«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1715 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2002 жылғы № 13-14 566-құжатта жарияланған);
2) «Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Әділет министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 35 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2196 болып тіркелген);
3) «Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 31 наурыздағы № 100 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3561 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2002 жылғы 14 нөмірінің 63-бетінде жарияланды);
4) «Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы № 81 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2266 болып тіркелген);
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 343 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы № 81 бұйрығына «Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3296 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы № 81 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 192 бұйрығы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 болып тіркелген).
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы Д. Құсдәулетов
Келісілген Келісілген
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ішкі істер министрі
Қ. Мәми С. Баймағанбетов
2010 жылғы 28 қаңтар 2009 жылғы 31 желтоқсан