Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 17-ІІ.

      Мәскеуде 1999 жылғы 26 ақпанда жасалған Беларусь Республикасының,

      Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей

      Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы

      келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті


      Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы
Келісім


      (2000 жылғы 4 қарашада күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары

      бюллетені, 2001 ж., N 6, 63-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы,

      төрт ел халықтарының тарихи дәстүрлi достық байланыстарды сақтау мен нығайтуға ұмтылысын негізге ала отырып,

      жалпы көпшiлiк қабылдаған халықаралық нормаларға сәйкес адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қатысты мiндеттемелерiне адалдығын қуаттай отырып,

      екiншi Тараптың азаматтығын таңдау мен алу құқығын ерiктi түрде еркiн бiлдiру негiзiнде өз азаматтарының жүзеге асыруына арналған қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,

      төмендегiлер туралы келiстi:


      1-бап


      1. Әрбiр Тарап өз аумағына тұрақты тұруға келген екiншi Тараптың азаматтарына төмендегi шарттардың бiрi болған жағдайда:

      а) егер өтiнiш берушi Беларусь КСР-нің, Қазақ КСР-нiң, Қырғыз КСР-нiң немесе РСФСР-дiң азаматтығында және бiр мезгiлде бұрынғы КСРО азаматтығында тұрған болса, азаматтық алатын Тараптың аумағында 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейiн дүниеге келсе немесе тұрса;

      б) өтiнiш берушiнiң азаматтық алатын Тараптардың бiрiнiң аумағында тұрақты тұратын және оның азаматтары болып табылатын жақын туысқандары: жұбайы (зайыбы), ата-аналарының (асырап алушылардың) бiрi, баласы (оның iшiнде асырап алған), апа-сiңлiлерi, қарындасы, аға-iнiлерi, атасы немесе әжесi, немересi немесе немере қызы болса жеңiлдетiлген (тiркейтiн) тәртiппен азаматтық алу құқығын бередi.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тәртiп азаматтық алатын Тараптың аумағында тұру мерзiмiне қарамастан екiншi Тараптың аумағында тұрақты тұратын Тарап азаматтарына қолданылады.

      Бiр Тараптың азаматтығын алу және екiншi Тараптың азаматтығынан шығу Тараптардың заңдарына және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес мүдделi адамдардың ерiктi түрде еркiн білдiруi негiзiнде жүргiзiледi.


      2-бап


      1. Бiр Тараптың азаматтығын алу үшiн екiншi Тараптың азаматы екiншi Тараптың тиiстi органдарына төмендегiдей құжаттарды табыс етедi:

      Тараптардың құзыреттi органдары келiскен нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын және адамның Тараптардың бiрiнiң азаматтығына жататындығын қуаттайтын паспорт немесе өзге де құжат;

      тууы туралы және неке туралы куәлiктерiнiң нотариат растаған көшiрмелерi;

      осы Келiсiмнiң 1-бабының 1-тармағында көзделген шарттардың бiрiнiң бар екендiгiн қуаттайтын құжат.

      2. Iшкi iстер органдары осы Келiсiмге сәйкес Тараптардың бiрiнiң азаматтығын алғандығын тiркеудi осы Тараптың ұлттық заңдарында көзделген талаптарды сақтай отырып, құжаттарды тапсырған күннен бастап әрi кеткенде 3 ай мерзiмде жүзеге асырады.

      3. Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес екiншi Тараптың азаматтығын бiр мезгiлде жоғалта отырып, Тараптардың бiрiнiң азаматтығын алған жағдайда бұл туралы өтiнiш берген адам өзiнiң өтiнiшi бойынша оң шешiм қабылданғанға дейiн екiншi Тараптың азаматтығын сақтайды.


      3-бап


      Ата-аналарының азаматтығы өзгерiп, нәтижесiнде екеуi де басқа Тараптың азаматтары болған жағдайда тиiсiнше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгередi.

      Ата-аналарының бiрi Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, ал екiншiсi басқа Тараптың азаматтығын алса кәмелетке толмаған балаларының азаматтығы осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес берiлетiн өтiнiште көрiнiс табуға тиiс, ұлттық заңдарға сәйкес қабылданған ата-аналарының келiсiмi бойынша айқындалады.

      Ата-аналары бөлек тұратын балалар егер бұл жөнiнде ата-аналар арасында өзгеше келiсiм болмаса, өздерi тәрбиеленiп отырған ата-анасының азаматтығын сақтайды.

      Ата-аналарының бiрi бiр Тараптың азаматтығында, ал екiншiсi екiншi Тараптың азаматтығында тұратын балалардың кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн азаматтығын белгiлеу Тараптардың заңдарына сәйкес өзгертiлуi мүмкiн.

      Ата-аналар құқығынан айрылған ата-аналардың азаматтығы өзгерген жағдайда балаларының азаматтығы өзгермейдi. Балалардың азаматтығын өзгертуге ата-аналар құқығынан айрылған ата-аналардың келiсiмi талап етiлмейдi.


      4-бап


      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң 2 және 3-баптарын жүзеге асыруға байланысты ақпараттар алмасудың нысанын, мөлшерi мен мерзiмдерiн келiседi.


      5-бап


      Егер Тараптардың ұлттық заңдары немесе ол қатысушысы болып табылатын


      халықаралық келiсiм азаматтық алудың анағұрлым жеңiлдiктi шарттарын

      белгiлейтiн болса, онда мұндай жағдайда ұлттық заңдардың не тиiстi

      халықаралық келiсiмнiң нормалары қолданылады.

      Тараптар азаматтық туралы өздерiнiң заңдарын бiр iзге түсiру үшiн

      шаралар қабылдайтын болады.

      6-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты мәселелер

      Тараптар арасындағы консультациялар арқылы шешiледi.

      7-бап

      Осы Келiсiм бекiтiлуге жатады.

      Бекiту грамоталары осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын

      Интеграциялық Комитеттiң сақтауына тапсырылады.

      Тараптардың келiсiмiмен қосылу туралы грамотаны депозитарийге беру арқылы осы Келiсiмнiң мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн ТМД-ға қатысушы басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн Келiсiм ашық.


      8-бап


      Осы Келiсiм соңғы бекiту грамотасын депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.

      Осы Келiсiмге қосылатын әрбiр мемлекет үшiн Келiсiм осы мемлекет өзiнiң бекiту грамотасын депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.


      9-бап


      Әрбiр Тарап бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жолдап осы


      Келiсiмнен шыға алады. Осы Келiсiмнiң қолданысы осындай Тарапқа қатысты

      депозитарий хабарлама алған күннен бастап алты ай өтiсiмен тоқтатылады.

      Мәскеу қаласында 1999 жылғы 26 ақпанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа

      данада жасалды.

      Түпнұсқа дана Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының,

      Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан

      Республикасының Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол

      қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

      Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей

      Республикасы Республикасы Республикасы Федерациясы

      үшін үшін үшін үшін

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Икебаева Ә.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады