Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 829 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 441-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 8-1, 15-1-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін куәландыруды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.
15-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін сыныптауды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.";
16, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Теңіз кемесіне сынып беру теңіз кемесі конструкциясының халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкестігін растауды білдіреді.
20. Егер теңіз кемесінің конструкциясы халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкес келмеген жағдайда осы теңіз кемесіне сынып берілмейді.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі