Об утверждении Правил технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2005 года № 829. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2013 года № 155

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.02.2013 № 155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 15 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан

Утверждены             
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 11 августа 2005 года N 829  
 

ПРАВИЛА
технического надзора и освидетельствования
морских судов и их классификации
  1. Общие положения

     1. Настоящие Правила технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" и определяют:
     1) порядок технического надзора и освидетельствования морских судов;
     2) порядок классификации морских судов.
     2. Действие настоящих Правил не распространяется на морские суда, плавающие под флагом Военно-Морских Сил Республики Казахстан и морских частей пограничной службы.
 

2. Порядок технического надзора
и освидетельствования морских судов

     3. Технический надзор - это деятельность уполномоченного органа, заключающаяся в проверке наличия и соответствия технических документов на морские суда государственным и международным стандартам.
     4. Технические документы - свидетельства, акты освидетельствований на морские суда, которые выдаются уполномоченным органом по результатам освидетельствований морских судов.
     5. Технический надзор за морскими судами иными государственными органами Республики Казахстан и организациями не допускается.
     6. Технические документы, подтверждающие соответствие морского судна государственным и международным стандартам, находятся на нем в подлинниках или в виде нотариально заверенных копий.
     7. Освидетельствованием является проверка морского судна на его соответствие государственным и международным стандартам, путем применения специальных приборов и инструментов.
     8. Освидетельствование морского судна производится уполномоченным органом по заявке судовладельца.
     8-1. Освидетельствование морского судна, совершающего международное плавание, проводится уполномоченным органом или классификационным обществом признанным Правительством Республики Казахстан, в порядке, определенном международными договорами Республики Казахстан в области торгового мореплавания.
     Сноска. Постановление дополнено пунктом 8-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 10 августа 2007 г. N 690 .
     9. В соответствии с требованиями международных конвенций и соглашений, к которым присоединилась Республика Казахстан, морское судно подвергается первоначальному, периодическому и по мере необходимости дополнительному освидетельствованию.
     10. Первоначальное освидетельствование проводится после постройки морского судна.
     Первоначальное освидетельствование включает проверку конструкции, механизмов, оборудования, снабжения и подводной части морского судна, в том числе их испытание, с целью удостоверения, что они соответствуют государственным и международным стандартам.
     11. Периодическому освидетельствованию подлежат морские суда в сроки, предусмотренные международными конвенциями и соглашениями, к которым присоединилась Республика Казахстан.
     Периодическое освидетельствование означает проверку конструкции, механизмов, оборудования, снабжения и подводной части морского судна, с целью удостоверения, что они находятся в удовлетворительном состоянии и соответствуют государственным и международным стандартам.
     12. Дополнительному освидетельствованию подлежат морские суда после аварийного случая, ремонта или восстановительных работ, а также не соответствующие государственным и международным стандартам.
     Дополнительное освидетельствование после аварийного случая, проводится в порту, в котором морское судно находится, или в первом порту, в который оно зайдет после аварийного случая.
     Дополнительное освидетельствование после ремонта или восстановительных работ производится в целях подтверждения, что ремонт и восстановительные работы произведены качественно в соответствии с государственными и международными стандартами.
 

3. Порядок классификации морских судов

     13. Классификацией является осуществляемая уполномоченным органом деятельность по присвоению морскому судну класса, наличие которого, допускает его эксплуатацию в море.
     14. Классификация морского судна производится уполномоченным органом по заявке судовладельца.
     15. Уполномоченный орган производит классификацию морского судна по результатам первоначального освидетельствования.
     15-1. Классификация морского судна, совершающего международное плавание, производится уполномоченным органом или классификационным обществом , признанным Правительством Республики Казахстан, в порядке, определенном международными договорами Республики Казахстан в области торгового мореплавания.
     Сноска. Постановление дополнено пунктом 15-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 10 августа 2007 г. N 690 .
     16. Присвоение морскому судну класса означает подтверждение соответствия конструкции морского судна международным требованиям, а его технического состояния - условиям эксплуатации морского судна.
     Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Правительства РК от 10 августа 2007 г. N 690 .
     17. Присвоение класса морского судна удостоверяется выдачей классификационного свидетельства с указанием формулы класса морского судна.
     18. Основным символом в формуле класса морского судна является буквенное обозначение "М" (море), определяющее конструкцию морского судна.
     Морские суда, имеющие основной символ класса "М", предназначаются для плавания в море при высоте волны четыре метра и более.
     19. Основной символ класса, с учетом классификационного общества и иных организаций, под надзором которых осуществлялась постройка морских судов, дополняется следующими знаками, входящими в формулу класса:
     1) "К" - для морских судов, построенных под техническим надзором уполномоченного органа;
     2) "* К" - для морских судов, построенных под надзором классификационного общества и иных организаций.
     20. В случае, если конструкция морского судна не соответствует международным требованиям, а его техническое состояние - условиям эксплуатации морского судна, класс данному морскому судну не присваивается.
     Сноска. Пункт 20 в редакции постановления Правительства РК от 10 августа 2007 г. N 690 .
     21. Класс морского судна аннулируется в связи с гибелью судна или его списанием.

Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 829 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
2005 жылғы 11 тамыздағы  
N 829 қаулысымен     
бекітілген        

Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау eрежесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және:
      1) теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру тәртiбiн;
      2) теңiз кемелерiн сыныптау тәртiбiн белгілейдi.

      2. Осы Ереженiң әрекетi Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен шекара қызметінің теңiз бөлiмдерi туын көтеріп жүзетiн теңiз кемелерiне қолданылмайды.

2. Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен
куәландыру тәртiбi

      3. Техникалық қадағалау - бұл уәкілетті органның теңiз кемелерiне арналған техникалық құжаттардың болуын әрi мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігiн тексеруден тұратын қызметi.

      4. Техникалық құжаттар - теңiз кемелерiн куәландыру нәтижелерi бойынша уәкілетті орган беретiн теңiз кемелерiне арналған куәлiктер, куәландыру актілерi.

      5. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының теңiз кемелерiн техникалық қадағалауына жол берiлмейдi.

      6. Теңiз кемесiнің мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын техникалық құжаттар, онда түпнұсқаларында немесе нотариалды расталған көшiрмелерi түрiнде болады.

      7. Арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану жолымен теңiз кемесiнiң мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексеру куәландыру болып табылады.

      8. Теңiз кемесiн куәландыруды уәкiлетті орган кеме иесiнiң өтiнiмi бойынша жүргізедi.
 

      8-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін куәландыруды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді .
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10.  N 690 Қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердiң талаптарына сәйкес теңiз кемесi бастапқы, кезеңдiк куәландыруларға және қажеттiлiгiне қарай қосымша куәландыруға жатады.

      10. Бастапқы куәландыру теңiз кемесiн жасағаннан кейiн жүргізiледi.
      Бастапқы куәландыру теңiз кемесiнiң конструкциясын, тетiктерiн, жабдықтарын, жабдықталуын және су асты бөлiгiн тексерудi, оның iшiнде олардың мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау мақсатында оларды сынауды қамтиды.

      11. Теңiз кемелерi Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар мен келiсiмдерде көзделген мерзiмдерде мерзімдік куәландыруға жатады.
      Мерзiмдiк куәландыру теңiз кемесiнiң конструкциясын, тетiктерiн, жабдықтарын, жабдықталуын және су асты бөлiгiн тексерудi, олардың қанағаттанарлық жай-күйде екендігін әрі мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігiн растау мақсатында тексерудi білдiредi.

      12. Қосымша куәландыруға авариялық жағдайдан, жөндеуден немесе қалпына келтiру жұмыстарынан кейiнгi, сондай-ақ мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтiн теңiз кемелерi жатады.
      Авариялық жағдайдан кейiнгi қосымша куәландыру теңiз кемесi тұрған портта немесе ол авариялық жағдайдан кейiн кiретiн алғашқы портта жүргiзiледi.
      Жөндеуден немесе қалпына келтiру жұмыстарынан кейiнгі қосымша куәландыру жөндеу және қалпына келтiру жұмыстары мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы жүргiзiлгенiн растау мақсатында жүргізiледi.

3. Теңiз кемелерiн сыныптау тәртiбi

      13. Сыныптау уәкiлеттi органның теңiз кемесiне сынып беру бойынша жүзеге асыратын қызметі болып табылады, оның болуы теңiз кемесiн теңiзде пайдалануға жол бередi.

      14. Теңiз кемесiн сыныптауды уәкілетті орган кеме иесiнің өтінімі бойынша жүргізеді.

      15. Теңiз кемесiн сыныптауды уәкiлетті орган бастапқы куәландыру нәтижелерi бойынша жүргiзедi.
 

      15-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін сыныптауды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 690 Қаулысымен.

      16. Теңіз кемесіне сынып беру теңіз кемесі конструкциясының халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкестігін растауды білдіреді.
      Ескерту. 16-тармақ жвңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.08.10.  N 690 Қаулысымен.

      17. Теңiз кемесiне сынып беру теңiз кемесi сыныбының формуласы көрсетiле отырып сыныптау куәлiгiн берумен расталады.

      18. Теңiз кемесi сыныбының формуласындағы негiзгi нышан теңiз кемесiнiң конструкциясын айқындайтын "Т" (теңiз) әріптік белгiлеуi болып табылады.
      "Т" сыныбының негiзгі нышаны бар теңiз кемелерi толқын биiктігi төрт метр және одан асқан кезде теңiзде жүзуге арналады.

      19. Сыныптың негiзгi нышаны, олардың қадағалауымен теңiз кемелерiн жасау жүзеге асырылған сыныптау қоғамдары мен өзге де ұйымдарды ескере отырып, сынып формуласына кiретін мынадай белгілермен толықтырылады:
      1) "К" - уәкілетті органның техникалық қадағалауымен жасалған теңiз кемелерi үшін;
      2) "*К" - сыныптау қоғамдарының және өзге ұйымдардың қадағалауымен жасалған теңiз кемелерi үшін.

      20. Егер теңіз кемесінің конструкциясы халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкес келмеген жағдайда осы теңіз кемесіне сынып берілмейді.
      Ескерту. 20-тармақ жвңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.08.10.  N 690 Қаулысымен.

      21. Теңiз кемесінің сыныбы кеменің опат болуына немесе оның есептен шығарылуына байланысты күшiн жояды.