Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 3-II


     Алматыда 1999 жылғы 5 мамырда жасалған Қазақстан Республикасы, Қытай 
Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім 
бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
          
          Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және 
         Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік 
              шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы 
                                Келісім 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 1-құжат)
     (2000 жылғы 15 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 95 бет) 
     
     Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, 
Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы, 
     егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу принциптерін 
басшылыққа ала отырып, 


      1994 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге және 1994 жылғы 3 қыркүйектегі Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ресей-қытай мемлекеттік шекарасының Батыс бөлігіне қатысты келісімге сәйкес,
      үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің орналасу орнын айқындау мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:
                                 1-бап 




      Бұдан әрі үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі деп аталатын Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 3339-шы белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 2,90 км, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан 2988-ші белгісі бар биіктіктен солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2,81 км және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан 3086-шы белгісі бар биіктіктен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 3,00 км Оңтүстік Алтай (Алтай жотасы) жотасының су айрығында орналасқан.
      Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің координаттары:
                                       0 | 0 |
      географиялық: солтүстік ендігі 49 06,9 ; шығыс бойлығы 87 17,2 ;
      тікбұрышты: Х = 5 442 595, Y = 15 520 905, биіктігі - 3327.
      Биіктіктің координаттары мен белгілері 1942 жылғы координаттар жүйесінде және Биіктіктердің Балтық жүйесінде келтірілген.
                                 2-бап 




      Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің орналасу орны осы Келісімге қоса беріліп отырған және оның ажырамас бөлігін құрайтын, масштабы 1:50000 картада қызыл шеңбермен көрсетілген.
      Осы Келісімнің 1-бабында аталған биіктіктердің арақашықтығы және

белгілері, сондай-ақ үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу 
нүктесінің географиялық және тікбұрышты координаттары аталған карта 
бойынша белгіленген. 
     
                                 3-бап 
     
     Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінен 
мемлекеттік шекаралардың сызығы тиісті мемлекеттер арасындағы шекара 
туралы қолданылып жүрген шарттарда белгіленгеніндей тәртіппен өтеді. 
     
                                 4-бап 
     


      Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі мәңгілік қар басып жатқан жотаның шыңында, баруы өте қиын орында орналасуына байланысты Уағдаласушы Тараптар осы нүктеге шекаралық белгі орнатпауға келісті.
                                 5-бап 




      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама 
жіберілген күннен бастап күшіне енеді. 
     
     Алматы қаласында 1999 жылғы 5 мамырда әрқайсысы қазақ, қытай және 
орыс тілдерінде үш дана болып жасалды. 
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы орын алған 
жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі мәтіндерді 
негізге алатын болады. 
     
      Қазақстан             Қытай Халық                Ресей 
     Республикасы           Республикасы            Федерациясы 
         үшін                   үшін                    үшін 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады