Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Табысқа қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 шiлде N 274


     Сеулде 1997 жылғы 18 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Табысқа қосарланған
салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
                Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
         Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қосарланған
          салық салуды болдырмау және табыс салығына қатысты
             салық салудан жалтарудың алдын алу туралы
                           Конвенция
  
  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі 
арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға 
қатысты салық салудан жалтарудың алдын алу туралы конвенция жасауға ниет 
білдіре отырып,
     төмендегілер туралы уағдаласты:
     
                            1-бап
                    Конвенция қолданылатын тұлғалар
     
     Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің 
де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
     
                            2-бап
                 Конвенцияның күші жүретін салықтар
     
     1. Конвенцияның күші жүретін, қазіргі бар салықтар келесілер 
болып табылады,атап айтқанда:
     
     а) Қазақстан Республикасында.

     (бұдан әрі "Қазақстан салығы" деп аталатын)
     (і) заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
     (іі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар.
     
     б) Корея Республикасында.
     
     (бұдан әрі "Корея салығы" деп аталатын)
     (і) табыс салығы;
     (іі) корпоративті салық;
     (ііі) тұрғаны үшін салынатын салық;
     (iv) ауылдық жерді дамытуға салынатын арнайы салық.
     2. Конвенция сондай-ақ, Конвенцияға қол қойылған күннен кейін, 
қазіргі бар салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез
келген бiрдей немесе iс жүзiнде соларға ұқсас салықтарға да 
қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары олардың 
тиiстi салық заңдарына енгiзiлетiн кез келген елеулi өзгерiстер
жайында бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.
     
                              3-бап
                         Жалпы анықтамалар
     
     1. Егер контекстен өзгесi туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары
үшiн:


      а) "Қазақстан" терминi, Қазақстан халықаралық құқыққа сәйкес белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салық заңдары қолданылатын аумақты суларды, ерекше экономикалық аймақты және континенттiк шельфтi қоса алатын, Қазақстан Республикасының аумағын бiлдiредi;
      б) "Корея" терминi, Корея Республикасының аумақтық теңiзiне жанасып жатқан, шектерiнде теңiз табанына және топырақ астына және олардың табиғи ресурстарына қатысты Корея Республикасының егемендiк құқықтары жүзеге асырылып жатқан аудан ретiнде халықаралық құқыққа сәйкес белгiленген кез келген кеңiстiктi қоса алғанда, Корея Республикасының аумағын бiлдiредi;
      с) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекстке қарай Қазақстанды немесе Кореяны бiлдiредi;
      d) "салық" терминi контекстке қарай Қазақстан салығын немесе Корея салығын білдiредi;
      е) "тұлға" терминi жеке адамды, компанияны немесе тұлғалардың кез келген басқа бiрлестiгiн бiлдiредi;
      f) "компания" терминi салық салу мақсаты үшiн корпоративтi бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтi бiрлестiктi немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
      q) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      h) ұлттық тұлға" терминi:
      (i) Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң азаматтығын алған кез келген жеке тұлғаны;
      (ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң қолданылып жүрген заңдары негiзiнде өз статусын алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе ассоциацияны бiлдiредi;
      i) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi тек екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттегi кәсiпорын пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiнiң кез келген тасымалын бiлдiредi;
      j) "құзыреттi орган" терминi:
      (i) қазақстан жағдайында Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi уәкiлiн;
      (іі) Корея жағдайында Экономика және қаржы министрiн немесе оның өкiлеттi уәкiлiн бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияда анықталмаған кез келген терминдi қолданғанда, егер контекстен өзгесi туындамаса, осы Мемлекеттiң заңы бойынша Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты қандай мағынада болса, сондай мағынаға ие болады.

                             4-бап
                           Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдары бойынша оның тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басшы орны немесе бас кеңсесi, басқару орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа критерийi негiзiнде салық салынатын кез келген тұлғаны бiлдiредi. Алайда бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа қатысты осы Мемлекетте салық салынуға тиiс кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiнiң негiзiнде жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болған жағдайда оның статусы былай анықталады:
      а) ол оның иелiгiндегi тұрақты үйі орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Мемлекеттердiң екеуiнде де өзiнiң иелiгiнде тұрақты үйі болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделерi бар Мемлекеттi анықтау болмаса немесе, оның Мемлекеттердiң бiрде бiреуінде өзiнiң иелiгiнде тұрақты үйi болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      с) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiрде-бiреуінде тұрмаса, ол азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      d) егер ол екi Мемлекеттiң де азаматы болса немесе екеуiнiң бiрде бiреуiнiң азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
      3. Егер осы баптың 1-тармақ ережелерiнiң себебiнен жеке тұлғадан

өзгесi Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, онда
ол басты немесе бас кеңсесi орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып
саналады. Күдiк келтiрген жағдайда, Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi
органдары мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
     
                           5-бап
                      Тұрақты мекеме
     
     1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi сол
арқылы кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара
жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
     2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
     а) басқару орны;
     b) бөлiмше;
     с) кеңсе;
     d) фабрика;
     е) шеберхана; және
     f) шахта, мұнай немесе газ скважинасы, карьер немесе табиғи
ресурстар өндiрiлетiн кез келген басқа орын.
     3. "Тұрақты мекеме" терминi, сондай-ақ мыналар кiредi:


      а) егер тек қана осындай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт бар болса немесе мұндай қызмет көрсетулер 12 айдан астам уақыт көрсетiлсе, құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiлерiн немесе олармен байланысты бақылау не болмаса консультациялық қызмет көрсетулер; және
      b) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғы мен ғимаратты немесе олармен байланысты бақылау не болмаса консультациялық қызмет көрсетулердi немесе табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын, егер тек қана мұндай пайдаланулар 12 айдан астам уақыттан созылатын болса немесе мұндай қызмет көрсетулер 12 айдан астам уақыт көрсетiлсе, бұрғы қондырғысы не болмаса кемелер.
      4. Осы Баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
      а) ғимараттарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету не болмаса жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлі тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа бiр кәсiпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорын үшiн ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      f) тұрақты қызмет орнын а)-дан е) тармақшаларда келтiрiлген қызмет түрлерiнiң кез келген тәсiлiн, егер қызметтiң тұрақты орнының осындай тәсiлдiң нәтижесiнде туындайтын жиынтық қызметiнiң дайындық немесе көмекшi сипаты болған жағдайда, жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды қамтиды деп қарастырылмайды.
      5. Осы Баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, оған 6-тармақ қолданылатын, тәуелсiз статусы бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте әдетте кәсiпорынның атынан келiсiм-шарттар жасасуға өкiлеттiгiн пайдаланса, онда бұл кәсiпорын осы Мемлекетте осы тұлғаның кәсiпорын үшiн жасайтын кез келген қызметке қатысты, егер мұндай тұлғаның қызметi 4-тармақта аталған шектелетiнiн, егер ол тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылып жатқанын, бұл қызметтiң тұрақты орнын осы тармақтың ережелерiне сай тұрақты мекемеге айналдырмайтынын қоспағанда, тұрақты мекемесi бар ретiнде қаралады.
      6. Кәсiпорын Уағдаласушы Мемлекетте брокер, комиссионер немесе тәуелсiз статусы бар кез келген басқа агент арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны үшiн ғана, мұндай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет еткен жағдайда, осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде саналмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (тұрақты мекеме арқылы немесе басқалай жолмен) компанияны бақылауы немесе соның бақылауында болуы осы компаниялардың бiрiн өздiгiнен екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.

                            6-бап
             Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен (соның iшiнде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан табысты қоса алғанда) алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықты, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiктiң узуфруктысын және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа да табиғи қазбаларды игергенi немесе игеру құқығы үшiн өтемақы ретiнде төленетiн өзгермелi немесе тұрақты төлемдер құқығын қамтиды; теңiз Және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан жалға беруден немесе жылжымайтын мүлiктi кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.
      4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен табысына және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен түскен табысқа қолданылады.

                             7-бап
            Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жатпаса кәсiпорынның алған пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда аталған кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырып жатса, онда кәсiпорынның табысына екiншi Мемлекетте, бiрақ тек осы тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiне ғана салық салынады.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жатса, онда оның осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда нақ осындай немесе осыған ұқсас қызметпен айналысатын және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет ететiн жеке және дербес кәсiпорын ретiнде алуы мүмкiн пайдасы әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды, соның iшiнде басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын, олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқа жерде және жұмсалғанына қарамастан, шегерiп тастауға болады.
      4. Тұрақты мекеменiң кәсiпорны үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алу негiзiнде ғана тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейдi.
      5. Осы Баптың мұның алдындағы тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге қатысты пайда, егер тек мұндай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, жылма-жыл бiрдей тәсiлмен анықталады.
      6. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында бөлек айтылған

табыс түрлерiн қамтыған жағдайда бұл Баптардың ережелерiн осы Баптың
ережелерi қозғамайды.
     
                              8-бап
                       Теңiз және әуе көлiгi
     
     1. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының теңiз немесе әуе кемелерiн
халықаралық тасымалда пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
     2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi пульда, бiрлескен қызметке
немесе халықаралық операциялық агенттікке қатысудан пайдаға да қолданылады.

                             9-бап
                  Ассоциацияланған кәсiпорындар
     
     1. Мына жағдайларда:


      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқанда; немесе
      b) бiр ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны мен екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқанда,
      және әрбiр жағдайда екi кәсiпорын арасындағы коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсiз кәсiпорындар арасында жасалуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда олардың бiреуiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың болуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына енгiзiлiп, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы екiншi Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылайша қосылған пайда екi кәсiпорынның арасында қалыптасқан жағдайлар тәуелсiз екi кәсiпорын арасындағыдай болған жағдайда бiрiншi аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер енгiзуi тиiс. Мұндай түзетудi айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа ережелерi тиiстi дәрежеде қаралуға тиiс, ал Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiмен ақылдасып отырады.

                          10-бап
                        Дивидендтер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай дивидендтерге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер дивидендтердiң нақты иесi болып табылса, онда осылайша алынатын салық:
      а) егер нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания капиталының 10 процентiнен астамына иеленетін компания болып табылатын болса, дивидендтiң жалпы сомасының 5 процентiнен;
      б) қалған барлық жағдайларда дивидендтiң жалпы сомасының 15 процентiнен аспайды.
      Бұл тармақ дивидендтер төленiп отырған компанияға қатысты пайдасына салық салуға қатысы жоқ.
      3. "Дивидендтер" терминi осы Бапта пайдаланғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан кiрiстi, сондай-ақ пайданы бөлетiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi нақ сондай салық салуды реттейтiн басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер дивидендтердiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, дивидендтер төлеп отырған, сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және соған қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы Баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-Баптың немесе 14-Баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе кiрiс алып жатса, онда екiншi Мемлекет компания төлеп жатқан дивидендтерден, егер мұндай дивидендтердi осы екiншi Мемлекеттiң резидентiне төленiп жатқан холдинг осы екiншi Мемлекетте тұрған мекемемен немесе тұрақты базамен шын мәнiсiнде байланысты болғанды қоспағанда, кез келген салықты алмайды, тiптi егер төленiп жатқан дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда осы екiншi Мемлекетте туындаған пайдадан немесе кiрiстен толық немесе iшiнара құралған болса да компанияның бөлiнбеген пайдасына бөлiнбеген пайдаға салынатын салыққа ұшыратпайды.
      6. Бұл Конвенциядағы ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттiң тұрақты мекемесiне жататын компанияның пайдасына осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып отырған компанияның пайдасына есептелген салыққа қосымша салық салуға бөгет ретiнде түсiнiлмейдi, егер кез келген қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған мұндай пайда сомасының 5%-тiнен аспаса. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда, осы тармақта айтылған, тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте алынатын қосымша салықтан өзге барлық салықтарды шығарғаннан кейiн анықталады.

                          11-бап
                       Проценттер

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай проценттерге олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер алушы проценттердiң нақты иесi болып табылса, осылайша алынатын салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
      3. Осы Баптың 2-тармағының ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттер пайда болған проценттер, егер олар басқа екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметiнен алынған және iс жүзiнде соған немесе оның жергiлiктi өкiмет орнына ие болмаса осы Үкiметтiң кез келген агенттiгiне не өкiметтiң жергiлiктi органына тиесiлi болса, немесе егер олар осы Үкiметтiң кез келген агенттiгi немесе өкiметтiң жергілікті органы берген немесе кепілдік берген займға қатысты төленетiн болса, осы Мемлекеттегi салықтан босатылады.
      4. "Проценттер" термині осы Бапта пайдаланғанда кепілмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген кез келген түрдегi борыш талаптарынан алынған табысты және қарызгерлердiң кiрiсiне қатысуға құқық беретiн немесе бермейтiн және атап айтқанда, мемлекеттiң құнды қағаздарынан алынған табыс пен облигациялардан немесе борыш мiндеттемелерiнен алынған табысты, соның iшiнде осы құнды қағаздар, облигациялар немесе борыш мiндеттемелерi бойынша алынған сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Осы Баптың мақсаттары үшiн уақытылы өтелiнбеген төлемдер проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер проценттердiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, проценттер пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, ал төленетiн проценттерге қатысты борыш мiндеттемесi шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, осы Баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-Баптың немесе 14-Баптың ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң өзi, осы Мемлекеттiң саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесі, өкiметтiң жергiлiктi органдары немесе осы Мемлекеттiң резидентi болса, проценттер осы Мемлекетте туындаған деп есептеледi. Алайда, егер проценттер төлеушi тұлға оның Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынын, табылмайтынын Уағдаласушы Мемлекеттер тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты проценттер төленетiн қарыз туындаса және мұндай проценттердi осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда проценттер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
      7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қайсыбiр басқа бiр тұлға арасындағы арнайы қатынастардың себебiмен борыш талабына қатысты және соның негiзiнде төленетiн проценттер сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда проценттер төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiлуi мүмкiн сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы конвенцияның басқа ережелерiн тиiсiнше ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынады.

                        12-бап
                        Роялти

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге сондай-ақ олар есептейтiн Уағдаласушы Мемлекетте де және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы роялтидiң нақты иесi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
      3. "Роялти" терминi осы Бапта пайдаланғанда әдебиет, өнер немесе ғылыми шығармаларға берiлетiн авторлық құқықтың кез келгенiн пайдаланғаны үшiн немесе ұсынғаны үшiн, соның iшiнде кинематографиялық фильмдердi немесе фильмдердi, не болмаса радио, не болмаса телехабарларын тарату үшiн пленкаларды, кез келген патенттi, сауда маркасын, дизайнды немесе үлгiнi, жоспарды, құпия формуланы немесе процестi немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық не болмаса ғылыми жабдықтарды немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын берудi қоса алғанда, сыйақы ретiнде алынатын кез келген төлем түрiн бiлдiредi.
      4. Егер роялтидiң нақты иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленетiн роялтиге қатысты құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы Баптың 1 және 2-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-Баптың немесе 14-Баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң өзi саяси-әкiмшiлiк бөлiмше, өкiметтiң жергiлiктi органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болса, роялти сомасы осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
      Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты роялти төлеу мiндеттемесi туындаса және мұндай роялти осы тұрақты мекеме немесе тұрақты базаға байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
      6. Роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басты бiр тұлға арасында ерекше қатынастар болуының салдарынан пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кеткен жағдайда, осы Баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерiн тиiстi түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынады.

                            13-бап
            Мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыстар

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң 6-бапта айтылған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан қозғалмайтын мүлiктi шеттетуден алған табыстарына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан мүлкi негiзiнен тiкелей және жанама (яғни 75 % тең немесе артық) қозғалмайтын мүлiктен тұратын компанияның акционерлiк капиталында ресми танылған қор биржасында елеулi және тұрақты негiзде сатылатын акциялардан өзге акцияларды шеттетуден Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң алған табыстарына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттерi ие болып отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын қозғалмалы мүлiктi немесе шеттерден тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi резидентiнiң қарамағындағы тұрақты базасына жататын қозғалмалы мүлiктен алатын табыстарына, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жеке немесе барлық кәсiпорындармен бiрлесiп) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған осындай табыстарды қосқанда осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн шеттетуден немесе осындай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға қатысты қозғалмалы мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға тек осы кәсiпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. Осы Баптың 1,2,3 және 4-тармақтарында аталатындардан басқа кез келген мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын тек сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

                            14-бап
                      Тәуелсiз жеке қызметтер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiптiк қызметтерге немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметке қатысты алған табысына, егер оның осындай қызметiн iске асыру мақсаттары үшiн тұрақты негiздегi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты базасы болмаса, салықты тек қана осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер оның осындай тұрақты базасы болатын болса, тұрақты базаға қатысты ағымдағы шығыстарды шегере отырып табысына, салық осы тұрақты базаға қатысты бөлiгiне ғана екiншi Мемлекетте салынуы мүмкiн.
      2. "Кәсiптiк қызметтер" терминiне, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтердi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заң қызметкерлерiнiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметтерiн қамтиды.

                        15-бап
              Тәуелдi жеке қызметтер

      1. Егер жалдамалы жұмыс екiншi Уағдаласушы Мемлекетте атқарылмаса, 16, 18, 19, 20 және 21-баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекет резиденттiң жалдамалы жұмысқа байланысты алған ырзықақысын, жалақысын және басқа да осындай сыйақысына, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдамалы жұмыс осылайша атқарылған болса, ол жақтан алынған осындай сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте атқарылатын жалдау бойынша жұмысына байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға тек алғашқы Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
      а) алушы тиiстi фискальды жылда басталатын және аяқталатын кез келген 12 ай созылған кезеңiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезеңде немесе кезеңдер бойы екiншi Мемлекетте тұрса;
      б) сыйақыны жалдаушы төлесе немесе ол екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушының атынан төленсе, және
      в) сыйақыны жалдаушының екiншi Мемлекеттегi ие болып отырған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе.
      3. Осы Баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан халықаралық тасымалда Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны халықаралық тасымалда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында атқарылатын жалдамалы жұмысқа қатысты алынған сыйақыға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.

                          16-бап
                 Директорлардың сыйақылары

      Директорлар қаламақылары мен басқа осыған ұқсас Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын директорлар кеңесiнiң мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң алған осындай төлемдерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

                         17-бап
                  Артистер мен спортшылар

      1. 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң театр, кино, радио немесе теледидар артист немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде өз қызметiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiнiң осы сипатында атқаратын жеке қызметiне қатысты табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа адамға есептелсе, онда 7, 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан осы табысқа өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      Осы Баптың 1 және 2-тармағының ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын өнер қызметкерi немесе спортшылардан екi Уағдаласушы Мемлекет үкiметтерiнiң арасындағы келiсiлген мәдени алмастырудың арнайы бағдарламасы бойынша екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алынған табыстар осы екінші Мемлекетте салық салынудан босатылады.

                              18-бап
                           Зейнетақылар

      1. 19-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жүзеге асырған жұмыстары үшiн төленетiн зейнетақылар және басқа да осыған ұқсас сыйақыларға және осындай резидентке төленетiн кез келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. "Аннуитет" терминi ақшамен немесе "ақшаға шаққандағы "баламалы және толық өтемақының орнын толтыру үшiн осындай төлемдер қабылданған мiндеттеме кезiнде бүкiл өмiр бойы немесе айқындалған немесе белгiленетiн кезеңге белгiленген уақытта жеке тұлғаға мерзiмдi төленiп тұратын белгiленген соманы бiлдiредi.

                          19-бап
                  Мемлекеттiк қызмет

      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы жеке тұлғаға осы Мемлекетке немесе әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет органына көрсетiлетiн қызметтерге қатысты төлейтiн зейнетақыдан өзге сыйақыға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда, мұндай сыйақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлғаға, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса мынадай жағдайларда салық салынады:
      (i) осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылса; немесе
      (ii) қызметiн iске асыру мақсатында ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаса.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы немесе олар құрған қорлардан осы Мемлекет немесе бөлiмше немесе өкiмет органы үшiн жүзеге асыратын қызметтеріне қатысты жеке тұлғаға төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болса, мұндай зейнетақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. 15, 16 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшілік бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органының жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметiне байланысты көрсетiлетiн қызметке қатысты сыйақыларға және зейнетақыларға қолданылады.
      4. 1 және 2-тармақтың ережелерi осындай түрде Хаттамада айқындалғандай және келiсiлгендей өкiметтiк сипаттағы қызметтi ұсынатын ұйымдар төлейтiн сыйақыларға немесе зейнетақыларға қатысты қолданылады.

                             20-бап

                         Студенттер
     
     Уағдаласушы Мемлекетке келердiң нақ алдында екiншi Уағдаласушы 
Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi 
аталған Мемлекетте тек қана оқу немесе бiлiктiлiгiн көтеру мақсатында 
тұрып жатқан, мамандық алу оқудағы студенттiң немесе тұлғаның өзiнiң 
тұруы, оқуы және бiлiм алуы үшiн алатын төлемдерiне, мұндай төлемдер 
осы Мемлекеттен тыс көздерден алынатын жағдайда, осы Мемлекетте салық 
салынбайды.
     
                         21-бап
            Профессорлар мен оқытушылар
     


      Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған жеке тұлға екiншi Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында және осы екiншi Мемлекет үкiметiнiң кез келген университетiнiң, колледжiнiң, мектебiнiң немесе басқа осы сияқты бiлiм беру мекемелерiнiң шақыруымен осы екiншi Мемлекетке бiрiншi келген Күнiнен бастап екi жылдан аспайтын уақыт кезеңiнде коммерциялық емес сипатта келiп тұрады, осы екiншi Мемлекетке бiрiншi келген Күннен бастап екi жылдан аспайтын уақыт кезеңiнде осы екiншi Мемлекетке тек қана оқытушылық немесе зерттеушiлiк мақсатпен немесе осы және басқа осындай бiлiм беру мекемесiне келiп тұрады, осындай оқытушылығы немесе зерттеуi үшiн өзiнiң сыйақысы бойынша осы екiншi Мемлекетте салық салынудан босатылады. Осы Бап, егер мұндай зерттеу қоғамдық мүдделерде емес, ең бастысы жеке адамның немесе адамдардың жеке пайдасы үшiн қабылданса зерттеуден түскен табысқа қолданылмайды.

                           22-бап
                         Басқа табыстар

      1. Осы Конвенцияның мұның алдындағы Баптарында қаралмаған, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерiне олар қайда пайда болғанынан тәуелсiз тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң резидентi бола отырып, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп отырған табысқа қатысы бар құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы Баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды. Бұл жағдайда ретiне қарай 7-Баптың немесе 14-Баптың ережелерi қолданылады.

                           23-бап
                 Қосарланған салық салуды жою

      1. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салу төмендегiдей әдiспен жойылады:
      а) Егер Қазақстан резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес табыс алатын болса, Қазақстан осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Кореяда төленген табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
      Осындай шегерiм қандай жағдайда да Қазақстанда осындай табысқа оның қолданыстағы ставкалары бойынша есептелген салықтан аспауы керек.
      б) Егер Қазақстан резидентi осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес тек қана Кореяда салық салынатын табысты алатын болса, онда Қазақстан осы табысты салық салу базасына, бiрақ тек Қазақстанда салық салынуға жататын осындай басқа табыс салығының ставкаларын бекiту мақсаты үшiн ғана енгiзе алады.
      2. Корея жағдайында қосарланған салық салу төмендегiдей әдiспен жойылады:
      Кореядан басқа кез келген елде (жалпы принциптi өзгертпейтiн) төленетiн салық Корея салығы бойынша есепке алу ретiндегi рұқсатты қарастыратын кореялық салық заңының ережелерiне сәйкес, Қазақстан заңдары бойынша және осы Конвенцияға сәйкес төленетiн Қазақстан салығы Қазақстан көздерiнен табыстарға қатысты тiкелей немесе шегерiм жолымен осы табыс қатысында төленетiн Корея салығы бойынша есепке алу ретiнде рұқсат берiлуi керек. Қазақстанның ішкi көздерiнiң табысынан салық бойынша есеп алу Кореялық салық салынуға жататын бiрлескен табыстан төленетiн Корея салығының сол бөлiгiнен аспауы керек.

                           24-бап
                         Кемсiтпеу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары әсiресе нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе соған байланысты кез келген талап қоюға ұшырамайтын болады. Бұл ереже сондай-ақ, 1-Баптың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы мемлекетте бар тұрақты кәсiпорнына салық салу дәл осындай қызметтi жүзеге асырып жатқан, осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорындарына осы екінші Мемлекеттегi салық салудан қолайлылығы кем болмауға тиiс. Бұл ереже Уағдаласушы Мемлекеттi екiншi Уағдаласушы Мемлекет резиденттерiне олардың азаматтық статусының немесе отбасылық міндеттемелерiнiң негiзiнде салық мақсаттарында олардың меншiктi резиденттерiне беретiн қайсыбiр персоналдық жеңiлдiктер, босатулар және шегерулер жасауға мiндеттейдi деп түсiнiлмеуге тиiс.
      3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында олар бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс.
      4. Капиталы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резиденттерiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олар тiкелей немесе жанама түрде бақылап отырған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және соған байланысты талаптарға қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты талап қоюға бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауға тиiс.
      5. Осы Баптың ережелерi, 2-Баптың ережелерiне қарамастан, кез келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қолданылады.

                             25-бап
                      Өзара келiсу рәсiмi

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi оған осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар етедi деп есептесе, ол, осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе, егер оның жағдайына 24-баптың 1 тармағы қолданылатын болса, өзi азаматы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдарының қарауына бере алады. Арыз Конвенциясының ережелерiне сәйкес емес салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы алғашқы хабар тиген күннен бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол талапты орынды деп есептесе және өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болғызбау мақсатында мәселенi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ Конвенцияда ескерiлмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осының алдындағы тармақтарды ұғысуда келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер келiсiмге жету үшiн ауызша пiкiр алмасу дұрыс болып көрiнсе, мұндай пiкiр алмасу Уағдаласушы Мемлекеттер құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын Комиссия мәжiлiсiнiң шеңберiнде болуы мүмкiн.

                             26-бап
                        Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерiн немесе салық салу Конвенцияға қайшы келмейтiндей дәрежеде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпаратпен алмасып тұрады. Ақпарат алмасу 1-баппен шектелiп қалмайды. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез келген ақпарат осы Мемлекеттің iшкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және Конвенция қолданылатын салықтарға баға берумен немесе оларды жинаумен, күштеп өндiрiп алумен немесе сот арқылы қудалаумен немесе осы салықтарға байланысты шағымдарды қараумен айналысатын адамдарға немесе органдарға ғана (соттар мен әкiмшiлiк органдарын қоса алғанда) жария етiледi. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты тек осындай мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде хабарлай алады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi ешбiр жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттерге мiндеттеме жүктейтiндей пайымдалмауы тиiс:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкімшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын жүргiзу;
      b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) қандай да болсын сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру.

                             27- бап
      Дипломатиялық агенттер және консулдық қызметкерлер

      Осы Конвенциядағы ешнәрсе де дипломатиялық агенттердiң мүшелерiнiң немесе консулдық қызметкерлердiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларына немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салық артықшылықтарын қозғамайды.

                            28-бап
                          Күшiне енуi

      1. Осы Конвенция бекiтуге жатады және бекiту туралы құжаттар алмасу мүмкiндiгiнше жақын арада Алматы қаласында жүргізіледi. Конвенция бекiту туралы құжаттар алмасу өткен күннен кейiн 30-шы күні күшiне енедi.

      2. Конвенция:
      а) Конвенция күшiне енген жылдан кейiн күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе кейiн табыс көзiнен ұсталынатын салықтарға, және;
      b) Конвенция күшiне енген жылдан кейiн 1 қаңтардан бастап немесе кейiн салық салынатын жылда басқа да салықтарға қатысты қолданылатын болады.

                           29-бап
                        Күшін тоқтату

      Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет бекiту туралы құжаттармен алмасу болған жылдан кейiнгi кез келген күнтiзбелiк жылдың бесiншiсiнен бастап отызыншы немесе отызыншы маусымға дейiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетке дипломатиялық арналар бойынша қолданысын тоқтататыны туралы жазбаша хабар бере алады және мұндай жағдайда Конвенция:
      а) қолданысын тоқтату туралы хабар берiлгеннен кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап немесе кейiн табыс көзiнен ұсталынатын салықтарға қатысты;
      b) қолданысын тоқтату туралы хабар берілгеннен кейін жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін басталатын салық жылына салынатын басқа салықтарға қатысты өзінің қолданылу күшін тоқтатады.
      Осыны куәландыру үшін өздерінің сыйлы Үкіметтерінен өкілеттік

алған төмендегі қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
     Сеул қаласында 1997 жылдың қазан айының 18 күні әрқайсысы екі 
данада қазақ, корей және ағылшын тілдерінде жасалды, барлық 
мәтіндердің күші бірдей. Түсіндірмеде алшақтық туа қалған жағдайда, 
ағылшын мәтіні айқындаушы болады.
     
        Қазақстан                              Корея
     Республикасының                       Республикасының
       Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін 
     
     
                              Хаттама
     


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығына қатысты салық салудан жалтарудың алдын алу туралы (осы жерде бұдан әрі "Конвенция" деп аталатын) Конвенцияға қол қою кезінде қол қоюшылар Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайтын төмендегі ережелер жөнінде келісті.
      1. 3-Баптың 1-тармағының е) тармақшасына қатысты "серіктестік"

термині қатысушылардың әрқайсысының ақшасын, мүлкін, еңбегін немесе 
дағдыларын енгізумен және барлығы табыс пен шығынды бөлісуге қатысады 
деген болжаммен сауда немесе кәсіпкерлік қызметте жүзеге асыру үшін 
екі немесе одан да көп тұлғаның бірігуін білдіреді. Осы Конвенцияда 
заңды тұлға болып табылмайтын серіктестік салық салынатын бірлік 
ретінде қарастырылмайды. Серіктестіктің салық салынатын табысы немесе 
шығындары әріптестерге ауыстырылады.
     2. 11-Баптың 3-тармағы мақсатында "кез келген агенттік" термині:
     а) Қазақстан жағдайында:
     (і) Қазақстанның Ұлттық Банкін;
     (іі) Қазақстанның Халық Банкін; және
     (ііі) Қазақстанның Экспорт-Импорт Банкін;
     б) Корея жағдайында:
     (і) Корея Банкін;
     (іі) Кореяның Экспорт-Импорт Банкін; және
     (ііі) Кореяның Даму Банкін
     білдіреді.


      3. Егер Уағдаласушы Мемлекет Экономикалық Бірлестік және Даму Ұйымының мүшесі болып табылатын осы Уағдаласушы Мемлекет пен үшінші Мемлекет арасындағы кез келген Конвенцияда 11-Баптың 2-тармағындағы немесе 12-Баптың 2-тармағындағы 10 проценттен аз салық ставкасына келісетін болса және осы Конвенция осы Конвенцияның күшіне ену күнінен кейін күшіне енетін болса, Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органын осы үшінші Мемлекетпен

Конвенцияның тиісті тармақтарының шарттары туралы осы Конвенция күшіне 
енген күннен кейін тез арада хабарлауы керек және осындай ең төмен салық 
ставкасы ондағы жағдайларға байланысты 11-баптың 2-тармағындағы немесе 
12-Баптың 2-тармағындағы 10 проценті ауыстыруы керек.
     4. 19-баптың 4-тармағының мақсатында "үкіметтік сипаттағы 
қызметті атқаратын ұйымдар" термині:
     а) Қазақстан жағдайында:
     (і) Қазақстанның Ұлттық Банкін;
     (іі) Қазақстанның халықтық Банкін; және
     (ііі) Қазақстанның Экспорт-Импорт Банкін.
     білдіреді.
     б) Корея жағдайында.
     (і) Корея Банкін;
     (іі) Кореяның Экспорт-Импорт Банкін; және
     (ііі) Кореяның сауданы және инвестицияларды қолдау жөніндегі 
агенттігін білдіреді.
     Осыны куәландыру үшін өздерінің сыйлы Үкіметтерінен тиісінше 
өкілеттік алған төмендегі қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
     Сеул қаласында 1997 жылдың қазан айының 18 күні екі данада қазақ, 
корей және ағылшын тілдерінде жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. 
Түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда, ағылшын мәтіні 
айқындаушы болады.
     
     Қазақстан Республикасының        Корея Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін
          

     Оқығандар:
        Қобдалиева Н. 
        Омарбекова А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады