Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ядролық энергияны бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілде N 420-I


     Вашингтонда 1997 жылғы 18 қарашада жасалған Қазақстан 
Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ядролық 
энергияны бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім 
бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
       Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы
         ядролық энергияны бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық
                                туралы келісім
     
     Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары: 
     
     ядролық қаруды кең ауқымда таратпау жөнiндегi шараларды нығайтуға 
өзiнiң қолдауын тағы да растай отырып;


      Қазақстан Республикасы да, сондай-ақ Америка Құрама Штаттары да қатысушылары болып табылатын Ядролық қаруды таратпау жөнiндегi шарттан ("ЯҚТШ") туындайтын өздерiнiң тиiстi мiндеттемелерiн назарға ала отырып;
      екi Тараптың арасында және басқа мемлекеттермен ЯҚТШ ережелерiн жалпыға ортақ сақтауды көтермелеуге және Кiрiспенің мақсаттары мен осы Шарттың барлық ережелерiн толық жүзеге асыруға бағытталған тығыз өзара iс-қимылды жүзеге асыруға деген өзiнің ниетiн тағы да растай отырып;
      ядролық энергияны халықаралық даму мен бейбiт мақсаттарда пайдалану ЯҚТШ мақсаттарына қол жеткiзуге ең жоғары дәрежеде қызмет ететiн болатын уағдаластықтарға сәйкес жүруiне қол жеткiзуге деген өзiнің бекемдiгiн бiлдiре отырып;
      Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің ("МАГАТЭ") мақсаттарын өзiнiң қолдайтындығын растай отырып;
      МАГАТЭ кепiлдiктерi жүйесiнiң таратпаудың тиiмдi режимiн қолдауда орын айырбастамайтын рөл ойнайтындығын мойындай отырып;
      Тараптардың әрбiрiнiң заңдық құқығындағы объектiлердi инспекциялауға қатысты Агенттiкке кепiлдiктердi тиiмдi және нәтижелi қолдану және мақсаттарға қол жеткiзу мүмкiндiгiн беру үшiн қажеттi қадамдар жасауға әзiрлiктi қоса алғанда, МАГАТЭ кепiлдiктерiн нығайтуға өзiнiң шешiмдiлiгiн бiлдiре отырып;
      халықаралық стандарттарға сәйкес ядролық материалды тиiмдi есепке алуды, бақылауды және физикалық қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындай отырып;
      ядролық энергияны бейбiт пайдалануды дамыту, пайдалану және бақылау жасау саласындағы ынтымақтастықты тiлей отырып; және
      ядролық энергияны бейбiт пайдалану жөнiндегi қызметтің ғаламдық қоршаған ортаны радиоактивтiк, химиялық және термальды ластаудан қорғау мүддесiнде қолданылуға тиiс екендiгiн назарға ала отырып;
      төмендегi жөнiнде келiстi:

                               1-бап. Анықтамалар

      Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн:
      а) "Қосалқы материал" арнайы ядролық материалды өндiру немесе пайдалану процесiнің барысында өндiрiлген немесе процеске байланысты әсердiң нәтижесiнде өндiрiлген немесе радиоактивтi болған кез келген радиоактивтi материалды (арнайы ядролық материалдан басқа) бiлдiредi;
      ә) "Компонент" Тараптардың келiсiмi бойынша оған осындай анықтама берiлген жабдықтың компонентiн немесе өзге затты бiлдiредi;
      б) "Жаңғырту" уран бiр химиялық нысаннан басқасына жаңғыртылуы арқылы, мысалы, UF6-дан U02-ге немесе уран тотығынан металға байытылудан басқа, отын өндiру жүретiн ядролық отын циклiндегi қалыпты операциялардың кез келгенiн бiлдiредi;
      в) "Пайдаланудан шығару" объектiнiң қызмет ету мерзiмiнiң аяғында қолданылған және объектiнi бұл ретте пайдаланудан шығаруды жүзеге асыратын жұмысшылардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiн, және тұтастай алғанда халықты, сондай-ақ қоршаған ортаны тиiстi түрде қорғау қамтамасыз етiлетiндей етiп пайдаланылуын тоқтатуға бағытталған шараларды бiлдiредi. Бұл шараларға объектiнi жабу және техникалық қызмет көрсету мен байқау жалғастырылатын ядролық материалды, оны шексiз пайдалану мен орналасқан орнынан қабылданымды деңгейден асатын қалдықты радиоактивтi толық кетiргенге дейiн ең төменгi кетiру;
      г) "Жабдық" негiзiнен плутоний немесе уран-233, не Тараптардың келiсуi бойынша осындай анықтама алған кез келген өнiмдi өндiру үшiн құрастырылған немесе пайдаланылған реактордан басқа, кез келген реакторды бiлдiредi;
      д) "Жоғары байытылған уран" онда байытылуы кезiнде 235 изотопы 20 процентке жететiн немесе одан да асатын уранды бiлдiредi;
      е) "Төмен байытылған уран" онда байытылуы кезiнде 235 изотопы 20 процентке жететiн немесе одан да асатын уранды бiлдiредi;
      ж) "Сындық маңызды компонент" сезiмтал ядролық объектiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажет кез келген компоненттi немесе компоненттер тобын бiлдіредi;
      з) "Материал" негiзгi материалды, арнайы ядролық материалды, қосалқы материалды, радиоизотоптарды бiлдiредi, бұған Тараптардың келiсуi бойынша осындай анықтама алған қосалқы материал, материал-бәсеңдетушi, немесе кез келген басқа осы секiлдi зат кiрмейдi;
      и) "Материал-бәсеңдетушi" жоғары жылдамдықтағы нейтрондарды бәсендету және одан әрi бөлшектену ықтималдылылығын өсiру үшiн реакторда пайдалануға жарамды ететiн тазалықтағы ауыр суды не графиттi, не бирилийдi, немесе Тараптардың келiсуi бойынша осындай айқындама алған осы секiлдi кез келген материалды бiлдiредi;
      й) "Тараптар" Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметiн бiлдiредi;
      к) "Бейбiт мақсаттарға" ғылыми зерттеулер, энергия өндiру, медицина, ауыл шаруашылығы және өнеркәсiп секiлдi салаларда ақпаратты, материалды, жабдықты және компоненттердi пайдалану кiредi, бiрақ бұған зерттеулер немесе кез келген ядролық жарылыс қондырғысын жасау мақсатында немесе кез келген әскери мақсатта оларды кез келген ядролық жарылыс қондырғысында пайдалану кiрмейдi;
      л) "Тұлға" Тараптардың бiрiнің заңдық құқығы қолданылатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдiредi, бiрақ бұған осы Келiсiмнiң қатысушылары кiрмейдi;
      м) "Реактор" уранды, плутонийдi, торийдi немесе олардың кез келген қосылысын пайдалану арқылы өзiн-өзi қолдайтын тiзбектi бөлшектену реакциясы жүзеге асырылатын, ядролық қару немесе өзге ядролық жарылыс қондырғысынан басқа, кез келген құрылғыны бiлдiредi;
      н) "Жабық деректер" 1) ядролық қаруды құрастыруға, өндiруге немесе пайдалануға, 2) арнайы ядролық материалды өндiруге немесе 3) энергияны өндiру кезiнде арнайы ядролық материалды пайдалануға қатысты кез келген деректi бiлдiредi, бiрақ оған Тараптардың бiрiнің иелiгiнде бар, оны бұл Тарап "жабық дерек" санатынан шығарған немесе құпиялылығын ашқан ақпарат кiрмейдi;
      о) "Сезiмтал ядролық объект" негiзiнен уранды байыту, ядролық отынды өңдеу, ауыр суды өндiру немесе плутонийi бар ядролық отынға арналған немесе пайдаланылатын кез келген объектiнi бiлдiредi;
      п) "Сезiмтал ядролық технология" жариялылық игiлiгi болып табылмайтын және кез келген сезiмтал ядролық объектiнi құрастырудың, әзiрлеудің, өндiрудің, пайдаланудың немесе техникалық қызмет көрсетудің өзектi элементi болып табылатын кез келген ақпаратты (жабдық немесе маңызды компонент болып табылатын ақпаратты қоса алғанда), не Тараптардың келiсуi бойынша осындай айқындама алуы мүмкiн өзiне осындай ақпаратты бiлдiредi;
      р) "Негiзгi материал" мыналарды бiлдiредi: 1) уран, торий немесе Тараптардың келiсуi бойынша осындай айқындама алған кез келген басқа материал немесе 2) Тараптар олар туралы уақыт өте келе уағдаластыққа қол жеткiзетiн осындай шоғырлардағы жоғарыда аталған материалдардың бiрi немесе одан да көбi болатын рудалар;
      с) "Арнайы ядролық материал" мынаны бiлдiредi: 1) плутоний, уран 233 немесе 235 изотобымен байытылған уран немесе Тараптардың келiсуi бойынша осындай айқындама алған кез келген басқа материал.

                     2-бап. Ынтымақтастықтың қамту аясы

      1. Тараптар осы Келiсiмнiң және өздерi қатысушылары болып табылатын осындай жағдайда қолданылатын шарттарды, сондай-ақ ұлттық заңдардың, нормативтiк қағидалардың және лицензиялық талаптардың ережелерiне сәйкес ядролық энергияны бейбiт мақсатта пайдалану саласында ынтымақтасады.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес ақпаратты, материалды, жабдықты және компоненттердi беру Тараптардың арасында тiкелей немесе уәкiлеттiк берілген тұлғалар арқылы жүзеге асырыла алады; Мұндай берудi жүзеге асыру осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес, сондай-ақ Тараптар келiсуi мүмкiн қосымша жағдайларда жүргiзiледi.

                            3-бап. Ақпаратты беру

      1. Ядролық энергияны бейбiт мақсатта пайдалануға қатысты ақпарат беру нысанасы болуы мүмкiн. Ақпаратты беру, есептер құрастыру, деректер банкi мен компьютерлiк бағдарламалар жасау, конференциялар мен сапарларды ұйымдастыру, сондай-ақ объектiлерге қызметкерлердi iссапарға жiберудi қоса алғанда, түрлi әдiстермен жүзеге асырыла алады. Ынтымақтастық саласына мыналар кiредi, бiрақ мұнымен шектелмейдi:
      а) Реакторларды әзiрлеу, құрастыру, құрылысын салу, iске қосу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану, сондай-ақ реакторлардағы эксперименттер және оларды пайдалануды шығару;
      б) Материалды физикалық және биологиялық зерттеулердi, медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсiпте пайдалану;
      в) Отын циклiн ядролық отынмен орнықты жабдықтады және ядролық қалдықтарды басқарудың тиiстi әдiстемесiн қамтамасыз етуге көп тарапты ыңғайларды қоса алғанда, азаматтық халықты ядролық энергиямен жабдықтау саласында болашақтағы бейбiт мұқтаждықтарды қанағаттандыру жолдарын зерделеу үшiн пайдалану;
      г) Кепiлдiктер мен материалдарды, жабдық пен компоненттердi физикалық қорғау;
      д) Жоғарыда аталғанға байланысты денсаулықты қорғау, қауiпсiздiк пен қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету аспектілерi; және
      е) Энергетика жөнiндегi ұлттық жоспарлардағы ядролық энергияның ойнауы мүмкiн рөлiн бағалау.
      2. Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын тиiстi шарттардың, сондай-ақ олардың ұлттық заңдары мен нормативтiк қағидаларының жағдайлары бойынша беруге рұқсат етiлмейтiн қандай да болмасын кез келген ақпаратты беруiн талап етпейдi.
      3. Осы Келiсiм үшiншi тараптарға жабық ақпаратты беруге жол бермейдi.
      4. Осы Келiсiм сезiмтал ядролық технологияны, егер бұл тек осы Келiсiмге түзету енгiзу жолымен ескертiлмейтiн болса, оны беруге жол бермейдi.

            4-бап. Материалды, жабдықты және компоненттерді беру

      1. Материал, жабдық және компоненттер осы Келiсiмге қайшы келмейтiн мақсаттарға пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасына осы Келiсiмге сәйкес берiлген кез келген арнайы ядролық материал 4-тармақта көзделген жағдайлардан басқа ретте, төмен байытылған уран болады. Осы Келiсiм егер бұл осы Келiсiмге түзету енгiзу жолымен ескертiлмейтiн болса, сезiмтал ядролық объектiлер мен мұндай объектiлердiң сындық маңызды компоненттерiн беруге жол бермейдi.
      2. Төмен байытылған уран реакторлық эксперименттерде және жаңғыртылуы үшiн реакторларда немесе Тараптардың арасында келiсiлуi мүмкiн өзге мақсаттар үшiн отын ретiнде пайдаланылуға берiле алады.
      3. Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн арнайы ядролық материалдың саны Тараптар өздерiнiң арасында келiсуi бойынша, мынадай мiндеттердiң: реакторлық эксперименттерде пайдалану немесе реакторларға жүктеме жасаудың; мұндай реакторлық эксперименттердi немесе реакторларды пайдалануды тиiмдi және үздiксiз жүргiзудiң; және Тараптардың арасында келiсiлген басқа мiндеттердiң кез келгенiн орындау үшiн қажет деп санайтын саннан ешқашан да аспауы тиiс.
      4. Арнайы ядролық материалдың аз саны үлгiлер, эталондар, детекторлар, нысаналар ретiнде пайдалану үшiн, және Тараптардың арасында келiсiлген басқа мiндеттердi орындау үшiн берiлуi мүмкiн. Осы тармаққа сәйкес берудi жүзеге асыруға 3-тармақта көзделген сандық шектеулерге қолданылмайды.

                      5-бап. Сақтау және қайталама беру

      1. Егер осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн немесе осындай түрде берiлетiн материалда немесе жабдықта пайдаланылатын, немесе оларды қолдана отырып плутоний, уран 233 және жоғары байытылған уран сәулеленген ядролық отында болмаса, онда олар Тараптардың арасында келiсiлген сақтау орындарында сақталады.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн материал, жабдық пен компоненттер және кез келген осындай материалды немесе жабдықты қолдана отырып өндiрiлген кез келген арнайы ядролық материал бұған Тараптардың келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, оларды алуға өкiлеттiктерi жоқ тұлғаларға, немесе алушы Тараптың заңдық құқығындағы аумақтық шектерден тысқары әкетуге берiлмейдi.

                        6-бап. Қайта өңдеу және байыту

      1. Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн материал және осындай түрде берiлетiн материалда немесе жабдықта пайдаланылатын материал немесе осындай материалды немесе жабдықты қолдана отырып өндiрiлген материал Тараптардың келiсiмiнсiз өңдеуге жатпайды.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн немесе осындай түрде берiлетiн материалда немесе жабдықта пайдаланылатын, немесе осындай материалды немесе жабдықты қолдана отырып өндiрiлген плутоний, уран 233, жоғары байытылған уран немесе сәулеленген негiзгi немесе арнайы ядролық материал бұған Тараптардың келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, сәулелену немесе одан әрi сәулеленуден басқа, олардың нысаны немесе болуын қозғайтын түрлендiруге жатпайды.
      3. Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн немесе осындай түрде берiлетiн кез келген жабдықта пайдаланылатын уран бұған Тараптардың келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, берiлгеннен кейiн байытылуға жатпайды.

                        7-бап. Физикалық қорғау

      1. Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн негiзгi немесе арнайы ядролық материал мен жабдыққа пайдаланылатын, немесе осындай материалды немесе жабдықты қолдана отырып өндiрiлген арнайы ядролық материалға қатысты тиiстi түрдегi физикалық қорғау қамтамасыз етiледi.
      2. Тараптар осы Келісiмге Қосымшада жазылған физикалық қорғаудың деңгейлерiне қатысты келiседi, олар осы Келiсiмге түзетулер енгiзусiз Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Тараптар осы деңгейлерге сәйкес тиiстi түрдегi физикалық қорғау шараларын қолданады. Бұл шаралар ең аз дегенде INFCIRC I/225 МАГАТЭ құжатының қолданылып жүрген нұсқасымен Тараптардың арасында келiсiлiп ұсынылатын қорғауға салыстырмалы қорғауды қамтамасыз етедi.
      3. Осы бапқа сәйкес қолданылатын физикалық қорғау шараларының бiрдейлiгi Тараптардың кез келгенi физикалық тиiстi қорғауды қамтамасыз ету үшiн қабылданатын шараларды қайта қараудың қажеттiлiгi туындауы мүмкiн деп санаған жағдайларда жүргiзiледi.
      4. Тараптар бiр-бiрiне өздерiнiң аумағындағы немесе өздерiнiң заңдық құқығындағы немесе бақылауындағы шектерде ядролық материалды физикалық қорғаудың тиiстi түрде сақталуын қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiкте болатын, сондай-ақ осы Бап қолданылатын материалды рұқсатсыз пайдалану немесе жұмыс iстеу жағдайында оның зардаптарын жою және қалпына келтiру жөнiндегi операцияларды үйлестiруде жауапты болатын агенттiктер немесе ведомстволар туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлайтын болады. Тараптар сондай-ақ бiр-бiрiн дипломатиялық арналар бойынша аумақтық шекараларынан тысқары ядролық материалды көшiру мәселелерi бойынша өзара мүдденi бiлдiретiн басқа да мәселелер бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында байланыстар жасау үшiн жауаптылар ретiнде тағайындалған өздерiнiң ұлттық агенттiктерiнiң қызметкерлерi туралы хабарландырады.
      5. Осы Баптың ережелерi Тараптардың қызметiне ядролық салада орынсыз араласуды болдырмау және олардың ядролық бағдарламаларын экономикалық және қауiпсiз жүзеге асыруға қажеттi ұтымды әкiмшiлiк-шаруашылықтық басқару әдiстерiне сәйкес қамтамасыз етiлетiндей түрде жүзеге асырылады.

       8-бап. Жарылыс құрылғыларында немесе әскери мақсаттарда қолданбау

      Осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн материал, жабдық немесе компоненттер, және осындай түрде берiлетiн кез келген материалда, жабдықта немесе компоненттерде пайдаланылатын, немесе осындай материалды, жабдықты немесе компоненттердi қолдана отырып өндiрiлген материал кез келген ядролық жарылыс құрылғысын зерттеу немесе игеру мақсатында немесе кез келген әскери мақсаттарда кез келген ядролық жарылыс қондырғысында пайдалануға жатпайды.

                            9-бап. Кепілдіктер

      1. Осы Келісiмнің шеңберлерiндегi ынтымақтастық Қазақстан Республикасы аумағының кез келген жерiнде, оның заңдық құқығымен немесе оның бақылауымен жүзеге асырылатын ядролық саладағы барлық қызметке қатысты МАГАТЭ-нiң кепiлдiктерiн қолдануды талап етедi. ЯҚТШ Ш (4) Бабына сәйкес Кепiлдiктер туралы келiсiмдi жүзеге асыру осы талапты қанағаттандыру ретiнде қаралады.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасына берiлетiн негiзгi немесе арнайы ядролық материал, және осындай түрде берiлетiн материалда, жабдықта немесе компоненттерде пайдаланылатын, және осындай материалдарды, жабдықтарды және компоненттердi пайдалана отырып өндiрiлген кез келген негiзгi немесе арнайы ядролық материал Қазақстан мен МАГАТЭ-нiң арасындағы ЯҚТШ байланысты кепiлдiктердi қолдануға қатысты 1994 жылғы 26 шiлдеде қол қойылған және 1995 жылғы 19 маусымда күшiне енген Келiсiмге сәйкес кепiлдiктер беру туралы талаптарға жатады.
      3. Осы Келiсiмге сәйкес Америка Құрама Штаттарына берiлетiн негiзгi немесе арнайы ядролық материал, және осындай түрде берiлетiн материалда, жабдықта немесе компоненттерде пайдаланылатын, және осындай материалдарды, жабдықтарды және компоненттердi пайдалана отырып өндiрiлген кез келген бастапқы немесе арнайы ядролық материал 1977 жылдың 18 қарашасында Венада жасалған және 1980 жылы 9 желтоқсанда күшiне енген.

      10-бап. Бірнеше жеткізуші болған жағдайда ядролық материалдарға
              бақылау жасау

      Егер Тараптардың бiрiнiң басқа мемлекетпен немесе мемлекеттер тобымен арасындағы кез келген Келiсiм мұндай басқа мемлекетке немесе мемлекеттер тобына осы Келiсiмнiң қолданылуына жататын материалға, жабдыққа немесе компоненттерге қатысты 5 немесе 6-Баптарда көзделген бәрiне немесе кез келген құқықтарға балама құқықтарды бередi, Тараптар олардың бiрiнiң сұрау салуы бойынша кез келген мұндай құқықтарды жүзеге асыруды осындай басқа мемлекет немесе мемлекеттер тобы жүзеге асыратындай етiп уағдаласа алады.

                         11-бап. Ынтымақтастықты тоқтату

      1. Егер осы Келiсiм күшiне енген соң кез келген уақытта Тараптардың бiрi:
      А) 5, 6, 7, 8 немесе 9-баптардың ережелерiн сақтамаған; немесе
      В) МАГАТЭ-мен Кепiлдiктер туралы келiсiмнiң қолданысын тоқтатқан, жойған немесе елеулi түрде бұзған жағдайда, басқа Тарап осы Келiсiмнiң шеңберiндегi одан әрi ынтымақтастықты тоқтатуға және осы Келiсiмге сәйкес берiлген кез келген материалды, жабдық пен компоненттердi және оларды қолдана отырып өндiрiлген кез келген арнайы ядролық материалды қайтаруды талап етуге құқығы бар.
      2. Егер осы Келiсiм күшiне енген соң кез келген уақытта Қазақстан Республикасының ядролық жарылыс құрылғысын детонациялау ниетi болған жағдайда, Америка Құрама Штаттары 1-тармақпен көзделген осыған ұқсас құқықтарға ие болады.
      Егер осы Келiсiм күшiне енген соң кез келген уақытта Америка Құрама Штаттары осы Келiсiмге сәйкес берiлген ядролық материалдарды немесе ядролық материалды қолдана отырып өндiрiлген не болмаса осылайша берiлген құрал-жабдықты пайдалана отырып ядролық жарылыс құрылғысын детонациялау ниетi болған жағдайда Қазақстан Республикасы 1-тармақпен көзделген осыған ұқсас құқықтарға ие болады.
      3. Егер Тараптардың бiрi осы Бапта көзделген кез келген материалды, жабдық пен компоненттердi қайтып алу құқығын жүзеге асырған жағдайда, онда басқа Тараптың аумағынан мұндай материал, жабдық немесе компоненттер келтiрiлген соң, ол басқа Тарапқа олардың ағымдағы нарықтың құнының есебiнен өтем жасайды. Америка Құрама Штаттарында кепiлдiктердi қолдануға қатысты Америка Құрама Штаттары мен МАГАТЭ-нiң арасындағы Келiсiмнің қолданылуына жатады.
      4. Егер Тараптардың бiрiне Келiсiмге сәйкес, 2-тармақта немесе 3-тармақта көзделгенiндей МАГАТЭ әлдебiр себеп бойынша кепiлдiктердi қолданбағаны немесе қолданбайтыны туралы куәландыратын жағдаяттар белгiлi болса, онда кепiлдiктердi қолданудың тиiмдiлiгi мен жүйелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Тараптар консультациялар өткiзедi және дереу МАГАТЭ-мен немесе өздерiнiң арасында: МАГАТЭ-нің кепiлдiктерiн берудің принциптерi мен рәсiмдерiне сәйкес келетiн; олар ауыстыратын жүйе қамтамасыз етуi тиiс балама сенiмдiлiктi қамтамасыз ететiн; және 2 немесе 3-тармақтардың ережелерi талап ететiн қамту аясына сай келетiн уағдаластықтарды жасайды.
      5. Тараптардың әрбiрi осы Бапта көзделген кепiлдiктердi қолдануға қолдау көрсету және жәрдемдесу үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.
      6. Тараптардың әрбiрi осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн негiзгi - және арнайы ядролық материалды, осындай түрде берiлетiн кез келген материалда, жабдықта немесе компоненттерде пайдаланылатын, немесе осындай түрде берiлетiн кез келген материалды, жабдықты немесе компоненттердi қолдана отырып өндiрiлген бастапқы және арнайы ядролық материалды есепке алу және бақылау жүйесiн құрады және оны жүргiзедi. Бұл жүйедегi қолданылатын рәсiмдер МАГАТЭ-нiң INFСIRС/153 құжатында (түзетiлген нұсқасы) баяндалған немесе Тараптармен келiсiлген осы құжаттың кез келген қайта қаралған нұсқасындағы рәсiмдермен салыстырмалы болуы тиiс.
      7. Тараптардың бiрінің сұрау салуы бойынша басқа Тарап осы Келiсiмнің қолданылуына жататын сұралатын Тараптағы барлық материалдардың мәртебесi туралы сұраушы Тарапқа хабарлайды немесе МАГАТЭ оған хабарлау туралы рұқсат бередi.
      8. Осы Баптың ережелерi мұнда Тараптың ядролық саладағы қызметiне кедергiлер, кiдiртулер жасамау немесе орынсыз араласуын болдырмауын және олардың ядролық бағдарламаларын экономикалық және қауiпсiз жүзеге асыруға қажеттi әкiмшiлiк-шаруашылық басқарудың ұтымды әдiстерiмен сәйкестiгiн қамтамасыз ететiндей түрде жүзеге асырылады.

            12-бап. Консультациялар және қоршаған ортаны қорғау

      1. Тараптар Тараптардың бiрiнiң сұрау салуымен осы Келiсiмдi жүзеге асыру және ядролық энергияны бейбiт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту мәселелерi бойынша консультациялар жүргiзуге мiндеттенедi.
      2. Тараптар осы Келiсiмнің шеңберiндегi қызметке қатысты, осындай қызметтiң халықаралық экологиялық зардаптарын анықтауға бағытталған консультациялар жүргiзедi және қоршаған ортаны осы Келiсiмнiң шеңберiнде ядролық саладағы бейбiт қызметтің салдарынан туындайтын радиоактивтi, химиялық немесе термальды ластанудан халықаралық ауқымда қорғау саласында ынтымақтасады, сондай-ақ денсаулықты қорғау және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң аралас саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

                          13-бап. Дауларды реттеу

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе жүзеге асыру мәселелерi бойынша кез келген дау осы дауды реттеу мақсатында Тараптардың дереу жүргiзiлетiн келiссөздерiнің нысанасы болады.

                 14-бап. Күшіне енуі және қолданылу мерзімі

      1. Осы Келiсiм Тараптар осы Келiсiмнің күшiне енуi үшiн қажеттi барлық ұлттық талаптардың орындалуы туралы хабарламамен дипломатиялық ноталармен алмасқан күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм 30 жыл бойы күшiнде болады. Бұл мерзiм Тараптардың Келiсiмi бойынша және олардың қоятын тиiстi талаптарына сәйкес ұзақтығы белгiленетiн қосымша уақыт кезеңiне ұзартылуы мүмкiн. Келiсiмнiң қолданылуы Тараптардың бiрiнiң кез келген уақытта басқа тарапқа Келiсiмнiң қолданылуы Тараптардың бiрiнiң кез келген уақытта басқа тарапқа Келiсiмнiң көзделген тоқтатылуына дейiн бiр жыл бұрын жазбаша хабарлама беруi бойынша тоқтатылуы мүмкiн.
      3. Осы Келiсiмнің қолданылуының тоқтатылуына немесе мерзiмнiң өтуiне немесе қандай да болмасын себеп бойынша осы Келiсiмнің шеңберiндегi ынтымақтастықтың кез келген тоқтатылуына қарамастан 5, 6, 7, 8, 9 және 11-баптар осы Баптардың қолданылуының күшi жүретiн кез келген материал, жабдық немесе компоненттер әзiрге тиiстi Тарап мемлекетiнің аумағында немесе оның заңдық құқығына немесе бақылауына жататын кез келген нүктеде қалғанға дейiн немесе Тараптардың арасында әзiрге кепiлдiктер аясына жататын ядролық саладағы кез келген қызмет үшiн мұндай материал, жабдық немесе компоненттер жарамдылығын жоғалтқаны туралы келісiмге қол жеткiзiлгенге дейiн күшiнде болады.

     Вашингтон қаласында, Колумбия округi, 1997 жылғы "18" қарашада екi 
дана болып, әрқайсысы қазақ және ағылшын тiлдерiнде жасалды және барлық 
мәтiн бiрдей күшке ие.
     Осы Келісiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер болған 
жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
     
     Қазақстан Республикасы                        Америка Құрама
              үшін                                    Штаттары
                                                        үшін 
     
            
                                Қосымша 
     


      7-Баптың 2-тармағына сәйкес құзыреттi ұлттық өкiметтер берiлiп отырған кестеде көрсетілген материалдарды пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға қатысты қамтамасыз етілетiн физикалық қорғаудың келiсiлген деңгейлерiне мынадай ең төменгi қорғау өлшемдерi кiредi:

                                III санат

      Орындарды пайдалану және сақтау, оған қол жеткiзу бақыланады.
      Арнайы сақтандыру шараларын сақтай отырып, оның iшiнде жiберушi Тараптың, алушы Тараптың және тасымалдаушының арасында алдын ала уағдаластық, сондай-ақ тиiсiнше берушi мемлекет пен алушы мемлекеттiң заңдық құқығына және реттеушi нормативтерiнiң қолдануына жататын құрылымдардың арасында алдын ала келiсiм жасай отырып тасымалдау, мұның үстiне тасымалдау халықаралық сипатта болса, келiсiмде тасымалдау үшiн жауапты берудiң уақыты, орны және рәсiмдерi көрсетiледi.
                                ІІ санат 




      Бақыланатын қорғалынған орынға қол жеткiзуде пайдалану мен сақтау, яғни тиiстi бақылаудағы кiру/шығу пункттерiнiң саны шектелген физикалық кедергiлермен қоршалған күзет қызметкерiнiң немесе электронды қондырғылардың ұдайы байқауындағы орында немесе физикалық қорғаудың баламалы деңгейi қамтамасыз етiлген орында пайдалану мен сақтау.
      Арнайы сақтандыру шараларын сақтай отырып, оның iшiнде жiберушi Тараптың, алушы Тараптың және тасымалдаушының арасында алдын ала уағдаластық, сондай-ақ тиiсiнше берушi мемлекет пен алушы мемлекеттiң заңдық құқығына және реттеушi нормативтерiнiң қолдануына жататын құрылымдардың арасында алдын ала келiсiм жасай отырып тасымалдау, мұның үстiне тасымалдау халықаралық сипатта болса, келiсiмде тасымалдау үшiн жауапты берудің уақыты, орны және рәсiмдерi көрсетiледi.
                                 I санат 




      Осы санатқа жататын қорғау рұқсат етiлмеген пайдалануды болдырмауға арналған жоғары сенiмдiлiк жүйелерiнiң көмегiмен жүзеге асырылады және де бұл мiндет мынадай түрде шешiлетiн болады:
      Жоғары қорғалым дәрежесi бар орында, яғни жоғарыда аталған II санатқа жататын айқындауға сәйкес қорғалынатын орында пайдалану мен сақтау; бұдан басқа бұл орынға қол жеткiзу қосымша шектеулермен байланыстырылады және сенiмге лайықты деп танылған адамдарға ғана берiледi. Мұның үстiне бұл орын тиiстi назар аудару күштерiмен тiкелей байланысты қолдайтын күзет қызметкерлерiнiң байқауында болады. Осы контексте қабылданатын нақты шаралардың мақсатында кез келген шабуылды, рұқсат етiлмеген қол жеткiзудi немесе материалды рұқсат етiлмеген әкетудi табу мен болдырмау болуға тиiс.
      Жоғарыда аталған осы секiлдi шаралардың II және III санаттарына қатысты материалдарды тасымалдау кезiнде қолданылатын жоғарыда аталған шараларға ұқсас арнайы сақтандыру шараларын қолдана отырып тасымалдау, бұдан басқа тасымалдау iлесiп жүрушi адамдардың тарапынан ұдайы бақылауында және тиiстi назар аудару күштерiмен тiкелей байланысты қамтамасыз ететiн жағдайында жүзеге асырады.

                             Келісілген жазба

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ядролық энергияны бейбiт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы бұл күндерi қол қойылған Келiсiмдi ("Келiсiм") жасау туралы келiссөздердің барысында Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын мынадай уағдаластықтарға қол жеткiзiлдi.

                           Келiсiмнің қамту аясы

      Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан басқа Тарап мемлекетiнің аумағына тiкелей де, сондай-ақ үшiншi ел арқылы көшiрiлетiн материал, жабдық пен компоненттер Келiсiмге сәйкес алушы - Тараптың тиiстi мемлекеттiк органы берушi - Тараптың тиiстi мемлекеттiк органына мұндай материалға, жабдыққа, компоненттерге Келiсiмнің күшi жүретiндiгiн растайтын болғанда ғана көшiрiлген болып саналады.
      5 және 6-Баптарда көзделген Келiсiмге сәйкес берiлетiн және келiсiмге сәйкес берiлген жабдықта пайдаланылмаған және мұндайды қолданып өндiрiлген арнайы ядролық материалды, қолдана отырып өндiрiлген арнайы ядролық материалға қатысты құқықтарды жүзеге асыру үшiн мұндай құқықтар практикада осындай түрде пайдаланылатын материалдың жалпы санына арнайы ядролық материалды өндiруге пайдаланылған, берiлетiн материалдың ара қатынасын бiлдiретiн өндiрiлген арнайы ядролық материалдың сайма-сайлығына қолданылады; бұл кейiнгi толқындарына да жатады.

                                Кепiлдiктер

      Егер Тараптардың бiрiне егер 9-баптың 4-тармағында айтылған жағдаяттар белгiлi болған жағдайда, оған мына төмендегi құқықтар берiледi, олар егер екi Тарап мұндай құқықтарды жүзеге асыруға деген сұраныс 9-баптың 4-тармағына сәйкес қол жеткiзiлген уағдаластықтардың шегiнде МАГАТЭ-нiң есебiнен қанағаттандырылатындығы туралы келiскен жағдайда тоқтатыла тұрады.
      1/ Келiсiмге сәйкес берiлетiн кез келген жабдықтың құрастырмасының жобасын немесе осындай түрде берiлетiн материалды пайдалану, өндiру, өңдеу немесе сақтау, немесе осындай материалдарды немесе жабдықты немесе оларды қолдана отырып өндiрiлген осындай материалдарда немесе жабдықта пайдаланылатын кез келген арнайы ядролық материалды дер кезiнде қарауға арналған құқық;
      2/ осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн материалдың және осындай түрде берiлген кез келген материалда, жабдықта немесе компоненттерде пайдаланылған немесе арнайы ядролық материалды есепке алуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында құжаттар мен тиiстi есептердi жүргiзудi және ұсынуды талап ету құқығы; және

     3/ басқа Тараппен консультациялар негiзiнде 2-тармақта айтылған 
материал бойынша есептiлiк үшiн, 1-тармақта айтылған кез келген жабдықты 
немесе объектiнi инспекциялау үшiн және осындай материал бойынша есептiлiк 
үшiн қажет деп танылуы мүмкiн кез келген құрылғыны орнату және кез келген 
тәуелсiз өлшемдердi жүргiзу үшiн қажет барлық орындар мен деректерге қол 
жеткiзе алатын қызметкердi тағайындау құқығы. Тараптардың бiрiнiң тиiстi 
сұрау салуы бойынша мұндай қызметкер басқа Тарап тағайындаған қызметкермен 
қоса iлеседi.           
          
     Қазақстан Республикасы                            Америка Құрама
             үшін                                      Штаттары  үшін
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Нарбаев Е.Ә.) 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады