Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.24 N 1278 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. "Pеспубликалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық pecуpcтap министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" деген бөлiмде "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1105 қаулысымен  
бекiтiлген      

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.24 N 1278 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Атом энергетикасы комитеті; Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті; Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің штат санының лимитін аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.26 N 222, 2009.07.15 N 1071 Қаулыларымен.

      9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері:
      1) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
      2) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мен
тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
      5) минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіруді қамтамасыз ету және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады.

      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) электр энергетикасы, геологиялық зерттеу және жер қойнауын кешенді пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
      3) электр энергетикасы(0,4 кВт электр желісі объектілерінен, жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа), жер қойнауын пайдалану, радиациялық қауіпсіздік, мұнай және оның өмірлік циклінің процестері саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
      4) электр энергетикасы, энергия үнемдеу, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты және радиациялық қауіпсіздік аясында халықаралық шарттар жөніндегі міндеттемелердің орындалуын жүзеге асырады;
      5) өз құзіреті шегінде:
      электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну (желілер бойынша 0,4 кВт электр энергиясын беру мен тұтынудан басқа) және ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі саласында;
      техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтың пайдалану сипаттамасы, энергия өндіретін, энергия беретін, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың (жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа) технологиялық мұқтаждықтарына электр энергиясы мен жылу энергиясын жұмсау нормалары саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін (техникалық регламенттерді қоспағанда) әзірлейді және бекітеді;
      6) жобалау, салу, жабдықтардың пайдалану және техника-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына арналған электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      6-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;
      6-2) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
      6-3) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;
      6-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;
      6-5) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
      6-6) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетгік органмен бірлесіп бекітеді;
      7) кепіл болатын жеткізушіні анықтау тәртібін және оның жауапкершілігі аймағын бекітеді;
      8) энергетикалық сараптама жүргізудің әдістемесін, тәртібі мен мерзімін белгілейді;
      9) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін жасау тәртібін белгілейді;
      10) электр энергиясын орталықтандырылған сату нарығының жүйелік операторын және операторын айқындайды;
      11) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастырылу ерекшеліктерін айқындайды;
      12) қосарлас (шунттаушы) электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
      13) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі авариялық бұзылулардың сыныптамасын, оларды болдырмау және жою үшін қолданылатын шараларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
      14) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
      15) заттай көрінісінде ұлттық отын-энергетикалық теңгерімді әзірлейді;
      16) энергия үнемдеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;
      17) Энергия үнемдеу сараптамасы туралы ережені әзірлейді;
      18) энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлейді;
      19) энергия үнемдеудің нормативтік-әдістемелік, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлейді және жаңғыртылатын экономикалық ресурстарды пайдалануды ынталандырады;
      20) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және мемлекеттік статистика саласындағы құзыретті органмен келісім бойынша отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері туралы мемлекеттік статистикалық есептіліктің енгізілуін қамтамасыз етеді;
      21) жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарды энергиялық теңгерімге тарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді және олардың іске асырылуын үйлестіреді;
      22) конкурсқа, оның ішінде ұлттық компанияның үлестік қатысуымен шығарылатын блоктардың тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар дайындайды;
      23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісім-шарттың орындалу мүмкіндігін, мұнай экспорты үшін олардың аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады;
      24) кен орындарын игерудің жобасына сәйкес мұнай өндіруді, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      25) әрбір жер қойнауын пайдаланушының магистральдық құбыржолдар мен теміржол эстакадаларының қуаттарын пайдалануға бірдей қолжетімділігін қағидатты түрде бекітеді;
      26) жер қойнауын пайдаланушылар үшін, мұнайды сатудың техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде келісім-шартқа қол қою сәтіндегі оның техника-экономикалық негіздемесінің экономикалық көрсеткіштерін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өңдеу үшін жеткізілетін шикі мұнайдың көлемін айқындайды;
      27) ішкі нарықтың жанар-жағар май материалдарына қажеттіктерін, осындай қажеттік болған жағдайда, өтеуге қажетті мөлшерде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өңдеуге арналған мұнай мөлшерін кестелермен (жылдық және ай сайынғы) белгілейді;
      28) мұнай-газ саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      29) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалану салаларындағы келісім-шарттардың орындалу және мұнай операцияларын жүргізу барысы туралы есеп береді;
      30) көмірсутек шикізатын өндіру бойынша кен орындарын игеру жобаларын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды;
      31) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік-техникалық құжаттарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      31-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бағалау өлшемін әзірлейді және бекітеді;
      32) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;
      33) жер қойнауын пайдалану, оның ішінде мұнай операцияларын жүргізу мен мұнай тасымалдау саласындағы операцияларды жүргізген кезде адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қатерлеріне талдау және бағалау жүргізеді;
      34) өз қызметі барысында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу саласындағы келісім-шарттардың жасалуы мен орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      35) жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге немесе келісім-шартпен байланысты жанама қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнның есептеу әдістемесін келіседі;
      35-1) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебінің және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасының нысандарын бекітеді;
      36) Қазақстан Республикасында дамытылатын жоғары технологиялық басым өндірістердің тізбесін келіседі;
      37) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдістемесін келіседі;
      38) жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу құқығын беруге арналған келісім-шарттарда заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
      39) заңнамаға сәйкес барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
      39-1) заңнамаға сәйкес өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;
      40) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерін әзірлеу және оларға өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      41) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен ережелерді әзірлейді, белгілейді және қолданады;
      42) радиациялық қауіпсіздік саласындағы басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіреді;
      43) радиациялық қауіпсіздікке , табиғи қорғанысқа және аварияға қарсы жоспарлауға, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алуға және бақылауға қатысты нормалар мен ережелерді әзірлейді және келіседі;
      44) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      45) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      46) өнімді бөлу шартымен конкурсқа шығарылатын блоктардың тізбесін дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
      47) негізгі экономикалық, технологиялық, геологиялық және өнімді бөлу туралы келісімдердің өзге де параметрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
      48) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен бірлесіп барлау мен өндіру немесе өнімді бөлу шартымен мұнай өндіруге құқық беруге арналған конкурстың шарттарын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
      49) Министрліктің құзыреті аясында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік қатысу үлестері мен акциялар пакеттерін иелену және пайдалану жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырады;
      50) өз қызметінің саласында республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асырады;
      51) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау , азаматтық қорғаныс , жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.28 N 638 , 2009.02.26. N 222 , 2009.04.10. N 498 , 2009.07.15. N 1071 Қаулыларымен.

      15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:
      1) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері техникалық талаптарының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;
      2) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды және олардың техникалық жай-күйін қадағалауды жүзеге асыру;
      3) объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын бағалау жөніндегі электр энергетикасының кәсіпорындары комиссияларының жұмысына қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөлікке бөлінуге, тұтынушыларды электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бүлінуіне әкеп соқтырған электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзылуларды тексерудің есебін жүргізу;
      5) министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін энергияны үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде бақылау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
      6) отын-энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыру;
      7) энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
      8) отын-энергетикалық ресурстардың шығыс нормативтерінің сақталуын бақылау;
      8-1) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      9) геологиялық және тау-кен бөлінісін дайындау мен беру;
      10) барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға арналған жұмыс бағдарламаларын келісу;
      11) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келісу;
      12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келісу;
      13) барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламаларын келісу;
      14) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттар талаптарын орындаудың сақталуы мониторингі мен бақылауды жүзеге асыру;
      15) техникалық регламенттермен белгіленген мұнайға және оның өмірлік цикл процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      16) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындау мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру ;
      16-1) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың сатып алуында жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелерінің мониторингін және оларды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, оның ішінде жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;
      16-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
      17) жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттардың талаптарын, оның ішінде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      18) жер қойнауын пайдаланушының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      19) тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын (жобаларын) бекіту;
      20) көмірсутек шикізатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша кен орындарын игеру жобаларын бекіту;
      21) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде жерасты өндірістік-техникалық суларын барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
      22) пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингі бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, пайдалы қазбалардың қорларын бекіту;
      23) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін, кен орындарының және пайдалы қазбалардың білінулері, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастыру және жүргізу;
      24) тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шарттарын айқындау ;
      25) жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтың қорларын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      26) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      27) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингін жүзеге асыру;
      28) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру ;
      29) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
      30) тарату қорының қаражаттарын пайдалануға рұқсат беру;
      31) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге шарт жасасу;
      32) келісім-шарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді келісу;
      33) жер қойнауын пайдаланушының жұмыс бағдарламасын келісу;
      34) жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін анықтау;
      35) жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі бойынша ақпарат ұсыну;
      36-1) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілетін және жүргізілген сатып алу туралы ақпарат сұрау;
      36-2) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланатын сатып алу туралы ақпарат жинау және талдау;
      37) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу ;
      38) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
      39) атом энергетикасы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты тексерулер жүргізу;
      40) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      41) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;
      42) басқа мемлекеттердің өкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша және ядролық қаруды таратпау мен ядролық материалдарды бақылау проблемалары жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      43) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін бекіту;
      44) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды табиғи жағынан қорғаудың қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асыру;
      45) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін құру ;
      46) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық сипаты жоқ беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асыру;
      47) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің, лицензиялар шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
      48) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
      49) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      50) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде халықтың сәуле алу мөлшерін бақылау мен есепке алуда мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      51) ядролық материалдар мен басқа иондаушы сәуле көздерінің экспортына , импортына, орын ауыстыруына, транзитіне және олардың орналастырылуына бақылауды жүзеге асыру;
      52) өнімді бөлу туралы келісімдердің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      53) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.28 N 638 , 2009.04.10. N 498 Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады.

      17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Министр:
      1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      6) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      19. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      20. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатпайды.

      21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      22. Жауапты хатшы:
      1) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келісілгеннен кейін Республика Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде органның, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келісілгеннен кейін органның құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысының және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келісілгеннен кейін орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармаларының басшыларын, органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрдің келісімімен орталық атқарушы орган қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу , үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді; V074655 , V074545, V064326
      12) Министрдің келісімімен еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) орталық атқарушы органның Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін орталық атқарушы органның басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      16) Министрмен келісілгеннен кейін органның қаржыландыру жоспарларын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      24. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан алқаның саны мен дербес құрамын бекітеді.

      25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентінде және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      26. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.

      27. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      28. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1105 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2006.01.06 N 25, 2008.06.28 N 638, 2009.02.20 N 201, 2010.05.14 N 416 Қаулыларымен.

Мемлекеттік мекемелер

      1. Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы
      2. "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесi
      3. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

"Акционерлік қоғамдар"

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1105 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң кейбiр ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 402 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 133-құжат).

      3. "1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 мамырдағы N 598 қаулысының 2-тармағы.

      4. "КаспийМұнайГаз" Каспий мұнай және газ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 28 маусымдағы N 887 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасы.

      5. "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 тамыздағы N 1025 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 363-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 6 мамырдағы N 498 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.

      7. "Мұнай-газ тасымалы саласын дамытудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 390 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 96-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық pecуpcтаp министрлiгiнiң "Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 шiлдедегі N 751 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi N 807 қаулысының 4-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 31, 337-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 240 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 118-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 тамыздағы N 866 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 355-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 3, 46-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады