О внесении изменений в некоторые решения Коллегии Евразийской экономической комиссии

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 2 июля 2019 года № 110

      В соответствии с подпунктом 6 пункта 4 статьи 104, пунктом 5 статьи 105 и пунктом 5 статьи 109 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в решения Коллегии Евразийской экономической комиссии изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
от 2 июля 2019 г. № 110

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в решения Коллегии Евразийской экономической комиссии

      1. В Решении Коллегии Евразийской экономической комиссии от 28 августа 2018 г. № 142 "О таможенном декларировании товаров, доставляемых перевозчиком в качестве экспресс-груза, с использованием декларации на товары":

      а) в преамбуле слова "пунктом 5 статьи 105 и пунктом 2 статьи 106" заменить словами "подпунктом 6 пункта 4 статьи 104, пунктом 5 статьи 105, пунктом 2 статьи 106 и пунктом 5 статьи 109";

      б) в подпункте "б" пункта 2:

      абзац четвертый изложить в следующей редакции:

      "товары, в отношении которых применяются автоматическое лицензирование (наблюдение) экспорта и (или) импорта товаров, количественные ограничения ввоза и (или) вывоза товаров, а также товары, в отношении которых применяется разрешительный порядок ввоза и (или) вывоза (за исключением образцов биологических материалов человека (далее – биологические образцы), товаров, включенных в единый реестр радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств гражданского назначения, в том числе встроенных либо входящих в состав других товаров, при ввозе которых на таможенную территорию Евразийского экономического союза не требуется представление лицензии или заключения (разрешительного документа), товаров, включенных в единый реестр нотификаций о характеристиках шифровальных (криптографических) средств и товаров, их содержащих);";

      абзац пятый дополнить словами ", опасные отходы";

      в) пункт 2 дополнить подпунктом "г" следующего содержания:

      "г) до 1 февраля 2020 г.:

      допускается таможенное декларирование в письменной форме в отношении товаров, доставляемых экспресс-перевозчиком, таможенное декларирование которых осуществляется с использованием ДТЭГ;

      подача ДТЭГ в виде документа на бумажном носителе не сопровождается представлением таможенному органу ее электронного вида.".

      2. В Решении Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 октября 2018 г. № 158 "О таможенном декларировании товаров для личного пользования, доставляемых перевозчиком в качестве экспресс-груза, с использованием пассажирской таможенной декларации":

      а) преамбулу после слов "пунктом 5 статьи 105" дополнить словами ", пунктом 5 статьи 109";

      б) пункт 2 дополнить подпунктами "г" и "д" следующего содержания:

      "г) до 1 февраля 2020 г. подача пассажирской таможенной декларации для экспресс-грузов в виде документа на бумажном носителе не сопровождается представлением таможенному органу ее электронного вида;

      д) Порядок заполнения пассажирской таможенной декларации для экспресс-грузов, утвержденный настоящим Решением, в части правил заполнения пассажирской таможенной декларации для экспресс-грузов в виде электронного документа применяется с 1 февраля 2020 г.".

      3. Пункт 2 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20 ноября 2018 г. № 185 "О документе об уплате таможенных пошлин, налогов в отношении товаров для личного пользования, таможенное декларирование которых осуществляется с использованием пассажирской таможенной декларации для экспресс-грузов" дополнить словами ", либо до 1 февраля 2020 г. – на основании таможенного приходного ордера".

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 110 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 104-бабы 4-тармағының 6-тармақшасына, 105-бабының 5-тармағына және 109-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 110 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдаушы тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау туралы" 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімінде:

      а) кіріспеде "105-бабының 5-тармағына және 106-бабының 2-тармағына" деген сөздер "104-бабының 4-тармағының 6-тармақшасына, 105-бабының 5-тармағына, 106-бабының 2-тармағына және 109-бабының 5-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 2-тармақтың "б"-тармақшасында:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "тауарлардың экспортына және (немесе) импортына автоматты түрде лицензиялау (байқау), тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге сандық шектеулер қолданылатын тауарларға қатысты, сондай-ақ әкелудің және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылатын тауарларға (биологиялық материалдарының үлгілерін қоспағанда (бұдан әрі – биологиялық үлгілер) қатысты, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жиілігі жоғары құрылғылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген, оның ішінде басқа тауарлардың ішіне орнатылған не құрамына кіретін, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына әкелу кезінде лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейтін тауарлар, шифрлау (криптографиялық) құралдарының және құрамында олар болатын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілген тауарлар);";

      бесінші абзац ", қауіпті қалдықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) 2-тармақ "пайдаланылады деп белгіленсін" деген сөздер "пайдаланылады;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы "г"-тармақшамен толықтырылсын:

      "г) 2020 жылғы 1 ақпанға дейін:

      экспресс-тасымалдаушы жеткізетін, кедендік декларациялауы ЭЖТД пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік декларациялауға жазбаша нысанда жол беріледі;

      ЭЖТД-ны қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беру кеден органына оны электрондық түрде беруді қажет етпейді деп белгіленсін.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Тасымалдаушының кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып, экспресс-жүктер ретінде жеткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" № 158 шешімінде:

      а) кіріспе "105-бабының 5-тармағына" деген сөздерден кейін ",109-бабының 5-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 2-тармақ "пайдаанылады деп белгіленсін" деген сөздер "пайдаланылады;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы "г" және "д"-тармақшалармен толықтырылсын:

      "г) 2020 жылғы 1 ақпанға дейін экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беру кеден органына оны электрондық түрде беруді қажет етпейді;

      д) Осы шешіммен бекітілген, экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын электрондық құжат түрінде толтыру қағидалары бөлігіндегі экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын толтыру тәртібі 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданылады деп белгіленсін.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларациялауы экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі құжат туралы" 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешімінің 2-тармағы "құжат негізінде" деген сөздерден кейін "не кедендік кіріс ордері негізінде – 2020 жылғы 1 ақпанға дейін" деген сөздермен толықтырылсын.