Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 ақпан N 346-I


     Пхеньянда 1996 жылғы 15 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы 
мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Консулдық конвенция 
бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
                  Қазақстан Республикасы мен Корей 
            Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы 
                        Консулдық Конвенция 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 2, 21-құжат)
    (2000 жылғы 8 сәуірде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) 
     
     Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасын 
өздерінің консулдық қатынастарын дамыту тілегін басшылыққа ала отырып, осы 
консулдық Конвенцияны жасауды ұйғарды және мына төмендегілер жөнінде 
келісті. 
     
                                I БӨЛІМ 
                              Анықтамалар 
     
                                 1-бап 
     Осы Конвенцияда:
     а) "консулдық мекеме" бас консулдықты, консулдықты, вицеконсулдықты 
немесе консулдық агенттiктi бiлдiредi; 


      б) "консулдық округ" консулдық мiндеттердi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнген, консулдық орналасқан мемлекет ауданын бiлдiредi;
      с) "консулдық мекеме басшысы" бас консулды, консулды, вице-консулды немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы тұрғыда iс-қимыл жасауды тапсырған консулдық агенттi бiлдiредi;
      д) "консулдық қызмет адамы" консулдық мекеме басшысын қоса алғанда өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы тұрғыда консулдық мiндеттердi орындауды тапсырған адамды бiлдiредi;
      е) "консулдық мекеме қызметкерi" консулдық мекемеде әкiмшiлiк, техникалық мiндеттердi және қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын кез келген адамды бiлдiредi;
      f) "консулдық мекеме қызметкерлерi" консулдық қызмет адамдарын және консулдық мекеме қызметкерлерiн бiлдiредi;
      g) "отбасы мүшелерi" консулдық мекеме қызметкерiнiң зайыбын (немесе жұбайын), сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балаларын бiлдiредi;
      h) "консулдық үй-жайлар" консулдық мекеменiң пайдалануы үшiн арнайы бөлiнген үйлердi немесе үй бөлiктерiн және, меншiк құқығы кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, оларға қызмет көрсететiн жер учаскелерiн бiлдiредi;
      і) "консулдық архивтер" консулдық мекеменiң барлық құжаттарын куәлiктердi, хаттарды, кiтаптарды, жеделхаттарды, шифрларымен және кодтарымен бiрге реестрлердi, тiркеу журналын, штампты, дыбысжазу, видеожазу таспаларын, фильмдердi, фотосуреттердi және басқаларды, сондай-ақ оларды сақтауды немесе қорғауды қамтамасыз етуге арналған кез келген заттарды бiлдiредi;
      j) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы" өкiлдеген мемлекеттің азаматтығына ие кез келген нақты адамды бiлдiредi;
      k) "заңды тұлға" өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары негiзiнде құрылған, консулдық орналасқан мемлекеттегi кез келген мекеменi немесе кез келген ұйымды бiлдiредi;
      l) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi" әскери кемелердi есепке алмағанда, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жалауы астында жүзуге құқығы бар, осы мемлекетте тiркелген кез келген кеменi бiлдiредi;
      m) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi" әскери ұшу аппараттарын есепке алмағанда, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң тану белгiлерi бар, осы мемлекетте тiркелген кез келген ұшу аппаратын бiлдiредi.

                               II БӨЛIМ
                  Консулдық мекемелердi ашу, консулдық
                 мекемелердiң қызметкерлерiн тағайындау
                    және олардың мiндеттерiн тоқтату
                                 2-бап 



                       Консулдық мекемелердi ашу

      1. Консулдық мекеме консулдық орналасатын мемлекеттiң аумағында тек осы мемлекеттiң келiсуiмен ғана ашыла алады.
      2. Консулдық мекеменiң мекен-тұрағы, оның класы мен консулдық округi, сондай-ақ консулдық мекеменiң мекен-тұрағына, оның класына және консулдық округiне қатысты кейiнгi кез келген өзгерiстер өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасындағы келiсiм бойынша анықталады.
                                 3-бап 



                   Консулдық мекеме басшысын тағайындау,
                         оны осы тұрғыда мойындау

      1. Консулдық мекеме басшысы тағайындалғанға дейiн өкiлдігiн жiберген мемлекет осы адамның консулдық мекеме басшысы ретiнде мойындалатындығы жөнiнде оның консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмін алатындығына дипломатиялық жолмен көз жеткiзуге тиiс.
      Консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмi алынғаннан кейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет өзiнiң дипломатиялық өкiлеттiгi арқылы немесе тиiстi басқа бiр жолмен консулдық орналасқан мемлекеттiң сыртқы iстер министрлiгiне консулдық мекеме басшысының толық аты-жөнi мен фамилиясы, дәрежесi, ол үшiн белгiленген консулдық округ және консулдық мекеменiң мекен-тұрағы көрсетiлген консулдық патент жолдайды.
      2. Консулдық патент қабылданғаннан кейiн консулдық орналасқан мемлекет мүмкiндiгiне қарай қысқа мерзiмде консулдық мекеме басшысын осы тұрғыда мойындайтын экзекватура бередi.
      Алайда, консулдық орналасқан мемлекет өз шешiмiнiң себептерiн түсiндiруге мiндеттi болмастан, экзекватура беруден бас тарта алады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық экзекватура бергеннен кейiн консулдық мекеме басшысы өз мiндеттерiн орындауға жiберiледi.
      4. Экзекватура берiлгенге дейiн консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысын өз мiндеттерiн орындауға уақытша жіберуi мүмкiн. Бұл жағдайда оған осы Конвенцияның ережелерi қолданылады.
      5. Консулдық экзекватура берiлгеннен кейiн консулдық орналасқан мемлекет бұл туралы консулдық округтiң құзыреттi өкiмет орындарына хабарлайды және консулдық мекеме басшысының осы Конвенцияда көзделген мiндеттердi орындай алуы және осы Конвенциядан туындайтын артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн қажет шаралардың бәрiн қолданады.
                                 4-бап 



                       Консулдық мекеме басшысының
                        мiндеттерiн уақытша орындау

      Консулдық мекеме басшысы қандай да бiр себеппен өз мiндеттерiн орындай алмайтын болса немесе консулдық мекеме басшысының орны бос болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттегi осы немесе басқа консулдық мекеменiң консулдық қызмет адамына немесе консулдық орналасқан мемлекеттегi өз дипломатиялық өкiлдiгiнiң дипломатиялық персоналы мүшелерiнiң бiрiне консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша орындау жөнiнде уәкiлдiк бере алады. Бұл жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет бұл туралы консулдық орналасқан мемлекеттiң сыртқы iстер министрлiгiне күнi бұрын хабарлауға тиiс.
      Консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша атқарушыға консулдық мекеме басшысына берiлетiн артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылады, ал дипломатиялық персонал мүшесiнiң консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша атқарушы болып тағайындалуы оның дипломатиялық статусына сәйкес оған берiлген артықшылықтар мен иммунитеттерге нұқсан келтiрмейдi.
                                 5-бап 



                  Консулдық мекеме қызметкерiн тағайындау
                       және оны осы тұрғыда мойындау

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеменiң қызметкерiн тағайындайды және консулдық орналасқан мемлекетке жазбаша түрде мыналарды:
      а) толық аты-жөнi мен фамилиясы, қызметi, келуi, кетуi, қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауды тоқтатуы және консулдық мекеме қызметкерi болып қызмет iстеген кезiндегi оның қызметiндегi өзгерiстер туралы;
      б) толық аты-жөнi мен фамилиясы, азаматтығы, консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшесiнiң келуi мен кетуi туралы, сондай-ақ олардың статусындағы өзгерiстер туралы;
      с) консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматын жалдау және оны жұмыстан шығару туралы хабарлайды.
      2. Консулдық мекеменiң қызметкерi өзiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы тұрғыда тағайындағаннан кейiн және өзiнiң консулдық мекемеге келгенi туралы консулдық орналасқан мемлекетке хабар берiлген кезден бастап өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары консулдық мекеме қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне тиiстi куәлiктер бередi.
                                 6-бап 



               Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң азаматтығы

      1. Тек өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана консулдық қызмет адамы бола алады, алайда ол консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты түрде тұратын адам болмауға тиiс.
      2. Тек өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдың орналасқан мемлекеттiң азаматтары ғана консулдық мекеме қызметкерлерi бола алады. Соңғы жағдайда консулдық мекеме бұған консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан күнi бұрын келiсiм алуға тиiс.
                                 7-бап 



                Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндеттерiн
                             орындауды тоқтату

      Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауы:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекетке консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауды тоқтатуы туралы хабарлаған кезде;
      б) консулдық орналасқан мемлекет экзекватураның күшiн жойған кезде;
      с) консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң қызметкерi деп есептеудi тоқтатқаны туралы өкiлдiгiн жiберген мемлекетке дипломатиялық жолмен хабарлаған кезде тоқтатылады.
                                 8-бап 



               "Persona non grata" деп танылған тұлғалар

      1. Консулдық орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекетке консулдық мекеменiң қандай да бiр қызметкерiнiң консулдық орналасқан мемлекетке қолайсыз екенiн кез келген уақытта хабарлай алады.
      2. Мұндай жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет бұл адамды керi шақырып алуға немесе оның консулдық мекемедегi мiндеттерiн тоқтатуға тиiс.
      3. 7-баптың "б" кiшi тармағының және осы баптың 1-тармағының ережелерi жағдайында консулдық орналасқан мемлекет өкілдiгiн жiберген мемлекетке өз шешiмiнiң себептерiн дәлелдеуге мiндеттi емес. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы баптың 1-тармағында көзделген өзiнiң мiндеттемесiн ақылға сыйымды мерзiм iшiнде орындамайтын болса, консулдық орналасқан мемлекет осы адамның экзекватурасы мен консулдық куәлiгiнiң күшiн жоюға немесе мұндай адамды консулдық мекеменiң қызметкерi деп танудан бас тартуға құқылы.

                                III БӨЛIМ
                           Консулдық мiндеттер
                                 9-бап 



                        Жалпы консулдық мiндеттер

      1. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң, оның азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерiн қорғайды, сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары мен заңды ұйымдарына көмек көрсетедi.
      2. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасындағы достық қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi және экономика, сауда, мәдениет, бiлiм, ғылым, туризм және тағы басқа салаларда екi ел арасындағы алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасайды.
      3. Консулдық қызмет адамы барлық заңды жолдармен консулдық орналасқан мемлекеттiң сауда, экономика, ғылыми-техникалық, мәдениет, спорт және басқа салаларындағы жағдайды анықтап, бұл туралы өз үкiметiне хабарлай алады, сондай-ақ бұл мәлiметтердi мүдделi адамдарға бере алады.
                                 10-бап 



                 Азаматтық мәселелері және азаматтық хал
                   актілерін тіркеу жөніндегі міндеттер

      1. Консулдық қызмет адамы мына төмендегi мiндеттердi атқаруға:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңына сәйкес азаматтық мәселелер жөнiндегi өтiнiштердi қабылдауға;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттегi азаматтарының есебiн жүргiзуге,
      с) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының тууын немесе өлуiн тiркеу, сондай-ақ бұл туралы куәландырушы құжаттарды беруге және қабылдауға;
      d) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының некесiн тiркеуге және некесiн бұзуға, сондай-ақ бұл туралы куәландырушы құжаттарды беруге және қабылдауға;
      е) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының отбасы қатынастарына байланысты кез келген өтiнiштi қабылдауға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң адамдарын консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтау мiндетiнен босатпайды.
                                 11-бап 



                      Төлқұжаттар мен визалар беру

      1. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына төлқұжаттар немесе басқа жол жүру құжаттарын беруге, оларға өзгерiстер енгiзуге немесе олардың күшiн жоюға құқылы.
      2. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекетке баратын немесе осы елдi транзитпен жүрiп өтетiн адамдарға виза бередi.
                                 12-бап 



                  Нотариалдық куәландыру мен ресмилендiру

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес консулдық қызмет адамы:
      а) азаматтығына қарамастан, кез келген адамның өтiнiшi бойынша оған өкiлдiгiн жiберген мемлекетте пайдалану үшiн әр түрлі құжаттар беруге;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiшi бойынша оларға консулдық орналасқан мемлекетте немесе одан тыс жерде пайдалану үшiн әр түрлi құжаттар беруге;
      с) құжаттарды өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң ресми тiлiне аударуға және осы аударманың дәлдiгiн куәландыруға;
      d) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары берген құжаттарды ресмилендiруге;
      е) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өсиеттерiн жазуға, куәландыруға және сақтауға қабылдауға;
      f) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары арасындағы актiлер мен мәмiлелер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн болғандықтан және тұрақты мүлiк жөнiндегi құқықтарды белгiлеуге немесе бiреуге беруге қатысты болмайтындықтан, бұл актiлер мен мәмiлелердi жазу мен куәландыруға, бiр жағынан, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары мен, екiншi жағынан, басқа да мемлекеттердiң азаматтары арасындағы актiлер мен мәмiлелер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттегi мүлiктерге немесе құқықтарға ғана қатысты болғандықтан және бұл актiлер мен мәмiлелер орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмеген жағдайда бұл мемлекетте қаралуға тиiс iстерге қатысты болғандықтан, осы актiлер мен мәмiлелердi жазуға және куәландыруға;
      g) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының алуан түрлi құжаттарға қойған қолдарын куәландыруға;
      h) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiндiктен, өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының мүлiктерi мен құжаттарын сақтау үшiн қабылдауға;
      i) өкiлдiгiн жiберген мемлекет заңына сәйкес басқа да нотариалдық қызметтер атқаруға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық қызмет адамы жазған, куәландырған немесе аударған құжаттарды консулдық орналасқан мемлекет олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес келген жағдайда өкiлдiгiн мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары мен мекемелерi жазған, куәландырған немесе аударған құжаттардай заңды мән-мағына мен дәлелдi күшке ие деп есептейдi.
      Консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары бойынша қажет болған жағдайда құжаттар ресмилендiруге тиiс.
                                 13-бап 



               Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен
                               қарым-қатынас

      1. Консулдық қызмет адамы консулдық округ аумағында өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен қарым-қатынас жасауға және кездесуге құқылы.
      Консулдық орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының консулдық мекемемен қарым-қатынас жасауына және олардың консулдық мекемеге кiруiне ешқандай да шек қоймайды.
      2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматы консулдық округ аумағында қамалған, ұсталған немесе басқа бiр нысанда бас бостандығынан айырылған болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары бұл туралы мүмкiндiгiнше қысқа уақытта, бiрақ осы азаматтың қамалған, ұсталған немесе басқа бiр нысанда оны бас бостандығынан айырған кезден 7 күннен кешiктiрмей, консулдық мекемеге мәлiмдеуге тиiс.
      3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматы қамалған, ұсталған немесе басқа бiр нысанда бас бостандығынан айырылған жағдайда консулдық қызмет адамы кез келген уақытта оған барып-шығуға, онымен әңгiмелесуге немесе қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оған заңды көмек көрсетуге құқылы.
      Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық қызмет адамынан бұл туралы хабар алған соң 3 күн iшiнде жолықтыруға және бұдан былайғы жерде мұндай мүмкiндiктi мерзiмдi берiп отыруға тиiс.
      4. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматы қамалған, ұсталған немесе басқа бiр нысанда бас бостандығынан айырылған жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оның талабы бойынша оған өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесiмен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Осы бапта көзделген құқықтарды пайдаланған кезде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң тиiстi заңдары мен ережелерiн орындауға мiндеттi.
                                 14-бап 



                      Қамқоршылық пен шапағатшылық

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары, өздерiнде бұл туралы мәлiмет болған жағдайда, консулдық орналасқан мемлекет аумағында тұрушы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматына қамқоршы немесе шапағатшы тағайындау қажеттiгі туралы консулдық қызмет адамына хабарлайды.
      2. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәселе бойынша консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарымен бiрлесе жұмыс жасайды және қажет болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет заңдарына сәйкес қамқоршы мен шапағатшының мiндетiн орындау үшiн адамды ұсынады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң соты немесе өзге құзыреттi органдары ұсынған адамды қандай да бiр себептермен қамқоршы немесе шапағатшы ретiнде қолайсыз деп тапса, онда консулдық қызмет адамы басқа адамды ұсынады.
                                 15-бап 



              Өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының немесе
                           заңды тұлғаның өкiлi

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы немесе заңды тұлғасы орнында болмағанда немесе басқа бiр себептермен уақытында өзiнiң мүдделерiн қорғай алмаса, консулдық қызмет адамы арнайы ерекше бiр сенiмхатсыз мұндай-ақ азаматтың немесе заңды ұйымның консулдық орналасқан мемлекеттiң сотының немесе басқа бiр мекемесiнiң алдында өкiлi бола алады, сондай-ақ оған лайықты өкiлдi ұсына алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттердi орындау кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн орындауға тиiс.
                                 16-бап 



               Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына
                   немесе заңды тұлғаларына жәрдемдесу

      1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің құзыреттi өкiмет орындарына өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан немесе уақытша жүрген, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарын iздестiруде жәрдем сұрап, өтiнiш жасауға құқылы.
      Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары барлық мүмкiн құралдар және әдiстермен осыған байланысты материалдарды беруге тиiс.
      2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары, егер оларға өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз жоғалғаны, ауыр жарақаттанғаны және жазатайым оқиғаға ұшырағаны туралы белгiлi болса, бұл туралы кiдiртпей консулдық мекемеге хабарлауға тиiс.
      Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына жазатайым оқиғаға байланысты материалдарды беруiн сұрап, өтiнiш жасай алады, сондай-ақ жапа шеккендердiң мүддесiн қорғау үшiн қажеттi шараларды қабылдауға құқылы.
      3. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының немесе заңды ұйымының құжаттарын, ақшаларын, қымбат бұйымдарын және мүлкiн қабылдауға және уақытша сақтауға құқылы.
                                 17-бап 



                     Мүлiкті қорғау жөнiндегi шаралар

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары бұл туралы кiдiртпей консулдық мекемеге хабарлауға және консулдық мекеменiң талабы бойынша өлiмi туралы куәлiктi немесе қайтыс болғанын куәландыратын басқа құжаттарды тегiн беруге тиiс.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет аумағында тұрақты тұрып жатқан, өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматы қайтыс болған және оның мұралық мүлкi консулдық орналасқан мемлекет аумағында болған жағдайда және де мұрагер немесе мүлiктiк құқығынан айырылған адам консулдық орналасқан мемлекетте жоқ болса, онда консулдық орналасқан, мемлекеттiң құзыреттi органдары бұл туралы консулдық мекемеге мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде хабарлауға тиiс.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматына байланысты мұралық мүлiктi қорғау жөнiнде шараларды қабылдайды, ал консулдық қызмет адамы осы мұралық мүлiк сақталып отырған жерге баруға рұқсат берiлуiн талап ете алады.
      4. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы мұрагер немесе өсиеттi алған адам болып табылса, кез келген азаматтықтағы адам өлгеннен кейiн консулдық орналасқан мемлекетте қалған мұралық мүлiкке мұрагер болуға немесе оны алуға құқылы, ал егер осы азамат консулдық орналасқан мемлекетте жоқ болса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық мекемеге осы азамат қабылдауға немесе мұраға алуға тиiстi мұралық мүлiк туралы мәлiметтердi хабарлауға тиiс.
      5. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты мекен-жайы жоқ өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының консулдық орналасқан мемлекеттен алуға тиiстi мұралық мүлкiн қабылдауға және оны осы азаматқа беруге құқылы.
      6. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты мекен-жайы жоқ азаматы осы мемлекетте қайтыс болса және консулдық орналасқан мемлекетте оның туысқаны немесе өкiлi болмаса, онда консулдық қызмет адамы өлген адамның ақшасын, құжаттарын және жеке заттарын оның мұрагерiне, мүлiктiк құқықтан айырылған адамға немесе осы мүлiктi алуға құқығы бар басқа адамға беру үшiн уақытша сақтауға құқылы.
      7. Консулдық қызмет адамы осы баптың 5 және 6-тармақтарында қарастырылған мiндеттердi орындау кезiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтауға тиiс.
                                 18-бап 



                 Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне
                               көмек көрсету

      1. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнiң шегiнде өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi және аумақтық суларында, бұған порттарды және басқа зәкiр салатын тұрақтарды қоса алғанда, сондай-ақ кеме капитанына, экипаж мүшелерiне және жолаушыларға көмек көрсетуге, сонымен бiрге:
      а) кеменiң бортына көтерiлуге, капитанның кеме, жүк, жүзу жағдайлары туралы баяндамасын тыңдауға құқылы, ал кеме капитаны, экипаж мүшелерi мен жолаушылар кемеге жағалаумен еркiн қатынас жасауына рұқсат берiлiсiмен консулдық қызмет адамымен қарым-қатынас жасай алады;
      б) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының құқықтары үшiн нұқсан келтiрместен, кеме жүзген кезде болған оқиғаларды тергеуге;
      в) консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарының құқықтары үшiн нұқсан келтiрместен өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес жалақыға және жалға алу туралы шартқа қатысты дауларды қоса алғанда капитан мен экипаж мүшелерiнiң арасындағы дауларды шешуге;
      г) қажет болған жағдайда кеме капитанын немесе экипаж мүшелерiн ауруханада емдеу немесе қайтару жөнiнде шаралар қабылдауға;
      д) кемеге қатысты құжаттарды алуға, тексеруге, беруге, куәландыруға немесе ресмилендiруге;
      е) кеменi шетелде алған жағдайда осы кеменiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жалауының астында жүзу құқығына уақытша куәлiктер беруге;
      ж) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарының тапсыруы бойынша кемеге байланысты басқа да мiндеттердi орындауға құқылы.
      2. Осы бапта қарастырылған мiндеттердi орындау кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан көмек сұрап, өтiнiш жасай алады.
                                 19-бап 



               Өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесiне қатысты
             ерiктен тыс жүзеге асырылатын шаралардан қорғау

      1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соты немесе басқа құзыреттi органдары өкiлiн жiберген мемлекет кемесiне қатысты немесе осы кеменiң бортында қандай да бiр ерiктен тыс шаралар қабылдау немесе маңызды бiр тергеу жүргiзудi көздеген болса, онда құзыреттi өкiмет орындары бұл туралы осындай iс-қимылдарды жүзеге асыру кезiнде консулдық қызмет адамы немесе оның өкiлi қатыса алуы үшiн күнi бұрын мiндеттi түрде хабарлауға тиiс.
      Егер консулдық қызмет адамы қатыспаған болса, онда оның өтiнiшi бойынша консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары оған кеменiң бортында не болғаны туралы толық ақпарат бередi.
      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған ережелер, сонымен бiрге консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары жоғарыда аталған шараларды құрылықта кеме капитанына немесе экипаж мүшелерiне қатысты қабылдауды көздеген жағдайда да қолданылады.
      3. Әдеттегi, шекаралық, кедендiк немесе санитарлық бақылау жүзеге асырылып жатқан немесе консулдық орналасқан мемлекеттің құзыреттi өкiмет орындарының iс-қимылдары капитанның немесе консулдық қызмет адамының талабы бойынша немесе келiсiмiмен жасалатын жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары өкiлiн жiберген кеменiң iшкi iстерiне, консулдық орналасқан мемлекеттiң бейбiтшiлiгi, қауiпсiздiгi мен қоғамдық тәртiбi бұзылмаған жағдайда араласуға құқығы жоқ.
                                 20-бап 



                  Өкілдігін жіберген мемлекеттің бүлінген
                           кемесіне жәрдем көрсету

      1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң ішкі немесе аумақтық суларында немесе аумақтық суларына жақын жерде апатқа ұшыраса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары бұл туралы мүмкiндiгiнше тез арада консулдық мекемеге хабарлайды, сондай-ақ адамдарды, кеменi, жүктi және басқа мүлiктi құтқару жөнiнде қабылданған шаралар туралы мәлiмдейдi.
      2. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесiне, осы кеменiң экипаж мүшелерiне және жолаушыларына жәрдем көрсету жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ ол осы мақсатпен консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарына өтiнiш жасай алады.
      3. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесi немесе осындай кемеге тиiстi кез келген зат консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауында немесе жағалауға жақын жерде табылған немесе осы мемлекеттiң портына жеткiзiлген болса және бұл кезде кеменiң капитаны, иесi, параход компаниясының өкiлi немесе сақтандыру агентi болмай қалғанда немесе олар осы кеменi немесе затты сақтау жөнiнде шаралар қабылдауға немесе оларға иелiк етуге шамасы келмеген жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары қысқа мерзiмде бұл туралы консулдық мекемеге хабарлайды. Консулдық қызмет адамы ерекше бiр сенiмхатсыз өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесi иесiнiң атынан апатқа ұшыраған кемеге қатысты шаралар қабылдай алады.
      4. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң бүлiнiп қалған кемесi, сондай-ақ оның жүгi, жабдықтары мен азық-түлігі консулдық орналасқан мемлекетте сату немесе пайдалану үшiн жеткiзiлмеген болса, онда оларға консулдық орналасқан мемлекет кедендiк баж салығын немесе соған ұқсас алымдар мен салықтарды салмайды.
                                 21-бап 



                      Басқа мемлекеттiң кемесiне бару

      Капитанның келiсiмi болғанда және консулдық орналасқан мемлекет порттарының ережелерiн сақтағанда консулдық қызмет адамы немесе оның өкiлi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң портына немесе зәкiр салатын тұрағына бара жатқан басқа мемлекеттiң кемесiне бара алады.
                                 22-бап 



                Өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесі

      Осы Конвенциядағы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемелерi туралы ережелер, сонымен бiрге өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтық әуе кемелерiне де қолданылады. Бiрақ, мұндай қолдану қазiргi уақытта өкiлдiгiн жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасында жүрген екi жақты келiсiмдердiң ережелерiне және өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет қатысушылары болып табылатын көп жақты келiсiмдердiң ережелерiне қайшы келмеуi тиiс.
                                 23-бап 



                 Заң құжаттарын жеткiзу және шетке шығару

      Консулдық орналасқан мемлекеттiң ережелерiн сақтаған жағдайда консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматынан немесе заңды ұйымынан куәлардың жауабын алуға, соттың, сотқа қатысы жоқ және басқа заң құжаттарын жеткiзуге және шетке шығаруға құқылы.
                                 24-бап      



               Консулдық округте және одан тысқары жерлерде
                       консулдық мiндеттердi орындау

      Консулдық қызмет адамы консулдық мiндеттердi консулдық округтiң шегiнде ғана орындайды.
      Консулдық орналасқан мемлекет тарапынан келiсiм болған жағдайда ол өзiнiң мiндеттерiн консулдық округтен тысқары жерлерде де орындай алады.
                                 25-бап 



               Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi
                    өкiмет орындарымен қарым-қатынас

      Консулдық мiндеттердi орындауға байланысты консулдық қызмет адамы:
      а) консулдық округтiң жергiлiктi өкiмет орындарымен;
      б) консулдық округтен тыс жергiлiктi өкiмет орындарымен қарым-қатынас алады. Мұндай жағдайда консулдық орналасқан мемлекет тарапынан келiсiм болуға тиiс;
      в) консулдық орналасқан мемлекеттiң орталық өкiмет орындарымен қарым-қатынас жасай алады. Бұл жағдайда мұндай қарым-қатынас осы мемлекеттiң заңдары, ережелерi мен әдет-ғұрыптары рұқсат ететiндей дәрежеде бола алады.
                                 26-бап 



                   Дипломатиялық өкілдіктің консулдық
                          міндеттерді орындауы

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiгi консулдық мiндеттердi орындай алады.
      Консулдық мiндеттердi орындау үшiн тағайындалған дипломатиялық персоналдың мүшесi консулдық қызмет адамының осы Конвенцияда қарастырылған ережелерге сәйкес пайдаланатын құқықтарын, артықшылықтарын пайдаланды.
      2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi консулдық орналасқан мемлекеттiң сыртқы iстер министрлiгiне консулдық мiндеттерді атқарушы, дипломатиялық персонал мүшесiнiң фамилиясын, аты мен қызметiн хабарлауға тиiс.
      3. Консулдық мiндеттердi орындаушы дипломатиялық персоналдың мүшесi оның дипломатиялық статусына сәйкес оған берiлген құқықтарды, көрсетiлетiн қызметтердi, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана бередi.
                                IV БӨЛІМ 



                     Артықшылықтар мен иммунитеттер
                                 27-бап 



                     Консулдық мекеменiң өз қызметiн
                 атқаруы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету

      Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң өз мiндеттерiн орындауы үшiн барлық көмектi көрсетедi. Ол консулдық мекеменiң қызметкерлерiне өзiнiң қорғауын қамтамасыз етедi және консулдық мекеменiң қызметкерлерi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес өз мiндеттерiн орындап, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануы үшiн шаралар қабылдайды.
                                 28-бап 



                Мемлекеттiк жалау мен елтаңбаны пайдалану

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң елтаңбасы бейнеленген және өкiлдiгiн жiберген мемлекет тiлi мен консулдық орналасқан мемлекет тiлiнде консулдық мекеменiң аты жазылған консулдық тақта консулдық мекеменiң үйiне және консулдық мекеме Басшысының резиденциясына орнатылуы мүмкін.
      2. Консулдық мекеменiң үйiне және консулдық мекеме Басшысының резиденциясына өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң мемлекеттiк жалауы iлiнiп қойылуы мүмкiн.
      3. Консулдық мекеменiң басшысы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жалауын қатынас құралдарына, оларды Қызметтiк мақсаттарда пайдаланған кезде iлiп қоя алады.
                                 29-бап 



                     Консулдық және тұрғын үй-жайлар

      1. Консулдық орналасқан мемлекет өкiлiн жiберген мемлекетке консулдық мекеменi орналастыру және консулдық мекеме қызметкерлерi үшiн консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрып жатқан, осы мемлекет азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үй-жайларын қоспағанда тұрғын үй-жайлар ретiнде үйлердi немесе үй бөлiктерiн және жер учаскелерiн меншiгiне сатып алуға, жалға алуға, құрылысына немесе алуға жәрдемдеседi.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет қажет болған жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекетке тиiстi консулдық үйлердi және консулдық мекеменiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй-жайларды алуы үшiн жәрдемдеседi.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттi жоғарыда аталған жер учаскелерi, үйлер немесе үй бөлiктерi орналасқан немесе орналасатын ауданда қолданылатын құрылыс және қалалық жобалау, ескерткiштердi қорғау жөнiндегi заңдар мен ережелердi орындау мiндетiнен босатпайды.
                                 30-бап 



                   Консулдық үй-жайларға тиiспеушiлiк

      1. Консулдық үй-жайларға тиiсуге болмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары өкілдігiн жіберген мемлекеттiң консулдық мекемесi басшысының, осы мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының немесе осылардың бiрi тағайындаған адамның келiсiмiнсiз үй-жайға кiре алмайды.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық үй-жайларға басып кiруден және оларға зиян келтiруден қорғау жөнiнде, сондай-ақ консулдық мекеменiң қауiпсiздiгiне және оның қадiр-қасиетiне қауiп төндiретiн кез келген iс-әрекеттi болдырмау жөнiндегi мiндеттi мойнына алады.
      3. Консулдық үй-жайлар, олардың жабдықтары, мүлкi және консулдық мекеменiң қатынас құралдары консулдық орналасқан мемлекеттiң әкiмшiлiк және әскери реквизициялауынан босатылады.
      Реквизициялау қажет болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет мұндай iс-қимылдың консулдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiрмеуi және өз уақытында өкiлдiгiн жiберген мемлекетке тиiстi өтемақы төлеу үшiн барлық шараларды қабылдауға тиіс.
      4. Консулдық үй-жайлар консулдық міндеттердің орындалуына сәйкес келмейтiн мақсаттарда пайдаланылмайды.
      5. Осы баптың 1-тармағында көзделген ереженiң күшi, сонымен бiрге консулдық қызмет адамдарының тұрғын үй-жайларына, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң меншiгi болып табылатын және консулдық мiндеттердi орындауға арналған көлiк құралдарына да жүредi.
                                 31-бап 



                    Консулдық архивтерге тиiспеушiлiк

      Консулдық архивтерге қай уақытта болса да және олардың қай жерде орналасқандығына қарамастан тиiсуге болмайды.
                                 32-бап 



                        Қарым-қатынас бостандығы

      1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң қызметтiк мақсаттардағы қарым-қатынас бостандығына рұқсат беруге және қорғауға тиiс.
      Консулдық мекеме өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiмен, дипломатиялық өкiлдiгiмен және басқа консулдық мекемелерiмен, олардың қай жерде орналасқандығына қарамастан, қарым-қатынас жасағанда дипломатиялық және консулдық курьерлердi, дипломатиялық және консулдық вализаларды, кодталған немесе шифрленген шұғыл хабарларды қоса алғанда барлық қол жететiн құралдарды пайдалана алады. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекет қабылдаушы-хабарлаушы радиоаппаратураны консулдық орналасқан мемлекеттiң рұқсатымен ғана орнатады және пайдаланады.
      2. Консулдық мекеменiң ресми хат-хабарына ешкiм тиiспейдi. Ресми хат-хабарға консулдық мiндеттердi орындауға байланысты барлық хат-хабар кiредi.
      Консулдық вализа ашылмайды, ұсталмайды.
      Консулдық вализаның сипатын бiлдiретiн көрiнiп тұратын сыртқы белгiлерi болуы тиiс және онда тек қана ресми корреспонденциялар мен құжаттар немесе қызметтiк пайдалануға арналған заттар болады. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық вализада ресми хат-хабар емес, олардан басқа заттар бар деп ойлауға негiз табатын болса, онда олар өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiлiнен құзыреттi органдар өкiлдерiнiң алдында осы консулдық вализаны ашуды өтiне алады. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының мұндай өтiнiшi қанағаттандырылмаса, онда бұл вализа өзiнiң бастапқы жөнелтiлген жерiне қайтарылады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын тек өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана консулдық курьер бола алады.
      Консулдық курьер оның жеке басын куәландыратын ресми құжатпен қамтамасыз етiледi және консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында дипломатиялық курьер пайдаланатын құқықтарды, артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдалана алады.
      4. Консулдық вализаны өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң командирiне немесе кеме капитанына тапсыруға болады. Мұндай жағдайда сол әуе кемесiнiң командирi немесе кеме капитаны вализаны құрайтын орындар санын айқындайтын қызметтiк құжатпен қамтамасыз етiледi. Әйтсе де ол консулдық курьер болып есептелмейдi.
      Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының келiсiмiмен әуе кемесiнiң командирiнен немесе кеме капитанынан консулдық вализаны кедергiсiз қабылдап алуы үшiн және сондай-ақ оған вализаны тапсыруы үшiн консулдықтың лауазымды қызметкерiн жiбере алады.
                                 33-бап 



                    Консулдық алымдар мен баж салықтары

      1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында өкiлдігін жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес консулдық алымдар мен баж салықтарын алуға құқылы.
      2. Осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген консулдық алымдар мен баж салықтарынан түскен табыс және олардың алынғаны туралы түбiртектер консулдық орналасқан мемлекеттiң кез келген салықтары мен алымдарынан босатылады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетiлген консулдық алымдар мен баж салықтарынан түскен табысты консулдық мекеменiң өкiлдiгiн жiберген мемлекетке аударуына рұқсат етедi.
                                 34-бап 

Iс-әрекет еркiндiгi


      Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң қызметкерiне және оның отбасы мүшелерiне консулдық орналасқан мемлекеттiң мемлекеттiк қауiпсiздiк тұрғысынан қарағанда кiруге тыйым салған немесе шектеу салған ауданын қоспағанда, олардың консулдық округ шеңберiнде еркiн қимылдауын және жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге тиiс.
                                 35-бап 



             Консулдық қызмет адамының жеке басына тиiспеушiлiк

      1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамдары мен оның отбасы мүшелерiне тиiсiнше құрметпен қарайды және олардың жеке басына, бостандығына және ар-намысына қауiп төндiретiн кез келген нысандағы қастандық жасауды болдырмауға қажеттi барлық шараларды қабылдайды.
      2. Ауыр қылмыс жасағанда құзыретті сот орындарының қаулысын негiзге алғаннан басқа жағдай болмаса, консулдық қызмет адамдарын тұтқындауға да, алдын-ала қамауға алуға да болмайды.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда заңды күшiне енген сот қаулыларын орындаудан басқа жағдайларда консулдық қызмет адамдарын түрмеге қамауға және жеке басының бостандығын ешқандай да басқа нышанда шектеуге болмайды.
      4. Консулдық қызмет адамына қарсы қылмыстық iс қозғалған жағдайда ол құзыреттi мекемелерге келуi тиiс. Алайда iстi жүргiзу кезiнде оның ресми қызметкер екендiгi ескерiле отырып, оған құрмет көрсетiлуi тиiс және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа кезде оның консулдық қызметiн атқаруына кедергi келтiрмеу жағы қарастырылуы тиiс.
                                 36-бап 



                  Тұтқындау, қамауға алу немесе сотта iс
                          қарау туралы хабарлау

      Консулдық мекеменің қызметкерін тұтқындаған немесе қамауға алған немесе оның үстінен қылмыстық iс қозғалған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет бұл жайында тез арада консулдық мекеме басшысына хабарлауы тиiс.
      Егер консулдық орналасқан мемлекет аталған шараларды консулдық мекеменiң басшысына қатысты қабылдаса ол бұл жайында өкiлдiгiн жiберген мемлекетке дипломатиялық жолмен хабарлауы тиiс.
                                 37-бап 

Юрисдикциядан босату


      1. Консулдық мекеменiң қызметкерi консулдық мiндеттерiн атқаруға бағытталған өзiнiң iс-әрекетiне қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң сот және әкiмшiлiк органдарының юрисдикциясынан босатылады.
      Алайда бұл ереже төмендегi мынадай:
      а) жасасқан шарттары бойынша, ол өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiлi ретiнде өзiне мiндеттеме алмағандығынан туындайтын;
      б) консулдық орналасқан мемлекеттегi құрлық, теңiз немесе әуе көлiгi оқиғаларынан туындайтын шығынға байланысты үшiншi адамның қойған;
      с) егер бұл адам өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң атынан консулдық мақсаттар үшiн оларға иелiк етпейтiн болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағындағы тұрақты жеке меншiк мүлiкке қатысты;
      d) оның өсиетті орындаушы, мұрагер немесе жеке адам сияқты мұрагерлiк құқығынан айырылған адам ретiнде мұраға қатысты азаматтық талаптарға қолданылмайды.
      2. Егер консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағының кiшi тармақтарында көзделген атқару шараларын қабылдайтын болса, онда бұл шаралар консулдық қызмет адамының жеке басы мен тұрғын үйiне тиiспеушiлiк құқығына зиян келтiрмеуi тиiс.
                                 38-бап 

Куәгерлiк жауаптар


      1. Консулдық қызмет адамы куәгер ретiнде жауап беруге мiндеттi емес.
      2. Консулдық мекеменiң қызметкерi консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары немесе басқа құзыреттi өкiмет орындары алдында куәгерлiк жауап беруге шақырылуы мүмкiн. Ол қызметтiк iс-әрекетiне қатысты жағдайлар туралы куәгерлiк жауап беруден бас тарта алады. Алайда, барлық жағдайда да консулдық орналасқан мемлекет тарапынан консулдық мекеме қызметкерiне қандай да болмасын күштеп шара қолданушылыққа жол берiлмейдi.
      3. Консулдық мекеме қызметкерiнiң жауаптарын талап етушi консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары оған өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiрмеуге тырысуы керек. Мұндай ауызша, сондай-ақ жазбаша жауаптарды олар, мүмкiн болған жағдайда осы қызметкердiң консулдық үйiнде немесе оның тұрғын үйiнде алуына болады.
                                 39-бап 



                      Еңбек, мемлекеттiк және әскери
                     қызмет мiндеткерлiктерiнен босату

      Консулдық мекеме қызметкерлерi және олардың отбасы мүшелерi консулдық орналасқан мемлекетте еңбек, мемлекеттiк және әскери қызмет мiндеткерлiктерiнiң кез келген түрлерiнен босатылады. Олар сондай-ақ тiркелуге, тұрғылықты тұруға және жұмыс iстеуге рұқсат алуға, сондай-ақ шетелдiктерге қойылатын басқа да осындай талаптарға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген барлық талаптарды орындаудан босатылады.
                                 40-бап 



                     Қозғалатын және тұрақты мүлiкке
                       салынатын салықтардан босату

      1. Иесi немесе жалгерi өкiлдiгiн жiберген мемлекет болып табылатын консулдық үйлер мен консулдық мекеме қызметкерлерi тұратын тұрғын үйлер, сондай-ақ оларды жалға алуға немесе сатып алуға қатысты сауда-саттық жұмысы, қызмет көрсетудiң нақты түрлерiне ақы төлеудi қоспағанда, қандай да болмасын салықтар мен алымдар салудан және төлеуден босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң меншiгi болып табылатын және консулдық қызметтi атқаруға арналған көлiк құралдарына да қолданылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары бойынша өкiлдiгiн жiберген мемлекетпен немесе оның атынан әрекет ететiн адаммен шарт жасасқан адамдардан алынатын төлемдер мен салықтарға қолданылмайды.
                                 41-бап 



                     Консулдық мекеме қызметкерлерiн
                           салықтардан босату

      1. Консулдық мекеме қызметкерi, сондай-ақ оның отбасы мүшелерi консулдық орналасқан мемлекетте мыналарды:
      а) әдетте товарлардың бағасына қосылатын жанама салықтарды;
      b) осы Конвенцияның 40-бабының 1-тармағының ережелерiн қоспағанда консулдық орналасқан мемлекеттегi тұрақты жеке мүлiкке салынатын салықтар мен алымдарды;
      с) мұраға салынатын салықтар мен алымдардан, консулдық орналасқан мемлекет алатын меншiк құқығын ауыстыру салықтарын;
      d) қызметтiк мiндетiн атқарғаны үшiн алатын табыстарын қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекетте тапқан жеке табыс салықтары мен алымдарды;
      е) арнайы қызмет көрсеткенiнiң нәтижесiнде тапқан табыс салықтары мен алымдарды;
      f) осы Конвенцияның 40-бабының ережелерiн қоспағанда, тiркеу, сот және тiзiмдiк баж салықтарынан: ипотека және елтаңбалық алымдарды қоспағанда, барлық жеке басылық және мүлiктiк, мемлекеттiк, аудандық және муниципальдық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады.
      2. Консулдық мекеме қызметкерлерi өздерiнiң жұмысы үшiн алған еңбек жалақысына консулдық орналасқан мемлекет салатын барлық салықтар мен алымдардан босатылады.
                                 42-бап 



                      Кедендiк баж салығы мен кеден
                           тексерiсiнен босату

      1. Консулдық орналасқан мемлекет ондағы қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес тасып әкелу мен әкетуге рұқсат бередi және жүк тиеуге, тасымалдауға, сақтау мен түсiруге және осындай қызмет түрлерiне ақы төлеудi қоспағанда, кедендiк баж салығы мен басқа да төлемдерден босатады:
      а) көлiк құралдарын қоса алғанда, консулдық мекеменiң қызметтiк пайдалануына арналған заттар;
      b) көлiк құралдарын қоса алғанда, консулдық қызмет адамы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануына арналған заттар;
      с) консулдық мекеме қызметкері өзінің жаңадан тағайындалған жерiне алғаш рет келген кезiнде ала келген үй-iшiнiң жабдықтары мен күнделiктi тұтынатын заттарды қоса алғанда, жеке пайдалануына арналған заттар.
      2. Консулдық қызмет адамы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке жүктерi кедендiк бақылаудан босатылады.
      Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары жүк iшiнде осы баптың 1-тармағының "b" кiшi тармағында көрсетiлгеннен басқа бөгде заттар бар деуге немесе тасып әкелуi мен әкетiлуiне тыйым салынған және консулдық орналасқан мемлекеттiң карантиндiк ережелерiмен реттелiп отыратын заттар бар деуге толық негiз болған жағдайда кедендiк тексеру жүргiзе алады.
      Мұндай тексерiс консулдық қызмет адамының немесе оның өкiлеттi өкiлiнің қатысуымен жүргiзiле алады.
                                 43-бап 



                     Консулдық мекеме қызметкерiнiң
                         мұраға қалдырған мүлкi

      Консулдық мекеме қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:
      1. Қайтыс болған адам консулдық орналасқан мемлекетте сатып алғанымен, осы адамның қайтыс болған кезiндегi заңдарға сәйкес алып кетуге тыйым салынатын заттардан басқа марқұмның қозғалмалы мүлкiн алып кетуге рұқсат бередi.
      2. Тек консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мекеме қызметшiсi немесе оның отбасы мүшесi ретiнде осы мемлекетте болған марқұмның қозғалмалы мүлкiне салынатын барлық салықтан босатады.
                                 44-бап



                   Отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары
                           мен иммунитеттерi

      Консулдық қызмет адамының отбасы мүшелерi консулдық мекеменiң консулдық қызмет адамы мен қызметкерiнiң пайдаланатын артықшылықтарын және иммунитеттерiн пайдаланады.
                                 45-бап 



                     Артықшылықтар мен иммунитеттерге
                            құқығы жоқ адамдар

      37-баптың 1-тармағын қоспағанда осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылатын болса немесе осы мемлекетте тұрғылықты тұратын болса, консулдық мекеменiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне қолданылмайды.
                                 46-бап 



                   Артықшылықтар мен иммунитеттердің
                         басталуы және аяқталуы

      1. Консулдық мекеменiң қызметкерi консулдық мiндетiн атқару үшiн консулдық орналасқан мемлекеттiң шекарасынан өткен сәттен бастап осы Конвенция ережелерiмен артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады.
      Консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында бұрыннан тұратын адам консулдық мекеме қызметкерiнiң жұмысына кiрiскен сәттен бастап артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      2. Консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерi осы Конвенцияда көрсетілген консулдық мекеме қызметкерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiн консулдық орналасқан мемлекеттiң шекарасынан өткен сәтiнен бастап немесе консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшесi болған сәтiнен бастап пайдаланады.
      3. Консулдық мекеме қызметкерi ретiнде өз жұмысын аяқтаған адамның және оның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi олар консулдық орналасқан мемлекеттiң шекарасынан өткен сәттен бастап немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң шекарасынан өтуге қажет ақылға сыйымды мерзiм өткеннен кейін тоқтатылады.
      Консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi олардың осы отбасының мүшелерi болып табылмайтын сәтiнен бастап тоқтатылады.
      Әйтсе де аталған адамдар консулдық орналасқан мемлекеттен ақылға сыйымды мерзiм iшiнде кетпек болса, онда бұл адамдардың артықшылықтары мен иммунитеттерi консулдық орналасқан мемлекеттiң шекарасынан өткен сәтке дейiн ұзартылады.
      4. Консулдық мекеме қызметкерi қайтыс болған жағдайда марқұмның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi олардың консулдық орналасқан мемлекет шекарасынан өткен сәтiне дейiн немесе консулдық орналасқан мемлекет шекарасынан өту үшiн қажет ақылға сыйымды мерзiм бiткенге шейiн өз күшiнде қала бередi.
                                 47-бап 



              Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме қызметкерi мен оның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiнен бас тарта алады. Барлық жағдайда да бас тарту жазбаша нысанда бiлдiрiлуi тиiс.
      2. Азаматтық немесе әкiмшiлiк iстер жөнiндегi юрисдикция иммунитеттерiнен бас тарту - бұл үшiн жазбаша нысанда бас тарту талап етiлетiн сот шешiмiн орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды бiлдiрмейдi.
      3. Консулдық мекеме қызметкерiнiң немесе оның отбасы мүшелерiнiң тiкелей талап етуiне байланысты қарсы талап ету қозғалған жағдайда олар юрисдикция иммунитетiне сүйену құқығынан айырылады.
                                 48-бап 



    &nbsелерiне сәйкес артықшылықтар мен иммитеттердi пайдаланатын барлық адамдар өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрместен консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн құрметтеуге мiндеттi.
      Олар консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
      2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекеме қызметкерi ретiнде жұмыс iстейтiн азаматы өзiнiң қызметтiк мiндетiн атқарудан басқа жұмыстармен айналыспауға тиiс.
                                 49-бап 

Даулы мәселелердi шешу


      Осы Конвенция ережелерiн түсiндiру немесе талқылау бойынша таластар пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешетiн болады.
                                 50-бап 



                     Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

      Осы Конвенцияға осы Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
                                 V БӨЛІМ 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

                                 51-бап 



                    Бекiтiлуi, күшiне енуi, күшін жоюы

      1. Осы Конвенция бекiтуге жатады және оны бекiту туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде грамоталармен алмасқаннан кейiн 30 күн өткен соң күшiне енедi.
      2. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияны беймәлiм мерзiмге жасап отыр және кез келген уақытта оның қолданысын тоқтата алады. Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тарапқа өзiнiң осы Конвенцияның қолданысын тоқтатқысы келетiнi жөнiнде жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы хабарлаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн осы Конвенцияның

қолданысы тоқтатылады. 
     
     Пхеньян қаласында 1996 жылы 15 қарашада екi данада әрқайсысы қазақ, 
корей және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң күшi бiрдей. 
Осы Конвенцияны түсiндiруде пiкiр алшақтығы туған жағдайда Тараптар орыс 
тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады. 
     
     Қазақстан Республикасы                Корей Халық-Демократиялық
             үшін                              Республикасы үшiн 
     
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.М.
       Орынбекова Д.К. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады