Алматыда 1998 жылғы 12 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Монғолияның Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Монғолияның Үкіметі арасындағы
табыс пен капиталға қосарланған салық
салуды болдырмау және салықтарды
төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі Монғолия Үкіметі табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Келісім жасасуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
І тарау
Келісімнің қолданылу саласы
1-бап
Келiсiм қолданылатын тұлғалар
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Келiсiм қолданылатын салықтар
1. Осы Келiсiм алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшілiк бөлiмшелерi яки жергiлiктi өкiмет органдары алатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжитын және жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн жалақы мен еңбек ақының жалпы мөлшерiнен алынатын салықтарды, капитал өсiмiнiң табысынан алынатын салықтарды қоса, табыстың немесе капиталдың жалпы сомасынан яки табыстың немесе капиталдың жеке элементтерiнен алынатын барлық салық түрлерi табысқа салынатын салықтар деп есептеледi.
3. Осы Келiсiм қолданылатын қазiр алынып жүрген салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
а) Қазақстан Республикасында:
(i) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
(іі) заңды және жеке тұлғалардың мүлiгiне салынатын салықтар;
(бұдан әрi "Қазақстан салығы" деп аталады);
b) Монғолияда:
(i) жеке табыс салығы;
(іі) корпоративтiк табыс салығы;
(бұдан әрi "Монғол салығы" деп аталады).
4. Келiсiм сондай-ақ осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға немесе солардың орнына қосымша алынатын бiрдей немесе iс жүзiнде ұқсас кез келген салықтарға қолданылады.
Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары өздерiнiң салық заңдарына енгiзiлетiн кез келген елеулi өзгерiстер жайында бiрiн бiрi хабардар етiп отырады.
1. Егер контекстен басқадай мағына тумаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
а) мына терминдер:
(i) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Жағырапиялық мағынасында қолданғанда "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн егемендiк құқықтар мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстан салықтарын реттейтiн заңдар қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен континенттiк шельфтi бiлдiредi;
(ii) "Монғолия" терминi жағырапиялық мағынасында қолданғанда Монғолия аумағын және, егер Монғолия осы аймақта халықаралық құқыққа сәйкес оның табиғи ресурстарын пайдалану жөнiндегi егемендiк құқықтарын жүзеге асыратын болса, Монғолияның салық заңдары қолданылатын кез келген аймақты бiлдiредi;
b) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны немесе тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;
с) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтiк құрылымды немесе кез келген экономикалық бiрлiктi бiлдiредi;
d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекске қарай Қазақстанды немесе Монғолияны бiлдiредi;
е) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
f) "халықаралық тасымал" терминi теңiз, әуе, жердегi немесе темiр жол көлiгi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз, әуе, жер немесе темiр жол көлiгiмен жүзеге асырылатын кез келген тасымалды бiлдiредi;
g) "құзырлы орган" терминi:
(i) Қазақстан Республикасында: Қазақстан Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
(ii) Монғолияда: Монғолия Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн;
h) "ұлттық тұлға" /nаtiоnаl/ терминi:
(i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
(іі) өзiнiң мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданып жүрген заңдары негiзiнде алған кез келген заңды тұлғаны, әрiптестiктi немесе кез келген басқа бiрлестiктi бiлдiредi.
2. Уағдаласушы Мемлекет Келiсiмдi қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер контекстен басқадай мағына тумаса, осы Келiсiм қолданылатын салықтар жөнiнде осы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынаға ие болады.
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдары бойынша өзiнiң тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басқару орны, құрылу орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға тиiс кез келген тұлғаны бiлдiредi. Термин сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң үкiметiн немесе оның әкiмшілiк бөлiмшесiн, жергiлiктi өкiмет орындарын және кез келген осындай үкiмет яки өкiмет орындары пайдаланатын мекемелердi қамтиды. Ол сонымен бiрге кез келген зейнетақы қорын немесе қызметкерлерге берiлетiн жәрдемақылардың басқа қорын, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған кез келген қайырымдылық ұйымын қамтиды.
Алайда бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға байланысты ғана осы Мемлекетте салық салынуға тиiс кез келген тұлғаны қамтиды.
2. 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылатын жағдайда оның мәртебесi былай айқындалады:
а) ол өзiнiң меншiгiне жататын тұрақты баспанасы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнде де өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол өзi азаматы болып отырған Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
d) егер ол Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де азаматы болса немесе бiреуiнiң де азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
3. Егер 1-тармақтың ережелерiне байланысты себеппен жеке адамнан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, онда ол өзiнiң нақты басшылығы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi.
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтиды:
а) басқару орны;
b) бөлiмше;
с) кеңсе;
d) фабрика;
е) шеберхана;
f) шахта, мұнай немесе газ скважиналары, кенiш немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген орын.
3. "Тұрақты мекеме" терминi, сондай-ақ мыналарды қамтиды:
а) егер мұндай алаң, объектi немесе қондырғы 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеп тұрған немесе мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы көрсетiлген болса ғана, құрылыс алаңы яки құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсi не болмаса осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтер, сондай-ақ табиғи ресурстарды барлау және игеру үшiн пайдаланылатын монтаждау яки бұрғылау қондырғысы немесе кеме;
b) егер осындай сипаттағы қызмет (осындай немесе соған байланысты жоба үшiн) ел шеңберiнде 6 айдан астам уақыт бойы көрсетiлсе, резидент осындай мақсаттар үшiн жалдаған қызметшiлер немесе басқа да қызметкерлер арқылы резиденттер көрсететiн қызметтер, соның iшiнде консультациялық қызметтер.
4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi төмендегiлердi қамтымайды:
а) ғимараттарды кәсiпорынға тиесiлі тауарларды немесе бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалану;
b) кәсiпорынға тиесiлі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жiберiп түру мақсаттары үшiн ғана ұстау;
с) кәсiпорынға тиесiлі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана ұстау;
d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстау;
е) тұрақты қызмет орнын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана ұстау;
f) тұрақты қызмет орнының осындай амал нәтижесiнде туындаған жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейiн көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстау.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда бұл кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген қызмет жөнiнде осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады, бiрақ осындай тұлғаның 4-тармақта көрсетiлген тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылған күннiң өзiнде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын қызметпен шектелетiн жағдай бұған қосылмайды.
6. Осы Баптың осының алдындағы ережелерiне қарамастан қайта сақтандырудан басқа жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттiң сақтандыру кәсiпорны, егер ол осы басқа Мемлекеттiң аумағында сақтандыру сыйақыларын жинаса немесе ол 7-тармақтың ережелерi қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға арқылы онда орналасқан қатерлердi сақтандыратын болса, басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
7. Кәсiпорын кәсiпкерлiк қызметiн Уағдаласушы Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
8. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы яки осы басқа Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не болмаса тұрақты мекеме арқылы немесе басқадай жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi-ақ осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
6-бап
Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (соның iшiнде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысқа) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiкті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiктiлiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи қазбаларды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және жоғарыда аталғандарды игеру құқығын қамтиды; теңiз, әуе кемелерi, жердегi және темiр жол көлiгi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
7-бап
Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда
1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса немесе айналыспаған болса, осындай кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жатқан немесе айналысқан болса онда оның пайдасына басқа Мемлекетте салық салынуы, бiрақ мыналарға:
а) осындай тұрақты мекемеге;
b) тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлармен немесе бұйымдармен бiрдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы басқа Мемлекетте сатуға; немесе
с) өзiнiң сипаты жөнiнен осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметпен сәйкес келетiн немесе ұқсас осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсiпкерлiк қызметке қатысты бөлiгiнде ғана салынуы мүмкiн.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жатқан немесе айналысқан болса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысып, әзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде төмендегi шығындар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалған-жұмсалмағанына қарамастан басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қосқанда тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады.
Тұрақты мекеменiң бас офисiне немесе резиденттiң басқа офистерiнiң кез келгенiне патенттер немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, алымдар немесе басқа да ұқсас төлемдер төлеу арқылы немесе нақты қызметтер көрсеткенi үшiн яки менеджмент үшiн комиссиялық ақы төлеу арқылы немесе тұрақты мекемеге қарызға берiлген сомаға проценттер төлеу арқылы төленген сомаларды тұрақты мекемеге шегерiп тастауға болмайды.
4. Егер әдетте Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы айқындау кәсiпорынның әртүрлi бөлiмшелерi бойынша оның пайдасының жалпы сомасын тепе-тең бөлу арқылы негiзделетiн болса 2-тармақта ештеңе де осы Уағдаласушы Мемлекетке салық салынатын пайданы, әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға тыйым салмайды; алайда тепе-тең бөлудiң таңдап алынған әдiсi осы бапта айтылған қағидаттарға сәйкес келетiн нәтижелер беруге тиiс.
5. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы нәтижесiнде ғана осы тұрақты мекемеге әлдеқандай пайда есептелмейдi.
6. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында жеке айтылатын табыс түрлерiн қамтитын болса, онда ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiне қатысты болмайды.
7. Егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, тұрақты мекемеге қатысты пайда жылма-жыл бiркелкi тәсiлмен айқындалады.
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi теңiз, әуе кемелерiн, жер немесе темiр жол көлiгiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелерi сондай-ақ пулға, бiрлескен қызметке немесе халықаралық пайдалану агенттiгiне қатысудан алынатын пайдаға қолданылады.
9-бап
Ассоцияланған кәсiпорындар
1. Егер:
а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) белгiлi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса;
және әрбiр жағдайда кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайда жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
Егер Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына осы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасауға тиiс. Осындай түзетулердi айқындау кезiнде осы Келiсiмнiң басқа ережелерi қаралуға тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда осындай дивидендтерге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы дивидендтердiң нақты иесi болса, онда осындай алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайды.
Бұл тармақ дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылатын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетiн компанияның резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi дәл сондай салық реттеуiне жататын компанияға қатысудың басқа да корпоративтiк құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесi дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге құтысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, онда 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы басқа Мемлекет, мұндай дивидендтер осы басқа Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерге қандай да болсын салық сала алмайды, егер төленетiн дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осындай басқа Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан толық не болмаса iшiнара тұрған күннiң өзiнде де компанияның бөлiнбеген пайдасына салық сала алмайды.
6. Осы Келiсiмнiң басқа ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар компанияға пайдаға салынатын салыққа қосымша осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Бiрақ осындай салық басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға тиiс компания пайдасы үлесiнiң 10 процентiнен аспауы керек.
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай проценттерге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы проценттердiң нақты иесi болса, онда осылай алынған салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
а) Қазақстанда пайда болатын және Монғолияның Yкiметiне, әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергіліктi өкiмет органына яки Монғолияның Орталық банкiне яки Монғолияның Сауда және Даму Банкіне төленетiн проценттер Қазақстан салығынан босатылады;
b) Монғолияда пайда болатын және Қазақстанның Yкiметiне, әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет органына яки Қазақстанның Ұлттық Банкiне яки Қазақстанның Экспорт-Импорт Банкiне төленетiн проценттер монғол салығынан босатылады.
4. "Проценттер" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты, үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар, облигациялар яки борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды бiлдiредi. Төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, ал проценттер төлеуге негiз болып отырған борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң өзi, оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi, жергіліктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, проценттер осы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi.
Алайда, егер проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн проценттердiң төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы тиiс.
8. Егер өзiне қатысты проценттер төленетiн кез келген борыш талаптарының жасалуымен немесе жүктелуiмен байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi құқықтарды осылай жасау яки жүктеу арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялти алушы және оның нақты иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына, соның iшiнде компьютер бағдарламаларына, кинематографиялық фильмдерге, кез келген патентке, сауда белгiсiне, дизайнға немесе үлгіге, жоспарға, құпия формулаға яки процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат (ноу-хау) үшін сыйақы ретінде алынатын төлемдердің кез келген түрін және өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін төлемдерді білдіреді.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидің нақты иесi роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және роялти өздеріне қатысты төленетін құқық немесе мүлік шын мәнiнде осындай мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң өзi, оның әкiмшiлiк бөлiмшесi, жергіліктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти осы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу міндеттемесінің пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
6. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында немесе сол екеуі мен қандайда болсын басқа бір тұлғаның арасында ерекше қатынастар болуы себепті төленетін роялтидің сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнің басы артық бөлігіне осы Келісімнің басқа ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуға тиіс.
7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысты бар кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелерi қолданылмайды.
13-бап
Мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар) айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен айырудан алатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мемлекеттiк кәсiпкерлiк мүлiктен бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлкiнен айырудан немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн басқа Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекемеден (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе осындай тұрақты базадан айырудан алынған табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз, әуе кемелерiн, жер және темiр жол көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктен айырудан алынған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
4. 1 және 2-тармақтарда көрсетiлгеннен басқа кез келген мүлiктен айырудан алынған табыстарға мүлiктен айырушы тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-бап
Тәуелсiз жеке қызметтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiби немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да ұқсас қызметтер көрсетуден алған табысқа, егер осындай қызметтер басқа Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлмейтiн немесе көрсетiлмеген болса; және
а) табыс жеке тұлға басқа Мемлекетте жүйелi түрде ие болып отырған немесе ие болған тұрақты базаға қатысты алынған болса немесе
b) осындай жеке тұлға осы басқа Мемлекетте жалпы алғанда кез келген дәйектi 12 айлық кезеңнiң жалпы алғанда 183 күнiнен асып түсетiн кезең яки кезеңдер бойы осы басқа Мемлекетте болып жүрсе яки жүрген болса, тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Мұндай жағдайда қызметтерге байланысты табысқа тұрақты мекемеге қатысты кәсiпкерлiк табыстың сомасын анықтайтын, 7-бапта мазмұндалған (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда) ұқсас принциптерге сәйкес салық салына алады.
2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз жеке қызметiн қамтиды.
1. 16-баптың (Директорлардың сыйақылары), 18-баптың (Зейнетақылар мен басқа да төлемдер), 19-баптың (Мемлекеттiк қызмет) ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған ырыздықақы, жалақыға және басқа да осындай сыйақыларға, егер тек жалданып жұмыс iстеу басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады.
Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша жүзеге асырылса, онда алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, егер:
а) алушы кез келген дәйектi 12 айлық кезеңнiң iшiнде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы басқа Мемлекетте жүрсе; және
b) сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
с) сыйақыны жалдаушының басқа Мемлекеттегi тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте жалданып iстеген жұмысына байланысты алатын сыйақыға тек бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынады.
3. Осы баптың бұның алдындағы ережелерiне қарамастан халықаралық тасымалдауларда пайдаланылатын, теңiз, әуе кемесiнiң бортында, жер үстi және темiр жол көлiгiнде орындалатын, жалданып iстеген жұмысқа қатысты алынған, сыйақыға теңiз, әуе кемесiн, жер үстi және темiр жол көлiгiн пайдаланатын кәсiпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салынуы мүмкiн.
16-бап
Директорлардың сыйақылары
Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ретiнде алған директорлардың сыйақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
17-бап
Артистер мен спортшылар
1. 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 15-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер) ережелерiне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер секiлдi өнер қызметкерi ретiнде немесе спортшы ретiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiнiң осы сипатында жүзеге асырған жеке қызметiне қатысты табысы өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7-баптың (Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда), 14-баптың (Тәуелсiз жеке қызметтер) және 15-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер) ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерлерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер осы Мемлекетте сапарды едәуiр дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де қоғамдық қорлары яки олардың әкiмшілiк бөлiмшелерi немесе жергiлiктi өкiмет органдары қолдайтын болса, өнер қызметкерi немесе спортшы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырған қызметтен алынған пайда осы қызмет жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады. Мұндай жағдайда табысқа өнер қызметкерi немесе спортшы резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
18-бап
Зейнетақылар және басқа төлемдер
1. 19-баптың (Мемлекеттiк қызмет) 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жұмысына қатысты төленетiн зейнетақыларға және басқа да осындай сыйақыларға және осы резидентке төленетiн кез келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. "Аннуитет" терминi балама және толық сыйақының орнына ақшалай немесе ақша құнымен төлем жасау мiндеттемесi болғанда бүкiл өмiр бойы немесе белгiлi бiр не белгiленетiн уақыт кезеңiнде жеке тұлғаға белгiленген уақытта жүйелi түрде төленiп тұратын белгiленген соманы бiлдiредi.
3. Алименттерге және Уағдаласушы Мемлекетте пайда болып, басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн басқа да осындай сомаларға /соның iшiнде балаларды бағуға берiлетiн төлемдерге/ тек осы басқа Мемлекетте салық салынады.
1. а) Жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекет немесе оның бөлiмшесi яки жергiлiктi өкiмет органдары осы Мемлекетке немесе оның бөлiмшесiне яки жергiлiктi өкiмет органына көрсететiн қызметiне қатысты төлейтiн зейнетақыдан басқа сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
(i) осы мемлекеттiң азаматы болып табылса, немесе
(іі) қызметi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаса, осындай сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi өкiмет органдары төлейтiн немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның бөлiмшесi яки жергiлiктi өкiмет органы үшiн көрсеткен қызметi үшiн төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады;
b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса, мұндай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
3. 15-баптың (Тәуелдi жеке қызметтер), 16-баптың (Директорлардың сыйақылары) және 18-баптың (Зейнетақылар және басқа төлемдер) ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның жергiлiктi органының кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына байланысты жүзеге асырылатын қызметке қатысты төленетiн сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.
20-бап
Студенттер, стажерлар және зерттеушiлер
1. Басқа Уағдаласушы Мемлекетке келген өзiнiң сапарының бас кезiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және осы басқа Мемлекетте негiзiнен:
а) осы басқа Мемлекеттегi Университетте немесе басқа бiр танымал оқу орнында оқу немесе
b) мамандығы бойынша жұмыс iстеу яки бiлiктiлiк алу үшiн қажет стажировкадан өту; немесе
с) үкiмет, дiни, қайырымдылық, ғылыми, әдеби немесе бiлiм беру ұйымдарынан стипендиялар, жәрдемақылар немесе басқа да осындай төлемдер алушы ретiнде оқу яки зерттеулер жүргiзу мақсаттары үшiн уақытша тұрып жатқан жеке тұлға өзiнiң тұру, бiлiм алу, оқу, зерттеулер жүргiзу немесе практикадан өту мақсаттары үшiн шет елден алған төлемдерге қатысты, сондай-ақ стипендиялар, жәрдемақылар немесе басқа да осындай төлемдерге қатысты осы басқа Мемлекетте салықтан босатылады.
2. Басқа Уағдаласушы Мемлекетке барардың нақ алдында басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Мемлекетте тек өзiнiң бiлiм алуы, практикадан өтуi үшiн ғана тұрып жатқан студент бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетке өзi алғаш рет келген күннен бастап 5 жыл бойы осы Уағдаласушы Мемлекетте көрсететiн жеке қызметтерiнен алған табыс бойынша осы бiрiншi аталған Мемлекетте салық салудан босатылады.
3. Егер зерттеу қызметi қоғамдық мүдделер үшiн емес, негiзiнен жекелеген адамның немесе адамдардың бас пайдасы үшiн жүзеге асырылса, осындай зерттеулерден алынған табыстарға осы Бап қолданылмайды.
4. Уағдаласушы Мемлекетке өзi барардың нақ алдында басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте негiзiнен университетте, колледжде, мектепте немесе бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң Yкiметi ресми түрде таныған оқу орнында лекция оқу мақсатымен жүрген жеке тұлға бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетке өзi алғаш рет келген күннен бастап үш жыл бойы осындай оқыту, лекциялар үшiн төленетiн сыйақыларға қатысты бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте
пайда болатын және осы Келiсiмнiң бұның алдындағы баптарында
қарастырылмайтын табыс түрлерiне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, 6-бапта (Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс) аталған жылжымайтын мүлiк ретiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн басқа Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң қарамағындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекет резидентiне тиесiлi халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерi, жердегi немесе темiр жол көлiгi және осындай теңiз, әуе кемелерiн, жердегi және темiр жол көлiгiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте салық салынады.
V Тарау
Қосарланған салық салуды жою әдістері
23-бап
Қосарланған салық салуды жою
Уағдаласушы Мемлекеттер заңдарының ережелерiне сәйкес және шектеулерiн (ауық-ауық олардың негізгi қағидаттары өзгермей-ақ түзетiлiп отыруы мүмкiн) ескере отырып:
а) Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс тапса, бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекет:
(i) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленетiн табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
(ii) осы резиденттiң капиталына салынған салықтан басқа Мемлекетте төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегерiп тастауға рұқсат етедi.
Алайда, осылай шегеру кез келген жағдайда басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табысқа немесе капиталға қатысты шегеру берiлгенге дейiн есептелген табыс салығының немесе капиталға салынатын салықтың бөлiгiнен аспайды.
b) Егер Келiсiмнiң кез келген ережесiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi алынған табыс немесе капитал осы Мемлекетте салықтан босатылған болса, онда осы Мемлекет, алайда, осындай резиденттiң қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке алуы мүмкiн.
с) Егер осы Келiсiмнiң 10, 11 және 12-баптарымен байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi заңдарында көзделген кейбiр ерекше талаптандыру шаралары бойынша босатылған немесе азайтылған салық сомасы Уағдаласушы Мемлекетте төленуге тиiс деп есептеледi, яғни басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң салығынан шегерiп тасталатындай болады.
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемеге басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салудың қолайлылығы осы басқа Мемлекетте нақ осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорынына салық салудан кем болмауға тиiс.
3. 9-баптың (Ассоцияланған кәсiпорындар) 1-тармағының, 11-баптың (Проценттер) 7-тармағының немесе 12-баптың (Роялти) 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаты үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс. Осы секiлдi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген қарызы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiнiң қарызы қалай шегерiлсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуға тиiс.
4. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей не жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан және онымен байланысты кез келген мiндеттемелерден өзгеше не болмаса анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
5. Осы баптағы ешнәрсе де әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне салық салу мақсаттары үшiн өзiнiң резиденттерiне берiлетiн қандай да бiр жеке жеңiлдiктердi, босатулар мен шегерулердi беруге мiндеттейтiн сияқты түсiнiлмейтiн болады.
6. 2-баптың ережелерiне қарамастан (Келiсiмнiң күшi жүретiн салықтар) осы баптың ережелерi кез келген түрдегi салықтарға қолданылмайды.
25-бап
Өзара келiсiп алу процедурасы
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көздеген қорғану құралдарына қарамастан өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдарының қарауына бере алады немесе оның басындағы жағдайға өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң 24-бабы 1-тармағының күшi жүредi. Мәлiмдеме-шағым Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
2. Құзырлы орган, егер ол талапты орынды деп есептесе және өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, Келiсiмге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында бар қандай да бiр уақытша шектеулерге қарамастан орындалуы тиiс.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Келiсiмдi тусiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмән-күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ Келiсiммен көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мұның алдындағы тармақтарды келiсiп алуға қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер келiсiмге қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алмасуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алмасу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдарының өкiлдерi арасында өткiзiлуi мүмкiн.
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн немесе салық салу әзiрше Келiсiмге қайшы келмейтiндей дәрежеде Келiсiмнiң күшi жүретiн салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпаратпен алмасып тұрады. Ақпаратпен алмасу 1-баппен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиiстi сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соның iшiнде соттар мен әкiмшiлiк органдарына) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады.
2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы бойынша алуға болмайтын ақпарат беру;
с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны не сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпараттың ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада пайдаланылмауға тиiс.
27-бап
Дипломатиялық агенттер мен консулдық қызметкерлер
Осы Келiсiмнiң ешнәрсесi дипломатиялық агенттердiң немесе консулдық қызметкерлердiң халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салық артықшылықтарын қозғамайды.
1. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiмнiң күшiне ене бастауы үшiн оның заңдары талап ететiн процедуралардың аяқталғаны жайында екiншiсiн хабардар етедi.
2. Келiсiм осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшiне енiп, содан соң мыналарға:
а) Келiсiм күшiне енген айдан кейiнгi екiншi айдың 1-шi күнiнен бастап немесе одан кейiн төленетiн немесе есептелетiн сомалар үшiн дивидендтерге, проценттерге немесе роялтиге табыс көзiнен ұстап қалынатын салықтарға қатысты;
b) Келiсiм күшiне енген жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын салық салынатын кезеңдер үшiн басқа да салықтарға қатысты қолданыла бастайды.
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның күшiн тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 5 жыл өткен соң кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуынан кемiнде 6 ай бұрын Келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлай отырып Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады: Мұндай жағдайда Келiсiм:
а) тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiн келетiн жылдың I қаңтарынан бастап немесе одан кейiн төленетiн немесе есептелетiн сомалар үшiн дивидендтерге проценттерге немесе роялтиге табыс көзiнен ұстап қалынатын салықтарға қатысты; және
b) тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiн келетiн жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейiн басталатын салық салу кезеңдерi үшiн басқа да салықтарға қатысты өзiнiң қолданылу күшiн тоқтатады.
Осыны куәландыру үшін өздерінің Үкіметтері тиісті түрде өкілеттік берген төменде қол қоюшы өкілдер осы Келісімге қол қойды.
Алматы қаласында, 1998 жылғы 12 наурызда екі дана болып, қазақ, моңғол, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндерде алшақтық пайда болған жағдайда, ағылшын мәтіні айқындаушы болады.
Қазақстан Республикасының Монғолия
Үкіметі үшін Үкіметі үшін