Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 201 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 152 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.02.2016 № 152 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 201 бұйрығынан үзінді.

      Ішкі істер органдарының қызметін жандандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасудың тиімділігін арттыру, осы жұмыстың нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" нұсқаулық бекітілсін.

      2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:

      1) сынақтар қабылдай отырып, мүдделі қызметтер қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін ұйымдастырсын және оның талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі табиғатты қорғау полициясы, қоғамдық қауіпсіздік, криминалдық, жол полициясы, тергеу және анықтау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін бақылауға алсын;

      3) экологиялық қылмыстарды анықтау және жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полициясы саласы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 14 қаңтардағы № 27, "Табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полициясы саласы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 14 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 30 маусымдағы № 385 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А. Шпекбаевка және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ. Тоқсейітов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Мұхаметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады