"Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 100 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3561. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 170 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009.12.24 № 170 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне    мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және мемлекеттік басқару бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық істерді тергеу рәсімдерін жеңілдету, қылмыстардың кейбір құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әділет органдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару нұсқаулығын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1715 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған 2002 ж. N 13-14, 566-құжат, "Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы  бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен  N 1715 болып тіркелген") Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығында:
      7-тармақта:
      2) тармақшадағы "Шартты сотталғандар, жазалауы кейінге қалдырылған" деген сөздерден кейін "жүкті" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай редакциядағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) бас бостандығын шектеу түріне жазаланған сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша қадағалауды жүзеге асыру;
      "2-2) мемлекеттік наградаларды және оған берілетін құжаттарды алып қою;

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) есепте тұрған адамдардың ауыр немесе аса ауыр санатына жататын қайта қылмыс жасау фактілері бойынша Инспекция осы  қылмыстың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларын айқындап, айыпты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, қызметтік тергеу өткізеді. Қорытындының көшірмелері 10 күн мерзімде ҚАЖ Комитетіне ұсынылады";

      11-тармақтағы:
      3) "Бас прокуратураның аумақтық Құқықтық статистика және ақпарат орталығымен" "Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҚСАО)", деген сөздер "Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасы", "Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасына (бұдан әрі - ҚС және АЕКБ)" деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;
      4) тармақшада "белгілі бір" деген сөздердің алдынан "бас бостандығын шектеу," деген сөздерімен толықтырылсын;
      5) тармақшада "Шартты" деген сөзден кейін "сотталғандарды мерзімінен бұрын босату және шартты" деген сөздерімен толықтырылсын;

      14-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде жазаны орындауға кедергі келтіретін түсінбеушіліктер, қателер кедергі кездескен жағдайда, Инспекция үкімді (қаулыны, ұйғарымды) шығарған соттан келіп түскен материалдар қоса берілетін тиісті сауалды жібереді.";

      12-тармақ мынадай мағынадағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабына сәйкес қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындау негізгі тәрізді және қосымша жаза ретінде тағайындалады";

      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жылдың басында аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдардан қоғамдық жұмыстардың объектілері сұралады";
      2) тармақшаның бірінші абзацында ", жергілікті мемлекеттік басқару органдарына немесе" деген сөздерді "облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы (астана) аудан әкіміне, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-тармақтың 3) тармақшасындағы "жүргізетін" деген сөзден кейін "және мөрмен расталатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Осы Нұсқаулықтың 42, 43-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде жазаны орындауға кедергі жасайтын түсініксіздіктер, қателер  кедергі кездескен жағдайда, Инспекция үкімді (қаулыны, ұйғарымды) шығарған сотқа соттан келіп түскен материалдарға қоса беретін тиісті сауалды жібереді.

      45. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімі түзеу жұмыстары түріндегі жазалармен алмастырылған сотталғандар қамаудан босатылып және жазаны өтеу орнына мемлекет есебінен өзі барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғанға есепке тұру үшін қылмыстық-атқару инспекциясына бару және келу уақыты көрсетілген жазаны өтеу орнына шығу туралы нұсқаманы береді және жеке ісін Инспекцияға жібереді.";

      87-тармақта "кішігірім немесе орта ауырлықтағы қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірі және ауыр қылмыстар жасағаны үшін кемінде жартысын, аса ауыр қылмыстары үшін мерзімінің кемінде үштен екі бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "105. Шартты мерзімінен бұрын босатылған немесе неғұрлым жеңіл жазамен алмастырылған сотталғандар жаза мерзімінің аяқталуы бойынша қамаудан босатылып және таңдаған тұрғылықты жеріне мемлекет есебінен өзі жетеді. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталған адамға есепке тұру үшін қылмыстық-атқару инспекциясына бару және келу уақыты көрсетілген жазаны өтеу орнына шығуы туралы нұсқаманы береді және жеке ісін Инспекцияға жібереді. Нұсқамада міндетті түрде сотпен тағайындалған қосымша жазалау шарасы көрсетіледі.";

      118-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "тіркеу парағы (32-қосымша)," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Аумақтық құқықтық статистика және ақпарат орталығы" деген сөздер "ҚС және АЕКБ" деген қысқарған сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "төлқұжат виза қызметіне", "қалалық, аудандық ішкі істер органы" деген сөздер "тіркеу және құжаттандыру бөлімшелері", "аумақтық әділет органының бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      124, 131-тармақтарда, 152-тармақтың 2) тармақшасында "жеке" деген сөзі "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      139-тармақта "немесе сот жүктеген міндеттерді жалғастырғаннан кейін" деген сөздер алынып тасталсын;

      143-тармақта "көрсетіле отырып," деген сөздерден кейін "көшірмесі бар жеке іс" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ұйғарымның көшірмесін" деген сөздер сәйкесінше "ұйғарымын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      144-тармақта "көшірмесі" деген сөз, сәйкесінше "көшірмесі бар жеке іс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      145-тармақта:
      "ұйғарымының көшірмесі" деген сөздер, сәйкесінше  "ұйғарымының көшірмесі бар жеке іс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Құқықтық статистика және ақпарат орталығы" деген сөздер "ҚС және АЕКБ" деген қысқарған сөздермен ауыстырылсын;

      158-тармақтың бірінші абзацында "сегіз" деген сөз "он төрт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      159 және 163-тармақтарында "Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту," деген сөздерден кейін сәйкесінше "бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      163-тармақта "төлқұжат виза қызметіне" деген сөздер "аумақтық әділет органының тіркеу және құжаттандыру бөлімшелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      164-тармақтағы "Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту" деген сөздерден кейін ", бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      165-тармақтағы "ісі" деген сөз кейін "және бақылау істері" деген сөздермен, "жеке істерін" деген сөзде "жеке және бақылау істерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      167-тармақта:
      1) тармақшадағы "Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту" деген сөздерден кейін ", бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) I немесе II топтағы мүгедек деп танылған, қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын өтеп жатқан адамның босатылуы салдарынан";
      5) тармақша "түзеу жұмыстары" деген сөздерден кейін ", бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) психиканың бұзылуына немесе ауыр дертінің салдарынан  жазаны өтеуден босатылғанына байланысты";
      12) тармақшаның үшінші абзацы "Жеке" сөзден кейін "және бақылау" деген сөздермен толықтырылсын, "Жеке істі" деген сөздер "жеке және бақылау істерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      168-тармақта:
      1) тармақшада:
      "түзеу жұмыстарынан" деген сөздерден кейін ", қоғамдық жұмыстардан, бас бостандығы шектеуден" деген сөздермен толықтырылсын;
      "тоқтатуына" деген сөзден кейін ", психиканың бұзылуы, ауыр дерт, I немесе II топтағы мүгедек деп тану салдарынан жазаны өтеуден босатылуына" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мерзімінен бұрын" деген сөздер "шартты мерзімінен бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "түзеу жұмыстарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) тармақша "жеке істің" деген сөздер "жеке және бақылау істерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      172-тармақта "төлқұжат полиция қызметі" деген сөздер "аумақтық әділет органының тіркеу және құжаттандыру бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      173-тармақта "жеке ісіне" деген сөздер "жеке және бақылау істері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-қосымшада "жұмыс және тұрғылықты орнымның ауысқанын" деген сөздерден кейін "тұрғылықты жерінен жоспарлы түрде кетуін" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-қосымша мынадай үлгідегі келесі бетпен толықтырылсын:

                                      (14-қосымшаның келесі беті)

Рет.
N

Тізімге
қойылған
күні

Тегі,
аты,
әке-
сінің
аты

Қашан,
қандай,
қандай
баппен
соттал-
ғаны,
үкімнің
заңды
күшіне
енген
күні

Бас бостандығынан
айыруды түзеу жұмыс-
тарына ауыстыру
туралы ұйғарымның
(кешірім жасау
актісі) шығарылған
күні соттың, түзеу 
мекемесінің атауы

Түзеу
жұмыс-
тарының
мерзімі

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Жалақысынан
ұсталатын
ақы мөлшері

Сотталғанды
мерзімінен
бұрын боса-
ту туралы
ұсыныстың
сотқа жі-
берілген
күні

Түзеу жұмыс-
тарын жазаның
басқа түріне
ауыстыру туралы
ұсыныстың сотқа
жіберілген күні

Есептен
шығару
күні
мен
негіз-
демесі

Ескерту

7

8

9

10

11

     2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша басқарма бастықтары енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, жеке құрамның Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

     4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      "КЕЛІСІЛГЕН"
       Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры мемлекеттік
      2-ші сынып әділет кеңесшісі

      2005 жылғы "_____"________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады