Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек кітапшасының нысанын және Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 75-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., қыркүйек, № 18, 149-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы Г. Әбдіқалықова