Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Заңы 1998 жылғы 11 желтоқсан N 315-I

 


     Бакуде 1996 жылғы 16 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы

халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


                 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

                  Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің

                   арасындағы халықаралық автомобиль

                           қатынасы туралы

                               Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 9-құжат)

    (1999 жылғы 8 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 79 бет)



 
       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, бұдан әрі "Келісуші Жақтар" деп аталады, екі ел арасында және олардың аумағы бойынша транзитпен, өзаралық негізде, жолаушы және жүк автомобиль қатынастарын дамытуға ынталана отырып, сондай-ақ осы қатынасты жеңілдетуге тырысып, төмендегілер туралы келісті:
 
                                1-бап
 
      1. Осы Келісімге сай Қазақстан Республикасында немесе Әзірбайжан

 

Республикасында тіркелген автокөлік құралдарымен, халықаралық автомобиль

қатынасы үшін ашылған, жолдар бойынша екі ел арасында және олардың аумағы

бойынша транзитпен жолаушылар (туристерді қоса) мен жүктердің жүйеленген

және жүйеленбеген тасымалдары жүзеге асырылады.

     2. Халықаралық автомобиль қатынастары үшін ашылған автомобиль

жолдарының тізімі, әрбір Келісуші Жақтың құзырлы органдарымен анықталады

және екінші Келісуші Жаққа тапсырылады.


                        1. Жолаушылар тасымалы


                                  2-бап



 
       1. Жолаушылардың жүйеленген тасымалдары Келісуші жақтардың құзырлы органдарының арасындағы келісім бойынша ұйымдастырылады.
      2. Осындай тасымалды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар Келісушi Жақтардың құзырлы органдарымен бір-біріне тапсырылады. Осы ұсыныстарда тасымалдаушының аты, маршрут бағыты, қозғалыс кестесі, тариф, тасымалдаушы жолаушыларды тиеп-түсiретiн аялдау пункттерiне қатысты мәлiметтер, сондай-ақ тасымал орындау болжанған кезең мен жүйелiлiгi көрсетiлуi тиiс.
 

                                  3-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмнiң 4-бабында қарастырылған тасымалды қоспағанда, екi ел арасында немесе олардың аумағы бойынша транзитпен жолаушылардың жүйеленген және жүйеленбеген тасымалын автокөлiк құралдарымен жүзеге асыру үшiн Келісушi Жақтардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар талап етiледi.
      2. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары, олардың мемлекетiнiң аумағынан өтетiн жол учаскесiне рұқсат бередi.
      3. Әрбiр жүйеленген және жүйеленбеген тасымалға, бiр рейспен солай және керi қарай жүруге құқық беретiн рұқсат берiледi (егер рұқсатта басқа мән-жағдай қарастырылмаған болса).
      4. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары жолаушылардың жүйеленген, жүйеленбеген және транзит тасымалдарын жүзеге асыру үшiн, жыл сайын бiр-бiрiне өзара келiсiлген рұқсат бланкiлерiнiң санын бередi.
      5. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары рұқсат бланкiлерiн айырбастаудың тәртiбi мен мерзiмiн өзара келiседi.
 
                                4-бап
 
      Автокөлiк құралының бұзылғанын басқасына алмастыру кезiнде осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген рұқсаттар талап етiлмейдi.
 
                          ІІ. Жүк тасымалы
                                5-бап
 
      1. Осы Келісімнің 6-бабында қарастырылған тасымалдарды қоспағанда, екі ел арасындағы немесе олардың аумағы арқылы транзитпен жүк тасымалдау Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар негiзiнде автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр жүк тасымалына солай және керi қарай жүруге құқық беретiн жеке рұқсаттар берiледi (егер рұқсатта басқа мән-жағдай қаралмаған болса).
      3. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары жүк тасымалы үшiн, жыл сайын бiр-бiрiне өзара келiсiлген рұқсат бланкiлерiнiң санын тапсырады. Рұқсат бланкiлерде, оны берген құзырлы органның мөрi мен қолы болуы тиiс.
      4. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары жыл сайын рұқсат бланкiлерiн алмастыру тәртібi мен мерзiмiн өзара келiсiп отырады.
      5. Келiсушi Жақтардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағы бойынша екiншi Келiсушi Жақтың жүк таситын автокөлiк құралының өтуi үшiн, соның iшiнде транзитпен үшiншi елге/елден етуiне қолайлы жағдай қамтамасыз етеді.
 

                                  6-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген рұқсаттар, мына тасымалдарды

 

орындау үшiн, талап етiлмейдi:

     а) жәрмеңке мен көрмелер үшiн арналған экспонаттарды, жабдықтар мен

материалдарды;

     б) хайуандарды, әртүрлi инвентарьлар мен мүлiктердi, сондай-ақ спорт

шараларын жүргiзуге арналған көлiк құралдарын;

     в) театр әшекейлерi мен реквизиттерiн, ән-күй аспаптарын кино  

түсiру, радио-және теледидар хабарларын түсiруге арналған жабдықтар мен

құралдарды;

     г) қаза болғандардың денесi мен мәйiтiн;

     д) поштаны;

     е) iстен шыққан көлiк құралдарын;

     ж) көшi-қон кезiнде қозғалмалы мүлiктi;

     з) осы Келiсiмнiң 7-бабына сай, арнайы рұқсат алынған жүктердi;

     и) табиғи апат кезiнде көмек көрсетуге арналған медицина жабдықтары

мен дәрi-дәрмектердi;

     Техникалық көмек көрсету автомобильдерiнiң жол жүруi үшiн рұқсаттар

талап етiлмейдi.


 
       Осы бапта көрсетiлген тасымалды орындау кезiнде автокөлiк құралы тiркелген елдiң тасымал құжаттары автокөлiк құралының iшiнде болуы тиіс.
      2. Жүк иесi болып табылатын, елге, жүк қайтарылған кезде немесе үшiншi ел аумағында шаралар ұйымдастыру үшiн жүк тасымалданған жағдайда, осы баптың 1 тармағының а, б, в тармақшаларында қарастырылған жағдайлар пәрмендi болады.
 

                                   7-бап



 
 
       1. Жүкпен немесе жүксіз бағыт алған автокөлік құралының ауқымы немесе салмағы, екiншi мемлекет аумағында белгiленген нормадан асқан жағдайда, сондай-ақ адамдар, хайуандар мен өсiмдiкке қауiп төндiретiн жүктердi тасымалдау кезiнде, тасымалдаушы, кiруге немесе транзитпен өтуге екiншi Келісуші Жақтың құзырлы органдарының арнайы рұқсатын алуы тиіс.
      2. Осы баптың 1 тармағында ескертiлген рұқсат автокөлік құралының белгiленген бағытта қозғалуын қамтыса, тасымал сол маршрутта ғана жүзеге асырылады.
 
                             III. Жалпы ережелер
                                    8-бап
 
      1. Бiр Келiсушi Жақтың тасымалдаушысы екiншi Келісушi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдай алмайды.
      2. Екiнші Келiсушi Жақтың құзырлы органынан арнайы рұқсат алған тасымалдаушы, екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағынан үшiншi елге, сондай-ақ үшiншi елдiң аумағынан екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағына тасымал жасай алады.
 

                                   9-бап



 
 
       1. Келiсушi Жақтар қол қою сәтiнде, автомобиль көлiгiнiң жұмысын реттейтiн пәрмендi ережелердi, қағидаларды, нұсқауларды, стандарттар мен техникалық шарттарды сақтауға келiстi. Екiншi Келiсушi Жақтың мүддесiне қатысты өзгерiстер, сондай-ақ жаңа норматив құжаттарын бекiту, олардың арасындағы өзара келiсiммен жүргiзiледi.
      2. Келiсушi Жақтар, өзаралық негiзде, мына салалар бойынша жұмыстарын үйлестiредi:
      - автомобиль көлiгiндегi ғылыми-техникалық саясат;
      - автомобиль көлiгiнiң жұмысын реттейтiн заң жобалары мен заң күшi бар актiлер, стандарттар және нормалар;
      - жылжымалы құрамға техникалық және басқа көмек көрсету үшiн жағдай жасау, автомобильдерге жанар-жағармай материалдарын құю;
      - апат кезiнде көмек көрсету.
      3. Жақтар көлiк құралдарын және оның қосалқы бөлшектерiн әзiрлеу, жабдықтау және жөндеу бойынша бұрыннан бар шаруашылық байланыстар мен қарым-қатынасты сақтайды.
 

                                  10-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмде қарастырылған тасымалдар, өз елiнiң ішкі заңдарына сай халықаралық тасымалды жүзеге асыруға жіберiлген тасымалдаушылармен ғана орындалуы мүмкін.
      2. Халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз елiнiң тiркеу және айырма белгiсі болуы тиiс.
      3. Келiсушi Жақтардың тасымалдаушылары аумағында тасымал жүзеге асырылатын елдiң қозғалыс ережелерi мен басқа заңдарын сақтауға мiндеттi.
 

                                  11-бап



 
 
       Осы Келiсiмнiң негiзiнде орындалатын тасымал есептерi, Келiсушi

 

Жақтардың арасындағы төлемдер туралы Келiсiмге сай жүргiзiледi.

     Осындай төлемдер туралы Келiсiм болмаған кезде, өзара-айырысулар

Келiсушi  Жақтардың құзырлы органдарының келiсiмi бойынша жүзеге

асырылатын болады.


                                  12-бап


     Екiжақты және көпжақты шарттар мен келісiмдерде қарастырылған

жағдайларды қоспағанда, Келiсушi Жақтардың iшкi заңдарымен тасымалға тыйым

салынған, Келiсушi Жақ аумақтарының арасында, сондай-ақ олардың аумағы  

бойынша транзитпен қаруларды, оқ-дәрiлердi, әскери жабдықтарды тасымал 

жасауға рұқсат жоқ.


                                  13-бап



 
       Осы Келiсiмде қарастырылған жүк тасымалы нысаны жалпылай қабылданған халықаралық үлгіге сай ұлттық накладнойлар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
 

                                 14-бап



 
 
       1. Әрбір Келісушi Жақ өз мемлекетiнiң аумағында, екі елдiң құзырлы органдарымен берiлген көлiк құралының тiркеу құжатын және нөмiр белгiсiн, сондай-ақ автокөлiк жүргiзуге құқық беретiн бiлiктiлiк куәлiгiн таниды.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сай талап етiлетiн рұқсаттар мен басқа құжаттар, өздерiне тиiстi автокөлiк құралының iшiнде болуы тиiс және құзырлы органдардың талап етуiмен көрсетiледi.
      3. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат, соған ғана жарамды және басқа тұлғаға беруге рұқсат жоқ.
 

                                 15-бап



 
 
       1. Келiсушi Жақтар осы Келiсімнiң ережелерiн орындау үшін және туындаған даулы мәселелерді шешу үшiн, тұрақты негiзде Аралас комиссия құрады.
      2. Аралас комиссияның мәжiлiсi, Келiсушi Жақтардың бiрiнiң жедел шақыру жөнiнде ұсынысы болмаған жағдайда жылына бiр рет, Келiсушi Жақтар елдерiнiң аумағында кезекпен жүргiзiледi.
      3. Аралас комиссияға осы Келiсiмнiң және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Атқару Хаттамасының баптарына түзету құрастыру және сонан соң, оларды бекiту үшiн ұсыныс енгiзу құқығын бередi.
      4. Жолаушы және жүк тасымалын жүзеге асыруға байланысты практикалық мәселелер, Келісуші Жақтардың тасымалдаушыларының арасында тікелей реттеледi.
      Тасымалдаушылар, осы мақсатпен, Келісушi Жақтардың құзырлы органдарының келiсiмi бойынша екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында өз өкілдіктерiн ашуы мүмкiн.
 

                                16-бап



 
 
       Келiсушi Жақтар өз мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiм қатысушылары-мемлекеттерге, меншiк нысанына қарамай, көлiк және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi сату саласында, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорындар құруға, соның iшiнде акционерлiк бастамамен көлiктiк және көлiктiк-экспедициялық кәсiпорындарға тең жағдай жасайтын болады.
 

                                17-бап



 
 
       Келiсушi Жақ мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша жолаушы және жүк тасымалдары кезiнде, осы Келiсiмде қарастырылған рұқсаттар бойынша осы тасымалдарды орындаушы автокөлiк құралдары, ақылы жол мен көпiрде жол жүру төлемдерi мен Келiсушi Жақтар мемлекеттерiнiң аумағында автокөлiк құралы ауқымының және жалпы салмағының пәрмендi нормасынан асып кеткенi үшiн төлемдердi қоспағанда, жолды пайдалану мен күтiп ұстауға байланысты салықтар мен алымдардан босатылады.
 

                                 18-бап



 
 
       Осы Келiсiмнiң негiзiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, үшiншi тұлғаға келтiрген зияны үшiн тасымалдаушының дер кезiнде мiндеттi азаматтық сақтандырылуы жағдайында жүзеге асырылады. Осы тасымалды жүзеге асыратын әрбiр автокөлiк құралы сақтандырылады.
 

                                 19-бап



 
 
       1. Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты қатысушылары екi Келiсушi Жақ болып табылатын, Халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады, сондай-ақ осы шарттармен шешiлмеген мәселелерге әрбiр Келiсушi Жақтың iшкi заңдары қолданылатын болады.
      2. Келiсушi Жақтар екі ел аумағының арасында және үшінші елге транзитпен халықаралық жолаушы және жүк тасымалына қатысты кедендік және басқа процедураларды барынша жеңiлдету мен жеделдету үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды.
 

                                 20-бап



 
 
       Ауыр халдi, жолаушылардың жүйеленген тасымалдары, сондай-ақ хайуандар мен тез бұзылатын жүктi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк және тазалық бақылаудан кезексiз жүзеге асырылады.
 

                                 21-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде тасымал орындалғанда екiнші Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағына әкелiнетiн мына төмендегi заттар кедендiк алымдардан, баждардан және рұқсаттардан өзара босатылады:
      а - әрбiр автокөлiк моделi үшiн қарастырылған ыдыстарда болатын, технологиялық және конструктивтi жағынан қозғалтқыштың азықтану жүйесiмен байланысты жағармай;
      б - тасымал кезiнде пайдалану үшiн қажет мөлшерде жағармай материалдары;
      в - халықаралық тасымал орындайтын автокөлiк құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен аспаптар.
      2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi қайтарылады, ал алмастырылған қосалқы бөлшектер елден шығарылуы, жойылуы немесе тиiстi Келісушi Жақ мемлекетiнiң аумағында белгiленген тәртiппен тапсырылуы тиiс.
 

                                  22-бап



 
 
       1. Келiсуші Жақтардың құзырлы органдары, осы Келiсiмде қарастырылған тасымалды жүзеге асыруды жеңiлдететiн барлық шараларды қабылдауы тиiс.
      2. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары көлiк құралдары немесе екінші Келісуші Жақтың экипаж мүшелері апатқа немесе бақытсыздыққа душар болғанда қажеттi көмек көрсетедi, ал ауыр апаттар мен бақытсыздыққа душар болғанда, бұл жөнiнде және тергеу нәтижелерi туралы екiншi Келiсушi Жақтың құзырлы органдарына хабарлайды.
 

                                   23-бап



 
 
       1. Бiр Келiсушi Жақ елiнiң тасымалдаушысы екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнің ережелерiн бұзған кезде, осы Келiсушi Жақтың құзырлы органдары мемлекетiнiң аумағында автокөлiк құралы тiркелген екiншi Келiсушi Жақтың құзырлы органдарына бұл жөнiнде хабарлайды.
      2. Мемлекетiнiң аумағында бұзу болған Келiсушi Жақтың құзырлы органдары екiншi Келiсушi Жақтың құзырлы органдарына бұзу жасаған тасымалдаушыны айыптау туралы ұсыныс жасауы мүмкiн:
      а) ескерту;
      б) Бұзу болған Келiсушi Жақ елiнiң аумағы бойынша тасымал орындауға тасымалдаушының құқығын уақытша, жартылай немесе толық тоқтату.
      3. Осы баптың 2 тармағының негiзiнде қабылданған шаралар туралы

 

Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары бiр-бiрiн хабардар етедi.

     4. Осы баптың ережелерi, бұзу болған ел аумағында пәрменді заңдарда

қарастырылған санкцияларды екiншi Келісуші Жақ мемлекетiндегі 

тасымалдаушыға қолдануды қарастырады.


                          V. Қорытынды ережелер

                                  24-бап


     Осы Келісіммен, сондай-ақ қатысушылары екі Келісуші Жақ болып

табылатын халықаралық шарттармен реттелмеген мәселелер әрбір Келісуші

Жақтың ішкі заңдарына сай шешілетін болады.


                                  25-бап



 
       Осы Келісім Келісуші Жақтардың бекіткен басқа халықаралық шарттары келісімдерінен туындайтын құқықтар мен міндеттерді қозғамайды.
 

                                  26-бап



 
 
       1. Осы Келісім, күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік процедураларды Келісуші Жақтардың орындағаны туралы соңғы мәлімдемені дипломатиялық арналар бойынша алған соң 30-шы күні күшіне енетін болады.
      2. Келісімге, оның ажырамас бөлігі болып табылатын Атқару Хаттамасы

 

қоса беріледі.

     3. Осы Келісім бес жыл бойы өз күшінде қалады, егер Келісуші

Жақтардың бірі, Келісім күші біткенге дейін 6 айдың ішінде, оны бұзғаны

жөнінде бір-біріне жазбаша хабарламаған жағдайда, бұдан әрі қарай оның

күші өзінен өзі бір жыл мерзімге созылады.


     1996 ж. 16 қыркүйекте Баку қаласында, екі дана болып, әрқайсысы

қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей

болып жасалды.

     Осы Келісімді түсіндіру мәселелері бойынша пікірталас туындаған кезде

орыс тіліндегі мәтін пайдаланылатын болады.


     Қазақстан Республикасының          Әзірбайжан Республикасының

           Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін


                Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

            Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы

           халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімді

                             қолдану туралы

                             Атқару Хаттама


         (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1)

    (1999 жылғы 8 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 79 бет)


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы

Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы 1996 жылғы 16

қыркүйекте Баку қаласында қол қойылған Келісімді қолдануға қатысты

төмендегілер туралы уағдаластыққа қол жеткізілді:


     1. Аталмыш Келісімнің мағынасында мыналар құзырлы органдар болып

есептеледі:


                   Қазақстан Республикасының жағынан:




 
       а) 1, 2, 3, 5, 7, 8, 11, 14, 22, 23-баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, 480083, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 458; тел. 391996, 390845, факс 631207, 393255;
      б) 7, 14-баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен жол органдары, 480091, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 95.
 
                   Әзірбайжан Республикасының жағынан
 
      а) 1, 2, 3, 5, 7, 8, 11, 14, 22, 23, 24-баптар бойынша "Әзіравтонаглийят" Мемлекеттiк концерні, 370122, Баку қаласы, Тбилиси даңғылы, 1054 кварталы, тел 38 50 00, 31 91 11, факс 62 96 27;
      б) 7, 14-баптар бойынша - Әзiрбайжан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi, 37 00 05, Баку қаласы, Гуси Гаджиев көшесi, 7, тел 92 52 75, 98 22 85, "Әзiрнаглийятйолтикинти", Мемлекеттiк компаниясы, 37 00 25, Баку қаласы, А. Нобель даңғылы, 4, тел 66 00 82, 66 74 29.
      2. Осы Келiсiмнiң мағынасында мыналарды былай түсiнуге болады:
      2.1. "тасымалдаушы" атауы - екi елдiң iшкi заңдарына сай халықаралық тасымал орындауға уәкiлденген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
      2.2. "автокөлiк құралы" атауы:
      а) жүк тасымалының кезiнде - жүк автомобилi, тiркемесi бар жүк автомобилі, автомобиль тартқыш немесе тiркемесi бар автомобиль тартқыш;
      б) жолаушы тасымалының кезiнде - жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, 8 орыннан кем емес орындықтары бар, жолаушы тасымалына арналған автобус, яғни автокөлiк құралы;
      2.3. "жолаушылардың жүйеленген тасымалы" атауы - Келiсушi Жақ мемлекеттерi автокөлiк құралдарының алдын ала келiсiлген кесте, қозғалыстың бастапқы және ақырғы пунктi мен аялдау пункттерi көрсетiлген маршрут бағытымен жүзеге асырылатын тасымалды бiлдiредi;
      2.4. "жолаушылардың жүйеленбеген тасымалы" атауы - қалған барлық тасымалды бiлдiредi;
      2.5. "рұқсат" атауы - бiр Келісуші Жақ елінің автокөлік құралына екiншi Келiсушi Жақ елінiң аумағына/нан кiруге және шығуға рұқсат беретiн немесе Келiсушi Жақтар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы транзитпен жол жүруге құқық беретiн құжатты бiлдiредi;
      2.6. "квота" атауы - әрбiр Келiсушi Жақтың құзырлы органдарымен теңдес негiзде жыл сайын анықталатын, рұқсаттар саны;
      2.7. "жабық есiкпен тасу" атауы - (туристiк тасымал) бiр Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағынан басталып, сол мемлекеттiң аумағында аяқталатын, жолаушыларды отырғызып-түсiрмейтiн, бiр автокөлiк құралымен, бiр топ жолаушылардың халықаралық тасымалын бiлдiредi;
      2.8. "транзит тасымалы" атауы - бiр Келiсушi Жақ мемлекетiнiң жөнелту пунктi мен ақырғы пунктi осы мемлекеттiң аумағынан тысқары орналасқанда сол мемлекеттiң аумағы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалын бiлдiредi.
      3. Осы Келiсiмнiң 1-бабында анықталған халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашылған автомобиль жолдарының тiзiмiндегi барлық өзгерiстер туралы Жақтар бiр-бiрiне дер кезiнде хабарлайды.
      4. Рұқсат бланкiлерiнiң осы Келiсiмнiң 3 және 5-баптарында ескертiлген алмастыру жағдайы мен оларды пайдалану тәртiбi Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарының арасындағы тиiстi Хаттамалармен ресімделедi.
      5. Келісімнің 19 және 20-баптарында тазалық, мал дәрiгерлiк және

 

фитосанитарлық бақылауға тазалық бақылау түсінігі жатады.

     6. Осы Атқару Хаттама Келісіммен бірге күшіне енеді.

     Осы Атқару Хаттама екі дана болып құрастырылады, әрқайсысы қазақ,

әзірбайжан және орыс тілдерінде әрі барлық мәтіндердің де күші бірдей.

     Осы Атқару Хаттаманы түсіндіру мәселелері бойынша Келісуші Жақтар

орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.


     1996 жылғы 16 қыркүйекте Баку қаласында жасалды.


     Қазақстан Республикасының          Әзірбайжан Республикасының

           Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін


     Оқығандар:

          Қасымбеков Б.А.

          Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады