БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 қаңтары № 19 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. "Айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 25-02-01/166 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7668 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінің № 396-400 санында жарияланған):
Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілеріне 15-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінің 483-488 (27561) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен және құрмет грамотасымен:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары;
2) орман шаруашылығы саласындағы ғылыми қызметкерлер;
3) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері;
4) облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері;
5) мемлекеттік орман иелену құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері;
6) орман шаруашылығы зейнеткерлері мен ардагерлері наградталады.";
"1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгілері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес наградталушы тұлғаға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлікті тапсырумен бір мезгілде тапсырылады.".
4-қосымша осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы Тізбенің 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидадағы 10-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі";
11-қосымша осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8015 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 852-856 (27927) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы бұйрықта Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары деп Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет), сондай-ақ оның аумақтық органдарының қызметкерлерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары деп орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін түсінеді.";
15-қосымша осы Тізбенің 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
17-қосымша осы Тізбенің 11-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
18-қосымша осы Тізбенің 12-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
19-қосымша осы Тізбенің 13-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
20-қосымша осы Тізбенің 14-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
21-қосымша осы Тізбенің 15-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
22-қосымша осы Тізбенің 16-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
23-қосымша осы Тізбенің 17-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/42 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10418 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Орман өртінен келген залалды есептегенде қолданыстағы:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексінің) 587-бабының 2-тармағында көзделген түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкалары;
"Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар (бұдан әрі – Базалық ставкалар);
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес белгіленетін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында Қазақстан Республикасы заңнамасына бұзу келтірген зиянды өтеу мөлшерлері (бұдан әрі – Зиянды өтеу мөлшерлері);
Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (түбірімен босатылатын сүрек үшін ставкаларды қоспағанда) қолданылады.".
5. "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 18-02/201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10911 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулау Марқакөл көлінің Урунхайка селосына жанасып жатқан солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаскесінде ұйымдастырады.
Учаскенің шекарасы шығыс және оңтүстік жағынан көлдің жағалау жиегімен өтеді, батыс шекарасы Тихушка өзені сағасы (оңтүстік-шығыс жағалау) мен "екінші Мүйіс" (солтүстік-шығыс жағалау) аралығындағы көл айдынында орналасқан. Көлдің жағалау жиегіне қатысты № 1 учаскенің батыс шекарасы көл айдынында 900 метрден 1500 метрге дейінгі қашықтықта өтеді. Учаскенің алаңы 615 гектар.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдаманы қорық әкімшілігі береді және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және қорық әкімшілігінің мөрі басылған қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналына тіркейді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жолдама тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардың тіркелгені және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 582-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төленгенін растайтын құжаттар және тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаларды тіркелуі болған жағдайда беріледі.
Тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардың тіркелгені "Үшінші тұлғаларға анықтама алу сервисі" автоматтандырылған қызметі арқылы "Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталында белгіленеді";
Қағидадағы 1-қосымша алынып тасталсын.
6. "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
2-қосымшадағы 1-кесте осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Табиғат қорғау мекемелері инспекторларының қысқы бас киімінің кокардасы
Табиғат қорғау мекемелері инспекторларының жазғы бас киімінің кокардасы
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру және оның омырауға тағатын белгісін тапсыру хаттамасы
________________________________________________________________
(қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ___________________________________________________________
________________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____" _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан:
________________________________________________________________
(наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен оның куәлігін тапсырдым.
Ұйым басшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)
Комиссия хатшысы _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау хаттамасы
________________________________________________________________
(қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ___________________________________________________________
________________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20__ жылғы "____" _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан:
________________________________________________________________
(наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен оның куәлігін тапсырдым.
Ұйым басшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)
Комиссия хатшысы _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:
________________________________________________________________
Құрмет грамотасы
Қазақстан Республикасы |
Министерство экологии, |
Құрмет грамотасымен наградтау және тапсыру хаттамасы
________________________________________________________________
(қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ___________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____" _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан:
________________________________________________________________
(наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
Құрмет грамотасын тапсырдым.
Ұйым басшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)
Комиссия хатшысы _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:
________________________________________________________________
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағының омырауға тағатын белгісі
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградтау туралы куәлік
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
Куәлік
Удостоверение
Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.
Куәлік №_________
Удостоверение
Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.
Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
Осы куәлік ол ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградталғаны жөнінде берілді.
Төраға __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
________________________________________________________________
(наградталған күні, айы, жылы)
(мөр орны)
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлік
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
Куәлік Удостоверение
Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Куәлік №_____
Удостоверение
Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.
Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
Осы куәлік ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен марапатталғаны жөнінде берілді.
Төраға __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
________________________________________________________________
(наградталған күні, айы, жылы) (мөр орны)
(мөр орны)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 9-қосымша |
|
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 2-қосымшасына |
1-кесте
Ауа райының жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қауіптілігін жіктеу
Ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбы | Кешенді көрсеткіш шамасы, миллибар градус | Өрт қауіптілігінің дәрежесі |
I | 0 – 300 | Жоқ |
II | 301 – 1000 | Әлсіз |
III | 1001 – 4000 | Орташа |
IV | 4001 – 10000 | Жоғары |
V | 10001-ден артық | Төтенше |
Өңірлер бойынша ормандардағы өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (жергілікті сыныптар)
I. Жамбыл, Алматы (Балқаштың жайылма ормандары), Қызылорда, Түркістан облыстары үшін өрт қауіптілігінің сыныбын анықтау (жергілікті шәкіл)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының шеврон үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының төсбелгісінің (жетон) үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының төсбелгісінің (жетон) үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының кокардаларының үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының кокардаларының үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының кокардаларының үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының кокардаларының үлгісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілерінің үлгілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының айырым белгілерінің үлгілері
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология жәнет табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы
Салтанатты
Күнделікті
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология жәнет табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас орман инспекторының орынбасары.
Салтанатты
Күнделікті
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік аға орман инспекторы.
Салтанатты
Күнделікті
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшылары, сарапшылары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекторлары.
Салтанатты
Күнделікті
5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары – тиісті облыстардағы мемлекеттік бас орман инспекторлары.
Салтанатты
Күнделікті
6. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшыларының орынбасарлары - тиісті облыстардағы мемлекеттік бас орман инспекторларының орынбасарлары.
Салтанатты
Күнделікті
7. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшылары – тиісті облыстардағы мемлекеттік аға орман инспекторлары.
Салтанатты
Күнделікті
8. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары – тиісті облыстардағы мемлекеттік орман инспекторлары.
Салтанатты
Күнделікті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің айырым белгілері
9. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры
Салтанатты
Күнделікті
10. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары
Салтанаты
Күнделікті
11. Инженерлер: орман патологиясы, орман пайдалану бойынша, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша, ормандарды күзету мен қорғау
Салтанатты
Күнделікті
12. Орманшылар, орман питомнигінің бастықтары, орман өртін сөндіру станциясының бастықтары
Салтанатты
Күнделікті
13. Орманшылардың көмекшілері
Салтанатты
Күнделікті
14. Оман шебері
Салтанатты
Күнделікті
15. Орманшылар
Салтанатты
Күнделікті