Вашингтонда 1999 жылғы 16 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасы, Халықаралық қалпына келтіру және Даму Банкі мен "Қазақойл" ұлттық мұнай газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы арасындағы Тапсыру және келісу туралы акті (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы) бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкінің және "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы жабық акционерлік қоғамы арасындағы Беру және келісу актісі (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы)
Осы беру және келісу актісін Қазақстан Республикасы (Қазақстан Республикасы), Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi (Банк) және "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы жабық акционерлiк қоғамы ("Қазақойл" ҰМК) 1999 жылғы шiлде айының 16-күнi жасалды.
(А) Осымен, Банк 1996 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Банк арасында жасалған Заем туралы келiсiмге (Займ туралы келiсiм) сәйкес, оған енгiзiлген түзетулердi қоса, Қазақстан Республикасына жүз тоғыз миллион АҚШ долларына баламды (109.000.000 АҚШ $) түрлi валютадағы соманы бөлуге (Заем), Заем туралы келiсiмде көзделген шарттар мен мерзiмдерге және Банкпен ӨМГ арасындағы дәл сол күнi жасалынған Жоба туралы келiсiмде айтылған (Жоба туралы келiсiм), Өзенмұнайгаз АҚ (ӨМГ) Банктiң алдында өзiне осындай мiндеттердi алуға келiсуi шартымен келiстi.
(Б) 1996 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен ӨМГ арасында жасалған қосалқы заем туралы келiсiмге сәйкес (Қосалқы заем туралы келiсiм), Заем туралы келiсiмнiң берiлетiн Заем қаражат, Қосалқы заем туралы келiсiмде атап көрсетiлген мерзiмдер мен шарттарда, (ӨМГ) шеңберiнде қайта кредиттеледi;
(В) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы Жарлығы мен Үкiметтiң 1997 жылғы 24 наурыздағы 410 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы бәрiн қоспағанда көмiрсутегiн барлауды, игерудi, өндiрудi және қайта өңдеудi жүргiзуi тиiс жабық акционерлiк қоғам нысанындағы "Қазақойл" ҰМК-ын құрды және оған өнiмдердегi, роялтидегi және көмiрсутегiн барлау, игеру және қайта өңдеу жөнiндегi басқа да келiсiмдер бөлiгiндегi өзiнiң үлесiн, оның iшiнде Каспий құбыр желiсi жөнiндегi консорциумдағы өзiнiң үлесiн, экономикалық әрiптестер мен бiрлескен кәсiпорындардағы өзiнiң үлесiн және өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттiң үлесiн бердi;
(Г) Қазақстан Республикасы саяси тұжырымдарға сүйене отырып, мұнай мен газ жөнiндегi барлық жобаларды "Қазақойл" ҰМК арқылы жүзеге асыруға ниеттенiп отыр және сондықтан да Заем туралы келiсiм бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттемелерiн "Қазақойл" ҰМК бермек ойда;
(Д) Қазақстан Республикасы Заем туралы келiсiм бойынша құқықтық мұрагер ретiнде Қазақстан Республикасы мен Банктiң арасында жасалған немесе жасалатын кепiлдiктер туралы келiсiмде көзделгендей "Қазақойл" ҰМК-ге мiндеттемелер бойынша кепiлдiктердi беруге келiседi; және
(Е) "Қазақойл" ҰМК Қазақстан Республикасының көрсетiлген кепiлдiгi мен Банктiң беруге келiсiмiн назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының өзiнiң пайдасына көрсетiлген беруiне келiседi және осы Келiсiмде көзделген шарттарды Заем туралы келiсiм бойынша құқықтар мен мiндеттемелердi қабылдауға және жүзеге асыруға дайын.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы актiнiң тараптары төмендегi туралы уағдаласты:
I бап
Қазақстан Республикасының беруi және кепiлдiгі
1.01-бөлiм. "Қазақойл" ҰМК Заем туралы келiсiмге енгiзiлген белгілi бiр түзетулермен келiсуi шартымен, Қазақстан Республикасы осымен Заем туралы келiсiм бойынша өзiнiң барлық құқықтары мен мiндеттемелерiн "Қазақойл" ҰМК бередi және "Қазақойл" ҰМК Қазақстан Республикасының орнына көрсетiлген барлық құқықтары мен мiндеттемелерiн пайдалануға және орындауға өкiлеттiк бередi.
1.02-бөлiм. "Қазақойл" ҰМК, бұдан әрi көрсетiлгендей, Заем туралы келiсiмдегі түзетулермен және өзгерiстермен Қосалқы заем туралы келiсiм бойынша келiсуi шартымен Қазақстан Республикасы осымен Қосалқы заем туралы келiсiм бойынша барлық құқықтар мен мiндеттердi "Қазақойл" ҰМК-на бередi және "Қазақойл" ҰМК-ге Қазақстан Республикасының орнына барлық көрсетiлген құқықтар мен мiндеттердi пайдалануға және орындауға өкiлеттiк бередi.
1.03-бөлiм. Осы көрсетiлген беруге Банктiң келiсiмiн назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы (Кепiлшi), осы Актiге қосымшада қоса берілген нысанда Кепiлдiк туралы келiсiмді (Кепiлдiк туралы келiсiм) ресiмдеуге және ұсынуға келiседi.
ІІ бап
"Қазақойл" ҰМК қабылдауы және келiсуi
2.01-бөлiм. Осымен, "Қазақойл" ҰМК Қазақстан Республикасының тағайындауын, берудi және өзiне берiлген құқықты қабылдайды және осы Актiнiң, 1.01-бөлiмiне сәйкес Заем туралы келiсiмдегi өзгерiстермен келiседi. "Қазақойл" ҰМК бұдан былай Қазақстан Республикасын Заем туралы келiсiмде Заем алушы ретiнде ауыстырады және осыған сәйкес осы Актiнiң 2-қосымшасындағы өзгертiлген және қайта ресiмделген Заем туралы келiсiмде (Заем туралы өзгертiлген және қайта ресiмделген келiсiм) көрсетiлгендей тиiсiнше Заем туралы келiсiм де өзгередi. "Қазақойл" ҰМК, осымен өзгертiлген және қайта ресiмделген Заем туралы келiсiмнiң шарттарын орындайтындығына келiсiм бередi және оны растайды.
2.02-бөлiм. Сондай-ақ, осымен, "Қазақойл" ҰМК осы Актiнiң 1.01-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының өзiне берген тағайындауын, беруi мен құқықтарын қабылдайды. "Қазақойл" ҰМК Қосалқы заем туралы келiсiмде кредитор ретiнде Қазақстан Республикасын ауыстырады және осыған сәйкес тиісінше Қосалқы заем туралы келiсiм де өзгередi. "Қазақойл" ҰМК, Қосалқы заем туралы келiсiмнiң шарттарын толық орындайтындығына келiсiм бередi және растайды.
2.03-бөлiм. Заем туралы келiсiм және Қосалқы заем туралы келiсiм бойынша, "Қазақойл" ҰМК, осы құжаттармен Қазақстан Республикасының құқықтары мен мiндеттерiн алуға құқықты және өкiлеттi екендiгін және "Қазақойл" ҰМК құжаттары қолданылып жүрген заңдар мен рәсiмдерге сәйкес тiркелгенiн "Қазақойл" ҰМК осымен бiлдіредi, ал Қазақстан Республикасы осымен растайды.
ІІІ бап
Банктiң келiсуi
3.01-бөлiм. "Қазақойл" ҰМК өзгертiлген және қайта ресiмделген Заем туралы келiсiм мен өзгертiлген Қосалқы заем туралы келiсiм бойынша мiндеттемелердi толық өзiне қабылдау Шартымен және Кепiлдiк туралы келiсiмге сәйкес өзiнiң құқықтарын тиiстi түрде сезiнгенде, Банк, осы Актiнiң 2.01 және 2.02-бөлiмдерiнде көрсетiлгендей, Қазақстан Республикасының орнына "Қазақойл" ҰМК-ның болуымен, құқығының берiлуiмен, және тағайындалуымен келiседi.
ІҮ бап
Күшiне енуi; қосымшалар мен мекен-жайлары
4.01-бөлiм. Мына оқиғалар осы Келiсiмнiң күшiне енуiнiң шарттары болып табылады:
(а) Қазақстан Республикасы мен "Қазақойл" ҰМК-ның атынан құқықтар мен мiндеттемелердi беру тиiстi тұрғыда уәкiлеттендiрiлгендiгi және беру мен келiсу туралы осы Акт тиiстi түрде ресiмделгенi және Қазақстан Республикасы мен "Қазақойл" ҰМК атынан ұсынылғаны және оның шарттарына сәйкес тараптар үшiн заңдық жағынан мiндеттi екендiгi туралы қорытындылар немесе қорытынды Банк Банкке тиесiлi заңгер үшiн қанағаттанымды;
(Ь) Кепiлдiк туралы келiсiм Қазақстан Республикасының атынан ресiмделгендiгi және ұсынылғаны туралы куәлiк Банк үшiн қанағаттанымды; және
(с) қорытынды Кепiлдiк туралы келiсiмнiң тиiстi түрде уәкiлеттендiрілгендiгi немесе бекiтiлгендiгi және ресiмделгенi және Кепiлшiнiң атынан ұсынылғандығы туралы Банк, Кепiлшiнiң атынан Банк үшiн тиесiлi заңгер үшiн қанағаттанымды және оның шарттарына сәйкес Кепiлшi үшiн заңдық тұрғыда мiндеттi болып табылады.
Осымен тараптар Заем туралы келiсiм мен Қосалқы заем туралы келiсiмдi сөзсiз түсiнедi және қабылдайды және көрсетiлген келiсiм бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерi өзгерiссiз қалады және оған байланысты құқықтарды тағайындау, ұсыну, беру, өзгерiстер, түзетулер және келiсiмдер Банк Қазақстан Республикасы мен "Қазақойл" ҰМК-на жоғарыда көрсетiлген шарттардың орындалғандығы туралы мәлiмдейтiн хабарлама жiбергенге дейiн күшiне енбейдi.
4.02-бөлiм. Егер Банк өзгедей келiспесе, осы Келiсiм осы күннен бастап тоқсан (90) күннiң iшiнде күшiне енбеген жағдайда тоқтатылады. 4.03-бөлiм. Осыған I қосымша мен II қосымша осы Келiсiмнiң құрамдас және ажырамас бөлiгiн бiлдiредi. 4.04-бөлім. Тараптардың мына мекен-жайлары осы Келісімге қатысты құлақтандырулар мен сұрай салуларды жолдау үшін пайдаланылады: Қазақстан Республикасы үшін: Қаржы министрлігі Бейбітшілік көшесі, 11 473000, Астана Қазақстан Республикасы Телекс: 251 245 FILIN Банк үшін: United States of America Wаshingtоn, D.С. 20433 1818 H Strееt, N. W Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі Cable addres Телекс: INTBAFRAD 248423 (RCA) Wаshingtоn, D.С. 82987 (FTCC) 64145 (WUI) немесе 197688(TRT) "Қазақойл" ҰМК үшін: Республика даңғылы 60 473000 Астана Қазақстан Республикасы Осыны растау үшін, тараптар өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы осы келісімге жоғарыда жазылған тиісті аттарымен сол күні және жылы қол қойды. Қазақстан Республикасы қол қойылды Б.К.Нұрғалиев Уәкілетті өкіл Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі қол қойылды Джуди О Коннер Жұмыс істеп тұрған Еуропа және Орта Азия Аймақтық вице-президенті "Қазақойл" Ұлттық мұнайгаз компаниясы қол қойылды Б.К.Нұрғалиев Уәкілетті өкіл
1-Қосымша
Кепілдік туралы келісім Заем нөмірі 4061 KZ
Қазақстан Республикасы
мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы кепілдік туралы келісім (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы) Заем нөмірі 4061 KZ Кепілдік туралы келісім
Қазақстан Республикасы (Кепiлшi) мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi (Банк) арасындағы 1999 жылғы 16 шiлдедегi Келiсiм,
Осымен (А) Кепiлшi, Банк және "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы (Заем алушы) арасында жасалған Беру және келiсу туралы актi арқылы (дәл сондағы күннен) [1999 жылғы 16 шiлдеден] (Беру және келiсу туралы акт) Кепiлшi Заем туралы келiсiм бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн бередi және Заем алушы қабылдады және Беру және келiсу туралы актiге қоса берiлген Түзетiлген және қайта ресiмделген заем туралы келiсiм бойынша мiндеттердi өзiне қабылдауға келiсiм бердi:
(Б) Банк Беру және келісу туралы актiде көзделген мерзiмдер мен шарттарда көрсетiлген беруге келiстi, егер Кепiлшi осы Келiсiмде көрсетiлген Займға қатысты Займ алушы мiндеттерiне кепiлдiк берсе;
Осымен, Кепiлшi, Заем алушы мен Кепiлшi жасаған Беру және келiсу туралы актiге Банктiң қатысатынын назарға ала отырып, Заем алушының мiндеттемелерi бойынша осы кепiлдiкке келiстi.
Сонымен, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, осымен тараптар төмендегi туралы келiстi:
І бап
Жалпы шарттар; Анықтаулар
1.01-бөлiм. Банктiң 1985 жылы 1 қаңтарда шыққан "Заем және Кепiлдiк туралы келiсiмге қолданылатын жалпы шарттары" төменде көзделген өзгерiстерiмен (Жалпы шарттар) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн бiлдiредi;
(а) 3.02-Бөлiмнiң соңғы сөйлемi алынып тасталынды;
(б) 5.01-Бөлiмнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк пен Займ алушы басқаша келiсе алмаған жағдайда, ақша Банк мүшесi емес елдiң аумағының шығыны есебiне аударылады, немесе (б) заңды немесе жеке тұлғаның әртүрлi мақсаттағы төлемiне, немесе тауар импортына, егерде бұл төлем мен импортқа Банктiң бiлуiнше, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының 7-шi тарауына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесi қабылдаған шешiмiмен тыйым салынған болса"
(в) 6.02-бөлiмiнде (к) тармақшасы (1) тармақша болып аталады және (к) мынадай жаңа тармақша түрiнде толықтырылады:
(к) Төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда Займ аумағындағы ақша аударудың ешқайсысы Банк Келiсiмiнiң 3-шi бабына 3-шi бөлiмiне сәйкес болмайды.
1.02-Бөлiм. Егер мәтiннiң толық мәндi үзiндiсi қажет етпесе, осы Келiсiмнiң кiрiспесi мен жалпы шарттарында анықталған кейбiр шарттар, Займ туралы Келiсiм мен тапсыру және келiсу Актiсiндегi кiрiспе мен 1.02-Бөлiм соған сәйкес мағынаны бiлдiрмек.
№ІІ бап
Кепiлдiк; Қаражатпен қамтамасыз ету
2.01-бөлiм. Заем туралы келiсiмге 2-қосымшада көзделгенiндей, Кепiлшi Жобаның мiндеттерiн орындау туралы өзiнің кез келген мiндеттемелерiн жариялайды, сөйтiп осы тұрғыда Кепiлдiк туралы келiсiм бойынша Кепiлшi өзiнiң басқа да мiндеттемелерiн шектеусiз немесе қысқартусыз сөзсiз орындауға, кепiлге алушы ғана емес, бiрiншi мiндеттi тұлға ретiнде негiзгi қарызын уақытылы төлеуге, Заем бойынша проценттiк, болған жағдайда сыйақы, алдын ала төлеу, басқа да Заем туралы келiсiмде көзделген Заем алушы мiндеттемелерiн және Заем бойынша басқа да төлемдердi төлеуге кепiлдiк бередi.
2.02-бөлiм. Осы Келiсiмнiң 2.01-Бөлiмiн шектеусiз және қысқартусыз орындауға Жобаны орындауға талап етiлетiн шығыстарды жүргiзуге Заем алушының қаржысы жеткiлiксiз деп есептеуге негiз пайда болған кезде, Кепiлшi Банктi қанағаттандыратын, Заем алушыны дерек қамтамасыз ететiн
немесе Заем алушының талап етiлетiн шығыстарын орындауға қажеттi қаржымен қамтамасыз етуге өкiм беретiн арнаулы шараларды қабылдайды. ІІІ-бап Басқа да шарттар 3.01-бөлім. Заем туралы келiсiм бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн және Заем алушының жобаны орындауына жағдай туғызу үшiн, Кепiлшi шек қоймау, лицензия беру және бекiту сияқты шаралар қабылдау керек. 3.02-бөлiм. Кепiлшi Заем алушыға шикi мұнайды коммерциялық қалай сатқан орынды деп есептесе, солай сатуына рұқсат етуi тиiс. ІҮ бап Кепiлшiнің өкiлдерi; мекен-жайлар 4.01-бөлiм. Кепiлшiнiң Қаржы министрi Жалпы шарттардың 11.03-Бөлiмiн орындау мақсатында кепiлшiнiң өкiлi болып тағайындалады. 4.02-бөлім. Төмендегі мекен-жайлар Жалпы шарттардың 11.01-Бөлімінің мақсаты үшін көзделеді: Кепілші үшін: Қаржы министрлігі Бейбітшілік көшесі, 11 473000, Астана Қазақстан Республикасы Телекс: 251 245 FILIN Банк үшін: Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі 1818 H Strееt, N. W Wаshingtоn, D.С. 20433 United States of America Cable addres Телекс: INTBAFRAD 248423 (RCA) Wаshingtоn, D.С. 82987 (FTCC) 64145 (WUI) немесе 197688(TRT) Осыны растау үшін, тараптар өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы осы Келісімге, бірінші бетте жазылып, көрсетілген күн мен жылда өздерінің тиісті аттарынан қол қойды. (Distict of Соluмbiа, Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасы қол қойылды Б.К.Нұрғалиев Уәкілетті өкіл Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі қол қойылды Джуди О Коннер Еуропа және Орта Азия Аймақтық Вице-президенті 2-Қосымша Заемның нөмірі 4061-KZ "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы жабық акционерлік қоғамы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Өзгертілген және қайта рәсімделген Заем туралы келісім (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы) Заем туралы келісім
"Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (Заем Алушы) мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (банк) арасындағы 1996 жылғы 18 шілдедегі Келісім.
(А) Заем алушы, осы Келісімнің 2-Қосымшасында сипатталған Жобаның өміршеңдігі мен басымдығына көз жеткізгеннен кейін Жобаны қаржыландыруға көмектесу туралы Банкке өтініш Жасағандықтан;
(В) Жобаны Заем алушының көмегімен Өзенмұнайгаз компаниясы (ӨМГ) жүзеге асыратын болғандықтан және Заем алушы осы Келісім бойынша берілетін Заем қаражатын осындай көмектің бір бөлігі ретінде ӨМГ-ге беретіндіктен; және
Банк, басқа шарттардың ішінде, жоғарыда айтылғаннан негізінде Заем алушыға осы Келісімде және Банк пен ӨМГ арасында дәл сол күні жасалған Жоба туралы келісімде ескертілген шарттарда Заем беруге Келіскендіктен;
Осылай, осы арқылы тараптар төмендегі мәселе туралы уағдаласады:
І Бап
Жалпы шарттар; Анықтамалар
1.01-бөлiм. Банктiң 1985 жылғы 1 қаңтардағы Заемдар мен Кепiлдiктер туралы келiсiмдерге қатысты қолданылатын жалпы шарттары төменде ескертiлген түзетулермен бiрге (Жалпы шарттар) осы Келiсiмнiң ажырамас бір бөлiгiн құрайды:
(а) 3.02-бөлiмнiң соңғы сөйлемi алынып тасталды.
(Ь) 5.01-бөлiмнiң екiншi сөйлемiне өзгерiстер енгiзiлдi және ол былайша оқылады:
"Егер Банк пен Заем алушы өзгеше уағдаласпаса, онда қаражат алу:
(а) Банктiң мүшесi болып табылмайтын кез келген елдiң аумағындағы шығындар үшiн, немесе осындай аумақтарда өндiрiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң ақысын төлеу үшiн; немесе (Ь) импортталатын тауарлар үшiн тұлғаларға немесе кәсiпорындарға төлем төлеу мақсатында, егер мұндай төлемдерге немесе импортқа, Банктiң ақпаратына сәйкес, БҰҰ Жарғысының ҮІI тарауы шеңберiнде қабылданған БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса, жүзеге асырылмауы тиiс".
6.02-бөлiмдегi (к) бөлiмшесi (1) бөлiмше болып өзгертiлдi, ал жаңадан қосылған (к) бөлiмшесiн былайша оқу керек:
"(к) Заем қаражатының бұдан былайғы кез келген алынуы Банк Шарты туралы Келiсiмнiң III Бабының 3-Бөлiмiнiң шарттарына сәйкес келмейтiн төтенше жағдай қалыптасты".
1.02-бөлiм. Егер контекст өзгеше қажет етпесе, онда Жалпы шарттарда және осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде айқындалған кейбiр терминдер тиiсiнше оларда айқындалған мәнге ие болады, ал төменде келтiрiлген қосымша терминдер, мынадай мәндерге ие болады:
(а) "ЗА Блогы" Өзен мұнай кен орнының ЗА Блогы ретiнде шекаралары белгiленген аймақты бiлдiредi.
(Ь) "Жоба туралы келiсiм" осы құжатта қай күнi көрсетiлсе, дәл сол күн көрсетiлген және сондай-ақ мезгiл-мезгiл түзетулер енгiзiлiп отыруы мүмкiн Банк пен Өзенмұнайгаз (ӨМГ) арасындағы келiсiмдi бiлдiредi және бұл термин Жоба туралы келiсiмге қосымшалар болып қосылған барлық кестелер мен келiсiмдердi қамтиды.
(с) "Жобаны әзiрлеуге берiлген аванс" Қазақстан Республикасы мен Банк арасындағы 1995 жылдың 8 қарашасы күнгi Келiсiм-хатқа сәйкес Банк Қазақстан Республикасына берген, жобаны әзiрлеуге арналған авансты бiлдiредi.
(d) "Айналым қаражатын қаржыландырудың қысқа мерзiмдi жоспары" ӨМГ-нiң айналым қаражатын (жұмыс капиталын) қаржыландырудың Банктiң келiсiмiмен мезгiл-мезгiл өзгертiлiп отыруы мүмкiн 1996 жылғы 31 мамырдағы қысқа мерзiмдi жоспарын бiлдiредi.
(e) "Арнаулы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (Ь) Бөлiмiнде айтылған шотты бiлдiредi.
(f) "Қосалқы заем беру туралы келiсiм" осы Келiсiмнiң 3.01(Ь) Бөлімiне сәйкес Заем алушы мен ӨМГ арасында жасалатын оған да мезгiл-мезгiл түзетулер қабылдануы мүмкiн Келiсімдi білдiредi және бұл термин Қосалқы заем туралы келiсiмге қоса берiлген барлық қосымшаларды қамтиды. "Қосалқы заем" терминi осы Келiсiмге сәйкес берiлген заемды бiлдiредi.
(q) Техникалық және басқарудың ноу-хау қызметтерi техникалық және басқару ноу-хауын беру жөнiндегi қызметтердi бiлдiредi және басқа да консультациялық қызметтердi қамтиды.
(h) "Техникалық қызмет көрсету" скважиналарды сынау, каротаж, скважиналарды перфорациялау және оларға қайталап су айдау жөнiнде осы Жобаның В.1 және В.2-Бөлiмдерiне сәйкес көрсетiлуге тиiстi қызметтердi және скважиналарды күрделi жөндеу қондырғыларының қызметтерiн бiлдiредi.
(i) "ӨМГ" немесе "Өзенмұнайгаз" Заем алушының заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс iстеп тұрған заңды тұлға - "Өзенмұнайгаз" компаниясын бiлдiредi және оның Банк үшiн қабылданымды кез келген құқықтық мұрагерiн немесе құқықтық мұрагерлерiн қамтиды.
(j) "ӨМГ-нi жекешелендiрудi жүзеге асыру жоспары" осы Келiсiмнiң 3.05-Бөлiмiне сәйкес Заем алушының ӨМГ-нi жекешелендіру жөнiндегi жоспарын бiлдiредi, сонымен бiрге аталған жоспарға Банктiң келiсiмімен мезгiл-мезгiл түзетулер енгiзiлiп отыруы мүмкiн.
(k) "Өзен мұнай кен орны" түпкi Заем алушының 1995 жылғы 5 қыркүйектегi N 254 лицензиясына сәйкес Өзен мұнай кен орны болып табылатын түпкi Заемшының осы кен орнын бiлдiредi.
II Бап
Заем
2.01-бөлiм. Банк Заем алушыға Заем туралы келiсiмде айқындалған немесе ескертiлген мерзiмге және шарттарда жиынтық Шамасы түрлi валютада бiр жүз тоғыз миллион доллар (109,000,000 доллар) сомасына баламды болатын, осы Заем бойынша алынатын қаражат сомасы болып табылатын заем беруге келiседi, бұл ретте әрбiр қаражат алынымы сомасын Банк осындай алыным күнiне бағалайтын болады.
2.02-бөлiм. (а) Заем сомасы заем шотынан осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында сипатталған, Жоба үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердiң негiзделген құнын ескере отырып жүзеге асырылған (немесе, егер Банк келiсiм берсе, жүзеге асырылуға тиiстi) және осы Заем қаражатынан қаржыландырылатын шығындар үшiн осы Келісiмнiң 1-Қосымшасының шарттарына сәйкес алынуы мүмкiн.
(Ь) Заем алушы Жобаны жүзеге асыру мақсатында Банк үшiн қабылданымды болып табылатын қандай да болсын коммерциялық банкте және Банк үшiн қабылданымды шарттарда, оның iшiнде талаптардың есепке алынуынан, тәркiлеуден немесе тұтқындау белгілеуден тиiстi дәрежеде қорғай отырып, доллар мен ағымдағы арнаулы шот ашып, ұстап отыра алады. Шотқа қаражат аудару және Арнаулы шоттан қаражат төлеу осы Келiсiмнiң 4-Қосымшасының шарттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
(с) Келiсiм күшiне енгеннен кейiн дереу Банк жобаны әзiрлеу үшiн алынған және осы күнге қайтарылуға тиiстi Аванс сомасын өтеу үшiн қажеттi соманы Заем алушының атынан Заем шотынан алып, оны өзiне өзi төлеуi, сондай-ақ осы сомаға есептелген барлық проценттердi төлеуi тиiс. Жобаны әзiрлеуге арнап бекiтiлген Аванс сомасының алынбаған қалдығы осыдан кейiн жойылады.
2.03-бөлiм. 2000 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банк белгiлейтiн осындай неғұрлым кейiнiрек күн Заемды жабу күнi болады. Банк осындай неғұрлым кейiнiрек күн туралы Заем алушыны дереу хабардар етуi тиiс.
2.04-бөлiм. Заем алушы кредит желiсiн сақтап отырғаны үшiн Банкке мезгiл-мезгiл шоттан алынбай қалатын негiзгi заем сомасына жылына бiр проценттiң төрттен үшiн (1%-тің 3/4) төлем ставкасы бойынша есептелген комиссиялық алым төлеп отыруы тиiс.
2.05-бөлiм. (а) Заем алушы процент есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн осының алдындағы жарты жылдық негiзiнде айқындалып, оған жарты процент (1%-тiң 1/2) қосылған бiлiктi қарыз алу құнына тең болатын төлем ставкасы бойынша алынған және мезгiл-мезгiл қайтарылмай қалып отырған негiзгi заем сомасына проценттер төлеуi тиiс. Осы Келiсiмнiң 2.06-Бөлiмінде ескертiлген әрбiр күнi Заем алушы проценттер есептелiп отырған осының алдындағы кезең iшiнде қолданылып келген төлем ставкасы бойынша есептеп шығарылып, проценттер есептелiп отырған осындай кезең iшiнде қайтарылмаған борыштың негiзгi сомасына есептелген проценттер төленуi тиіс.
(b) Әрбiр жарты жылдық аяқталғаннан кейiн осы семестрге айқындалған "бiлiктi қарыз алу құны туралы Заем алушыны мүмкiндiгiнше тез хабардар етедi.
(c) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
(i) "Проценттер есептелетiн кезең" осы Келiсiмге қол қойылған кезең iшiндегi проценттер есептелетiн кезеңнен басталып, осы Келiсiмнiң 2.06-Бөлiмiнде айқындалған әрбiр күннiң дәл алдындағы күнi аяқталатын алты айлық кезеңдi бiлдiредi.
(ii) "Бiлiктi қарыз алу құны" Банк негiздей отырып айқындаған және 1982 жылдың 30 маусымынан кейiн алынған Банк қарызының қайтарылмаған сомасының жылдық проценттерiмен көрсетiлген құнды бiлдiредi, (А) Банк инвестицияларын; және (В) проценттерi осы Бөлiмнiң (а) парасында ескертiлген қағидаттардан өзгеше қағидаттар бойынша айқындалатын, Банк 1989 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн беруi мүмкiн заемдарды қаржыландыру үшiн Банк бөлген осындай қарыздар немесе олардың бөлiктерi бұған қосылмайды.
(iii) "Жарты жылдық" күнтiзбелiк жылдың алғашқы алты айын немесе екiншi алты айын бiлдiредi.
(d) Банк айқындайтын және бұл туралы ол Заем алушыны осы күннен кемiнде алты ай бұрын хабардар ететiн күнi осы Бөлiмнiң (а), (в) және (с) (iii) паралары өзгертiлiп, былайша оқылуы тиiс:
"(а) Заем алушы алынып, қандай да бiр уақыт кезеңдерiнде қайтарылмай қалған негiзгi Заем сомасына әрбiр тоқсан үшін осының алдындағы тоқсанға жарты процент (1%-тiң 1/2 ) қосып айқындалатын бiлiктi қарыз алу құнына тең төлем ставкасы бойынша процент төлеуi тиiс. Осы Келiсімнiң 2.06-Бөлiмiнде ескертiлген әрбiр күнi Заем алушы проценттер есептелiп отырған осының алдындағы кезең iшiнде қолданылып келген төлем ставкасы бойынша есептеп шығарылып, проценттер есептелiп отырған осындай кезең iшiнде қайтарылмаған борыштың негiзгi сомасына есептелген проценттер төлеуi тиiс.
"(Ь) Әрбiр тоқсан аяқталғаннан кейiн Банк осы тоқсанға айқындалған бiлiктi қарыз алу құны туралы Заем алушыны мүмкiндiгiнше тез хабардар етедi.
"(с) (іii) "Тоқсан" күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында, 1 сәуiрiнде, 1 шiлдесiнде немесе 1 қазанында басталатын үш айлық кезеңдi бiлдiредi".
2.06-бөлiм. Проценттер мен басқа да алымдарды төлеу алты айда бiр рет әр жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасында жүзеге асырылуы тиiс.
2.07-бөлiм. Заем алушы негiзгi Заем сомасын осы Келiсiмнiң 3-Қосымшасында айқындалған өтем кестесiне сәйкес қайтаруы тиiс.
ІII Бап
Жобаны iске асыру
3.01-бөлiм. (а) Заем алушы осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында айқындалған Жобаның мақсаттарын өзi ұстанатындығын мәлiмдейдi және осыған байланысты Заем туралы келiсiм бойынша өзiнiң басқа мiндеттемелерiне қатысты қандай да болсын шектеулерсiз, Жоба туралы келiсiмнiң шарттарына сәйкес ӨМГ онда ескертiлген барлық мiндеттемелердi орындайтын болуын қамтамасыз етуге тиiс және барлық iс-әрекеттердiң орындалуын, соның iшiнде ӨМГ-ге қаражат, ғимараттар, қызметтер және осындай мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiмен қамтамасыз ету үшiн қажеттi әрi тиiстi басқа да ресурстар берiлуiн көздеуi немесе қамтамасыз етуi тиiс, сондай-ақ осындай мiндеттемелердiң орындалуына кедергi жасайтын немесе бөгет болатын кез келген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға немесе оларға жол беруге тиiстi емес.
(Ь) Заем алушы мен ӨМГ арасында жасалған Қосалқы заем туралы келiсiмнiң негiзiнде Заем алушы Банк мақұлдайтын шарттарда ӨМГ-ге Заем қаражатын қайта қарызға беруi тиiс, ол шарттарға мыналар қосылады:
(i) Қосалқы заем туралы келiсiмнiң мерзiмi төрт жыл жеңiлдiктi кезеңдi қоса алғанда 12 жыл болуы тиiс;
(іi) Заем алушы қаражатты резервте ұстағаны үшiн осы Келiсiмнiң 2.04-Бөлiмiнiң шарттары бойынша қаражатты резервте ұстағаны үшiн алынатын комиссиялық алымдардың төлем ставкасына тең төлем ставкасы бойынша комиссиялық алымдар алуға тиiс.
(iii) Заем алушы алынған және мезгiл-мезгiл қайтарылмай қалып отырған негiзгi қосалқы заем сомасынан осы Келiсiмнiң 2.05-Бөлiмiнiң шарттары бойынша төленетiн төлем ставкасынан тыс базистiк тармақтардың 200 (2%) төлем ставкасы бойынша проценттер алып отыруға тиiстi; және
(iv) негiзгi қосалқы заем сомасы доллармен есептегенде (өтем күнi немесе күндерi айқындалады) Жоба бойынша шығындарды өтеу үшiн Заем шотынан валютада немесе валюталарда алынған мөлшерге баламды болуы тиiс.
(с) Заем алушы Қосалқы заем беру туралы келiсiмде ескертiлген өз құқықтарын Заем алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғау және осы заемның мақсаттарын орындау қамтамасыз етiлетiндей етiп iске асыруы тиiс, және егер Банкпен арада өзгеше уағдаластық болмаса, Қосалқы заем беру туралы келiсiмдi немесе оның қандай да болмасын ережелерiн басқа бiреуге беруге, түзетуге, жоюға немесе одан бас тартуға тиiстi емес.
3.02-бөлiм. Банкпен арада өзгедей туралы келiсiм бар жағдайларды қоспағанда, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды, жабдықтарды (техникалық қызмет көрсетудi қоса) және консультациялық қызметтердi сатып алу Жоба туралы келiсiмнiң 1-қосымшасының шарттарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
3.03-бөлiм. Осы арқылы Банк пен Заем алушы Жалпы шарттардың және 9.04, 9.05, 9.06, 9.07, 9.08 және 9.09-Бөлiмдерiнде ескертiлген мiндеттемелердiң барлығын (тиiсiнше сақтандыруға, тауарлар мен қызметтердi пайдалануға, жоспарлар мен кестелерге, iс жүргiзуге және есептiлiкке, жердi өңдеуге және оны сатып алуға қатыстыларын), ӨМГ жоба туралы Келiсiмнiң 2.03-Бөлiмiне сәйкес орындауы тиiс.
3.04-бөлiм. Заем алушы ӨМГ-мен бiрге айналым қаражатын
қаржыландырудың Қысқа мерзiмдi жоспарын Банк үшiн қанағаттанарлық дәрежеде iске асыруға тиiс. 3.05-бөлiм. Банкпен өзгеше келiсiмдерi бар кезден басқа жағдайларда Заем алушы: (а) Банкпен келiсiлген шарттарда ӨМГ-ні жекешелендiрудi жүзеге асырудың жоспарын дайындауға, және (Ь) осы жоспарды Банкке қабылданымды тәсiлмен iске асыруға мiндеттi. 3.06-бөлiм. Заем алушы қабылданымды барлық тәсiлдердi қолдану арқылы ӨМГ-нің шикi мұнайды коммерциялық негiзге сәйкес сатуын қамтамасыз етуге мiндеттi. IV Бап Қаржы мiндеттемелерi
4.01-бөлiм. (а) Шығыс ведомостары негiзiнде Заем шотынан қаржы алу жүргiзiлген шығындарға байланысты Заем алушы олардың барлығы бойынша:
(і) осындай шығындарды көрсететiн құжаттарды немесе есептердi бухгалтерлiк есепке алудың негізделген практикасына сәйкес жүргiзуi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етуi;
(іi) осындай шығындарды куәландыратын барлық құжаттардың (контрактылардың, тапсырыстардың, шоттардың, фактуралардың, түбiртектердiң және басқа да құжаттардың) Заем шотынан қаражат алу жүзеге асырылған қаржы жылының аудиторлық есептемесiн Банк алғаннан кейiн жоқ дегенде бiр жыл сақталуын қамтамасыз етуi; және
(ііі) Банк уәкiлдерiнiң осындай құжаттарды сараптама мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
(Ь) Заем алушы:
(і) Арнаулы шотқа жататындарын қоса, осы Бөлiмнiң (а) (i) парасында сiлтеме жасалған құжаттар мен шоттарға (әрбiр қаржы жылы үшiн) Банк үшiн қабылданымды болып табылатын тәуелсiз аудиторлардың аудиторлық тексерiстерiнiң тиiстi тұрғыдағы әрi дәйектi қағидаттарына сәйкес аудит жүргiзуi;
(ii) аталған аудиторлар Банк қалай негiздеуi мүмкiн болса, сондай ауқымда және сондай нақтылықпен жүргiзген осындай аудиторлық тексерiс туралы есептеменi, оның iшiнде осындай қаржы жылы iшiнде тапсырылған шығыс ведомостарының, сондай-ақ оларды әзiрлеу барысында пайдаланылған рәсiмдер мен iшкi бақылаудың оларға байланысты қаражат алынуының негiздiлiгiн қолдау тұрғысындағы сенiмдiлiгi туралы аталған аудиторлардың жеке пiкiрiн олар алынғаннан кейiн дереу, бiрақ кез келген жағдайда әрбiр осындай жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей Банкке тапсыруы;
және
(iiі) Банк негiздей отырып мезгiл-мезгiл сұрататын және аталған құжаттар мен шоттарға, сондай-ақ олардың аудиторлық тексерiстерiне қатысты осындай өзге де ақпаратты Банкке тапсыруы тиiс.
4.02-бөлiм. (а) Заем алушы бухгалтерлiк есептiң негiздi тәжiрибесiне өзiнiң қаржы жағдайы мен операцияларына бухгалтерлiк есеп пен есептеулер жүргiзiп отыруға мiндеттi.
(Ь) Заем алушы:
(і) Банк үшiн қабылданымды тәуелсiз аудиторлармен аудит жүргiзуге және барлық жерде қолданылатын аудит ережелерiне сәйкес, әрбiр жыл сайын бухгалтерлiк есеп, есептеу және есеп беру (бухгалтерлiк баланс, кiрiс және шығыс туралы жазбалар және осыларға байланысты есеп берулер) жүргiзiп отыруға;
(іi) Банкке дереу, бiрақ кез келген жағдайда әрбiр осындай жыл аяқталғаннан кейiнгi алты (6) айдан кешiктiрiлмей: (А) аудит аяқталуы бойынша әр жыл үшiн өз қаржылық есептерiнiң куәландырылған көшiрмесiн және (В) аталған аудиторлардың жүргiзген аудиторлық тексеруiнiң Банк негiздеуi мүмкiн көлемде және егжей-тегжейлi есебiн берiп отыруға;
(iii) Банкке, бухгалтерлiк есепке, есептеуге және қаржылық есептiлiкке қатысы бар кез келген басқа ақпаратты, сондай-ақ мезгiл-мезгiл Банк қажет етуi мүмкiн аудиттi берiп отыруға мiндеттi.
4.03-бөлiм. Банкпен өзгеше келiсiмi бар жағдайдан басқа реттерде, Заем алушы мынадай жағдайда өзiне ешқандай да қарыз алмау керек, егер, әрбiр тексерiлген қаржылық жыл бойынша таза түсiмдер осындай қарызды алудың алдында немесе қарыз алудың алдындағы он екi ай iшiнде аяқталатын, қаншама үлкен қарыз болса да, ең болмағанда Займ алушының қарыз қайтаруының ең жоғары талабын 1,5 есе рет, алынатын қарызды қоса, жапса.
(b) Осы Бөлімнің мақсаттары үшiн:
(і) "Қарыз" терминi ӨМГ-нiң кез келген берешегiн бiлдiредi;
(іі) Қарыз болып мыналар есептеледi: (А) Заем туралы Келiсiм, келiсу және де басқа құжаттар қарастыратын контракт, келiсiм немесе басқа құжат толтырылған күнгi қарыз немесе өзгерiс; және
(В) кепiлдiк келiсiмi бойынша кепiлдiктiң күшiне енуi үшiн келiсiм күнi;
(ііі) "Таза түсiмдер" терминi мыналардың арасындағы айырмашылықтарды бiлдiредi: (А) қарыз алу кезiнде ӨМГ пайыздарын есептеуге белгiленген өндiрiстiк қызмет бабы бойынша барлық түсiм көздерiнен түсетiн түсiм тiптi олар он екi ай бойына қолданылмаса да, және таза өндiрiстiк емес пайда сомасы; және (В) әкiмшiлiк шығындар, жұмысты қолдау шығындары, салық немесе салық орнына төленетiн төлемдер, амортизацияны қоса, басқа да кассалық емес өндiрiстiк шығындар, пайыздар, басқа да қарыз бойынша шығындарды қосқандағы сома;
(іv) "өндiрiстiк емес таза пайда" терминi мыналардың арасындағы айырмашылықты бiлдiредi; (А) өндiрiспен байланысы жоқ түсiм көздерiнен түсетiн түсiмдер; және (В) (А) тармағы бойынша түсетiн түсiмдер процессi кезiнде пайда болған салықтар мен салық орнына төленетiн төлемдердi қосқандағы шығындар;
(v) "қарызды өтеу бойынша талаптар" терминi қарыз бойынша шығындар және пайыздардың (бар болса амортизациялық қор бойынша төлемдi қоса) жалпы сомасын бiлдiредi;
(vi) осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн, Займ алушының валютасын негiзге ала отырып, қарызды басқа валюта түрiнде өтеуге жататын бағалау қажет, бұл баға, Банк қабылдай алатын пайыздық төлем бәсi негiзiнде, бұндай төлем бәсi жоқ кезде, қарыз өтеу мақсатында бағалау кезiндегi валюта заң бойынша артықшылығы бар пайыздық төлем бәсi бойынша жасалу қажет.
V Бап
Банктің санкциялары
5.01-бөлім. Жалпы шарттардың 6.02 (1)-Бөліміне сәйкес мынадай қосымша оқиғалар айқындалды:
(а) ӨМГ жоба туралы келісім бойынша міндеттемелердің қандай да болмасын бірін орындай алмайды.
(b) Заем туралы келісім жасалған күннен кейін болған оқиғалардың салдарынан төтенше жағдай туындап, мұның өзі ӨМГ-нің Жоба туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмауына әкеліп соқтырады.
(с) ӨМГ-нің 1994 жылғы 25 қарашадағы Жарғысы, немесе Банкпен келісілген, оны алмастыратын кез келген басқа құрылтай құжаттары өзгертіледі, күші жойылады, қолданылу күші тоқтатыла тұрады, жойылады немесе кері шақырып алынады, бұл ӨМГ-нің Жоба туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетіне елеулі түрде әрі теріс әсер ететін болады.
(d) Заем алушы немесе юрисдикцияны иеленіп отырған кез келген басқа бір өкімет органы ӨМГ-ні таратуға немесе жабуға, немесе оның қызметін тоқтата тұруға бағытталған қандай да бір болмасын іс-қимылдар жасауға әрекеттенеді.
5.02-бөлім. Жалпы шарттардың 7.01 (h)-Бөліміне сәйкес мынадай қосымша оқиғалар айқындалды: (а) осы Келісімнің 5.01-Бөлімінің (а) парасында айқындалған кез келген оқиға болады және ол Банк бұл туралы Заем алушыны хабардар еткеннен кейін алпыс күн (60) бойы жалғаса береді; (b) осы Келісімнің 5.01-Бөлімінің (с) және (d) параларында айқындалған кез келген оқиға болады. VI Бап Келісімнің күшіне ену мерзімі; Келісімнің қолданылуын тоқтату
6.01-бөлiм. Мынадай оқиғалар Жалпы шарттардың 12.01 (с)-бөлiмiнiң мәнi шеңберiнде Заем туралы келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қосымша шарттар ретiнде айқындалды:
(а) Қосымша заем беру туралы келiсiм Заем алушы мен ӨМГ-нiң атынан жасалды; және
(Ь) ӨМГ-нi жекешелендiру Жоспарын жүзеге асыру осы Келiсiмнiң 3.05-Бөлiмiне сәйкес әзiрлендi:
(с) жобаны iске асыруда және Өзен мұнай кен орнын пайдалануды басқаруда ӨМГ-ге техникалық және басқарушылық қолдау көрсету үшiн ӨМГ-ге Банктi қанағаттандыратын шарттарда консультанттар жұмысқа қабылданды.
6.02-бөлiм. Мыналар:
(а) Жоба туралы келiсiмге ӨМГ-нiң тиiстi түрде рұқсат бергенi
немесе бекiткенi және оның шарттарына сәйкес ӨМГ үшiн заң тұрғысында мiндеттi болып табылатыны; және (Ь) Қосымша Заем беру туралы келiсiмдi Заем алушы мен ӨМГ тиiстi түрде бекiткенi немесе күшiне енгiзгенi және оның шарттарына сәйкес Заем алушы мен ӨМГ үшiн заң тұрғысында мiндеттi болып табылатыны Банкке тапсырылатын қорытындыға немесе қорытындыларға енгiзiлетiн болып, Жалпы шарттардың 12.02 (с)-Бөлiмiнiң мәнi шеңберiнде қосымша аспектiлерi ретiнде айқындалады. 6.03-бөлiм. Осы арқылы Жалпы шарттардың 12.04-Бөлiмiне қолданымды осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн тоқсан (90) күн мерзiм айқындалады. VII Бап Заем алушының өкiлдерi; Мекен-жайлар 7.01-бөлiм. Заем алушының президентi Жалпы шарттардың 11.03-Бөлiмiне қолданымда Заем алушының өкiлi ретiнде тағайындалады. 7.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.01-Бөлiмiне қолданымда мынадай мекен-жайлар айқындалды: Заем алушы үшiн: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 473000, Республика даңғылы, 60 Банк үшін Internatinal Bank for Reconstruction and Development 1818НStrееt, N.W.Wаshingtоn, DC 20433 United States of America Телеграфтық мекен-жайы: Телекс: INTBAFRAD 248423 (RCA) Wаshingtоn, D.С. 82987 (FTCC) 64145 (WUI) or 197688 (TRT) Осыны растау үшін оған қатысушылар, өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы әрекет ете отырып, осы Келісімге Америка Құрама Штаттарының Колумбия округінде, жоғарыда көрсетілген күні және жылы өздерінің атынан қол қою туралы билік етті. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы жабық акционерлік қоғамы _________________________ Уәкілетті өкіл Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі _________________________ Еуропа және Орталық Азия бойынша Аймақтық Вице-президент
1-Қосымша
Заем қаражатын жұмсау
1. Төменде келтірілген кестеде Заем қаражатынан қаржыландыруы тиіс
шығыстардың санаты, Заемнан әрбір Санатқа бөлінетін қаржы сомасы және әрбір Санат бойынша қаржыландырылатын баптар бойынша процент айқындалады: Санат Заем Қаражатынан қаржыландырылатын бөлінетін Қаржы шығыстар Сомасы (долларлық % баламда) (1) Тауарлар 20,000,000 100% шетелдік шығыстары 100% жергілікті шығыстар (франко-зауыт бағасы бойынша) және басқа позицияларға, елдің ішінде жүргізілетін сатып алуларға арналған 75% жергілікті шығыстар (2) Жер бетіндегі 23,000,000 82% құрылыс жұмыстары Жобаның А-Бөлімі (3) Техникалық 39,000,000 100% шетел шығыстары қызметтер көрсетулер (4) Техникалық 17,500,000 100% және басқару қызмет көрсетулері (5) Мамандарды 2,400,000 100% оқыту (6) Жобаны әзір. 1,500,000 Сома осы Келісімнің леуге берілген 2.02 (с)-Бөліміне авансты қайтару сәйкес төленуге жатады (7) Бөлінбегені 5,600,000 Жиынтығы 109,000,000 2. Осы қосымшаға қолданымда:
(а) "шетелдік шығыстар" термині Заем алушының елінен басқа кез келген елдің аумағынан әкелінетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге заем алушы елінің валютасынан басқа кез келген елдің валютасында жұмсалатын шығынды білдіреді; және
(b)"жергілікті шығыстар" термині Заем алушының елінің валютасындағы немесе Заем алушының аумағынан берілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарды білдіреді.
3. Осының алдындағы 1-параның шарттарына қарамастан, қаражат алу: (а) осы Келісімге қол қойылғанға дейін жүргізілген; және (b) Жоба туралы келісімнің 2-Қосымшасының 5-парасына сәйкес ӨМГ персоналды оқыту стратегиясын әзірлеп, қабылдағанша 5-Санаттың шеңберінде жұмсалған шығыстарға төлем жасауға жүргізілуі тиіс емес.
4. Заем шотынан қаражат алу: (а) құны 50,000 доллардың баламынан кем контрактылар бойынша тауарлар мен жұмыстар үшін; және (b) фирмалар үшін контрактыларының құны 100,000 доллардың баламынан кем және жекелеген адамдарға қатысты контрактыларының құны 50,000 доллардың баламынан кем контрактылар бойынша қызметтер мен қызмет көрсету үшін ақы төлеген жағдайда шығыс ведомостары негізінде, банк Заем алушыны хабардар ететін шарттарда жүзеге асырылатын болуына Банк рұқсат беруі мүмкін.
2-Қосымша
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаттары мыналар болып табылады:
(і) Өзен мұнай кен орнында өнiм өндiрудiң құлдыра қарқынын төмендету және оны қайта инвестициялау үшiн ресурстар жасау;
(іi) "Өзенмұнайгаз" компаниясын өмiршең корпоративтiк бөлiмшелер етiп қайта ұйымдастыруға және оны/оларды жекешелендiруге жәрдемдесу;
(іii) бұрын пайдаланылған өндiрiстiк практикадағы өнiмдi қабаттардың, скважиналардың ағымдағы жай-күйiне және кен орнының қоршаған ортаға әсерiн бағалау;
(iv) қоршаған ортаға бұрынғы кезде келтiрiлген залалдың зардаптарын жоюға үлес қосу және экологиялық мониторинг пен басқаруды күшейту;
(v) "Өзенмұнайгаздың" қызметкерлерiн мұнай кен орындарында жұмыстың осы заманғы әдiстерiне оқыту және олардың оңалту бағдарламасын жүзеге асырып, мұнай кен орнын пайдалануды басқару қабiлетiн күшейту.
Жоба осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Банк пен Заем алушының екi жақты келiсiмi бойынша мезгiл-мезгiл өзгерiп отыруы мүмкiн мынадай бөлiмдерден тұрады:
А Бөлімі
Физикалық объектілерге бөлінетін инвестициялар
1. Жер қойнауын оңалту
(а) 400-ге жуық мұнай өндiретiн және 100-ге жуық қысымдағыш скважиналарды күрделi жөндеу үшiн жабдықтар мен қосалқы бөлшектердi қамтамасыз ету.
(Ь) Күрделi жөндеуге және мұнай өндiруге арналған химикаттарды қамтамасыз ету.
2. Жер бетiндегi құрылыстарды оңалту
(а) Жалпы есептiк ұзындығы 205 шақырым (км) болатын әрі мұнай өндiретiн скважиналарды коллектрлық қондырғылармен жалғастырып тұрған 340-қа жуық бөлме құбыр желілерін (диаметрi 3 дюймдiк 135 км жуық құбыр және диаметрі 4 дюймдiк 70 км жуық құбыр) ауыстыру.
(b) Спутниктердi көшiру және шамамен 8 қондырғыдан тұратын, сынақ және топтық сепараторлармен, сондай-ақ тиiстi шығын өлшеуiш және бақылау жабдықтарымен жабдықталған, жұмыс iстеп тұрған жинау қондырғыларын интеграциялау.
(с) Жинау қондырғылары мен жұмыс iстеп тұрған мұнай әзiрлеу қондырғысы арасында мұнай су тасымалдау үшiн айдауыш құбыр желiлерiн ауыстыру және жаңа жинау қондырғылары мен ЗА Блогындағы жер қыртысына су айдау қондырғысы арасында жер қабатынан алынған суларды айдайтын жаңа су құбырын төсеу.
(d) 3 А Блогында өндiрiлетiн шикi мұнайға арнап мамандандырылған технологиялық тiзбек жасау үшiн жұмыс iстеп тұрған орталық мұнай өңдеу қондырғысын жаңарту.
(е) 3 А Блогындағы айдауыш насос станциясында суды толық өңдейтiн жүйе орнату.
(f) Жұмыс iстеп тұрған, су айдауға арналған насостар мен су
насостары станциясын қысымдағыш скважиналармен жалғастыратын, қажеттi шығын өлшеуiш және бақылау жабдықтары бар жоғары қысымды су құбырларын ауыстыру. 3. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтiру Лабораториялық талдауға және экологиялық мониторингке арналған жабдықпен қамтамасыз ету; жекелеген аймақтардың өсiмдiк қабатын тазарту және тәжiрибелiк тұрғыда қалпына келтiру; Өзен мұнай кен орнының қазiргi экологиялық жай-күйi жөнiнде деректер базасын жасау. В Бөлімі Физикалық объектілерге бөлінетін инвестициялардың жүзеге асырылуын қолдау 1. Скважиналарды сынау, каротаж және перфорациялау және скважиналарға қайталап су айдау жөнiнде қызметтер көрсету. 2. 400-ге жуық скважинаны күрделi жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру үшiн скважиналарды күрделi жөндеу қондырғыларының қызметiмен қамтамасыз ету.
3. Жобаны жоспарлау және басқару, инженерлiк жобалау және салу, сондай-ақ скважиналардағы жөндеу жұмыстарын қадағалау үшiн техникалық және басқарушылық ноу-хау қызметтерiн көрсету; өнiмдi қабаттарды әзiрлеу мен өндiрудi басқару; "Өзенмұнайгаз" компаниясының персоналын оқыту.
С Бөлімі
Ұйымдастырушылық дамыту 1. Техникалық және басқарушылық ноу-хау қызметтерін көрсету және жабдықтар беру арқылы Өзенмұнайгаз компаниясының қаржы және өндірістік ақпараттық жүйелерін жетілдіру жолымен оның басшылығын күшейту. 2. Техникалық және басқарушылық ноу-хау қызметтерін көрсету және жабдықтар беру арқылы Өзенмұнайгаз компаниясын қаржылық басқаруды, сондай-ақ оның бухгалтерлік есепке алу практикасы мен жүйелерін жетілдіру. 3. Жобаны іске асыру 2000 жылдың 30 маусымына қарай аяқталады деп күтіледі. 3-Қосымша Өтеу сызбасы Төлем мерзімі Негізгі соманың өтелуі (АҚШ долларында)* 2001 жылғы 15 қараша 4,540,000 2002 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2002 жылғы 15 қараша 4,540,000 2003 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2003 жылғы 15 қараша 4,540,000 2004 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2004 жылғы 15 қараша 4,540,000 2005 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2005 жылғы 15 қараша 4,540,000 2006 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2006 жылғы 15 қараша 4,540,000 2007 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2007 жылғы 15 қараша 4,540,000 2008 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2008 жылғы 15 қараша 4,540,000 2009 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2009 жылғы 15 қараша 4,540,000 2010 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2010 жылғы 15 қараша 4,540,000 2011 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2011 жылғы 15 қараша 4,540,000 2012 жылғы 15 мамыр 4,540,000 2012 жылғы 15 қараша 4,540,000 2013 жылғы 15 мамыр 4,540,000 109,000,000 * Бұл бағандағы сандар қаражатты тиісті алудың күніне айқындалған доллар баламын көрсетеді. Жалпы шарттардың 3.04 және 4.03-Бөлімдерін қараңыз. Мерзімінен бұрын өтегені үшін берілетін сыйлық Жалпы шарттардың 3,04 (b) Бөліміне сәйкес мерзімінен бұрын өтегені үшін төленетін және кез келген өтем мерзіміндегі негізгі заем сомасына есептелетін сыйлық мерзімінен бұрын өтелген уақыты негізінде төмендегіше айқындалатын проценттік төлем ставкасына тең болады: Мерзімінен бұрын Сыйлық: өтеу уақыты мерзімінен бұрынғы төлем күні заем сомасына есептеліп, мыналарға көбейтілген проценттік төлем ставкасы (жылдық проценттерде көрсетілген) Өтеу мерзіміне дейін үш жылдан ерте емес 0,18 Өтеу мерзіміне дейін үш жыл бұрын, бірақ алты жылдан ерте емес 0,35 өтеу мерзіміне дейін алты жыл бұрын, бірақ 11 жылдан ерте емес 0,65 өтеу мерзіміне дейін 11 жыл бұрын, бірақ 15 жыл ерте емес 0,88 өтеу мерзіміне дейін 15 жыл бұрын 1,00 4-Қосымша Арнаулы шот 1. Осы қосымшаға қолданымда:
(а) "Құқылы Санаттар" терминi осы Келiсiмнiң 1-Қосымшасының 1-парасындағы кестеде айқындалған (1), (2), (3), (4) және (5) санаттарды бiлдiредi; "Құқылы шығындар" терминi күмән келтiрмеу үшiн санаттағы "Құқылы" терминi жоғарыда ескертiлген санаттарды, егер қаражат жұмсау шарттары бар болса, солар осы Келiсiмнiң 1-Қосымшасының 3-парасына қаншалықты қатысты орындалған болса, соншалық дәрежеде ғана қамтиды деп түсiндiрiледi;
(Ь) "Құқылы шығындар" термині жобаны iске асыру үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердi сатып алуға жұмсалған, осы Келiсiмнiң 1-Қосымшасының шарттарына сәйкес Құқылы Санаттарға мезгiл-мезгiл бөлiнiп тұратын Заем қаражатынан қаржыландырылатын негiздi шығындарға қатысты шығындарды бiлдiредi; және
(с) "Рұқсат етiлген қаржы" терминi осы Қосымшаның 3 (а) парасына сәйкес Заем шотынан алынып, Арнаулы шотқа орналастыратын, 600,000 АҚШ долларына баламды соманы бiлдiредi, алайда, егер Банкпен арада өзгеше келiсiм болмаса, кредиттiк желiлердi резервтеу жөнiнде Банк өзiне алған қазiргi мiндеттемелердiң барлығының жалпы сомасы Жалпы шарттардың 5.02-Бөлiмiне сәйкес 3 миллион АҚШ долларының баламына тең болмайынша немесе одан асып түспейiнше Рұқсат етiлген қаражат 100 мың АҚШ долларына баламды сомамен шектелетiн болады.
2. Арнаулы шоттан қаражат төлеу осы Қосымшаның шарттарына сәйкес тек құқылы шығындар үшiн ғана жүзеге асырылатын болады.
3. Банк арнаулы шоттың тиiстi түрде ашылғанына қанағаттанарлық растама алғаннан кейiн Арнаулы шотты толықтыру үшiн рұқсат етiлген қаражат қаржыларын алу және қаражаттың бұдан былайғы алынуы былайша жүзеге асырылатын болады:
(а) Рұқсат етiлген қаражат қаржыларын алу үшiн Заем алушы Банкке Рұқсат етiлген қаражаттың жиынтық сомасынан аспайтын аударымға немесе аударымдарға талап немесе талаптар тапсыруы тиiс. Осындай талаптың немесе талаптардың негiзiнде Банк Заем алушы талап еткен осындай соманы немесе сомаларды Заем алушының атынан Заем шотынан алып, Арнаулы шотқа орналастыруы тиiс.
(Ь) (і) Арнаулы шотты толықтырып отыру үшiн Заем алушы Банк айқындайтын уақыт аралығын араға салып, Арнаулы шотқа қаржы аудару үшiн Банкке талаптар тапсырады.
(іi) Осындай талапқа дейiн немесе сол сәтiнде Заем алушы Арнаулы шотты толықтыру үшiн талап келiп түскен төлемге немесе төлемдерге қатысты осы Қосымшаның 4-парасына сәйкес қажет болатын құжаттарды немесе басқа да растауларды Банкке тапсыруы тиiс. Осындай талаптың негiзiнде Банк Заем алушы талап еткен және аталған құжаттар мен басқа да растауларды көрсетiлген Құқылы шығындарды Арнаулы шоттан төлеу үшiн пайдаланылатын соманы Заем алушының атынан Заем шотынан алып, Арнаулы шотқа орналастыруы тиiс.
Осындай барлық аударымдарды Банк тиiстi Құқылы Санаттар бойынша Заем шотынан алуы тиiс және олар аталған құжаттар немесе басқа да растаулар арқылы куәландырылатын тиiстi баламды соманы құрауы тиiс.
4. Заем алушының Арнаулы шоттан төлеген әрбiр төлемi үшiн Заем алушы бұл төлемнiң тек қана Құқылы шығындар үшiн жүзеге асырылғанын көрсететiн осындай құжаттарды немесе басқа да растауларды Банк негiздей отырып сұратқан мерзiмде Банкке тапсыруы тиiс.
5. Осы Қосымшаның 3-парасының шарттарына қарамастан:
(а) Егер қандай да бiр болмасын уақытта Банк қалған барлық қаражат алынымдарын Заем алушы Жалпы шарттардың V Бабының және осы Келiсiмнiң 2.02-Бөлiмiнiң (а) парасының шарттарына сәйкес Заем шотынан тiкелей жүзеге асыруы тиiс деп айқындаса; немесе
(Ь) Егер Заем алушы Арнаулы шот жөнiнде жазбалар мен шоттардың аудиторлық тексерiстерiне қатысты осы Келiсiмнiң 4.01 (b) (ii) Бөлiмiне сәйкес тапсырылуын Банк талап етiп отырған қандай да болмасын аудиторлық есептi аталған бөлiмде ескертiлген уақыт iшiнде Банкке тапсыра алмайтын болса;
(с) Егер Банк әлдебiр уақытта Заем алушының Жалпы шарттардың 6.02-Бөлiмiне сәйкес Заем шотынан қаражат алу құқығын iшiнара немесе тоқтата тұру жайындағы өз ниетi туралы Заем алушыны хабардар етсе; немесе
(d) Құқылы санаттарға бөлiнiп, алынбаған Заем қаражатының сомасы, Жалпы шарттардың 5.02-Бөлiмiне сәйкес Жобаға қатысты Банк қабылдаған қазiргi кез келген айрықша мiндеттеменiң сомасын шегерiп тастағаннан кейiн, Рұқсат етiлген қаражаттың екi еселенген сомасының баламына теңескен бойда Банктен бұдан әрi Арнаулы шотқа қаражат орналастыру талап етiлмейтiн болады.
Бұдан кейiн Құқылы санаттарды қаржыландыру үшiн Заем қаражатының қалғанын Заем шотынан алу Банк Заем алушыны хабардар ететiн рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұдан былайғы осындай қаражат алу осындай хабар берiлген күнi Арнаулы шотта қалған осы соманың барлығы Құқылы шығындарға төлеуге пайдаланылатынына Банк көз жеткізген дәрежеде және содан кейін жасалатын болады.
6. (а) Егер Банк бір кездері Арнаулы шоттан төленген қандай да бір болмасын төлемнің (і) осы Қосымшаның 2-парасына сәйкес қабылданымды болып табылмайтын шығындарға немесе сондай сомада төленгенін; немесе (іі) Банкке тапсырылған растаулар арқылы негізделмеген анықтаса, Заем алушы Банктен хабарлама алғаннан кейін дереу; (А) Банктің талап етуі бойынша осындай қосымша растауды тапсыруға; немесе (В) осындай төлем сомасына немесе оның қабылданымды немесе негізді болып табылмайтын бөлігіне тең соманы Арнаулы шотқа салуға (немесе, егер Банк талап етсе, қаражатты Банкке қайтаруы) тиіс. Егер Банкпен өзгеше келісім болмаса, Заем алушы осындай растауларды тапсырмайынша немесе осындай жағдайда болуы мүмкін осындай қаражат салуды немесе оны қайтаруды жүзеге асырмайынша, Банк бұдан әрі Арнаулы шотқа қаражат аудармайтын болады.
(b) Егер Банк бір кездері Арнаулы шотта жұмсалмай қалған қандай да бір болмасын сома білікті шығындар үшін бұдан әрі төлемдер төлеуге қажет болмайды деп айқындаса, Займ алушы жұмсалмай қалған осындай соманың Банк хабар берген бойда дереу Банкке қайтаруға міндетті.
(с) Заем алушы Арнаулы шотқа салынған қаражаттың барлығын немесе ол қаражаттың бір бөлігін, Банкті хабардар ете отырып, Банкке қайтаруға міндетті.
(d) Осы Қосымшаның 6 (а), (в) және (с) параларына сәйкес Банкке қайтарылған қаражат Жалпы шарттарға қосылғанда, осы Келісімнің тиісті шарттарына сәйкес кейін алу үшін немесе жою үшін Заем шотына аударылады.