты Заемшы агенттiктерiнiң қазiргi қолданылатын бух. есеп принциптерiне, операцияларға және қаржы жағдайына сәйкес айқындау кезiнде жазба жүргiзедi немесе жазба және есеп жүргiзу үшiн iс-шаралар қолданады.
      (b) Заемшы (і) Жобаға арналған жеке есеп жүргiзедi, немесе соған орай iс-шаралар қолданады; (ii) жыл сайын аудиттiң, тәуелсiз аудиторлардың тиiстi нормаларына сәйкес осындай есептi және тиiстi қаржы есептерiн аудитке ұшыратады, ал ондайды квалификациясы, тәжiрибесi мен келiсiм-шарттары Банк үшiн қолайлы; (іii) мүмкiндiкке қарай, бiрақ кез-келген жағдайда әрбiр тиiстi фискал жылы аяқталғаннан соң 12 айдан кешiктiрмей Банкке тексеру қорытындылары туралы осындай тексерiлген шарттар мен қаржы есептерiнiң сенiмдi нұсқаларын, (Заемдiк қаржыны пайдалануға қатысты аудиторлар қорытындысын және Заем туралы осы Келiсiм шарттарына үйлесiмiн қосқанда) барлығын ағылшын тiлiнде бередi; және (iv) Банкке уақыт өткен сайын Банк сұрау сала алатын осындай шоттарға, қаржы есептерiне және олардың аудитiне қатысты басқа да ақпараттар бередi.
      (с) Заемшы Банкке оның өтiнiшi бойынша, Жоба жөнiндегi Заемшының қаржы есептерiн уақыт өткен сайын және Заемшы аудиторлармен Жобаға қатысты қаржы операцияларын талқылау мүмкiндiгiн бередi, аудиторлар өкiлдерiнен Банк сұрау сала алатын осындай кез-келген талқылауға қатыстырылуын талап ете алады, және осындай кез-келген талқылау егер Заемшы басқаша келiспесе, Заемшы тарапынан жауапты адамның қатысуымен жүргiзiледi деген шартта оларға өкiлеттiк бередi.
      4.07. Бөлiмi. (а) Заемшы заемға және Заемдiк қаражаттарды жұмсау және олардың қызмет көрсетуi: (ii) Заем қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарлар, қызметтер және шығынның басқа да баптары; (iii) Жоба; (іv) Жобаның немесе оның кез-келген бөлiгiнiң орындалуына жауапты Заемшы агенттiктерiнiң әкiмшiлiгi, операциялар және қаржы ережелерi; (v) Заемшы территориясындағы қаржы және экономикалық жағдайы, және Заемшының халықаралық төлем балансы жағдайы; және (vi) Жобаның мiндеттерiмен және мақсаттарымен байланысты басқа да мәселелер турасында Банк жеткiлiктi негiздемесiмен сұрау сала алатын барлық осындай есеп пен ақпараттарды бередi, немесе оны беру үшiн тиiстi iс-шаралар қолданады.
      (vi) Жоғарыда айтылғанның жалпы мағынасын шектемей Заемшы Банкке (тоқсан сайын) Жобаның орындалуы туралы және Жоба жабдықтарын пайдалану және басқару туралы есеп бередi, немесе есеп беруi үшiн тиiстi iс-шаралар қолданады. Мұндай есептер жеткiлiктi негiзi қамтылып Банк сұрау сала алатын үлгiде, нақты мәлiметтермен және белгiлi уақыт iшiнде берiледi, онда бұған қоса қаралып отырған кезеңде ұшырасқан қол жеткiзiлген табыс және проблемалар, сол проблемаларды шешу үшiн қолданылған және ұйғарым етiлген шаралар, iс-әрекеттiң ұйғарым етiлген бағдарламасы және келесi тоқсан iшiндегi ұйғарым етiлген iлгерiлеу жолдары берiледi.
      (с) Сөйтiп, Жобаның қалыпты тұрғыда аяқталғаннан соң, бiрақ кез-келген жағдайда осыдан кейiн 3 айдан кешiктiрмей немесе Заемшы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн анағұрлым кешiктiрiлген мерзiмде "Заемшы оның құнын қосқанда, Жобаның орындалуы және бастапқы қимылы, Заемшының заем туралы Келiсiмi жөнiндегi оның мiндеттемелерiн орындау және Жоба мақсаттарын жүзеге асыру туралы жеткiлiктi негiзде Банк сұрау сала алатын үлгiде және нақтылық тұрғыда есебiн дайындап, оны Банкке ұсынады.
      4.08. Бөлiмi. Заемшы Банк өкiлдерiне Жобаның Заем қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарлардың, және кез-келген тиiстi есептер мен құжаттардың инспекциясын жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
      4.09. Бөлiмi. Заемшы Жобаның жабдықтары iс-әрекетте болуын, қоршаған ортаның жай-күйiн және бiлiм беру деңгейiн ескере отырып, парасатты әкiмшiлiк, қаржылық, операциялық, және пайдалану практикасына сәйкес пайдалануын және түзетiлуiн қамтамасыз етедi.
      4.10. Бөлiмi. (а) Заемшы мен Банктiң екеуара мүддесi Банктен бөлек несиешiге қандайда бiр сыртқы қарыздың кепiлдiгi ретiнде Заемшының қарызға деген қандайда бiр активтерiн ұстап қалуы кезiнде шаралар қолданады, мұндай құқ, негiзгi соманың төлемiне, Заем жөнiнен қызмет көрсету төлемiне және басқа да төлемдерге кепiлдiк ететiн болады; және (ii) кез-келген осындай құқықтың жасалуы немесе жасалуына ықпалдық ету кезiнде Заемшы осындай мүдденiң сақталуы үшiн жағдайды шұғыл қамтамасыз етер едi.
      (b) Осы бөлiмнiң (а) параграфы ережелерi осындай мүлiктiң сатып алу құнының төлемi ерекше кепiлдiк ретiнде оны сатып алу кезiнде қарыздарға мүлiктiң қандай да бiр ұстап қалуы құқына (і) немесе (іi) әдеттегi Банк операциялары барысы нәтижесiнде пайда болатын қарыздар үшiн мүлiктi ұстап қалудың қандай да бiр құқына және жойылу мерзiмi бiр жылдан аспай жатып, келетiн қарыз кепiлдiгi ретiнде қызмет ететiн құқына қолданылмайды.
      (е) "Заемшы активтерi" терминi, ол осы бөлiмнiң (а) параграфында қолданылғанындай Заемшының кез-келген әкiмшiлiк бөлiмшесiнiң немесе кез-келген ұйымның активтерiн және ҚYБ және Заемшы үшiн орталық Банк қызметтерiн атқаратын басқа да мекемелердi қосқан осындай кез-келген әкiмшiлiк бөлiмшесi кез-келген ұйымының активiн енгiзедi.

                               V Бап

     Толықтырылуы: Бас тарту; Төлем мерзiмiнiң басталуын жеделдету.
     
     5.01. Бөлiмi. Келесiсi қосымша жағдай ретiнде айқындалады, оның пайда
болуы кезiнде Заем ережелерiнiң 8.02. (і) бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заемшы
шотынан қаржы алуға Заемшының құқы тоқтатылады: Заемшы арнайы операциялар 
заемы туралы Келiсiм жөнiндегi өз мiндеттемелерiнiң кез-келгенiн
орындай алмады.
     5.02. Бөлiмi. Келесiсi Заем ережелерi 8.07. (d) бөлiмiнiң мақсаттары 
үшiн төлем мерзiмiнiң басталуын жеделдетудiң қосымша жағдайы ретiнде
айқындалады: Заем туралы осы Келiсiмнiң 5.01. бөлiмiнде көрсетiлген жағдай
пайда болуы мүмкiн.
     
                               VI Бап
                             Күшіне ену.
     


      6.01. Бөлімі. Келесі шарт Заем ережелері 9.01. (f) бөлімінің мақсаттарына арналған Заем туралы осы Келісімнің күшіне енуі үшін Қосымша шарт болып табылады. Заем туралы Келісім (арнайы операциялар) тиісті ретпен орындалуы тиіс және Заемшының атынан оның күшіне енген барлық шарттары ресми түрде беріліп (Заем туралы осы Келісім күшіне енуді талап ететін шарттан бөлек) орындалуы тиіс.
      6.02. Бөлімі. Заем туралы Келісім күшіне енуі үшін Заем Ережелері
9.04. бөлімінің мақсаттары үшін Заем туралы осы Келісім даталанған

мерзімінен соң тоқсан күндік мерзімде айқындалады.
      
                             VII Бап
                           Басқа мәселелер
     
     7.01. Бөлімі. Қаржы министрі Заем Ережелерінің 11.02. Бөлімінің 
мақсаттары үшін Заемшының өкілі ретінде тағайындалады.
     7.02. Бөлімі. Заем Ережелерінің 11.01. Бөлімінің мақсаттары үшін 
төмендегі мекен-жайлар көрсетіледі:
     
     Заемшы үшін
     Қазақстан Республикасы
     Алматы 480091
     Абылайхан даңғылы, 97
     Қаржы министрлігі
     
     Телефакс N: (7-3272) 63-69-84/622770
     
     Банк үшін
     Азия Даму Банкі
     П/Ж 789
     0980 Манила, Филиппин
     
     Факс (632) 636-2444
     (632) 636-2404
     
     Мұны куәландыру үшін тиісті ретпен өкілетті өз өкілдері арқылы іс-
әрекет ететін тараптар осы Келісімге өздерінің тиісті аты-жөндерін 
көрсетіп қол қоюын және оны Банктің бас офисіне жоғарыда 
көрсетілгеніндей сол күні және сол жылы жеткізуді қамтамасыз етті.
     
                        Қазақстан Республикасы
     
                        ______________________
                            Өкілетті өкіл
     
                           Азия Даму Банкісі
     
                          ____________________
                            Өкілетті өкіл
     
                            1-Қосымша
                         Жобаның жазылуы
     


      1. Жобаның мақсаты базалық бiлiм берудi жетiлдiру және реформалау жөнiндегi қызметтердi көрсету болып табылады: (i) базалық бiлiм берудiң iлгерiлеп келе жатқан рационализациясын қолдау, (ii) ұлттық және облыстық деңгейлерде бiлiм беру саласында басқару жүйесiн реформалау, (іii) базалық бiлiм беру сапасын арттыру, (iv) ұстаздардың даярлығын жетiлдiру, (v) ауылдық жердегi мектептерге басым назар аудара отырып таңдаулы, бастауыш және орта мектептер үшiн қажеттi оқу материалдарын (оқу құралдарын қосқанда) және жабдықтарды беру.
      2. Жоба төмендегi 5 бөлiмнен тұрады:
      А Бөлімі:
      Бiлiм беру саласындағы басқару жүйесiн реформалау
      (i) Саясатты жасау және стандарттарды орнату саласында бiлiм беру Министрлiгiнiң мүмкiндiктерiн нығайту;
      (іі) Облыстық деңгейлерде бiлiм беру Бөлiмдерiнде басқарудың жүйесiн орталықтандыруға ықпалдық ету;
      (іii) Өндiрiстен қол үзбей бiлiм беру секторы басшыларының және мектеп директорларының оқу сапасын арттыру;
      (iv) Бiлiм беру және мәдениет Министрлiгiнде және облыстық бiлiм беру бөлiмдерiнде ақпараттық басқару жүйесiн одан сайын дамыту;
      В Бөлімі:
      Базалық бiлiм беру сапасын жақсарту
      (i) Ұстаздар құрамын даярлау және қайта даярлау реформасын қолдау, оқу курстарын, оқу құралдарын жасау және жетiлдiру, жергiлiктi семинарларға қатысу, шетел симпозиумдарына қатысу және зерттеу келiсiм-шарттарын пайдалану;
      (ii) Оқу курстарының реформасына ықпалдық ету мақсатында бiлiм беру проблемалары Институты үшiн жабдықтар сатып алу;
      С Бөлімі:
      Ұстаздардың даярлығын жетiлдiру
      (i) Ұстаздарды даярлау және қайта оқыту жөнiндегi институттарды нығайту және оқу бағдарламаларын жетiлдiру;
      (ii) Кепiлдеме материалдарын, тiл лабораторияларын және компьютерлiк жабдықтарды беру, ол:
      (а) ұстаздарды даярлаумен айналысатын Заемшының барлық территориясында орналасқан 20 таңдаулы педагогикалық институттары/университеттерi; және
      (b) өндiрiстен қол үзбей ұстаздарды оқытумен айналысатын Заемшының барлық территориясында орналасқан ұстаздарды жетiлдiрудiң таңдаулы 15 институты.
      D. Бөлігі:
      Қала және ауыл мектептерiне арналған қажеттi жабдықтарды беру, оларды жөндеу және қалпына келтiру
      (і) Класс бөлмелерi, бөлмелерi үшiн негiзгi жабдықтарды, кiтапхана кiтаптарын, жиhаз, ғылыми жабдықтар, тiл лабораторияларына арналған жабдықтар немесе класс бөлмелерiне арналған компьютерлердi сатып алу шамамен мына көлемде болмақ:
      (а) қаланың 400 бастауыш және орта мектептерi, (b) ауылдық 400 бастауыш және орта мектептерi, және (ii) жобаға енгiзiлген қажеттi жұмыстарын жүргiзу және педагогика институттарын, университеттердiң, мұғалiмдердi жетiлдiру институттарының және мектептердiң, үйлерiн және жабдықтарын қалпына келтiру.
      Е. Бөлігі:
      Оқу құралдардың жасау
      (i) Шетел және жергiлiктi оқу ықпалымен оқу құралдарымен жасау және жетiлдiру жүйелерiндегi реформаларды қолдау,
      (ii) Ұстаздарға арналған жаңа оқу құралдардың жасау және басшылық, және
      (iii) бастауыш және орта мектептерге арналған бiрiншi кезектегi қажеттi шамамен 1.4 миллион оқулықтарды алу, оған енетiнi:
      (а) бастауыш мектептерде жүргiзiлетiн Заемшы оқу бағдарламасына ықпалдық ететiн елдерде таратылуға арналған жаңа атаулардың шамамен төрттен үшi кезiнде (барлығы шамамен 750,000 нұсқа), және
      (b) жаңа оқу жоспарына ықпалдық ететiн орта мектептерге арналған

шамамен 13 негiзгi оқу құралдары (шамамен 650,000 нұсқа), және тарих, 
география, қазақ тiлi және әдебиетi, шет тiлдерi және компьютерлiк 
сауаттылық турасындағы Жоба шеңберiнде орнатылған жабдықтарды пайдалану.
     3. Жобаға сондай-ақ кеңесшiлер қызмет көрсетуi де енедi. Жобаны 2002
жылғы 31 желтоқсанға дейiн аяқтау жоспарланып отыр.
     
                         2 Қосымша
                   Амортизациялық график
                 (Базалық білім беру жобасы)
     
     Төлем мерзімі                           Негізгі сома төлемі
                                           (Шоттан алудың арнайы құқы)
<*>

     
     01 сәуір 2008                               90,500
     01 қазан 2008                               90,500
     01 сәуір 2009                               90,500
     01 қазан 2009                               90,500
     01 сәуір 2010                               90,500
     01 қазан 2010                               90,500
     01 сәуір 2011                               90,500
     01 қазан 2011                               90,500
     01 сәуір 2012                               90,500
     01 қазан 2012                               90,500
     01 сәуір 2013                               90,500
     01 қазан 2013                               90,500
     01 сәуір 2014                               90,500
     01 қазан 2014                               90,500
     01 сәуір 2015                               90,500
     01 қазан 2015                               90,500
     01 сәуір 2016                               90,500
     01 қазан 2016                               90,500
     01 сәуір 2017                               90,500
     01 қазан 2017                               90,500
     01 сәуір 2018                               181,000
     01 қазан 2018                               181,000
     01 сәуір 2019                               181,000
     01 қазан 2019                               181,000
     01 сәуір 2020                               181,000
     01 қазан 2020                               181,000
     01 сәуір 2021                               181,000
     01 қазан 2021                               181,000
     01 сәуір 2022                               181,000
     01 қазан 2022                               181,000
     01 сәуір 2023                               181,000
     01 қазан 2023                               181,000
     01 сәуір 2024                               181,000
     01 қазан 2024                               181,000
     01 сәуір 2025                               181,000
     01 қазан 2025                               181,000
     01 сәуір 2026                               181,000
     01 қазан 2026                               181,000
     01 сәуір 2027                               181,000
     01 қазан 2027                               181,000
     01 сәуір 2028                               181,000
     01 қазан 2028                               181,000
     01 сәуір 2029                               181,000
     01 қазан 2029                               181,000
     01 сәуір 2030                               181,000
     01 қазан 2030                               181,000
     01 сәуір 2031                               181,000
     01 қазан 2031                               181,000
     01 сәуір 2032                               181,000
     01 қазан 2032                               182,000
     
                                    Барлығы     $ 7, 241,000
     
     _____________________________
     
<*>
 - Осы бағанадағы мәліметтер шоттан алынған тиісті мерзімде 
айқындалған SDR баламасын білдіреді. Әрбір соманың төлемі Заем 
Ережесінің 3.04 және 4.04 бөлімдерінің шарттары бойынша жүзеге асырылады.
     
     
                           3 Қосымша
                Заем қаржыларын бөлу және алу
     
     Жалпы бөлiм


      1. Осы қосымшаға тиесiлi кестеде Заем қаражаттарынан қаржыландырылуға тиiстi тауарлардың, қызметтердiң және шығындардың басқа баптарының категориялары және әрбiр категория бойынша (бұдан былай кесте деп аталады) Заем сомаларының бөлiнуi берiлiп отыр. Осы қосымшадағы "Категорияға" немесе "Категорияларға" сiлтеме кесте категориясына немесе категорияларына жатқызылады.
      Салықтар
      2. Ешқандай қаражат қандай да бiр жергiлiктi салық турасында Заем шотынан алынбайды.
      Банктiк қаржыландыру проценттерi
      3. Егер осы қосымшада басқаша қарастырылмаса, немесе Банкпен басқа келiсiм болмаған жағдайда, кестеде тiзiлген Категориялар және ықшам категориялар баптары кестеде көрсетiлген проценттер негiзiнде Заем қаражаттарынан қаржыландырылады.
      4. Осы Қосымшаның 5 параграфына қарамастан халықаралық конкурстық саудаларды немесе арнайы операциялар Заемы туралы келiсiмнiң 4 қосымшасының тиiстi шарттарына сәйкес халықаралық сатып алуды жүргiзгеннен соң жергiлiктi жабдықтаушыға берiлген кез-келген келiсiм-шарт төменгi негiзде Заем қаражаттарынан қаржыландырылады:
      (а) Егер жергiлiктi жабдықтардан, жергiлiктi өндiрiстен алынған тауарлар жеткiзiлiп берiлетiн бұйымдардың франко-зауыт құнының 100% қаржыландырылады (қандай да бiр салықты есепке алмағанда); және
      (b) Егер жергiлiктi жабдықтаушыдан алынған бұйым толығымен импортталған болса, онда валюталық құрастырылған келiсiм-шарттық құны қаржыландырылады.
      Жергiлiктi шығындар
      5.(а) $612,000 SDR көлемiнде Заем қаражаттары жергiлiктi шығындарды қаржыландыру мақсаттарына долларлар күйiнде Заем шотынан алынуы мүмкiн.
      (b) Егер осы параграфта ерекше қарастырылмаса және Банкпен келiсiлмесе, ешқандай сома жоба жөнiндегi қандай да бiр жергiлiктi шығындар турасында Заем шотынан алынбайды.
      Қызмет көрсету төлемi
      6. 8 Категорияға бөлiнетiн сома Жоба жөнiндегi құрылыс кезiнде қызмет көрсету төлемi үшiн арналады. Банк Заем шотынан ақша алып, Заемшының атынан өзiне төлем мерзiмi басталған кезде Заем бойынша қызмет көрсеткенi төлемiне талап етiлетiн соманы төлеу құқына ие.
      Қайта бөлу
      7. Заем қаражаттарын және осы Қосымшаның 5 параграфына сәйкес кестеде берiлген алынатын проценттердi бөлуге қарамастан,
      (а) Егер кез-келген Категория бойынша бөлiнген Заем сомасы осы Категориялар бойынша келiсiлген барлық шығындарды қаржыландыруға жеткiлiксiз болса, Банк Заемшымен келiсе отырып, мұндай қайта бөлу жетпей жатқан есеп сомасын жаба алмаса, осындай Категория бойынша қаражатты онан әрi алу үшiн осындай шығындарға қолданылып алынатын проценттердi төмендету мүмкiн болмаса, осы Категориялар бойынша барлық шығындар әзiрге жабылмаған болмаса осындай Категорияға бөлiнген белгiлi бiр жетпей жатқан соманы жабу үшiн талап етiлетiн, бiрақ Банктiң пiкiрi басқа шығындарға талап етiлмейтiн соманы қайта бөле алады;
      (b) Егер қандай да бiр Категориялар бойынша бұрын бөлiнген Заем сомасы осы категория бойынша барлық келiсiлген шығындардан жоғары болса, онда Банк Заемшыны ескерте отырып, басқа кез-келген Категорияға артылып жатқан осындай соманы қайта бөле алады.
      Ретробелсендi қаржыландыру
      8. Заем шотынан және әдеттегi операциялар Заемы қаржыларынан төлеу үшiн ашық Заем шотынан ақша алу кеңесшiлердi iрiктеу және жалдауға байланысты және ($200,000) екi жүз мың долларға балама максимал сомасына дейiнгi сатып алу жөнiндегi әзiрлiк шаралары күшiне ену мерзiмiне дейiн 1997 жылғы 28 ақпанынан Жоба шеңберiнде жұмсалған мүмкiн боларлық шығындар үшiн жасалады.
      Әдеттегi операциялар Заемы ағымдағы шығындар (импрест) есебi
      9. (а) Банк пен Заемшы арасында басқаша келiсiм болатын жағдайларды есепке алмағанда, Заемшы заем қаражаттарының төлемiн жеделдету үшiн Алматыда сауда-қаржы банкiсiнде импрест-шотты (әдеттегi операциялар Заемының импрест шоты) кезек күттiрместен ашуы тиiс, Әдеттегi операциялар Заемының импрест шоты, Банк үшiн қолайлы мерзiмге және шарттарға, және Банктiң (маусым 1996) "Заемдар шеңберiндегi төлемдер жөнiндегi Басшылыққа" сәйкес және Банк пен Заемшы арасында қол жеткiзiлген iске асыру туралы жүйелi келiсiмдерге сәйкес ашылуы, басқарылуы және таратылуы мүмкiн. Әдеттегi операциялар Заемының импрест шотына аударылатын бастапқы сома, 50,000 АҚШ долларына балама сомадан аспауы тиіс.
      (b) Банк шығындары ведомстволары (SOE) Заемшы мен Банк арасында қол жеткізілген Заем және жүйелі келісімдер шеңберіндегі төлем жөніндегі басшылыққа сәйкес әдеттегі операциялар Заемы импрест шотына түскен мүмкін боларлық шығындарды жабу және аванстық төлемдерді жою үшін пайдаланылуы мүмкін. Шығындар ведомствосы процедуралары шеңберінде жабылуы немесе жойылуы мүмкін жекелеген төлемдер 50,000 АҚШ долларынан аспауы тиіс.

     (c) Заемшы әдеттегі операциялар Заемы импрест-шоты (i) және 
шығындар ведомствосы процедуралары шеңберінде жабылған шығындар 
аудитке ұшырауын; және (ii) осы мәселе жөніндегі аудиторлар 
қорытындысы Заем туралы осы Келісімнің 4.06(b) бөлімге сәйкес талап 
етілетін аудиторлық есепке жеке енгізілуін қамтамасыз етуі тиіс.
     
                                              (3 Қосымшаға толықтыру)
                             Кесте
 __________________________________________________________________________
               Заем шотынан қаржыны бөлу және алу
                  (базалық білім беру жобасы)
 __________________________________________________________________________
 Категория                                    Банк қаржыландыратын процент
 __________________________________________________________________________
 Нөмір  Шығындар бабы    Бөлінген сома   Процент  Ссудалық шоттан қаржы
 қаржы                   (SDR)                       алудың негізі
 __________________________________________________________________________
 1      (D) (i)(b)       5,602,000       100      Шетел шығындары проценті
        бөлігіне арнал.
        ған жабдықтар.   
 __________________________________________________________________________
 2      (D) (i)(b)       283,000         100      Шетел шығындары проценті
        бөлігіне арнал.                  ___      ________________________
        ған жиһаз                        60       Жергілікті шығындар 
проценті
 __________________________________________________________________________
 3      (D) (i)(b)       301,000         100      Шетел шығындары проценті
        бөлігіне арнал.                  ___      ________________________ 
 
        ған оқу материалдары              75       Жергілікті шығындар 
проценті
 __________________________________________________________________________
 4      Кеңестік         87,000          100      Шетел шығындары проценті
        қызмет           
 __________________________________________________________________________
 5      Қызмет көрсету   238,000         100      Тиесілі сомалар проценті
        төлемі           
 __________________________________________________________________________
 6      Бөлінбегені      730,000                                           
 __________________________________________________________________________
 7      Барлығы          7,241,000                                         
  
 __________________________________________________________________________

                              4 Қосымша
                              Сатып алу
     


      1. Егер Банкпен басқаша келiсiлмесе, осы Ереженiң кейiнгi параграфтарында сiлтеме жасалатын процедуралар Заем қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердi сатып алуға қатысты болмақ. Осы Ережедегi "Қызметтер" терминiне кеңестiк қызметтер енбейдi.
      2. Тауарлар мен қызметтердi сатып алу уақыт өткен сайын толықтырылып тұратын, 1994 жылдың қаңтарында қаралып, ол Заемшыға ұсынылған "Азия Даму Банкi Заемдары шеңберiнде сатып алу жөнiндегi басшылықтың" Ережелерiнiң iс-әрекетiне ұшырайды.
      3. Тауарлар мен қызметтердi сатып алу қандайда бiр шектеусiз және қандайда бiр анықталған жабдықтаушыға немесе мердiгерге, немесе егер осы Ережеде қарыстырылмаған болса, қандай да бiр жабдықтаушылар немесе мердiгерлер тобына үстемдiк бермей жүзеге асырылады.
      4. (а) Егер төмендегi 7 параграфында басқаша қарыстырылмаса, 1.000.000 АҚШ долларына балама және одан да жоғары есеп құны бойынша инженерлiк құрылыс жұмыстарына әрбiр келiсiм-шарт, және 500.000 мың АҚШ долларына балама және одан да жоғары есеп құны бойынша жабдықтарды немесе материалдарды жеткiзiп беруге деген әрбiр келiсiм-шарт сатып алу жөнiндегi Басшылықтың II тарауында жазылғанындай халықаралық конкурстық сауда негiзiнде табыс етiледi.
      (b) Халықаралық конкурстық сауда негiзiнде табыс етiлетiн келiсiм-шарт бойынша Банкке сатып алулар туралы Жалпы хабар (оны Банк жеке жариялайды) неғұрлым тез және Жоба бойынша конкурстық саудаларға қатысуға бiрiншi кезекте шақыру жарияланғанға дейiн 90 күннiң iшiнде, Банк жүйелi түрде сұрау сала алатын үлгiдегi осындай ақпараттың нақтылықтарымен және мазмұнымен берiледi. Банк жыл сайын халықаралық конкурстық саудалар негiзiнде қандай да бiр тауарларды сатып алуда талап ететiн сатып алу туралы осындай Жалпы хабардың жаңартылуы үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiледi.
      (с) Халықаралық конкурстық сауда негiзiнде жасалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алу жөнiндегi iс-әрекет сатып алу жөнiндегi басшылықтың IV тарауында баяндалған процедураларға сәйкес Банктiң тексерiлуiне жатқызылады. Осындай процедураларға сәйкес бекiтiлуi үшiн Банкке ұсынылатын халықаралық конкурстық саудаға шақырудың әрбiр Жобасы оның жариялануына дейiн кем дегенде 42 күн бұрын түсiп, Банк осындай шақырудың жеке жарияланымын ұйымдастыруы үшiн Банкте жүйелi түрде сұрау сала алатын ақпараттардың болуы тиiс.
      5. Есеп құны 500.000 АҚШ доллары баламасынан аз (шығындардың аз ғана баптарынан басқа) жабдықтар мен материалдарды жеткiзуге деген әрбiр келiсiм-шарт сатып алу жөнiндегi Басшылықтың III тарауында жазылғанындай халықаралық сатып алу негiзiнде (шоппинг) табыс етiледi.
      6. Халықаралық конкурстық сауда жүйесi жөнiндегi жергiлiктi конкурстық ұсыныстарды салыстыру кезiнде Заемшының таңдауы бойынша және тауарларды ұсынатын саудаға қатысушы Заемшы мен Банктiң жергiлiктi қосымша құн конкурстық ұсыныста көрсетiлген осындай тауарларға франко-зауыт құнының кем дегенде 20% құрайтын жағдайлар кезiнде Қазақстанда өндiрiлген тауарларға осы Ереженiң Қосымша ережелерiне сәйкес артықшылықтар шеңберi қарастырылуы мүмкiн.
      7. (а) Жобаға енгiзiлген халықтық құрылымдарды және педагогикалық институттар мен университеттердiң, мұғалiмдердi жетiлдiру институттарымен мектептердi негiзгi жөндеудi және қалпына келтiрудi жүргiзу жөнiндегi инженерлiк-техникалық деген келiсiм-шарт Банк үшiн қолайлы конкурстық сауда процедураларына сәйкес Заемшы жалдаған жергiлiктi жабдықтаушыларға берiлуi мүмкiн. Осындай әрбiр келiсiм-шарттың 3 данасын бергеннен соң, ол Банкке ұсынылуы тиiс.
      (b) Жиhаз, жабдықтарды, оқулықтар мен оқу материалдарын жеткiзiп беруге арналған келiсiм-шарт Банк үшiн қолайлы процедураларға сәйкес жергiлiктi конкурстық саудалар немесе тiкелей сатып алу негiзiнде берiлуi мүмкiн. Жабдықтаушылардың iрiктелуi мен жалдануын Банк мақұлдауы тиiс. Әрбiр келiсiм-шарттың үш данасы берiлгеннен соң ол Банкке жолдануы қажет.

                         (4 Қосымшаға толықтыру)
                                                             (1 бет)

      1. Заемшының елiнде дайындалған тауарларға халықаралық конкурстық саудалар құралымен сатып алу кезiнде саудаға қатысушы Заемшы мен Банктiң жергiлiктi қосымша құн конкурстық ұсынысты көрсетiлген франко-зауыт құнынан кем дегенде 20% құрайтын құнын қанағаттандыруды айғақтайтын шарттар кезiнде келесi ережелерге сәйкес артықшылықтар шеңберi белгiленедi.
      (а) елдiң iшiнде өндiрiлген тауарлар үшiн артықшылықты қолдануға арналған барлық конкурстық ұсыныстардың жауапты шарттары төмендегi үш категориялар бойынша ерекшеленедi:
      (і) І Категория: Заемшының елiнде дайындалған тауарларға конкурстық ұсыныстар, олар минимал қосымша құн талаптарына жауап бередi;
      (ii) ІI Категория: Заемшының елiнде дайындалған басқа тауарларға конкурстық ұсыныстар;
      (iii) ІII Категория: Импортталған тауарларға ұсынылатын конкурстық ұсыныстар.
      (b) Әрбiр Категория бойынша ең төменгi құн конкурстық ұсыныс сонан соң алып келуге байланысты салынатын кеден баж салығы мен импортқа деген басқа да салықтарды, сатудан түскен салық және конкурстық ұсыныс бойынша тауарларды сатуға немесе жеткiзуге байланысты салынатын басқа да салықтарды есепке алмай әрбiр Категорияның iшiнде барлық бағаны салыстыра отырып айқындалады.
      (с) мұндай ең төменгi баға бойынша конкурстық ұсыныстар бұдан әрi бiр-бiрiмен салыстырылады, және егер осындай салыстыру кезiнде бiр Категориядан немесе екi Категориядағы осындай конкурстық ұсынысты салыстыру кезiнде ең төменгi бағаға байланысты ұсыныс болса, онда ол келiсiм-шарт жасау үшiн таңдап алынады.
      (d) егер, дегенмен, (с) ықшам параграфымен салыстыру кезiнде ең төменгi құн жөнiндегi жоғарғы ұсыныс III Категорияға тиесiлi болса, онда ол I Категориядағы ең төменгi бағаның конкурстық ұсынысымен салыстырылады.

                     (4 Қосымшаға толықтыру)
                                                 (2 бет)




      Одан әрi салыстыру мақсатымен ғана қосу жолымен ұлғайту жағына ІІІ Категория бойынша ең төменгi құнның iрiктелуi жасалады:
      (i) ІII Категория бойынша ұсынылатын тауарларды алып келуге төленуi тиiс төлемнен босатылмаған импортер импорттың кеден салығы және басқа да салықтары соммасы; немесе
      (ii) егер (i) пунктiнде айтылған импортқа деген баж салығы және салық конкурстық ұсыныстың С.I.Ғ. құнының 15% жоғары болса, мұндай тауарларға конкурстық ұсыныстың С.I.Ғ құнының 15%.
      Егер осындай салыстырудан соң I Категориядағы конкурстық ұсыныс төменгi құнға ие болса, онда ол келiсiм-шартты талқылаудан шығып кетедi; мұндай жағдайда келiсiм-шарт төменгi құны қамтылған 1II Категориядағы конкурстық ұсынысқа табыс етiледi.
      2. Артықшылықтарды алуға үмiткер саудаға қатысушылар минимал

жергiлiктi Қосымша құнды қоса отырып артықшылық құқын белгiлеуге арналған 
қажеттi ақпаратты беруi тиiс.
     3. Саудаға арналған құжаттар берiлген артықшылықтары түсiнiктi 
жазбамен қамтылуы тиiс,артықшылығы бар осындай конкурстық ұсыныстарды 
белгiлеуге қажеттi ақпараттар және ұсынылатын құндарды салыстыру кезiнде, 
яғни жоғарыда барлығы қамтылғанындай басшылыққа алуды қажет ететiн 
процедуралар айқын мазмұндалуы тиiс.
     
                       
                         5 Қосымша
                        Кеңесшілер
     


      1. Кеңесшiлердiң қызметi Жобаны орындау кезiнде пайдаланылады, нақтырақ айтқанда: (ii) Жобалық жабдықтарға арналған жүйелi ерекшелiктердi құрастыруды қосқандағы жабдықтарды, тендерлiк құжаттарды сатып алу және жабдықтарға баға беру, оны жеткiзу және қондыру, (ii) оқыту және жоспарлау, (iii) мектептерге басшылық, (іv) ұстаздарды даярлау және қайта даярлау, (v) оқу курсын жасау және оны жетiлдiру және (vi) болашақ бiлiм беру. Кеңесшiлердiң Келiсiм шарттары Заемшы мен Банк арасындағы келiсiм бойынша айқындалады.
      2. Кеңесшiлердi iрiктеу, жалдау және қызмет көрсету осы Ереженiң ережелерiне және Заемшыға ұсынылған, сондай-ақ Банк үшiн қолайлы жергiлiктi кеңесшiлердi жалдау жөнiндегi басқа процедуралар уақыт өткен сайын бiр-бiрiн толықтырылып 1979 жылғы сәуiрдегi "Азия Даму Банкi кеңесшiлерiн және оның Заемшыларын пайдалану жөнiндегi басшылық Ережелерiне бағынады".
      3. Жоғарыда 1 параграфта жазылған қызметтердiң бөлiгi үшiн шетел кеңесшiлерiнiң қызметi пайдаланылатын болады. Мұндай кеңесшiлер iрiктелетiн және келесi процедураларға сәйкес жалданылатын болады:
      (а) Ұсыныстарды енгiзуге шақыру. Ұсыныстарды енгiзуге шақыру және барлық iлеспе құжаттарды олар жарияланғанға дейiн Банк бекiтедi. Осы мақсатта ұсыныстарды енгiзуге шақыру Жобасының үш нұсқасы, шақырылатын кеңесшiлердiң тiзiмi ұсынылған ұсыныс бағалары ерекшелiктерi және басқа да iлеспе құжаттар Банкке берiледi. Ұсыныс енгiзу үшiн шамамен 60 күндiк кезең берiледi. Түпкiлiктi шақыру нұсқасы басқа iлеспе құжаттармен бiрге шыққаннан соң бiрден ақпараттар алу қажеттiгi үшiн Банкке берiледi.
      (b) Келiсiм-шарт жобасы. Кеңесшiмен келiсiм-шарт жобасы ұсынысқа баға бергенге дейiн күнi бұрын мақұлдату үшiн Банкке берiледi.
      (с) Iрiктеу үшiн ұсыныс. Алынған ұсыныстарға баға бергеннен соң және келiссөздер үшiн таңдауы жасалған кеңесшiлермен келiссөздер басталғанға дейiн Банктен жасалынған таңдауға мақұлдау алынуы тиiс. Осы мақсатта Банкке ұсыныстар бағаланғаннан соң бiрден ұсыныс бағаларының үш данасы (i) (әрбiр ұсыныстың бiр данасымен бiрге, Банкке бұрын берiлмеген); (ii) таңдау негiздемесi; және (iii) Банк талап еткенiндей ұсынылған келiсiм қатыстылығының тиiстi куәлiгi берiледi.
      (d) Келiсiм-шартты орындау. Келiссөздер аяқталғаннан соң, бiрақ келiсiм-шартқа қол қойғанға дейiн Банкке (i) бекiтуге арналған келiсiлген шарт, және (ii) ұсыныстар бағасы берiледi. Келiсiм-шартқа қол қойылғаннан соң Банкке бiрден қол қойылған келiсiм-шарттың үш нұсқасы берiледi. Егер келiсiм-шартқа қандай да бiр елеулi толықтыру оның тарам-тарамға iрiктелгенiнен соң ұсынылса, ұсынылып отырған өзгертулер алдын-ала мақұлдау үшiн Банкке берiледi.
      4. (а) Жергiлiктi бiлiктi кеңесшiлердiң қызметi осы Ереженiң 1 параграфында жазылған қызметтер бөлiгi үшiн пайдаланылуы тиiс.
      (b) Мұндай жергілікті кеңесшілер Банк үшін қолайлы процедураларға сәйкес іріктелуі және жалдануы тиіс. Егер Банкпен басқаша түрде келісілмеген болса, ондай кеңесшілердің іріктелуі мен жалдануы олардың тапсырманы орындау кезеңіндегі білiктілігі мен тәжірибесі турасында Банктің алдын-ала мақұлдануына жатқызылады. Келіссөздер аяқталғаннан соң бірақ келісім-шартқа қол қойғанға дейiн Банкке (і) мақұлдау үшін

     келісілген шарт, және (іі) ұсыныстар бағасы беріледі. Келісім-шартқа 
қол қойылғаннан соң Банкке бірден қол қойылған келісім-шарттың үш нұсқасы 
беріледі. Егер келісім-шартқа қандайда бір елеулі толықтыру оның 
тарам-тарамға іріктелгенінен соң ұсынылса, ұсынылып отырған өзгертулер 
алдын-ала мақұлдау үшін Банкке беріледі.
     
                         6-Қосымша
         Жобаның орындалуы: Басшылық және басқару,
                    Басқа мәселелер
     
     1. Орындау жөнiндегi iс-шаралар.
     А. Жобаның орындалуы


      1. Заемшы Жобаның iске асырылуын бақылау үшiн министрдiң орынбасары деңгейiнде Жобаның Директрiн тағайындауы тиiс. Жобаның орындалуына деген жауапкершiлiк бiлiм беру жүйесiн басқаруды реабилитациялау және жақсарту жобасын (ЕRМIР) орындау үшiн ББМ шеңберiнде құрылған Жобаны iске асыру жөнiндегi Тобына (РIU) артылып отыр. Жобаны іске асыру үшiн Заемшы әрбiр жағдайда Банктiң алдын-ала мақұлдауына негiзделе отырып, Жобаның басқарушысын және Жоба жөнiндегi барлық жұмысты күнделiктi басқаруға арналған сатып алу жөнiндегi бухгалтердi және маманды қосқанда толық жұмыс күнiмен қызмет атқаратын қызметкерлердiң үш қосымша мүшесiн тағайындайды. Заемшы пайда қосымша болған (РIU) шығындарын екiншi жылы 20% бастай отырып және осындай қосымша пайда болатын шығындардың соммасын Заемшы толығымен төленбей Жобаның мұнан кейiнгi жылдары iске асырылуындағы осындай проценттi ұлғайта отырып төлеуi тиiс.
      В. Жобаның жұмысшы тобы
      2. РIU Жобаның жұмысшы тобының жалпы басшылығымен жұмыс iстейтiн болады, оны бiлiм беру және мәдениет министрiнiң орынбасары басқарады, егер Жобаны тиiмдi үйлестiруi үшiн қажеттi болса, мүдделi бiлiм беру бөлiмдерi, МЖИ, МЖРИ үйлестiру және бақылау департаментi ақпарат және жаңашылдық бөлiмi және БММ басқа басқармалары мен бөлiмдерi, сондай-ақ мектептер мен институттар өкiлдерiн қосатын болады. Жобаның басқарушысы Жобаның орындалуына және басқаруға қатысты мәселелердi талқылауға арналған қажеттiлiк жағдайында ЖЖТ хатшысы ретiнде iс-әрекет етiп, туындайтын кез-келген проблемаларды шешу үшiн тиiстi iс-әрекеттер жөнiнен шешiм қабылдайды.
      С. Жобаның бақылау комитетi
      3. Саясаттың анағұрлым жалпы мәселелерiн Жобаның бақылау комитетi (ЖБК) шешетiн болады, оны бiлiм беру және мәдениет министрi немесе оның өкiлi басқарады және оған БММ және КВЗ өкiлдерi енетiн болады. ЖБК жылына кем дегенде екi рет жиналуы тиiс.

                    ІІ. Басшылық және басқару
      4. Заемшы Жобаның iске асырылуы барысында бiлiм беру және мәдениет министрлiгi мен оның бөлiмдерi арқылы мынаған кепiлдiк беруi тиiс: (i) Жобалық жабдықтарды iске қосуы және пайдалануға арналған қызметкерлер ме бюджеттiк ресурстар, (ii) Жоба бойынша жеткiзiлген жабдықтар мен материалдардың тиiмдi қондырылуы және қолданылуы үшiн талап етiлетiн қалыпты қондырғылар берiлуi тиiс, олар Банктi қанағаттандыра отырып, дер кезiнде берiлуi керек.
      5. Заемшы Жоба шеңберiнде лингвистикалық лабораторияларға арналған жабдықтарды алатын барлық мектептер мен институттар осындай жабдықтарды пайдалана алатын бiлiктi тiл мамандарын, және Жоба шеңберiнде компьютерлiк жабдықтармен жабдықталған барлық мектеп пен институттар, сондай жабдықтарды пайдаланатын компьютерлiк сауаты бар бiр ұстаздың болатынына кепiлдiк беруi тиiс.
      6. Заемшы сондай-ақ мынаған кепiлдiк бередi: (i) бiлiм беру және мәдениет министрлiгi Банкке шетелде оқыту бағдарламалары және күшiне енуi мерзiмiнен бастап алты айдың iшiнде қатысушылардың үмiткерлерi жөнiндегi ұсыныс бередi; (ii) шетел стажировкасынан өткен адамдар БММ-да немесе осындай стажировкадан соң болатын уақыттың жеткiлiктi кезеңi iшiнде оқуды алуға қатысы бар салада жұмысын жалғастырады, және (ііі) БММ Банк қанағаттандыратын процедураларға сәйкес ел iшiндегi стаж жинау үшiн барлық кандидаттардың iрiктеуiн жүргiзедi.

                 ІІІ. Көмек көрсету тиімділігін бағалау

      7. Келiсiм күшiне енгеннен соң үш айдың iшiнде, Заемшы БММ әзiрлеген сауалнамаға сәйкес және Банкпен келiсiлген ЕRМIР шеңберiнде жобаға енгiзiлген әрбiр мектеп және институт үшiн көмек көрсетудiң тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi базалық мәлiметтердi жинауға мiндеттi.

            IV. Рационализация жөніндегі іс-қимыл жоспары

      8. Заемшы күшiне енген мерзiмнен соң екi айдың iшiнде сандық тапсырмаларды және уақытша шеңберлердi көрсете отырып, қалыпты жабдықтарды, қызметкерлердi рационализациялау, бiлiм беру бағдарламаларын ұсыну және орындау жөнiндегi арнайы iс-шаралардың жалпы ауқымды жоспарларын қосқанда базалық бiлiм берудi рационализациялау жөнiндегi барлық iс-шаралар жоспарының жобасын бiлiм беру және мәдениет министрлiгiнiң дайындауын қамтамасыз етуi тиiс, және (іi) осы келiсiм күшiне енген мерзiмнен соң он екi айдың iшiнде Техникалық көмек шеңберiнде жалданған кеңесшiлердiң ұсынылуы тиiс талқылау және көмектен соң (і) пунктiнде жүйелi жазылған арнайы iс-шаралар жоспарын қосқанда базалық бiлiм берудi рационализациялауға арналған барлық iс-шараларды беруiн қамтамасыз етуi тиiс.

               V. Көмек көрсетілетін мектептер

      9. Заемшы осы Келiсiм күшiне енген мерзiмнен соң үш айдан кешiктiрмей бiлiм беру және мәдениет министрлiгi атқаратын қызметтердi қамтамасыз етуi тиiс: (i) Жоба шеңберiнде қолдау көрсетiлетiн қалалық және ауылдық мектептердiң тiзiмiн жасауды аяқтап Жобаның D бөлiгi шеңберiнде әрбiр iрiктелген мектепке оқу материалдарын жабдықтарды және жиhаздарды беруi тиiс; (ii) Банктiң қарауына осындай тiзiм және талдау мен мақұлдауға арналған ақпараттарды ұсынады.

                           VI. Басқа мәселелер

      10. Жоба шеңберiнде қолдау көрсетiлуi тиiс әрбiр мектепке жабдықтар жеткiзiлгенге дейiн, Заемшы бiлiм беру және министрлiгi және оған мүдделi әрбiр ведомство тиiстi мектептерде барлық қажеттi жөндеу жұмыстары аяқталуын қамтамасыз етуге ықпалдық етуi тиiс, бұл осындай жабдықтарды тиiмдi ретпен пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      11. Бiлiм беру және мәдениет министрлiгi Банкке дер кезiнде хабар берiп отыруды қамтамасыз етуi тиiс: (i) Жоба шеңберiнде қолдау көрсетiлуi тиiс педагогикалық институттар мен унверситеттердiң, мамандықты арттыру институттарының әкiмшiлiк, құқық статусы немесе меншiк статусындағы кез-келген жоспарлы немесе қолданыстағы өзгерiстер, және (ii) Заемшының немесе оның кез-келген агенттiгiнiң бiлiм беру секторында бiлiм беру және мәдениет министрлiгiнiң, бiлiм беру бөлiмдерiнiң және/немесе басқарудың кез-келген басқа органдарының ұйымдық немесе әкiмшiлiк құрылымында өзгерiстер жөнiнде белсендi қарауға қатысты кез-келген ұсыныс бар.
      12. 4.02. Бөлiмiнiң жалпы мағынасын шектемей, Заемшы Жобаның iске

асырылуына қажеттi барлық қосымша қорлардың бюджеттiк қаржының уақытылы
және ұдайы бөлiнуiн қамтамасыз етуi тиiс.
     13. Заемшы Жобаның iске асырылуының әр жылы iшiнде жалпы iшкi өнiмнiң
3.5% көлемi деңгейiнде бiлiм беру секторындағы iс-шараларға кететiн жылдық
шығындарды қолдау үшiн барлық күш жiгерiн жұмылдыруы тиiс, және осыған
байланысты бiлiм беру секторында Банкке жыл сайын бөлiнетiн қаржылар және
шынайы шығындар туралы ақпарат беруi тиiс.
     
     
     
     Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Нарбаев Е.  
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады