Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 шiлде N 271

      Алматыда 1997 жылғы 18 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
экспорттау және импорттау кезінде қосылған құн салығын алудың
принциптері туралы
Келісім

(1998 жылғы 18 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, әрі қарай Уағдаласушы Тараптар деп аталады, экономиканың интеграциясын одан әрі тереңдетуге, шаруагер субъектілер үшін тең мүмкіндіктер жасауға, адал ниетті бәсекеге жағдайлар туғызуға ұмтылып,
      халықаралық сауданың мәжелері мен ережелерін бағдарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Жалпы анықтама

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      а). "Нөлдік ставка" термині қосылған құнға нөлдік ставканың салық салуды білдіреді, бұл Уағдаласушы мемлекеттердің салық туралы заңдарында белгіленген тәртіптерде көзделген.
      б). "Мақсатты пункт принципі" термині бір Уағдаласушы Тараптың кедендік аумағынан экспорттау кезінде нөлдік ставканы қолдануды және импорт кезінде басқа Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарында белгіленген ставка бойынша салық салуды білдіреді.
      в). "Құзыретті органдар" термині Уағдаласушы Тараптардың Қаржы министрліктерін білдіреді.

2-бап
Экспорт кезінде салық алудың принципі

      Бір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарапқа экспортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығын салатын болады.

3-бап
Импорт кезінде салық алудың принципі

      1. Басқа Уағдаласушы Тараптан экспортталып бір Уағдаласушы Тарапқа импортталынған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) импортшы елдің заңдарына сәйкес қосылған құн салығы салынады. Қосылған құн салығын алуды импортшы Уағдаласушы Тараптың кедендік аумағына  тауарларды импорттау кезінде салықтық органдары жүзеге асырады.
      2. Импортталатын тауарлар жөніндегі қосылған құн салығы Уағдаласушы мемлекеттердің заңдарына сәйкес алынады.

4-бап
Даулы мәселелерді шешу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы барлық даулар мен алауыздықтар Уағдаласушы Тараптардың Құзіретті органдарының мәслихаттасушы және келіссөздер жүргізуі жолымен шешілетін болады.

5-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы келісім бекітуге жатады және бекіту грамоталары ауысылған күні күшіне енеді.
      2. Осы келісім оған қол қойылған күннен бастап толық көлемінде уақытша қолданылады.
      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап Келісімнің іс-әрекеті кезінде пайда болған қаржылық және өзгеге де міндеттемелерін реттеп, шығарға дейін алты айдан кешікпей, басқа Уағдаласушы Тарапты жазбаша хабардар еткен соң, осы Келісімнен шыға алады.
      Алматы қаласында 1997 жылғы 18 ақпанда, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқалық дана етіп, жасалды, мұнда барлық мәтіндердің күштері бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтінге артықшылық беріледі.

      Қазақстан Республикасының         Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.
      Нарбаев Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады