"Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 112 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 428 Бұйрығы

      "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275 қаулысының күші жойылды деп тануға байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" (N 3691 нормативтік-құқықтық актілер  тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 112 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Әдимолда Р.Ө.) бір апта мерзімі ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ақпарат үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таныстыруға жатады.

      Министр                                     Ә. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады