Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 191 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 191 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрі";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы".

      2. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

      Жақсыбеков - Астана қаласының әкімі, төрағаның

      Әділбек Рыскелдіұлы орынбасары

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан И.Н. Тасмағамбетов шығарылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Мұқашев - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Төлеубек Төлеуұлы Сенатының депутаты (келісім

      бойынша)

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Н.І. Сүлейменов, Ш.Х. Хахазов шығарылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

      Айтуғанов - Қазақстан Республикасы

      Қайрат Қапарұлы Кәсіподақтар федерациясы

      төрағасының орынбасары (келісім

      бойынша),

      Рахметулин - Қазақстан Республикасы Жоғарғы

      Абай Жамбылұлы Сотының қылмыстық істер бойынша

      сот алқасының төрағасы,

      Тұрмағамбетова - "Адам құқықтарын жақтаушы хартия"

      Жеміс Өтегенқызы қоғамдық қорының атқарушы

      директоры (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      мына:

      "Оңғарбаев - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

      Еркін Әнуарұлы ұлттық университетінің заң

      факультетінің деканы (келісім

      бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Бас

      Еркін Әнуарұлы прокуратурасының жанындағы Құқық

      қорғау органдары академиясының

      бірінші проекторы (келісім

      бойынша)";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Қ.Я. Амандықов, А.Қ. Жұмағалиев, А.А. Қасымов, Н.К. Фокина шығарылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Мүкей Айгүл - "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық

      компаниясының баспасөз хатшысы

      (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүкей Айгүл - "SNC" журналының бас редакторы

      (келісім бойынша)".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқаларының төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ішкі істер, Әділет, Мемлекеттік қызмет істері министрлері немесе олардың орынбасарлары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

      Бекетаев - Қазақстан Республикасы Президенті

      Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,

      төрағаның орынбасары

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Т.С. Донақов шығарылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

      Ақсақалов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Құмар Іргебайұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,

      Бекетаев - Қазақстан Республикасы Президенті

      Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,

      Смайылов - Қазақстан Республикасы

      Әлихан Асханұлы Президентінің көмекшісі, төрағаның

      орынбасары

      енгізілсін;

      мына:

      "Донақов - Қазақстан Республикасы

      Талғат Советбекұлы Президентінің Әкімшілігі

      Басшысының орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донақов - Қазақстан Республикасының

      Талғат Советбекұлы Мемлекеттік қызмет істері

      министрі";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ғ.Р. Әбдірахымов, Б.Қ. Байбек, Е.Т. Орынбаев, Қ.П. Қожамжаров шығарылсын.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы виза қоятын судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның басшылары және қажет болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде виза қояды.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.".

      9. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      10. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:

      Ақышев - Қазақстан Республикасының Ұлттық

      Данияр Талғатұлы Банкінің Төрағасы,

      Айван - "Гленкор плс" компаниясының бас

      Глазенберг атқарушы директоры (келісім

      бойынша),

      Кармайн - "ЕҮ"-нің клиенттерімен жұмыс

      Ди Сибио жөніндегі басқарушы әріптесі

      (келісім бойынша),

      Ван Дунцзин - "CNPC" компаниясының

      вице-президенті (келісім бойынша),

      Сами Искандер - "Би Джи Групп" компаниясының

      өндіру жөніндегі бас басқарушы

      директоры (келісім бойынша),

      Джим Коулз - "Ситигрупп" компаниясының Еуропа,

      Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі

      бас атқарушы директоры (келісім

      бойынша),

      Дэвид Крукшэнк - "Делойт" компаниясының халықаралық

      директорлар кеңесінің төрағасы

      (келісім бойынша),

      Панкин - "Еуразия даму банкі" акционерлік

      Дмитрий Владимирович қоғамының басқарма төрағасы

      (келісім бойынша),

      Смайылов - Қазақстан Республикасы

      Әлихан Асханұлы Президентінің көмекшісі,

      Эрик Шир - "Бейкер және Макензи Интернешнл"

      компаниясының атқарушы комитетінің

      мүшесі және бас директорының

      орынбасары (келісім бойынша)

      енгізілсін;

      көрсетілген кеңестің құрамынан Г.Н. Әбдіқалықова, С. Алмонд, К. Ванхарентс, Қ.Н. Келімбетов, Е.Т. Орынбаев, Д.Ферраро, К.Финлейсон, И.В. Финовгенов, Д.Харикен шығарылсын.

      13. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына:

      Бекетаев - Қазақстан Республикасы Президенті

      Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,

      Кеңестің төрағасы,

      Жұмақанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Владимир Зейноллаұлы қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      енгізілсін;

      мына:

      "Донақов - Қазақстан Республикасы

      Талғат Советбекұлы Президентінің Әкімшілігі

      Басшысының орынбасары,

      Кеңестің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донақов - Қазақстан Республикасының

      Талғат Советбекұлы Мемлекеттік қызмет істері

      министрі";

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Н.Әбіқаев, Қ.П. Қожамжаров, М.С. Нәрікбаев, Н.М. Ыбырайым шығарылсын.

      14. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіреді." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіреді.".

      15. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 908-құжат):

      аталған өкімге 2-қосымшада:

      "Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары";

      аталған өкімге 4-қосымшада:

      "Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары";

      аталған өкімге 6-қосымшада:

      "Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің қызметкері".

      16. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрі, төрағаның орынбасары".

      17. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамына:

      Ақышев - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Данияр Талғатұлы Банкінің Төрағасы, басшы,

      Донақов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      Талғат Советбекұлы қызмет істері министрі,

      Жұмақанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Владимир Зейноллаұлы қауіпсіздік комитетінің Төрағасы,

      Смайылов - Қазақстан Республикасы

      Әлихан Асханұлы Президентінің көмекшісі

      енгізілсін;

      көрсетілген Комиссия құрамынан Н. Әбіқаев, Қ.Н. Келімбетов, Қ.П. Қожамжаров, Е.Т. Орынбаев шығарылсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 191 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 323 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 331 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 395 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1025-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады