Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері Н.В. Белоруков, А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов, У. Шапак қатысқан құрамда, мыналардың:

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.Б. Ақылбайдың,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдинаның,

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельдің,

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.Ө. Қалқабаевтың,

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы С.Қ. Ахметжановтың,

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі С.М. Сейтімбетованың,

      Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С. Арынның,

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті директоры С.В. Пономаревтің,

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.Ж. Оспановтың қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы мәселені қарады.

      Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапактың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың, заңгерлік қауымдастық өкілдері – Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.Д. Бұсырмановтың және "Университет КАЗГЮУ" Акционерлік қоғамының Қылмыстық-процессуалдық зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ш. Қоғамовтың сөйлеген сөздерін тыңдап, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      анықтады:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) еліміздің Негізгі Заңына түзетулер енгізілді.

      Конституциялық түзетулер Республика Конституциясының қолданылатын құқық жүйесіндегі үстемдігін және еліміздің бүкіл аумағында сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге, ерекше қорғалатын конституциялық құндылықтардың тізбесін кеңейтуге және қорғалу деңгейін арттыруға, конституциялық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің мазмұнын, шарттары мен шектерін нақтылауға бағытталған.

      Жоғары мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, Үкіметті құрудың тәртібін өзгерту және Үкіметтің үстінен парламенттік бақылауды күшейту, Республика Президентінің заң шығарушылық өкілеттіктерін алып тастау, сондай-ақ Мемлекет басшысындағы құзыреттің бір бөлігін Үкіметке беру арқылы Парламент пен Үкіметтің жаңа рөлі бекітілді, дербестігі мен жауапкершілігі кеңейтілді, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына конституциялық мәртебе берілді.

      Конституциялық Кеңестің, сот жүйесінің, прокуратураның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының мәртебелік бастаулары нақтыланды, Негізгі Заңға басқа да тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 3-1-тармағы; 4-бабының 3-тармағы; 10-бабының 2-тармағы; 39-бабының 2 және 3-тармақтары; 41-бабының 2-тармағы; 44-бабының 3), 8), 9), 10-1), 18) тармақшалары; 45-бабының 2-тармағы; 49-бабының 1-тармағы; 53-бабының 3) тармақшасы; 55-бабының 1-1) тармақшасы; 57-бабының 6) тармақшасы; 61-бабының 2-тармағы; 64-бабының 2-тармағы; 66-бабының 1), 8) және 9-1) тармақшалары; 67-бабының 4) тармақшасы; 70-бабының 1-тармағы; 72-бабының 2-тармағы; 73-бабының 4-тармағы; 74-бабының 2-тармағы; 79-бабының 3-тармағы; 81-бабы; 83-бабының 1-тармағы; 86-бабының 5-тармағы; 87-бабының 4-тармағы; 91-бабының 2 және 3-тармақтары).

      2017 жылғы конституциялық реформа қоғам мен мемлекетті жан-жақты және дәйектілікпен жаңғырту жолындағы заңды кезең болды.

      Заңға жасалған жүйелі талдау оның өз жиынтығында Конституцияның өзгертілген нормаларының мазмұнын айқындап қана қоймай, түзетулерге ұшырамаған ережелері мен нормаларының құқықтық мағынасын да кей кездері жаңартып отыратынын көрсетеді. Бұл жағдай конституциялық қайта өзгертулердің жалпы заңдылықтары мен трендтерін және ресми түсіндірудің бағыт-бағдарын бөліп көрсетуге негіз болады.

      Мұның бәрі еліміздің қолданыстағы құқығын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын қоса отырып, жаңартылған Конституцияға сәйкестендіруді қажет етеді.

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе, қайта қарауы мүмкін.

      Заңды іске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығының 7-тармағында Конституциялық Кеңеске өзі қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау және Заңға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылған.

      Конституциялық Кеңес қабылданған нормативтік қаулыларды қайта қарау жөніндегі жұмыстың бастауларын бұдан бұрын айқындаған болатын.

      Мәселен, 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 1, 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 7 және 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулыларда Негізгі Заңның өзгертілген және толықтырылған нормаларына сәйкес келмейтін қаулылардың толығымен күші жойылады. Конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтін жекелеген ережелерін алып тастағанда, Конституция нормаларын түсіндірудің ішкі қисыны мен өзара байланысы, мазмұны мен мағынасы жоғалмайтын Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының ішінара күші жойылуға тиіс деп атап көрсетілді. Сол арқылы, Конституциялық Кеңестің тиісті конституциялық өкілеттіктері жүзеге асырылып қабылданған, ішінара күші жойылып отырған қорытынды шешімдерінде бекітілген құқықтық позициялардың нысаны өзгермейді және ауқымы кеңеймейді.

      Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын қайта қарау Конституциялық Кеңестің осы аталған нормативтік қаулыларымен байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ өзге де құқықтық актілерінің заңдық күші жойылғанын немесе бұдан бұрын конституциялық емес деп танылған актілерге заңдық күш қайтарылғанын білдірмейді. Қажет кезде аталған заңдар және тиісті құқықтық актілер бекітілген тәртіппен қабылдануы, күші жойылуы, өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1 және 2-тармақтарын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-33-баптарын, 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 3-тармағын, 40-бабының 1-тармағын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мына нормативтік қаулыларының:

      1.1. "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабының 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы Қаулысын түсіндіру туралы" 1997 жылғы 31 шілдедегі № 3/4;

      1.2. "Жамбыл облыстық сотының "Қазақ КСР-інiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiн және 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы" өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы № 3/2;

      1.3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 12 қарашадағы № 14/2;

      1.4. "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 5;

      1.5. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы 19 қарашадағы № 11;

      1.6. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 2-тармағын, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы" 2008 жылғы 26 маусымдағы № 5 толығымен күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мына нормативтік қаулыларының:

      2.1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың төртінші абзацындағы "10," деген цифр алып тасталып;

      2.2. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3:

      дәлелдеу бөлігінің 5-тармағы;

      қарар бөлігінің 5-тармағы алып тасталып;

      2.3. "Қазақстан Республикасы Парламентi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген Конституция нормалары бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91 бабының 1-тармағына ресми түсiнiк беру туралы" 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 13/2:

      дәлелдеу бөлігінің үшінші абзацындағы "онда "Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды" деп белгіленген." деген сөздер алып тасталып;

      2.4. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1999 жылғы 30 маусымдағы № 14/2:

      дәлелдеу бөлігінің төртінші және бесінші абзацтары;

      қарар бөлігінің екінші абзацы алып тасталып;

      2.5. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 18/2:

      дәлелдеу бөлігінің жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары;

      қарар бөлігінің 3-тармағы алып тасталып;

      2.6. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 31 мамырдағы № 3/2:

      дәлелдеу бөлігінің бесінші абзацындағы "Үкіметтің және" деген сөздер алып тасталып;

      2.7. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2) тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 3 шiлдедегі № 15/2:

      дәлелдеу бөлігінің тоғызыншы абзацындағы ", сондай-ақ осы заң жобасы жедел қаралады деп жариялау" деген сөздер;

      дәлелдеу бөлігінің оныншы абзацы;

      дәлелдеу бөлігінің он бірінші абзацындағы және қарар бөлігінің 1-тармағындағы "45-бабының 2-тармағында" деген сөздер;

      дәлелдеу бөлігінің он екінші абзацындағы "45-бабының 2-тармағын," деген сөздер алып тасталып;

      2.8. "Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы" 2000 жылғы 10 шiлдедегі № 14/2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың оныншы абзацы алып тасталып;

      2.9. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 11 қазандағы № 18/2:

      дәлелдеу бөлігінің 2-тармағында:

      екінші абзацтағы "және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады" деген сөздер;

      үшінші абзацта:

      екінші және төртінші сөйлемдер;

      "және тiкелей қолданылуы" деген сөздер алып тасталып;

      2.10. "Қызылорда облыстық сотының "Байқоңыр" кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші бөлігін, "Байқоңыр" кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5 және 11-баптарын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы" 2001 жылғы 7 мамырдағы № 6/2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың төртінші абзацындағы үшінші сөйлем;

      дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың бесінші абзацындағы ", Республика Конституциясының 10-18-баптарымен көзделген, ал Республика Конституциясының 39-бабына сәйкес оған жол берілмейді" деген сөздер алып тасталып;

      2.11. "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жөнiнде" 2001 жылғы 22 қарашадағы № 15/2:

      дәлелдеу бөлігінің сегізінші абзацы алып тасталып;

      2.12. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың бесінші абзацы алып тасталып;

      2.13. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағын және 6-бабы 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы 23 сәуiрдегi № 4:

      дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың бесінші абзацындағы ", онда "Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды" деп белгiленген" деген сөздер алып тасталып;

      2.14. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы" 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12:

      дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың жетінші абзацындағы "79-баптың 3-тармағының," деген сөздер;

      қарар бөлігіндегі 2-тармақтың үшінші абзацындағы "79-бабының 3-тармағында," деген сөздер алып тасталып;

      2.15. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың екінші абзацындағы "және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады" деген сөздер алып тасталып;

      2.16. "Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң конституциялылығын тексеру туралы" 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың төртінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталып;

      2.17. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқа да бiрқатар нормаларын ресми түсiндiру туралы" 2008 жылғы 15 қазандағы № 8:

      дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың үшінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталып;

      2.18. "Конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы" 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 1-тармақтың бірінші абзацындағы "57-баптың 6) тармақшасы," және "53-баптың 3) тармақшасы," деген сөздер;

      дәлелдеу бөлігіндегі 7-тармақтың бірінші абзацындағы "53-баптың 3) тармақшасы," деген сөздер алып тасталып;

      2.19. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы 8-тармағының және 83-бабы 1-тармағының нормаларын ресми түсіндіру туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 1:

      дәлелдеу бөлігінің 1-тармағында:

      төртінші абзацтағы үшінші және төртінші сөйлемдер;

      бесінші абзацтағы "83-баптың 1-тармағында пайдаланылған" деген сөздер;

      дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың жетінші абзацындағы "45-бабының 2-тармағымен, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларымен" деген сөздер:

      қарар бөлігінің 1-тармағындағы "және 83-бабының 1-тармағындағы" және ", ал Конституцияның 83-бабының 1-тармағында пайдаланылатын "басқа да құқықтық актілер" ұғымы өзге актілердің бәрін, нормативтік сипаты барларын да, мұндай белгісі жоқтарын да қамтиды" деген сөздер алып тасталып;

      2.20. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысына түсіндірме беру туралы" 2013 жылғы 16 мамырдағы № 2:

      дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың екінші абзацында:

      "9)," деген цифр;

      ", Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құруға, таратуға және қайта құруға" деген сөздер;

      "Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге; өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтауға" деген сөздер;

      дәлелдеу бөлігіндегі 2-тармақтың төртінші абзацындағы "және 8)" деген сөздер;

      дәлелдеу бөлігіндегі 3-тармақтың сегізінші абзацындағы "8)," деген цифр алып тасталып;

      2.21. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2014 жылғы 15 мамырдағы № 1:

      дәлелдеу бөлігінің бесінші абзацы алып тасталып, ішінара күші жойылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес, осы нормативтік қаулының кері күші болмайды деп айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және түпкілікті болып табылады.

      5. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы
И.И. Рогов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады