Алматыда 1995 жылғы 23 тамызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Пәкстан Ислам Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Пакистан Ислам Республикасы арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Шарт* *(2001 жылғы 9 ақпанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 1, 6-құжат) Қазақстан Республикасы мен Пакистан Ислам Республикасы, бұдан әрi Келiсушi Жақтар деп аталып, азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере отырып, төмендегiлер туралы келістi: I Тарау Жалпы ережелер 1 бап Құқықтық қорғау
1. Келiсушi Жақтың бiрiнiң азаматтары екiншi Келiсушi Жақтың аумағында басқа Келiсушi Жақтың азаматтары сияқты өзiнiң жеке және мүлiктiк құқықтарын құқықтық жағынан қорғай алады.
Бұл Келiсушi Жақтардың әрқайсысының аумағында өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес құрылған заңды ұйымдарға да қатысты.
2. Келiсушi Жақтың бiрiнiң азаматтары екiншi Келiсушi Жақтың
құзырлы органдарына еркiн және бөгетсiз өтiнiш жасауға құқылы. 3. Осы Шартта қолданылатын "азаматтық iстер" терминi неке қию-отбасылық, еңбек, мұрагерлiк, шаруашылық iстерiн қамтиды. 4. Құзырлы органдар әрбiр нақты жағдайда тиiстi Келiсушi Жақтың заңдарымен анықталады. 2 бап Құқықтық көмек 1. Осы Шарттың ережелерiне сәйкес құзырлы органдар азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетедi. 3 бап Құқықтық көмектiң көлемi Келiсушi Жақтар бiр бiрiне құқықтық көмек көрсетудi өз заңдарының талаптарын сақтай отырып, мынадай жолмен жүргiзедi: - құжаттарды салып жiберу және тапсыру; - заттай айғақтарды беру; - iс материалдарын жiберу; - сот шешiмдерiн тану және орындау; - шағымды қамтамасыз ету; - сұрау салған жаққа сотталған туралы деректер беру; - адамдарды iздестiру. 4 бап Құқықтық көмек көрсету кезiндегі байланысу тәртiбi
1. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш жасаған жағдайды Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары егер осы Шартпен басқаша белгiленбесе, өздерiнiң орталық мекемелерi арқылы өзара байланыс жасайды.
2. Осы баптың 1 тармағында атап өтiлген орталық мекемелерге мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы жағынан - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
Пакистан Ислам Республикасы жағынан - Пакистан Ислам Республикасының Заңдылық және әдiлет министрлiгi, Пакистан Ислам Республикасының Iшкi iстер министрлiгi.
3. Осы баптың 2 тармағында атап өтiлген Келiсушi Жақтардың орталық органдары құзырлы органдардың тiкелей байланыс жасайтындығы туралы қосымша келiсiмдер жасай алады.
5 бап
Тiл
1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштер сұрау салған Келiсушi Жақтың тiлiнде жазылады және оларға екiншi Келiсушi Жақтың тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасының көшiрмесi қоса берiледi.
2. Аударманы ресми аудармашы немесе нотариус, немесе сұрау салған құзырлы органның лауазымды адамы, немесе сұрау салған Келiсушi Жақтың дипломатиялық өкiлдiгi не консульдiк мекемесi куәландырады.
6 бап
Құжаттарды ресiмдеу
1. Келiсушi Жақтардың бiрiнші құзырлы органдары құқықтық көмек көрсету ретiнде жiберген құжаттарына қол қойылу керек және тиiстi түрде куәландырылуы тиiс.
2. Келісуші Жақтар өзара келісім бойынша көмек көрсету туралы өтініш жасаған кезде пайдаланатын формулярлардың үлгілерін белгілей алады.
7 бап
Құқықтық көмек көрсету туралы өтініштің нысаны
Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште мыналар көрсетiлуi керек: а) сұрау салған құзырлы органның аты; б) сұрау салынған құзырлы органның аты; в) құқықтық көмек сұралған iстiң аты; г) iске қатысы бар адамдардың аттары мен фамилиялары, олардың азаматтығы, жынысы, кәсiбi, тұратын жерi немесе болған жерi, туған жылы мен жерi; жеке куәлiгiнiң номерi, заңды ұйымның аты мен тұрған жерi; д) осы баптың 2 тармағында атап өтiлген адамдардың өкiлдерiнiң аты, фамилиясы және мекен-жайы; е) өтiнiштiң мазмұны, ал қылмыстық iстер бойынша сондай-ақ жасалған қылмыстың нақты жайттарының суреттемесi және оның заңды анықтамасы. 8 бап Тапсырманы орындау тәртiбi.
1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау кезiнде өтiнiш жасалған орган өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады.
Өтiнiш жасаған органның тiлегi бойынша, егер олар өз мемлекетiнiң заңдарына қайшы келмесе, ол өтiнiш жасаған Келiсушi Жақтың iс жүргiзу нормаларын қолдана алады.
2. Егер өтiнiштi алған Келiсушi Жақтың сұрау салынған органы тапсырманы орындауға құзырлы болмаса, ол өтiнiштi орындау үшiн құзырлы органға салып жiбередi және бұл туралы өтiнiш жасаған органды хабардар етедi.
3. Егер Келiсушi Жақтың сұрау салынған органы өтiнiште көрсетiлген мекенжайдың немесе басқа деректердiң қателiгіне байланысты өтiнiштi орындай алмаса, ол оны анықтау үшiн тиiстi шаралар қолдануға немесе Келiсушi Жақтың сұрау салған органынан қосымша деректер берудi талап етуге мiндеттi.
4. Сұрау салынған орган сұрау салушы органды тапсырманы орындау мерзiмi мен орны туралы хабардар етедi.
5. Өтінiштi орындағаннан кейiн өтiнiш жасалған орган құжаттарды өтiнiш жасаған органға салып жiбередi, егер құқықтық көмек көрсетiле алмаған жағдайда, ол өтiнiштi қайтарып бередi және оны орындауға бөгет жасайтын жайттар туралы хабардар етедi.
9 бап
Құжаттарды тапсыру тәртiбi
1. Сұрау салынған құзырлы орган құжаттарды, егер олар өз тiлiнде жазылса немесе куәландырылған аудармасымен қамтамасыз етiлсе, өз мемлекетiнде қолданылып жүрген ережелерге сәйкес тапсырады. Құжаттар сұрау салынған Келiсушi Жақтың тiлiнде жазылмаса немесе аудармасымен
қамтамасыз етiлмеген жағдайларда алушы оларды өз еркiмен қабылдауға келiссе ғана тапсырылады. 10 бап Құжаттардың тапсырылғандығын растау Құжаттардың тапсыру кезiнде құжаттардың алынған датасы, алушының және тапсырған адамның қолдары көрсетiлуi керек. Егер алушы қабылдап алудан бас тартса, алудан бас тарту себебi де көрсетiлуi тиiс. Өтiнiштiң орындалуын растайтын құжатқа өтiнiштi орындаған сұрау салынған құзырлы органның ресми мөрi қойылады. 11 бап Дипломатиялық өкiлдiктер немесе консульдық мекемелер арқылы құжаттар тапсыру. Келiсуші Жақтардың құзырлы органдары дипломатиялық каналдар арқылы өз азаматтарына құжаттар тапсыруға құқылы. 12 бап Куәнi, жәбiрленушi мен сарапшыны шетелге шақыру.
1. Келісушi Жақтың бiрiнiң аумағында алдын ала тергеу немесе сотта қарау барысында екiншi Келiсушi Жақтың аумағындағы куәнiң, жәбiрленушiнiң, азаматтық шағым берушi мен жауап берушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, сарапшының өзiнiң келуi қажет болса, онда осы Келiсушi Жақтың тиiстi органына шақыру қағазын тапсыру туралы тапсырма беру керек.
2. Шақыру қағазында келмеген жағдайда мәжбүр ету шараларын қолдану туралы қорқыту жазылмайды.
3. Сұрау салған Келiсушi Жақтың құзырлы органының шақыруы бойынша келген куә, жәбiрленушi немесе сарапшы өзiнiң азаматтығына қарамастан сұрау салған Келiсушi Жақтың аумағында қылмысы немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауапқа тартылмайды, өзi шақыртылып талқылау тақырыбы болған қылмысқа байланысты, сұрау салған Келiсушi Жақтың мемлекеттiк шекарасын кесiп өткенге дейiн жасалған немесе сарапшы ретiнде қорытынды берген басқа қылмыстар үшiн де ұсталмайды, қамауға алынбайды немесе жазасын өтемейдi.
4. Куә, жәбiрленушi немесе сарапшы егер сұрау салушы орган өздерiнiң қатысуы қажет емес екендiгiн ескерткен күннен бастап отыз күндi мерзiмде сұрау салған Келiсушi Жақтың аумағынан кетпейтiн болса, осы баптың 1 тармағымен берiлген кепiлдiктерден айырылады. Бұл мерзiмге олар өздерiнiң қолдарынан келмейтiн жәйттарға байланысты сұрау салған Келiсушi Жақтың аумағынан дер кезiнде кете алмаған жағдайлар есептелмейдi.
5. Екiншi Келiсушi Жақтың аумағына шақыру бойынша келген куәлардың, жәбiрленушiлер мен сарапшылардың келуiне және болуына байланысты шығынды, сондай-ақ осыған байланысты айырылған еңбек ақысын сұрау салған Келiсушi Жақ өтейдi. Сарапшылар, сонымен бiрге, сараптау жүргiзгенi үшiн төлемақы алуға құқылы. Шақыруда шақырылған адамдардың қандай төлем түрлерiн алуға құқылы екенi көрсетiлуi керек; олардың өтiнiшi бойынша шақыру жiберген Келiсушi Жақ тиiстi шығындарды өтеуге аванс төлейдi.
13 бап.
Құжаттардың жарамдылығы.
1. Келiсушi Жақтың бiрiнiң аумағында құзырлы орган өзiнiң құзыры шеңберiнде және белгiленген нысанда жасап, куәландырған және елтаңбалы мөр соғылған құжаттар екiншi Келiсушi Жақтың аумағында да қолданылады.
Қажет болған жағдайда құжаттардың түпнұсқасы дипломатиялық каналдар арқылы расталуы мүмкiн.
2. Келiсушi Жақтың бiрiнiң аумағында қайшы деп танылған құжаттар екiншi Келiсушi Жақтың аумағында да осындай деп танылады.
14 бап.
Құқықтық көмек көрсету жөнiндегi шығындар
1. Келiсушi Жақтардың әрқайсысы өздерiнің аумағында құқықтық көмек көрсету кезiнде шыққан шығындарды көтередi, осы Шарттың 12 бабының 5 тармағымен көзделген шығындардан басқа.
2. Сұрау салынған құзырлы орган сұрау салған құзырлы органды
шығындардың сомасы туралы хабардар етедi. Егер өтiнiш жасаған құзырлы орган осы шығындарды оларды өтеуге тиiстi адамнан төлетiп алса, онда төленген сома оларды төлетiп алған Келiсушi Жақтың пайдасына түседi. 15 бап. Құқықтық көмектен бас тарту. Егер сұрау салынған Келiсушi Жақ құқықтық көмек беру өзiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiпке зиян келтiредi немесе өзiнiң ұлттық заңдарына қайшы келедi деп есептесе, ол құқықтық көмек беруден бас тарта алады және сұрау салған Келiсушi Жаққа бас тарту себебiн хабарлайды. 16 бап. Ақпарат беру. Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгi, Бас прокуратурасы мен Iшкi iстер министрлiгi және Пакистан Ислам Республикасының Заңдылық және Әдiлет Министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi өз мемлекетiнде қолданылып жүрген немесе қолданылған заңдар туралы және оларды қолдану мәселелерi туралы өтiнiштер бойынша бiр бiрiне ақпарат бередi. 17 бап. Азаматтық хал актiлерiн және басқа құжаттарды тiркеу туралы куәліктердi салып жiберу. Келiсушi Жақтар екiншi Келiсушi Жақтың азаматтарының жеке құқықтары мен мүлiктiк мүдделерiне қатысы бар азаматтық хал актiлерi мен басқа құжаттарды (бiлiмi туралы, жұмысы туралы және т.б.) тiркеу туралы куәлiктердi өтiнiштерi бойынша бiр бiрiне дипломатиялық каналдар арқылы аудармасыз және тегін салып жіберуге мiндеттенедi. II ТАРАУ Арнаулы ережелер Азаматтық және отбасылық iстер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар 18 бап Сот шығындарын төлеу
1. Келiсушi Жақтың бiрiнiң азаматтары екiншi Келiсушi Жақтың аумағында сот шығындарын осы Келiсушi Жақтың азаматтарымен тең жағдайда және бiрдей көлемде төлейдi.
2. Осы баптың 1 тармағындағы ережелер сондай-ақ Келiсушi Жақтың бiрiнiң аумағында өзiнiң ұлттық заңына сәйкес құрылған заңды ұйымдарға да қолданылады.
19 бап.
Сот шығындарын төлеуден толығымен немесе жартылай босату.
1. Келiсушi Жақтың бiрiнiң азаматтары екiншi Келiсушi Жақтың аумағында осы Келiсушi Жақтың азаматтарымен тең жағдайда және бiрдей көлемде сот шығындарын төлеуден толығымен және жартылай босатылады.
2. Келiсушi Жақтың бiрiнiң азаматтары сот шығындарын төлеуден толығымен немесе жартылай босату туралы өтiнiш жасай отырып, тұратын жерiндегi немесе келген жерiндегi құзырлы мекемелер берген өзiнiң жеке басын, отбасылық және мүлiктiк жағдайын куәландыратын анықтама тапсыруы керек. Егер өтiнiш иесiнiң Келiсушi Жақтардың аумағында тұратын жерi немесе болатын жерi болмаса, ол өз мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi немесе консульдық мекемесi берген немесе куәландырған аталған құжаттарды тапсыра алады.
3. Сот шығындарын төлеуден толығымен немесе жартылай босату туралы өтiнiш бойынша шешiм шығарған сот құжат берген органнан қосымша түсiнiк беру туралы сұрау сала алады.
20 бап.
1. Келiсушi Жақтың бiрiнiң азаматтары екiншi Келiсушi Жақтың сотында шығындардан босату туралы немесе процесте тегiн өкiлдiк ету туралы өтiнiш жасауға ниет бiлдiрсе, өзi тұратын немесе болған жердегi құзырлы сотта жазбаша осындай өтiнiш жасай алады. Бұл сот өтiнiштi 19 бапта белгiленген анықтамамен бiрге екiншi Келiсушi Жақтың құзырлы сотына жолдайды.
2. 1 тармақта аталған өтiнiш талап арызбен немесе процесстi бастайтын басқа өтiнiшпен бiрге берiлуi мүмкiн.
21 бап.
Соттардың құзыры
1. Егер осы Шартпен басқаша белгiленбесе, әрбiр Келiсушi Жақтың соттары егер жауап берушiнің өз аумағында тұратын жерi болса азаматтық және отбасылық iстердi қарауға құзырлы. Егер аталған Келiсушi Жақтың аумағында заңды ұйымның басқару органы, өкiлдiгi немесе филиалы болса, олар заңды ұйымдарға қойылған талаптар бойынша да құзырлы.
2. Келiсуші Жақтардың соттары басқа жағдайларда да, егер Келiсушi Жақтардың осы туралы жазбаша келiсiмi болса, iстердi қарайды. Осылай келiсiм болған жағдайда сот жауап берушiнiң өтiнiшi негiзiнде iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатады, егер мұндай өтiнiш талаптың мәнi бойынша наразылық бергенге дейiн жасалса Соттардың ерекше құзырын Келiсушi Жақтардың келiсiмі өзгерте алмайды.
3. Екi Келiсушi Жақтардың осы Шартқа сәйкес құзырлы соттарында
екi Жақ арасындағы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайда, iстi кейiн қозғаған сот iс жүргiзудi тоқтатады. 22 бап. Құқықтық қабiлеттiлiк және әрекет ету қабiлеттiлігі. 1. Жеке адамның әрекет ету қабiлеттiлiгi осы адам азаматы болып табылатын Келiсушi Жақтың заңдарымен белгiленедi. 2. Заңды ұйымның мәртебесi осы ұйым құрылған аумақтағы Келiсушi Жақтың заңы бойынша белгiленедi. 23 бап. Танылатын және орындалатын шешiмдер.
1. Келiсушi Жақтар осы Шарттың ережелерiне сәйкес басқа Келiсушi Жақтың аумағында шығарылған және заңды күшiне енген сот шешiмдерiн, сондай-ақ осы Шарт күшiне енгеннен кейiн танылуға тиiстi, бiрақ орындауды талап етпейтiн шешiмдердi тануға және орындауға мiндеттi.
2. Осы Шарттың текстi бойынша қолданылатын "сот шешiмдерi "терминi мыналарды бiлдiредi:
Қазақстан Республикасында - соттың (судьяның), соның iшiнде төрелiк соттың (судьяның) шешiмi, ұйғарымы, қаулысы, азаматтық және төрелiк iстер бойынша әлемдiк келiсiм, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша зиянды өтеу бөлiгiндегi үкiм;
Пакистан Ислам Республикасында - соттың (судьяның), соның iшiнде төрелiк соттың (судьяның) шешiмi, ұйғарымы, қаулысы, азаматтық және төрелiк iстер бойынша әлемдiк келiсiм, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша зиянды өтеу бөлiгiндегi үкiм.
Қажет болған жағдайда Келiсушi Жақтардың азаматтары мен заңды ұйымдары дауларды шешу мәселесi бойында үшiншi елдердiң арбитражына өтiнiш жасай алады.
24 бап.
Сот шешiмiн тану және орындау туралы өтiнiш.
1. Сот шешiмiн тану және орындау туралы өтiнiштi осы шешiмдi шығарған сотқа өтiнiш иесi бередi және оны екiншi Келiсушi Жақтың сотына соңғысы осы Шарттың 4 бабында көзделген тәртiпте салып жiбередi. Өтiнiш иесi екiншi Келiсушi Жақтың сотына тікелей де өтiнiш бере алады.
2. Сот шешiмiн тану және орындау туралы өтiнiшпен мынадай құжаттар қоса өткiзiлуi керек:
а) сот растаған сот шешiмiнiң көшiрмесi; егер көшiрмеде шешiмнiң күшiне енгенi және орындау керек екенi айқын көрсетiлмесе, сондай-ақ сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенi туралы сот құжатының бiр данасы қоса тiркелу керек;
б) сұрау салған Келiсушi Жақтың аумағында шешiмнiң орындалған бөлiгi туралы соттың құжаты;
в) процеске қатыспаған жаққа заңмен белгіленген тәртiпте сотқа шақыру туралы хабарламаның тапсырылғандығын, ал ол әрекет ете алмаған жағдайда онда тиiстi өкiлдiң болғандығын куәландыратын құжат;
г) осы бапта аталған өтiнiштiң және оған қоса тiркелген құжаттардың расталған аудармасы.
25 бап.
Сот шешімiн тану және орындау тәртiбi.
1. Сот шешiмiн тануды және орындауды өтiнiш жiберiлген Келiсушi Жақтың соты осы Келiсушi Жақтың ұлттық заңымен белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
2. Өтiнiш жасалған сот шешiмнiң мәнiсiн талқыламай, оны тек осы Шарттың талаптарына сай келу жағынан ғана қарайды.
3. Тану және орындау туралы өтiнiш келiп түскен шешiмге қатысты
өтiнiштi алған сот қажет болған жағдайда шешiмдi шығарған соттан қосымша материалдар берудi талап ете алады. 4. Орындаумен байланысты сот шығындарына қатысты шешiм аумағында орындалуға тиiстi Келiсушi Жақтың заңдары қолданылады. 26 бап. Тану мен орындаудың заңды күшi. Келiсушi Жақтың бiрiнiң сотының екiншi Келiсушi Жақтың сотының шешiмiн тануы мен орындауының осы Келiсушi Жақтың сотының шешiмiн тану мен орындау сияқты күшi бiрдей. 27 бап. Шешiмдi танудан және орындаудан бас тарту. Сот шешiмiн танудан және орындаудан мына жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:
а) егер шешiмдi шығарған Келiсушi Жақтың ұлттық заңдарына сәйкес бұл шешiм заңды күшiне енбесе және орындалмайтын болса;
б) егер шешiмдi тану және орындау туралы өтiнiш жiберiлген Келiсушi Жақтың ұлттық заңдарына сәйкес iс, сұрау салынған Келiсушi Жақтың сотының ғана ерекше құзырына жататын болса;
в) егер процеске қатыспаған жаққа Келiсушi жақтың ұлттық заңдарына сәйкес сотқа шақыру туралы хабарлама тапсырылмаса немесе ол әрекет етуге қабілетсiз болған жағдайда тиiстi өкiлi болмаса;
г) егер екi Жақ арасындағы бiр құқықтық дау бойынша сұрау салынған Келiсушi Жақтың соты заңды күшiне енген шешiм шығарып қойған болса немесе ол сонда қаралып жатса немесе осы iс бойынша үшiншi мемлекеттiң шешiмi заңды күшiне енгенi танылса;
д) егер шешiмді тану немесе орындау өтiнiш жасалған Келiсушi Жақтың егемендiгiне, қауiпсiздiгiне немесе қоғамдық тәртiбiне зиян келтiретiн болса.
28 бап.
Осы Шарттың шешiмдердi орындау туралы ережелерi Келiсушi Жақтардың ақша сомдарын аудару туралы және орындау нәтижесінде алынған құралдарды әкету туралы заңдарын қозғамайды.
III Тарау.
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек.
29 бап.
Құқықтық көмек көлемi. Осы Шарттың ережелерiне сәйкес Келiсушi Жақтар бiр-бiрiне көрсететiн құқықтық көмек мыналарды қамтиды: - алдын ала тергеудегi адамдарды iздестiру және ұқсастыру; - қылмыстық қудалауды қозғау немесе қабылдау; - күдiктiлерден, айыпталушылардан, сотталушылардан, куәлардан, жәбiрленушiлерден, сарапшылардан жауап алу; - тексеру, тiнту және дәлелдер жинаумен байланысты басқа iс-жүргiзу әрекеттерi; - заттай айғақтарды, құжаттарды, қылмыстық жолмен алынған құндылықтарды беру; - қылмыстық iс бойынша iс жүргiзумен байланысты iс жүргiзу құжаттарын тапсыру, сондай-ақ сот процесiнiң нәтижелерi туралы ақпарат беру. 30 бап Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету кезінде байланысу тәртібі
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету кезiнде Келiсушi
Жақтардың құзырлы органдары осы Шарттың 4 бабында аталған органдар арқылы байланыс жасайды. 31 бап. Қылмыстық қудалауды қозғау мiндетi. 1. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың өтiнiшi бойынша өз заңдарына сәйкес екiншi Келiсушi Жақтың аумағында қылмыс жасағаны үшiн күдiктi өз азаматтарына қарсы қылмыстық қудалауды қозғайды. 2. Келiсушi Жақтың бiрiнiң заңдарына сәйкес оның құзырлы органдарына тиiстi мерзiмде берiлген жәбiрленушiнiң қылмыстық қудалау туралы арызы екiншi Келiсушi Жақтың аумағында да қолданылады. 32 бап. Қылмыстық қудалауды қозғау немесе қабылдау туралы өтiнiш
1. Қылмыстық қудалауды қозғау немесе қабылдау туралы өтiнiш жазбаша түрде жазылады және онда мыналар көрсетiлуi керек:
1) сұрау салған органның аты;
2) қылмыстық қудалауды қозғау немесе қабылдау туралы өтiнiш жiберуге себеп болған әрекеттiң сипаттамасы;
3) қылмыстық әрекет жасалған уақыттың және жердің мүмкiндiгiнше неғұрлым толық көрсетiлуi;
4) қылмыстық әрекеттi қылмыс деп тануға негiз болған сұрау салушы Келiсушi Жақтың заңының текстi;
5) күдiктi адамның фамилиясы мен аты, оның азаматтығы, тұратын немесе болған жерi туралы деректер және оның жеке басы туралы мәлiметтер, сондай-ақ мүмкiндiгiне қарай, осы адамның келбетiнiң суреттемесi, оның фотосуретi мен саусақтарының таңбалары;
6) жәбiрленушiнiң арызы бойынша қозғалған қылмыстық iс бойынша жәбiрленушiнiң арызы мен материалдық шығынды, егер мұндай болса, өтеу туралы арыз;
7) келтiрiлген материалдық шығынның мөлшерi туралы қолда бар мәлiметтер.
Өтiнiшке сұрау салған Келiсушi Жақтың қарамағындағы алдын ала тергеудiң материалдары мен айғақтар қоса тiркеледi. Қылмыс жасау құралы болған, немесе қылмыстық iзi бар құралдарды немесе қылмыстық жолмен алынған басқа құралдарды беру кезiнде осы Шарттың ережелерi ескерiлуi керек.
2. Егер қылмыстық қудалауды қозғау немесе қабылдау туралы
өтiнiштi жiберген сәтте адам 29 бапқа сәйкес осындай қудалауды қозғау туралы өтiнiштi жiберетiн Келiсушi Жақтың аумағына жеткiзiледi. Екiншi Келiсушi Жақтың аумағында қамауда жатқан адамды этаппен алып жүруге iстi тергеудi қадағалаушы лауазымды адам рұқсат бередi. Осындай адамды беру осы Шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. 33 бап. Экстрадициялау тәртiбi. Экстрадициялау тәртiбi мен мәнiсiн Келiсушi Жақтар осы Шартқа қол қойғаннан кейiн өзара кеңескен соң жеке Шарт жасау арқылы белгiлейдi. 34 бап. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету кезiнде Келiсушi Жақтардың өкiлдерiнiң қатысуы. Келiсушi Жақтардың бiрiнiң өкiлдерi екiншi Келiсушi Жақтың қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштердi орындау кезiнде екiншi Келiсушi Жақтың келiсiмiмен қатыса алады. 35 бап. Сотталғандығы туралы мәлiметтер.
Келiсушi Жақтар өтiнiштерi бойынша бiр бiрiне адамдардың
сотталғандығы туралы, егер бұл адамдар сұрау салған Келiсушi Жақтың аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, мәлiметтер бередi. 36 бап. Құралдарды беру. 1. Сұрау салынған Келiсушi Жақ сұрау салған Келiсушi Жаққа қылмыс жасау құралдары болған құралдарды бередi. 2. Сұрау салған Келiсушi Жаққа берiлген құралдарға үшiншi Жақтың құқы күшiнде қалады. Iс бойынша iс жүргiзу аяқталған бұл құралдар оларды берген Келiсушi Жаққа қайтарылуы керек. 37 бап. Үкімдер туралы мәліметтер. Келiсушi Жақтар екiншi Келiсуші Жақтың азаматына қатысты Келісуші Жақтың бірінің соты шығарған үкімдердің заңды күшіне енгені туралы мәліметтерді бір-біріне тұрақты хабарлап тұрады. IҮ Тарау Қорытынды ережелер 38 бап. Шарттың күшіне енуi. Осы Шарт бекітілуі керек және бекіту грамоталарымен алмасқаннан кейін 30 күн өткен соң Шарт күшіне енеді. 39 бап. Өзгертулер мен толықтырулар. Келiсушi Жақтардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкін. 40 бап. Осы Шарт Келiсушi Жақтардың бiрiне немесе екеуiне де мiндет артатын басқа шарттардан келiп шығатын мiндеттемелерді бұзбайды. 41 бап. Дауларды шешу тәртібі Осы Шартты қолдануға және түсіндіруге байланысы даулар дипломатиялық арналар арқылы келiссөздер және өзара консультациялар жолымен шешіледi. 42 бап. Күшін тоқтату. Осы Шарт шексiз мерзiмге жасалады және Келiсушi Жақтардың кез келгенi дипломатиялық каналдар арқылы оның күшiн тоқтату туралы жазбаша ескерту жібергеннен кейін алты ай өткен соң өзінің күшін тоқтатады. 1995 жылғы тамыздың 23 Алматы қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды және барлық текстерінің күші бірдей. Осы Шарттың текстінің мазмұны бойынша қайшылық туған жағдайда Келісуші Жақтар ағылшын тіліндегі текстін басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Пакистан Ислам Республикасы үшін үшін Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.