"Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеудің тәртібін бекіту туралы" N 1678 мемлекеттік тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3152. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 56 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2009.05.27 мамырдағы N 56  бұйрығымен.

      "Патент туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеудің тәртібін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2001 жылы 10 желтоқсанда N 1678 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2002 жылғы 15-ші нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеудің ережесінде:
      Ереженің 8, 13, 20-тармақтарынан басқа, түгел мәтіні бойынша "Институт", "Комитетке", "Комитет", "Комитет пен Институтта" деген сөздер тиісінше "сараптама жасау ұйымы", "уәкілетті органға", "уәкілетті орган", "уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген және өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы ұйым.";

      4-тармақта "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінде (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздер "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің Қазақстан патенттік сараптама институты (әрі қарай - Институт)" деген сөздер "уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы сараптама жасау ұйымы (бұдан әрі - сараптама жасау ұйымы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-, 13, 20-тармақтарда "Комитетке", "Комитет", "Институт" деген сөздер тиісті септіктерде "сараптама жасау ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1, 2, 3, 4-қосымшаларда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің "Ұлттық санаткерлік меншік институты" РМҚК" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі басқарма осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

      Төраға міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады