Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 24 маусым N 405-I


     Алматыда 1997 жылғы 23 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы 
Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда 
туралы келісім бекітілсін.
     
   Қазақстан Республикасының
           Президентi 
     
     
   Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметi
                    арасындағы еркiн сауда туралы 
                             Келісім 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 38-құжат)
    (1999 жылғы 20 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет) 
     
     Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасы 
Үкiметi мен Беларусь Yкiметi,


      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келiсiмдi, экономика және iзгiлiк саласында интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартты жүзеге асыра отырып,
      теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстарды және екi мемлекет экономикасының бiрiн-бiрi толықтыратындығын ескере отырып,
      тауар мен қызмет көрсетудiң ортақ нарығының тиiмдi жұмыс iстеуiн көздейтiн бiртұтас экономикалық кеңiстiк құруға ұмтыла отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының тарифтер мен сауда жөнiндегi Бас Келiсiмiнiң (ТСБК) және Бүкiлдүниежүзілiк сауда ұйымының (БСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

                            1-бап

      Тараптар теңқұқылық, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын заң актiлерiн сақтай отырып, тiкелей шаруашылық байланыстар негiзiнде меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық қызметi субъектiлерi арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамытатын және кеңейтетiн болады.
      Әр Тараптар екiншi Тарапқа экономикалық нұқсан келтiруге ықпал етерлiк iс-қимылдарға бармайды.

                            2-бап

      Тараптар бара-бар әрекеті бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ Тараптардың бiрiнiң кеден аумағында шығарылған және екiншi Тараптың кеден аумағы үшiн арналған тауарлардың экспорты және/немесе импортына сандық шектеулер қолданбайды.
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн және оның қолданылатын кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарынан шығарылған тауарлар деп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Үкiмет Басшылары Кеңесiнiң Шешiмiмен 1993 жылы 24 қыркүйекте бекiтiлген тауарлар шығатын елдi айқындау Ережелерi айқындаған тауарларды айтамыз.

                         3-бап

      Әрбiр тарап:
      шикi өндiрiстiң осындай ұқсас тауарларына немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарларға салынатын тиiстi алым-салықтан асатын iшкi салықтарын немесе алымдарын екiншi Тараптың осы Келiсiмiнің әрекетiне түсетiн тауарларына тiкелей немесе жанамалап салмайтын;
      осы Келiсiмнiң әрекетiне түсетiн тауарлардың импорты мен экспортына қатысты, ұқсас жағдайларда iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандай да бiр арнайы шектеулер мен талаптар енгiзбейтiн;
      екiншi Тарап мемлекетiнің аумағынан шығатын тауарларды орналастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасымалдауға қатысты, сондай-ақ осындай жағдайда өз тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға қолданылатын төлемдер мен төлемдер ауыстырудан басқаша тәртiптердi қолданбайтын болады.

                          4-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде тауарлардың экспортына және импортына сандық шектеулер немесе оларға бара-бар шараларды қолданбайтын болады.
      Тараптар бiржақты тәртiпте сандық немесе өзге арнайы шектеулер белгiлей алады, бiрақ ұғымды шекте және қатаң белгiленген мерзiмге.
      Аталған шектеулер айрықша сипатта болуға тиiстi және тек келесi жағдайларда қолданылады:
      iшкi нарықта осы тауардың аса тапшы болғанда - нарықтағы жағдай тұрақталғанға дейiн;
      төлем балансының өте тапшылығында - төлем балансының жағдайы тұрақталғанға дейiн;
      егер Тараптардың бiреуiнiң мемлекеттік аумағына қандай болмасын тауар сондайды отандық өндiрушiлерге зиян шектiретiндей немесе шектiру қауіп төндiретiндей өсiмдi санмен немесе сондай жағдайда импортталатын немесе тiкелей бәсекелесетiндей болса;
      осы Келiсiмнiң 11-бабымен көзделген шараларды жүзеге асыру мақсаттарында.
      Осы бапқа сәйкес шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулерді енгiзудiң негiзгi себептерi, нысаны және ұйғарылған мерзiмi туралы толық ақпаратты басқа Уағдаласушы Тарапқа күнi бұрын беруге тиiсті, бұдан кейiн консультация тағайындалады. Консультация барысында қабылданатын шешiмдер тиiстi құжаттармен ресiмделедi.
      Осы бапқа сәйкес шаралар таңдау кезiнде Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына жетуiне неғұрлым аз келеңсiз әсер ететiн шараларға басыңқылық беретiн болады.

                           5-бап

      Осы келiсiм Тараптардың қайсысына болсын өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн қорғау үшiн немесе өзi қатысушы болып табылатын немесе болғысы келетiн халықаралық шарттарды орындау үшiн шүбәсiз қажет деп санайтын халықаралық тәжiрибеде жалпы танылған шараларды бiржақты тәртiпте қолдану құқына бөгет етпейдi, егер ол шаралар:
      адамдардың өмiрi мен денсаулығын, Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсiмдіктердi қорғауға;
      қоғамдық имандылықты және қоғамдық тәртiптi қорғауға;
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
      жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөнiндегi халықаралық күш салуды қолдауға;
      алтын, күмiс немесе өзге бағалы асыл металдар және тастар саудасына;
      орны толмас табиғи ресурстарды сақтауға;
      мемлекеттiк қолдау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесiнде осы өнiмнің iшкi бағасы әлемдiк бағадан төмен болғанда өнiм экспортын шектеуге;
      өнеркәсiптiк және интеллектуалдық меншiктi қорғауға;
      ұлттық игiлiк болып табылатын көркем, археологиялық және тарихи құндылықтарды қорғауға;
      соғыс кезінде немесе халықаралық қарым-қатынастардың басқа төтенше жағдайларында қолданылатын шараларға;
      халықаралық бейбiтшілiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн БҰҰ-ы Жарғысының негiзiндегi мiндеттемелердi орындаудағы әрекеттерге қатысты болса.
      Осы бапқа сәйкес шаралар енгiзуге ниеттенген Тарап, төтенше сипаттағы жағдайларды алмағанда, осы шараларды қолдануға дейiн, күнi бұрын осы аталған шектеулердi енгiзудiң негiзгi себептерi, нысандары және ұйғарылған мерзiмдерi туралы басқа Тарапқа толық ақпарат беруге тиiс, бұдан кейiн консультация тағайындалады.

                         6-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi барлық есеп айырысулар мен төлемдер тиiстi банкаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

                           7-бап

      Тараптар сыртқы экономикалық байланыстарды iшкi құқықтық реттеу туралы, соның iшiнде сыртқы экономикалық қызмет, сауда, инвестиция, салық салу, банк және сақтандыру қызметтерi және өзге қызметтер, көлiк және кедендiк мәселелер жөнiнде, Тараптарға қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, тұрақты негiзде ақпарат алмасатын болады.
      Тараптар осы Келiсiмнің орындалуына ықпал етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiне кiдiрiссiз хабарлайды.
      Тараптардың өкiлеттi органдары мұндай ақпарат алмасудың ретiн келiсiп алады.
      Осы баптың ережелерi:
      Әр Тараптың құзырлы органдарын Тараптардың бiрiнiң заңы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк iс-тәжiрибе барысында алуға болмайтын ақпараттар беруге;
      қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн ашатын ақпарат немесе ашылуы Тараптың мемлекеттiк мүдделерiне қайшы келетiн ақпарат берулерiне мiндеттейтiндей етiп түсiндiрiлмедi.

                            8-бап

      Тараптар терiс iскерлiк тәжiрибенi осы Келiсiмнiң мақсаттарына сай келмейдi деп таниды және оның келесi әдiстерiне жол бермеуге және жоюға мiндеттенедi:
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында бәсекелестiкке бөгет ету немесе шектеу немесе оған деген жағдайды бұзу мақсатындағы кәсiпорындар арасындағы шарттар, кәсiпорындар бiрлестiгi қабылдаған шешiмдер және iскерлiк тәжiрибенің жалпы әдiстерi;
      бiр немесе бiрнеше кәсiпорындардың өздерiнің үстем жағдайын пайдаланып, Тарап Мемлекеттердiң аумағының барлық немесе едәуiр бөлiгiнде бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттерi.

                              9-бап

      Тараптар екiжақты экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң шараларын жүзеге асырған кезде статистикалық ақпаратпен алмасу, кедендiк рәсiмдердi жүргiзу үшiн Еуропа экономикалық қауымдастығының тауарларды сипаттау мен кодтаудың Yйлестiрілген жүйесiне және Қисынды тариф-статистикалық номенклатураға негiзделген Дүниежүзiлiк сыртқы экономикалық қызметтiң тоғыз таңбалы бiрыңғай тауарлық номенклатурасын пайдаланатын болады. Тараптар бұл ретте қажет жағдайда Тауарлық номенклатураны тоғыз таңбадан тыс дамытуды жүзеге асырады.

                            10-бап

      Тараптар транзит еркiндiгi принципiн сақтау осы Келiсiм мақсаттарына қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және оларды халықаралық еңбек бөлiнiсi мен серiктесу жүйесiне қосу процесінің маңызды элементi болып табылатындығымен келiседi.
      Осыған байланысты әр Тарап екiншi Тараптың және/немесе үшiншi елдiң кедендiк аумағынан шығатын және екiншi Тараптың немесе кез келген үшiншi елдiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергiсiз транзитiн қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өзiнiң тасымалдаушыларына, экспорттаушыларына, импортаушыларына немесе үшiншi бiр елдiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына беретiн құралдары мен қызметтерінен кем емес, қолындағы барлық қажеттi құралдар мен қызметтердi беретiн болды.
      Тарап мемлекеттерiнiң аумақтарымен өтетiн жүктердiң ретi мен шарты Халықаралық тасымалдау ережелерiне сәйкес реттеледi.

                         11-бап

      Тараптар осы тауарлар шығатын кеден аумағының Тарабы квоталау және лицензиялау шараларын қолданатын тауарларды қайта экспорттауға жол бермеуге келiстi.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тауарларды қайта экспорттау тек тауарлар шығатын мемлекет аумағы Тарабының өкiлетті ведомствосы тиiстi ресiмдеп берген жазбаша рұқсаты болғанда ғана жүзеге асырылады. Осындай тауарлар келiсiмсiз қайта экспортталған жағдайда, олар аумағында өндiрілген мемлекет шеккен шығынның өтемақысын талап етуге құқылы. Осы ереже сақталмаған жағдайда мемлекеттiң мүддесi бұзылған Тарап келiсiлмеген экспортқа жол берген екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына осындай тауарларды шығаруды реттеу жөнiнде бiржақты тәртiпте шаралар енгiзуге құқылы.
      Қайта экспорттау деп бiр Тарап мемлекетiнің кеден аумағында

шығатын тауарды басқа тараптың үшiншi елге экспорттау мақсатында сол
мемлекеттiң кеден аумағынан шығарылуы ұғылады.
     
                              12-бап
     
     Тараптар үшiншi елдерге қатысты экспорттық бақылаудың келiсілген
саясатын жүргiзу мақсатында тұрақты түрде консультация өткiзетiн болады
және экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру үшiн өзара келiсілген
шаралар қабылдайды.
     
                              13-бап
     


      Осы Келiсiмнің ережелерi Тараптар арасында бұрын жасалған екiжақты келiсiмдерi ережелерінiң соңғысы алғашқысымен не үйлеспейтiн, не солармен ұқсастық шамасына қарай алмастырады.

                              14-бап

      Осы Келiсiмнiң еш жерi Тараптардың қайсысына болсын үшiншi елдермен қатынастар орнатуға, қандай да бiр немесе осы Тарап қатынасушы болып табылатын немесе, осы қатынастар мен мiндеттемелер осы Келiсiмнiң ережелерi мен мақсаттарына қайшы келмесе, болатын басқа халықаралық

келiсiмдерге сәйкес өзiне алынған мiндеттемелердi орындауға бөгет етпейдi.
                             15-бап
     
     Тараптардың әрқайсысы өз заңына және халықаралық мiндеттемелерiне 
сәйкес екiншi Тараптың шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң құқықтары мен 
заңды мүдделерiн тең құқықпен қорғау, соның iшiнде соттық қорғау да, 
мүмкiндiктерiн бередi.
     
                            16-бап
     
     Тараптар арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе 
қолдануға қатысты даулар келiссөздер жолымен немесе Тараптарға қолайлы
әдiспен шешiледi.
     
                            17-бап
     


      Қажет болған жағдайда, Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Бұл өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалуға тиiс.

                             18-бап

      Осы Келiсiм ол үшiн қажетті iшкi мемлекеттiк ресiмдер орындалғандығы туралы Тараптар жазбаша хабар берген күннен бастап күшiне енедi және Тараптың бiрi екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң күшін тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.

     Осы Келiсiмнің ережелерi оның күшi тоқтатылғаннан кейiн екi елдің
шаруашылық субъектiлерi арасында жасалған, бiрақ Келiсiмнiң қолданылу
кезеңiнде орындалмаған контрактарға қолданылатын болады, бiрақ ол бес
жылдан аспауға тиiс.
     1997 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ, 
беларусь және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данамен жасалды және де 
барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiлiндегi мәтiннің
күшi басым болады.
     
     Қазақстан Республикасы            Беларусь Республикасы
     Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін
     
     
     Мамандар:
       Омарбекова А.
       Қасымбеков Б. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады