Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2009.12.24 № 170 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26-наурыздағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында,"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде N 2266 болып тіркелген ("Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде N 3296 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 343 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) "Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 81 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау жөніндегі Нұсқаулықта :
6-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциялары" деген сөздер "Инспекциялары" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақта "қылмыстық-атқару инспекцияларының" деген сөздер "Инспекцияларының" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақта "әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Күзет карточкасы есепке қойылған күні аумақтық әділет органдарының құжаттандыру және тіркеу бөлімшелеріне беріледі.";
15-тармақта "әскерикоматқа" деген сөз "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта:
"сотталғанның" деген сөзден кейін "(кәмелеттік жасқа толмағандар)" деген сөздермен толықтырылсын;
"(Бұйрыққа 8-қосымша)" деген сөздер "(Бұйрыққа 8, 17-қосымшалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ алып тасталсын;
19-тармақта "қылмыстық-атқару Инспекцияларына" деген сөздер тиісінше "Инспекцияларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақта "жауаптылығы" деген сөзден кейін "және құқықтары" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздер "Инспекциясы" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздер "Инспекциясы" деген сөзбен ауыстырылсын;
28-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген жаза өтеу тәртібі мен шарттарынан туындайтын Инспекция талаптарын орындауға.";
үшінші абзацта "қылмыстық-атқару инспекциялары әкімшілігінің" деген сөздер "Инспекцияның" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацта "қылмыстық-атқару инспекциясына" деген сөздер "Инспекцияға" деген сөзбен ауыстырылсын, "қылмыстық-атқару инспекцияларының әкімшілігі" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "қылмыстық-атқару инспекцияларының әкімшілігін" деген сөздер "Инспекцияны" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші азат жолда "белгіленген үлгідегі" деген сөздер алып тасталсын;
29-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
31-тармақта "Қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігімен" деген сөздер "Инспекциямен" деген сөзбен ауыстырылсын;
32-тармақта "қылмыстық-атқару Инспекциясы әкімшілігі" деген сөздер алып тасталсын;
34-тармақта "қылмыстық-атқару Инспекциясының әкімшілігі" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде (бұдан әрі-Кодекс) белгіленген тәртіппен Инспекция, жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсынуға қолдаухат ұсынуға немесе бас тартуға бір ай мерзімінде мәселені қарауға міндетті, ол кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға жіберіледі.
Жазасын өтеу мерзімінің заңмен белгіленген бір бөлігін өтеген сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі туралы жәбірленушіні не оның өкілін үкім шығарған сот берген мекен-жай бойынша пошта арқылы Инспекция тапсырыс хатпен хабардар етеді.";
36-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
37-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
40-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясының" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
41-тармақта:
"спирттік iшiмдiктерді бiрнеше рет қолдану және нашақорлық заттарын медицинасыз қабылдау емес мақсаттарда пайдалану" деген сөздер алып тасталсын;
"қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіпті бұзуы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.";
43-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі" деген сөздер "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
44-тармақта "он күндік" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
47-тармақта "174, 175 тармақтарында көзделген" деген сөздер "175-тармағында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
48-тармақта "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
49-тармақта бірінші абзацта "инспекциялар" деген сөз "Инспекциялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
50-тармақта "инспекциялар" деген сөз "Инспекциялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
53-тармақта "қала, аудан әскери комиссариатына" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
54-тармақта "көші-қон қызметіне" деген сөздер "құжаттандыру және тіркеу бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
"__"__________ 2007 жыл
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
21 маусым 2007 жыл