Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 155 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2013 жылғы 19 ақпандағы    
№ 155 қаулысына        
қосымша            

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы № 829 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 441-құжат).
      2. «Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 689 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 324-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы № 829 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 690 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 325-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады