"Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 14 қаңтардағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1753. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 201 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.05.10 № 201 бұйрығымен.

      Табиғатты қорғау және карантиндік іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, браконьерлікке қарсы күрестегі өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыру, бұл жұмыстың нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы" нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, көліктегі ІІББ бастықтары: 
      1) сынақтар қабылдау арқылы мүдделі қызметтер қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін; 
      2) табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, ашу мен тергеу жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда қоғамдық қауіпсіздік, жол полициясы басқармаларының, тергеу мен анықтаудың өзара іс-қимыл жасау мәселелерін бақылауға алсын, жылына кемінде бір рет бірлескен жедел кеңестер, ай сайынғы рейдтік әзірлеулер және операциялар өткізуді іс жүзінде қолданатын болсын; 
      3) талдар мен бұталарды заңсыз шабу, ормандарды жою және оларға қасақана, оның ішінде өрт салу арқылы зақым келтіру фактілері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарының тиімділігін, осы саладағы қылмыстардың ашылуын арттыру жөніндегі шараларды қабылдансын; 
      4) Астана қаласы ІІБ-нің, Ақмола облысы ІІБ-нің жергілікті бюджет бойынша ұсталатын экологиялық полициясының қолда бар бөлімшелерінің атауын табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полициясы деп өзгертсін, оларды қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының құрылымдық бөлімшелері деп есептесін. 
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін. 

       Қазақстан Республикасының
       Ішкі істер министрі
       генерал-майор

          "КЕЛІСІЛДІ"                            
    Қазақстан Республикасының              
     Табиғи ресурстар және                 
     қоршаған ортаны қорғау
           министрі                        
       2002 ж.7 қаңтар

          "КЕЛІСІЛДІ"
    Қазақстан Республикасының 
    Ауыл шаруашылық министрі
      2002 ж. 4 қаңтар

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер Министрінің  
2002 жылғы 14 қаңтардағы 
N 27 бұйрығымен бекітілген

  Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция
саласы бойынша ішкі істер органдарының
жұмысын ұйымдастыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

      1. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулық олардың қызметінің негізгі бағыттарын, басқа мемлекеттік органдармен іс-қимыл жасау, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары ішкі істер бас басқармаларының (әрі қарай - Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің), ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының - (әрі қарай - облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің), қалалық және аудандық ішкі істер органдары (әрі қарай - қалалық, аудандық ІІБ-нің) жетекшілерінің осы қызметке бақылау жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін белгілейді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен

      2. Қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік саласындағы ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының  Конституциясы , "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы"  заң күші бар Жарлығы , " Қоршаған ортаны қорғау туралы ", " Жануарлар әлемінің пайдаланылуы мен ұдайы өндірісін қорғау туралы ", " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ", " Ветеринария туралы " Қазақстан Республикасының Заңдары, басқа да қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдері құрайды.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .       

      3. Қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша ішкі істер органдарының мақсаттары: 
      1) табиғатты қорғау заңнамасының аясындағы құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды анықтау, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; 
      2) браконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға, ағаштар мен бұталарды заңсыз шабуға қарсы күресте іс-шараларға қатысу; 
      3) мал-дәрігерлік заңнаманы қадағалауды қамтамасыз етуде мемлекеттік мал-дәрігерлік қадағалау органдарына көмек көрсету; 
      4) карантинді іс-шараларды ұйымдастыруға, бақылауға және жүргізуге қатысу; 
      5) жануарлар жұқпалы аурулармен ауруы бойынша карантин жарияланған аумақтарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін күзетуді қамтамасыз ету.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен

      4. Қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл функцияларын, органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру ішкі істер органдарының табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, сондай-ақ осы сала бойынша міндеттер жүктелген полиция қызметкерлері жүзеге асырады.
       Ескерту: 4-тармаққа толықтыру енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .

  2. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция
бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру

        5. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі өз құзыреттігі шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасымен ішкі істер органдарына жүктелген, оның ішінде осы нұсқаулықтағы тапсырмаларды орындайды. 

      6. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полицияның қызметі, басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс атқаруда өзара іс-қимылдың негізінде адамның жеке басын құрметтеуге және заңдылық қағидаттарына сәйкес құралады. 

      7. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдері (бөлімшелері, топтары) Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі (әрі қарай - Қазақстан Республикасы Ішкіісмині), Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының құрылымдық бөлімшелері болып табылады. 

      8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бөлімдерінің штаты мен құрылымын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді. 

      9. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, ішкі істер органдарының салалы қызметтерімен, басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасауда алға қойған мақсаттарды орындайды. 

      10. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметінің ұйымдық негізі, Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің жұмыстарының жоспары болып табылады. 

      11. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдері (бөлімшесі және тобы) жұмысты аймақтық принцип бойынша жүзеге асырады. 

      12. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдерінің (бөлімшелерінің және топтарының) бастықтары, бас мамандары - ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторлары, аға мамандары - аға инспекторлары және мамандары - инспекторлары бекітілген квалификациялық талаптарға сай адамдар тағайындалады.
       Ескерту: 12-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен

      13. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесінің жеке құрамы мен көлік құралдары тек қана тікелей тағайындау бойынша пайдаланылады. Кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасы Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің басшылығының өкімі бойынша, бұл қызметтің күштері мен құралдары, жаппай іс-шаралар жүргізу кезінде және табиғи апаттарда, осы орайда табиғатты қорғау және карантинді іс-шараларды жүргізуді әлсіретіп алмай қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмылдырылуы мүмкін. 

      14. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелері қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінде, олар өз құзыретінің шегінде мынадай іс-шаралар атқаруға құқылы: 
      1) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп карантинді және табиғатты қорғау, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде іс-шараларын жүргізуге қатысады, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте көмек көрсетеді; 
      2) басқа мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып қандай да болмасын меншік түріндегі ұйымдардың табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік заңнаманың, талаптарын және олардың табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы күрес шараларын жүргізуін бақылайды; 
      3) ұйым әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен екінші бөлікшеде көрсетілген талаптардың орындалуын тексеруді жүргізеді; 
      4) қоршаған ортаға, эпидемия және эпизоотия қаупін төндіретін бұзушылықтар болған кезде ұйымдардың, жеке өндірістер мен учаскелердің жұмысын толық немесе жартылай тоқтатады; 
      5) қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелері бойынша, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық, аудандық ІІБ-нің, мекемелердің, оларға қатысты жақтарына байланысты жұмысын ұйымдастырады; 
      6) ішкі істер органдарының қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қызметтерінің жұмысын үйлестіреді; 
      7) өз құзыреті шегінде жауап алуды жүзеге асырады.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .

      15. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің аппараттары бөлімдерінің (бөлімшелері және топтары) жетекшілеріне: 
      1) ішкі істер органдары ұйымдық-әдістемелік басқару, олардың Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік кесімдерін, табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің бұйрықтарын, ұйғарымдарын орындауын бақылау; 
      2) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдары қызметінің ұдайы талдауы мен қорытындысын жүргізу; 
      3) бірігіп іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, ауыл шаруашылық министрлігімен және олардың, ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; 
      4) жедел кеңестер үшін қызмет саласы бойынша, оның ішінде басқа да құқық қорғау органдарымен, мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, қоғамдық ұйымдармен қажетті материалдарды дайындау, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыруды жақсартуға, өзара іс-қимыл түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған бұйрықтардың, бағдарлаулар мен басқа да басқару шешімдерінің жобаларын әзірлеу; 
      5) табиғатты қорғау және карантинді іс-шараларға тікелей қатысу; 
      6) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету; 
      7) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік заңнамалар аясындағы қылмыстар мен бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша практикаға оң тәжірибелі жұмысты енгізу, үйрету және жетілдіру; 
      8) азаматтардың өтініштерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, қоғамдық ұйымдардың хабарламаларын олардың құзыретіне байланысты мәселелер бойынша қарау; 
      9) істерді жұмыс саласы және қызмет көрсететін аймақтар бойынша белгіленген тәртіпте жүргізу (Нұсқаулыққа 1, 2 қосымшалар); 
      10) экологиялық қылмыстарды тіркеу есебі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар жөніндегі комитеті мен оның жергілікті бөлімшелерімен ай сайын салыстырма тексеріс жүргізу жүктеледі.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .

  3. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция
саласы бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру

        16. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша жалпы басшылықты, осы қызметтің жұмысына жетекшілік ететін органның жетекшісі жүзеге асырады. 

      17. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелері жоқ, қалалық аудандық органдарда қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік мәселелер бойынша қалалық ішкі істер органының қызметін ұйымдастыру бойынша тікелей жұмысты қалалық, аудандық орган бастығының бұйрығымен осы желі бойынша міндеттер жүктелген қызметкер жүзеге асырады. 

      18. Негізгі мақсат, қоршаған ортаны қорғау және карантинді іс-шаралар жүргізуде басқа мемлекеттік органдармен бірігіп қатысу бойынша қалалық аудандық органның жұмысын ұйымдастыруға, ішкі істер органдары қызметінің уәкілетті мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен қоршаған ортаны қорғау және мал-дәрігерлік саласының мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасауға құралған. 

      19. Функционалдық міндеттері бойынша табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жүктелген қызметкер: 
      1) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік кесімдерді, карантинді іс-шаралар жүргізу рәсімін білуге және дұрыс қолдануға ("Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы , "Ерекше қорғауға алынатын табиғат аумақтары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы , "Жануарлар әлемін қорғау қалпына келтіру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы , "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы , Қазақстан Республикасының орман  кодексі , Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексі , Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  Кодексі , "Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың бұзылуы салдарынан келтірілген залалды өтеудің жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 қыркүйек 2001 жылғы N 1186  Қаулысы , "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 қыркүйек 2001 жылғы N 1140  Қаулысы ); 
      2) браконьерлікке қарсы күресте, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылық мәселелері бойынша аумақтық табиғатты қорғау ұйымдарымен және мекемелерімен өзара өз құзыреті шеңберінде іс-қимыл жасау жүзеге асыруға; 
      3) табиғатты қорғау заңнамасы, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс ахуалына талдау жасауға, қызмет көрсетілетін аумақта эпизоотиялық ырыс-берекені қамтамасыз етуге; 
      4) қызмет көрсетілетін аумақтағы ерекше пайдалану режиміндегі табиғи объектілердің және аймақтардың (қорықтардың, шағын қорықшалардың, ұлттық табиғи парктердің, резерваттардың), сондай-ақ жабайы аңдар мен құстардың топталатын жерлерін, мекенін ауыстыру жолдарын, уылдырық шашатын жерлерін, аңшылық-балық аулау және балық өнімдерін жасайтын, дислокациясының саны мен орналасқан жерлерін білуге; 
      5) табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистикалық есеп беруді жасау тәртібі мен ережелерін білуге, олардың жоғарғы инстанцияға өз уақытында және сапалы жетуін қамтамасыз етуге тиіс.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен

      20. Қоршаған ортаны қорғау мен эпизоотиялық күйі аясындағы жағдайды зерделеу және оған талдау жасау мақсатында, табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша міндеттерді атқарушы полиция қызметкері мынадай деректерді пайдаланады: 
      1) ішкі істер органдары қызметкерлері жасырған табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың саны мен сипаты туралы; 
      2) браконьерлік, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша табиғатты қорғау органдарымен бірігіп жүргізген жолға шығулар мен рейдтердің қорытындылары туралы; 
      3) табиғатты қорғау және қоғамдық бірлестіктер жұмыскерлерімен әңгімелесуде алынған ақпарат; 
      4) азаматтардың ұсыныстары, өтініштері және шағымдары, жергілікті кезеңдік басылымдардың және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының мақалалары; 

      21. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша міндеттерді атқарушы полиция қызметкері жұмысының негізгі бағыттары: 
      1) табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қалалық, аудандық орган жұмысының жоспарларын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі істер органдарының және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың жиынтықты табиғатты қорғау іс-шараларының біріккен жоспарларын, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің нұсқауларының орындалуы бойынша бақылауды әзірлеу және жүзеге асыру; 
      2) табиғатты қорғау органдарымен және мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау органдарымен бірігіп жолға шығумен рейдтік іс-шаралар әзірлеумен жүргізуді қамтамасыз ету; 
      3) табиғатты қорғау және карантинді іс-шараларға міндетті түрде қатысу; 
      4) браконьерлікке қарсы күрес және табиғатты қорғау операцияларын, рейдтік іс-шараларды жүргізуге қатысатын полиция қызметкерлерінің инструктажын жүргізу; 
      5) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органы жұмысының есебі, осы сала бойынша деректердің статистикалық есебін жетілдіру мен талдау, полиция қызметкерлерінің практикалық іс-шаралардағы, браконьерлікке және басқа да табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік заңнаманы бұзушылықтарға қарсы күрестегі жұмысқа қатысу және оның нәтижелері туралы ақпараттар; 
      6) табиғатты қорғау органдарында табиғатты қорғау бойынша іс-шараларда полиция қызметкерлерінің қатысуы туралы деректердің тоқсан сайынғы салыстырма тексерісі; 
      7) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестің түрлері мен әдістерін үйрену бойынша қалалық, аудандық орган жеке құрамы қызметтік дайындық жүйесінде арнайы сабақтар ұйымдастыру мен жүргізу, аңшылық және балық аулау ережелерін, орман заңнамасын бұзушыларға материалдар ресімдеу; 
      8) балықтардың бағалы және басқа да түрлерінің уылдырық шашатын, жануарлар жаппай мекенін ауыстыратын кезеңде, браконьерлер іс-әрекетінің күшейетін, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтар саны көбейетін басқа да жағдайларда табиғатты қорғау органдарының жұмыскерлерімен бірігіп жедел топтар, нарядтар, бақылау, өткізу пункттерін құру туралы ұсыныстар дайындау; 
      9) осы қалалық, аудандық органның практикасына жергілікті ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді есепке ала отырып, ішкі істер органдарының табиғатты қорғау қызметінің озық тәжірибесін енгізу бойынша жұмыс; 
      10) бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін, полиция қызметкерлерінің табиғатты қорғау бойынша іс-шараларға қатысу мәселелері бойынша материалдар әзірлеу, табиғатты қорғау заңнамасын қадағалау және оның бұзылуына жауапкершілік бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. 

  4. Карантинді іс-шараларды жүргізуде ішкі істер
органдарының және мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау
органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру қағидаттары

       Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен

      22. Карантинді іс-шараларды жүргізуге қатысу бойынша аумақтық ішкі істер органдарының қызметі аумақтық, мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау органдарымен және жергілікті атқару органдарымен бірігіп іс-жүргізудің мынадай мәселелер алдын ала қарастырылуы тиіс жоспарының негізінде ұйымдастырылады: 
      1) ішкі істер органдарының және мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау және жергілікті атқару органдарының функционалдық міндеттерінің айқын шектелу және іс-қимыл жасау; 
      2) өршу ошағындағы және бақылауға алынатын аймақтардағы нақты жиналып жатқан эпизоотиялық жағдай туралы ұдайы өзара ақпараттар жүргізу; 
      3) карантинді іс-шаралар жүргізуге тартылған ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының есеп айырысуы; 
      4) карантинді бекеттерді қоюды ұйымдастыру және бекеттердегі қызметтердің орындалу тәртібі.
       Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .  

      23. Карантинді іс-шараларды жүргізудегі ішкі істер органдарының негізгі функциялары: 
      1) жануарлар жұқпалы аурулармен ауруы бойынша карантин жарияланған аумақтарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін күзетуді қамтамасыз ету; 
      2) карантинді бекеттерде қызмет көрсету барысында жұқпалы дерт ошағынан залалсыздандырудан өтпеген малдарды, жануарлардан жасалған өнімді, жемді, жемдік қоспаларды, мал-дәрігерлік препараттарды әкету, әкелудің, көлік және басқа да техникалық құралдардың шығуын, кіруін, автокөлік және басқа да техникалық құралдардың жұқпалы дерт ошағынан қауіп төнген аймақтарға жүруін шектеуді (ерекше жағдайларда тыйым салуды) бақылауды жүзеге асыруды; 
      3) мал-дәрігері маманының рұқсатынсыз мал союдың, оның ішінде карантинді және қауіп төнген аймақтарда мәжбүрлі түрде мал мен жануардан жасалған өнімді өткізудің алдын алу бойынша бақылауды жүзеге асыруда мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау мамандарымен бірігіп қатысуды; 
      4) малдәрігерлік бақылау мамандарымен бірігіп, мал және адам денсаулығына қауіп төндіретін малды, жануарлардан жасалған өнімді және азық-түлікті, жемді, жемдік қоспаларды, мал-дәрігерлік препараттарды залалсыздандыруға қатысуды; 
      5) белгіленген карантинді режимді халық, қандай да болмасын меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдардың орындауы бойынша бақылауды жүзеге асыру; 
      6) тыйым салынған жерлерде жануарларды, жануарлардан жасалған азық-түлік пен өнімді сатудың жолын кесу; 
      7) мал-дәрігерлік заңнама талаптарын бұзған адамдарға материалдарды, себеп-салдары бойынша берумен процессуалды ресімдеуді жүзеге асыру болып табылады.
       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .  

      24. Аурудың және қойылған эпизоотиялық, эпидемиологиялық жағдайдың сипатына қарай ішкі істер органдарына, олардың құзыреті шеңберінде қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін. 

      25. Карантинді іс-шараларға жұмылдырылған ішкі істер органдарының күштері мен құралдарына жалпы жетекшілік, аталған сала бойынша қызметтің жұмысына жетекшілік ететін Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық ішкі істер органы бастығының орынбасары жүзеге асырады. 

      26. Карантинді іс-шараларды жүргізуде Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру және бақылау бойынша тікелей жұмысты табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшесі, Ішкіісмині, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады. 

  5. Жоспарлау және есеп беру

      27. Браконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күресте бірігіп жүргізу іс-шаралардың тиімді болуы мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласында Ішкіісминінің, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің және уәкілетті мемлекеттік органдардың біріккен іс-шараларының жоспарлары әзірленеді. Жоспарда жедел жағдайдың объективті бағасына және талдауына негізделген іс-шаралар қарастырылады. 

      28. Біріккен іс-шаралар жоспарлары бір жылға жасалуы мүмкін, және: 
      1) браконьерлік фактілерді, орманнан алынған материалдарды, заңсыз аңшылық пен балық аулау өнімдерін ұрлау және контрабандалық әкету, өткізу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған кәсіпкерлік қызметті қосымша күштер мен құралдарды тарту арқылы анықтау мақсатында кең ауқымды рейдтік жұмыстардың атқарылуын, жедел-іздестіру, жедел-алдын алу іс-шараларын және арнайы операцияларды, кезекті рейдтің нәтижелерін республикалық, облыстық басылымдарға жариялап, теледидар және радио арқылы хабарлап отыратын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын ұйымдастыруды және жүргізуді; 
      2) аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу әдістерін үйрену бойынша, табиғатты қорғау жұмысына тікелей қатысатын, ішкі істер органдары жеке құрамның сабағын, сондай-ақ табиғатты қорғау органдары жұмыскерлерімен, оларға берілген табельді атыс қаруын пайдалану ережелері мен материалды бөліктерін үйрету бойынша сабақ беруді ұйымдастыруды; 
      3) браконьерлік фактілер бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін ішкі істер органдарына берілген табиғатты қорғау органдарының материалдарының жүргізілуі туралы деректердің өзара салыстырма тексерісін; 
      4) практикалық қызметті жетілдіру, өзара іс-қимыл түрлері мен әдістерінің маңыздылығы бойынша екі жылда бір рет семинар-кеңес жүргізуді қарастыруы мүмкін; 
      5) қажет болғанда жоспарларға басқа да бөлімдер енуі мүмкін. 

      29. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері бойынша статистикалық ақпарат ай сайын және тоқсан сайын жоғары ішкі істер органдарына есеп беруден кейін мынадай күндерде беріледі: 
      1) облыстардағы ІІББ-ІІБ-не қалалық және аудандық ішкі істер органдар айдың 1 күнінде; 
      2) Қазақстан Республикасы Ішкіісминіне облыстардағы ІІББ-ІІБ, Астана қаласы ІІБ, Алматы қаласы ІІББ айдың 5 күнінде. 

      30. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімдерінің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімдері (бөлімшелері, топтары), қалалық, аудандық ІІБ-нің табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша функцияларды атқаратын полиция қызметкерлері тоқсанның қорытындысы бойынша жоғары тұрған ішкі істер органдарына табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласының жұмыстары туралы баяндама хаттар әзірлеп жолдайды. 

      31. Баяндама хаттар жоғарғы ішкі істер органдарына тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі мына күндерде жіберіледі: 
      1) облыстардағы ІІББ-ІІБ-не қалалық және аудандық ішкі істер органдар айдың 1 күнінде; 
      2) Қазақстан Республикасы Ішкіісминіне облыстардағы ІІББ-ІІБ, Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ айдың 5 күнінде. 

      32. Баяндама хаттар: 
      1) табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің, табиғатты қорғау заңнамасының аясындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қалалық, аудандық органдарының жұмысы туралы шынайы ақпаратты; 
      2) әкімшіліктік және қылмыстық практика ахуалына табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар бойынша, белгілі бір мезетте дәл сол аумақта оларды бұзуға, браконьерлік бойынша жағдайдың нашарлауына (жақсаруына) ықпал ететін жағдайлардың себептері мен шарттарының баяндалуымен талдауын; 
      3) алдын алу және қабылданатын шаралар бойынша табиғатты қорғау заңнамасы аясында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау бойынша табиғатты қорғау органдарымен, атқарушы билік, қоғамдық органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыруды; 
      4) өзара іс-қимыл бойынша, басқа да ішкі істер органдары қызметтерімен табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыруды; Осы бөлімде экологиялық қылмыстарды тіркеу есебі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар жөніндегі комитетінің жергілікті бөлімшелерімен жүргізілген салыстырма тексерулер, өзара іс-қимылдың оң тәжірибелері мен кемшіліктері туралы көрсетіледі; 
      5) карантинді іс-шараларды жүргізуде, мемлекеттік мал-дәрігерлік бақылау органдарына, осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру бойынша аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында қызметтік іссапарлардың жүзеге асуының нәтижелерін қоса алумен практикалық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтуы тиіс.
       Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 385   бұйрығымен .

      33. Баяндама хаттарға Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, қалалық, аудандық ІІБ-нің бастықтары, ал олар болмағанда - олардың орынбасарлары қол қояды.
      34. Баяндама хаттарға қол қойған лауазымды адамдар онда жазылған мәліметтердің шүбәсіздігіне және олардың өз уақытында жоғарғы инстанцияларға жетуіне жауапты болады. 
      Жедел жағдай мен қызметтік қажеттілікті есепке алумен табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша жүргізілген жұмысты талдау үшін қажет басқа да мәліметтерге қалалық, аудандық ІІБ-нан сұрау салуға рұқсат беріледі. 

Нұсқаулыққа  
N 1 қосымша  

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция
бөлімшелері істерінің
НОМЕНКЛАТУРАСЫ

      N№1-ІС: "Ішкіісминнің, Астана қаласы ІІБ-ның, Алматы қаласы ІІББ-ІІБ-ның бұйрықтары, нұсқаулары, облыстық және республикалық шолулар мен талдаулар. Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік қызмет мәселелері бойынша облыстық(қалалық), аудандық әкімшіліктердің, басқа да органдардың шешімдері". 
      N№2-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік қызмет мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, жергілікті билік органдарымен хат-хабар алмасу". 
      N№3-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция бөлімі
(бөлімшесі, тобы) жұмысының жоспары, олардың орындалуы туралы анықтамалар. Бірлескен рейдтік іс-шаралардың жоспары, олардың жүргізілуі, нәтижелері туралы анықтамалар". 
      N№4-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция саласы бойынша ағымдағы жоспарлау мәселелері бойынша хат-хабар алмасу".
      N№5-ІС: "Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік қызмет мәселелері бойынша Ішкіісминмен, ІІББ-ІІБ-мен хат-хабар алмасу". 

Нұсқаулыққа  
N 2 қосымша  

Табиғатты қорғау және мал-дәрігерлік полиция
бөлімшелерінің жұмысын тексеру нәтижелерін есепке алу
ЖУРНАЛЫ

     Журналда мынадай бағандар қарастырылады:
     1. Реттік нөмірі. 
     2. Тексеру датасы. 
     3. Тексерушінің қызметі, атағы, тегі, аты-жөні. 
     4. Тексеру нәтижелері. 
     5. Бөлімше жұмысының кемшіліктерін қалыпқа келтіру, жақсарту
бойынша ұсыныстар. 
     6. Қалалық, аудандық орган бастығының нұсқаулары, кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша жұмыс нәтижелері туралы белгілер.

Нұсқаулыққа  
N 3 қосымша  

Шаруашылықта және жеке секторда ауыл шаруашылық
жануарларының жұқпалы ауруларының етек жаюын есепке алу
ЖУРНАЛЫ

     Журналда мынадай бағандар қарастырылады: 
     1. Шаруашылықтың, елді мекендердің атауы. 
     2. Аурудың аты, қоздыру типі.
     3. Жануарлардың түрі. 
     4. Ауру малдардың саны. 
     5. Инфекцияның пайда болуына не ықпал еткені. Себептері. 
     6. Аурудың басталған датасы, карантин қою. 
     7. Аурудың аяқталу, карантинді алу датасы.
     8. Барлық карантинді, оның ішінде мал-дәрігерлік, полициялық, 
мал-дәрігерлік-полициялық қойылған бекеттер.
     9. Оларға іс-әрекет етушілер:  табиғатты қорғау және
мал-дәрігерлік полиция ІІББ-ІІБ-ның қызметкерлері, ішкі істер органдарының басқа да қызметкерлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады