Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы BUREAU VERITAS (BV) сыныптау қоғамын тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 1072 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 758 қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықаралық жүзуді орындайтын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын BUREAU VERITAS (BV) сыныптау қоғамы танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес BUREAU VERITAS (BV) сыныптау қоғамын Қазақстан Республикасының тануы туралы Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады