Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 24 наурыз N 352-I

      Алматыда 1997 жылғы 24 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы
Қосымша келісім

(1999 жылғы 7 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      1994 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге" қосымша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы алпыс тоғызыншы және соңғы шекаралық нүктелер арасындағы қазақстан-қытай шекарасының келісілген сызығының өтуін анықтау және белгілеу мақсаттарында төмендегілер жөнінде келісті:

1-бап

      1994 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің" 2-бабында суреттелген Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның сызығы оның алпыс тоғызыншы шекаралық нүктесінен Меридиальная жотасының қырқасы бойынша (қытай картасында - аты жоқ жота) батыс-оңтүстік-батыс бағытында жетпісінші шекаралық нүктеге дейін келеді. Бұл шекаралық нүкте жоғарыда аталған жотаның қырқасында 6637.0 м белгісімен биіктікте (қытай картасында - 6570) Қазақстан аумағында тұрған Безымянная тауынан (қытай картасында - 5790 белгісімен биіктік) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.8 км және 6107.0 белгісімен Қытай аумағында тұрған биіктіктен (қытай картасында - 6161) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.6 км қашықтықта орналасқан.
      Жетпісінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы Тенгритау жотасының қырқасы бойынша (қытай картасында - аты жоқ жота) жалпы батыс бағытында жетпіс бірінші шекара нүктесіне дейін келеді. Бұл шекара нүктесі қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының соңғы нүктесі болып табылады және Хан-Тенгри шыңының құзар басында 6995.2 белгісімен (қытай картасында - 6995) қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасында тұрған 6146.0 белгісімен биіктіктен (қытай картасында - 6105) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 11.2 км орналасқан және Қытай аумағында тұрған 6107.0 белгісімен биіктіктен (қытай картасында 6161) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км қашықтықта орналасқан.
      Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның жоғарыда суреттелген сызығы 1:100000 масштабтағы бұрынғы КСРО-ның картасында және ҚХР-дің картасында қызыл түспен түсірілген. Мемлекеттік шекара сызығын суреттеуде аталған барлық қашықтықтар осы карталар бойынша өлшенген.
      Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мемлекеттік шекараның сызығы қызыл түспен түсірілген жоғарыда аталған карталар осы Келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігін құрайды.

2-бап

      Уағдаласушы Тараптар 1994 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің" 1,4,5,6,7 және 8-баптарының ережелері сондай-ақ осы Келісімге қатысты да қолданылады.

3-бап

      Уағдаласушы Тараптар олардың әрқайсысында осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы бір-біріне хабарлайды.
      Осы Келісім осындай жазбаша хабарлардың соңғысы түскен күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім Алматы қаласында 1997 жылғы 24 қыркүйекте екі дана болып, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде жасалды. Түсіндіру кезінде пікір алшақтықтары болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі мәтіндерді негізге алады.

      Қазақстан                              Қытай Халық
      Республикасы үшін                   Республикасы үшін

"Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының
арасындағы қазақстан-қытай   мемлекеттік шекарасы туралы
Қосымша Келісімді бекіту туралы" заң жобасы мен Қосымша Келісім
мәтінінің қазақша аудармасының сапасы бойынша
Қорытынды

      Аталмыш Заң жобасы 1-ақ сөйлем болса, Қосымша Келісімнің көлемі - 3 баптан тұратын 3 бет. Заң жобасына елерліктей ескертпеміз жоқ, ал Қосымша Келісімнің қазақша аудармасында аздаған ала-құлалықтар бар. Мәселен, 2-беттің 1-абзацында, "Тенгритау" және сол бетте "Хан-Тенгри" деген сөздер ұшырасса, "описанный в статье 2" деген сөздер "2-бабында суреттелген", "в описании линии государственный границы" деген сөздер "мемлекеттік шекара сызығын суреттеуде" деп аударылады. Ал осы сөздер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың түсіндірме жазбасында тиісінше "Тәңіртау", "Хан Тәңірі", "2-бабында сипатталған", "мемлекеттік шекара сызығын сипаттауда" деп дұрыс тәржімаланған. Демек, бұларды бір ізге салған, яғни соңғы нұсқаларға сәйкес келтірген жөн.
      Сол секілді 3-бетте "процедуры" сөзі "процедуралардың", ал "разногласий" сөзі "пікір алшақтықтары" деп алынған. Ал бұлар әдетте "рәсімдердің", "келіспеушіліктер" деп аударылып жүргені белгілі.
      Қорыта келгенде, әлгі айтылғандар бірен-саран кемшіліктері болғанмен, депутаттар талқылауына ұсынуға болады деп есептейміз.

      Редакциялық-баспа
      бөлімінің меңгерушісі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады