Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 29 қараша N 486-I


      1-бап. 1999 жылғы 17, 20-22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 17, 20, 22-24, 27 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) K990409_ мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 747-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.";
      2) 751-баптағы ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем 
болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;
     3) 760-баптың 1-тармағында:
     бірінші бөліктегі ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем 
болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;
     екінші бөлік алып тасталсын.
     
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады