Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылға 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3691. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 428 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2009.10.13 N 428 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер базасын "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275 қаулысының талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар;
      2) Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары М.М.Дәуітәлиевке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация     
министрлігінің Азаматтық авиация 
комитеті төрағасының      
2005 жылғы 1 маусымдағы     
N 112 бұйрығымен бекітілген    

  Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және
брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын
сертификаттық талаптар

МАЗМҰНЫ

         1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275  қаулысымен бекітілген Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді  сертификаттау   U952697   Z010271 ережесіне сәйкес әзірленді және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйым) сертификаттық талаптарды белгілейді. Сертификаттық талаптар жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

      2. Осы Сертификаттық талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған брондау жүйесі (бұдан әрі - АБЖ) - рейстердің кестесі, орындардың болуы және тасымалдаушылардың тарифтері туралы ақпаратты көрсетуді қамтамасыз ететін және ол арқылы авиациялық қызметтерді брондауды жүзеге асырылатын автоматтандырылған жүйе;
      2) агент - тасымалдарды ресімдеу және сату жөніндегі тасымалдаушының атынан және оның тапсырмасы бойынша онымен келісім жасасу шартында әрекет етуге уәкілеттік берілген заңды немесе жеке тұлға;
      3) бейнетерминалдық жабдық (бұдан әрі - БТЖ) - АБЖ-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құрал;
      4) жүк - почтаны, борт қорлары мен ілеспелі және дұрыс жіберілмеген багажды қоспағанда, жүк құжаттамасымен куәландырылған, тасымалдаушымен шарт бойынша сақталуы үшін оның жауапкершілігіне алынған әуе кемесімен тасымалданатын немесе тасымалдауға алынған кез келген мүлік;
      5) тексеру - ұйымның сертификаттау кезінде расталған, берілген талаптарға сәйкестігін жалғастыруын белгілеу мақсатында жүзеге асырылатын сәйкестікті бақылаулық тексеру;
      6) әуе кемесінің коммерциялық тиелімі - жөнелту әуежайында әуе кемесінің бортына тасымалдау үшін алынған жолаушылар, багаж, почта және жүк;
      7) коммерциялық тиелімді жинақтау - белгілі рейске коммерциялық тиелімді қалыптастыру (таңдау);
      8) жүктерді біріктіру - әуе көлігімен тасымалдау үшін жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауға, оларды жинақтау, осының есебінен коммерциялық тиелімді қалыптастыру және басқа ұйымға (тасымалдаушыға, әуежайға және басқалары) жүкті өткізуге байланысты қызмет;
      9) әуе тасымалдарын сату және брондау пункті - әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын жеке заңды тұлға болып табылмайтын, ұйымның заңды мекен-жайы бойынша да орналасқан және өзге де орналасқан жері бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
      10) субагент -  шарт негізінде жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді ұсыну бойынша агент өз құқықтарын беретін заңды немесе жеке тұлға.

      3. Ұйымның жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган беретін  Сәйкестік сертификаты болып табылады.

      4. Уәкілетті орган берген Сәйкестік сертификаты болмаған заңды немесе жеке тұлғаларға жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауға жол берілмейді.

      5. Ұйымға қойылатын сертификаттық талаптарға мыналар кіреді:
      1) басқару ұйымы және оның құрылымы;
      2) нормативтік құқықтық және анықтама құжаттамасының болуы;
      3) үй-жайларға қойылатын талаптар;
      4) техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар;
      5) жолаушылар тасымалдарын сату және брондау жөніндегі ұйымының қызметіне қойылатын талаптар;
      6) жүк тасымалдарын сату және брондау жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар;
      7) жүктерді біріктіру жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар;
      8) сапаны қамтамасыз ету жүйесі;
      9) персоналдың біліктілігі.

  2. Басқару ұйымы және оның құрылымы

      6. Ұйым әрбір бөлімшенің және оның басшысының функциялары көрініс тапқан, олар жиынтығында ұйым іске асыратын барлық функцияларды қамтитын барлық құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін, сондай-ақ әрбір қызметкерлердің міндеттері, өкілеттіктері және тікелей басшымен және бағыныстылармен өзара іс-қимыл сызбалары анық  белгіленген жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі жұмысты басқарушы, орындаушы және тексеруші персоналдың лауазымдық нусқаулығын әзірлейді және бекітеді.      

      7. Ұйымның Қызмет жөніндегі басшылық түрінде құжатпен ресімделген және бекітілген жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды және пайдаланылатын өндірістік, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын ұйымдастырудың қолданыстағы әдістері мен рәсімдерінің сипаттамасы бар болады.

  3. Нормативтік құқықтық және анықтама
құжаттамасының болуы

      8. Ұйым оның қызметіне қатысы бар жалпы құжаттаманың толық жинақтамасына ие болады және көрсетілген құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар алуды қамтамасыз етеді.

      9. Ұйымдастыру-бөлу құжаттамасы жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес болады.

  4. Үй-жайларға қойылатын талаптар

      10. Ұйымның үй-жайларына қойылатын талаптарға мыналар кіреді:
      1) ұйым персоналын және қажетті жабдықты санитарлық нормалар мен еңбек қорғау талаптарына сәйкес орналастыру үшін жарамды, меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе жалға алу құқығындағы немесе өзге де заттық құқығындағы үй-жайлардың болуы;
      2) үй-жайларды әкімшілік, технологиялық персоналдың орналасуын және жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге қызмет көрсету аймақтарын көрсете отырып бөлу;
      3) тек жолаушылармен жұмыс жүргізуге арналған операциялық залдың болуы;
      4) ұйымның қызметтерін пайдаланғысы келетін азаматтардың еркін кіруін қамтамасыз ете алатын ұйымның үй-жайларының кіру (шығу) есігі болуы;
      5) ұйымның үй-жайының жүк қабылдау үшін бөлек кіру (шығу) есігі болуы;
      6) ұйым үй-жайының қасбетінде орналасқан ұйымның атауы жазылған маңдайшасы болуы;
      7) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымның үй-жайын, оның сыртқы шыны терезе ойықтарын және кіру есіктерін күзет және өрт дабылымен, сенімді жапқыш құрылғысымен жабдықтау;
      8) ұйымның жеке өрт дабылы және есік жапқыш құрылғысы бар, орнатылған металл сейф шкафымен ішкі үй-жайының болуы;
      9) ұйымда қатаң есептеме бланкілерін, валидаторларды және жүк жөнелтушілер және жолаушылармен есеп айырысу үшін қолданылатын ақша қаражатын қауіпсіз уақытша сақтауға мүмкіндік беретін, жеке жапқыш құрылғылары бар еденге қатты бекітілген металл шкафтар мен сейфтер болуы;
      10) ұйымның үй-жайында жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге ұсынылатын қызметтер туралы ақпараты, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда келушілер және персоналды апаттық эвакуациялау жоспары бар стендінің болуы.

  5. Техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар

      11. Ұйым мәлімделген қызмет саласы ескеріле отырып, мынадай техникалық жарақтандырылуды және байланыс құралдарын қамтамасыз етеді:
      1) билеттерді, жүк авиақұжаттамасын ресімдеуді, әуе кемесінде орындарды және багаждық, жүк сыйымдылықтарын АБЖ арқылы брондауды (қайтару) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін БТЖ-ның болуы. Жабдық жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі функцияларын тікелей орындайтын қызметкердің (кассирдің, оператордың) жұмыс орнында орналастырылады;
      2) БТЖ-ның АБЖ-ге қосылуы;
      3) әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі функцияларын тікелей орындайтын үш және одан көп қызметкерлердің жұмыс орындарына қосылған кемінде екі телефондық байланыс каналы;
      4) кемінде бір факсимильдік байланыс каналы;
      5) ұйымның орталық офисінен бөлек орналасқан жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау пункттері үшін мынадай жабдықтардың болуы қажет:
      БТЖ-ның АБЖ-ға қосылуы;
      кемінде бір телефондық байланыс каналы;
      факсимильдік байланыс каналы;
      компьютерлік жабдықтың жинақтамасы;
      6) ұйымда және әуе тасымалдарын сату пункттерінде бірегейлендіру валидаторының болуы;
      7) жүктерді біріктіру бөлімшелері бар ұйымдар үшін - белгіленген тәртіппен метрологиялық тексеруден өткен кемінде бір бірлік салмақ өлшеу техникасы;
      8) жүктерді біріктіру бөлімшелері бар ұйымдар үшін жүкті тексеру үшін кемінде бір сканерлік құрылғы.

  6. Жолаушылар әуе тасымалдарын сату және брондау
жөніндегі ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптар

      12. Жолаушылар әуе тасымалдарын сату және брондауға мыналар кіреді:
      1) қалыпты және арнайы тарифтер бойынша кепілденген (ашық) ұшу күні бар тікелей және кері бағыттарда жолаушыларға билеттерді ресімдеу (қайта ресімдеу);
      2) билеттерді ресімдеу (қайта ресімдеу) үшін жолаушылармен қаржылық есеп айырысуды қамтамасыз ету;
      3) тасымалдау құжаттамасын кейін ресімдеу үшін әуе кемесінің бортындағы орындарды брондау (резервте сақтау);
      4) ұшудан бас тартқан кезде осы ұйымда бұрын ресімделген билеттерді жолаушылардан қабылдау;
      5) жолаушы ұшудан бас тартқан кезде брондау орындарын жою;
      6) билет сатылған рейстерге арналған тасымалдаушының тарифтік саясатына сәйкес ұшудан бас тартқан кезде қайта қабылданған билеттер үшін жолаушыға төлемдерді қайтару;
      7) жолаушыларға әуе кемелері қозғалысының кестесі, қолданылатын тарифтер, әуе кемесінде бос жолаушылар орындарының, багаж және жүк сыйымдылықтарының болуы, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес багаж және жүк тасымалдарының ережелері, сондай-ақ әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған немесе тасымалдаудың ерекше жағдайын талап ететін заттар туралы ақпараттық сипаттағы қызметтерді ұсыну;
      8) телефон арқылы әуе кемесіндегі орындарды (багаж және жүк сыйымдылықтарын) брондауға тапсырыс қабылдау.

  7. Жүк тасымалдарын сату және брондау жөніндегі
ұйымның қызметіне қойылатын талаптар

      13. Жүк әуе тасымалдарын сату және брондауға мыналар кіреді:
      1) әуе кемесінің бортындағы бос багаж және жүк сыйымдылықтарын (тоннажы және көлемі бойынша) брондау (резервте сақтау);
      2) жүк сыйымдылықтарын брондау және сату операцияларын ресімдеу үшін жүк жөнелтушілермен қаржылық есеп айырысуды қамтамасыз ету;
      3) жүк жөнелтуші үшін жүк (почта) авиақұжаттамасын ресімдеу (қайта ресімдеу);
      4) жүк жөнелтушінің өтінімінде көрсетілген (оны уақытша сақтау қажет болған кезде) мәліметтерге жүктің нақты жай-күйінің сәйкестігін тексеру;
      5) жүкті жеткізу немесе оны әуе кемесімен тасымалдау үшін беру;
      6) багажы мен жүгін тасымалдаудан жүк жөнелтуші бас тартқан кезде жүк сыйымдылықтарын брондауды жою;
      7) тасымалдаудан бас тартқан кезде жүк жөнелтушіге төлемдерді қайтару;
      8) жүк жөнелтушіге әуе кемелер қозғалысының кестесі, қолданылатын тарифтер, әуе кемесінде бос жүк сыйымдылықтарының болуы, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүк тасымалдарының ережелері, сондай-ақ әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған немесе тасымалдау үшін ерекше жағдай талап ететін заттар туралы ақпараттық сипаттағы қызметтерді ұсыну.

  8. Жүктерді біріктіру жөніндегі
қызметке қойылатын талаптар

      14. Жүктерді біріктіруге мыналар кіреді:
      1) әуе кемесіндегі бос багаж және жүк сыйымдылықтарын (көлемі және тоннажы бойынша) брондау (резервте сақтау);
      2) жүк қабылдау (беру) жөніндегі құжаттаманы ресімдеу және алынған міндеттемелерді орындау үшін жүк жөнелтушімен қаржылық есеп айырысуды қамтамасыз ету;
      3) жүк жөнелтуші үшін жүк (почта) авиақұжаттамасын ресімдеу (қайта ресімдеу);
      4) жүк жөнелтушіден жүкті қабылдау;
      5) әуе көлігімен тасымалдау үшін коммерциялық тиелімді қалыптастыру мақсатында жүктерді (қажет болған кезде) жинақтау;
      6) рейске коммерциялық жүк тиелімін қалыптастыру;
      7) қабылданған жүкті әуе көлігімен тасымалдау үшін басқа ұйымға (әуежайға, тасымалдаушыға, агентке, субагентке) беру (жеткізу);
      8) жүкжөнелтуші жүк тасымалынан бас тартқан кезде оған жүкті қайтару;
      9) жүк жөнелтуші жүк тасымалынан бас тартқан кезде жүк сыйымдылықтарын брондауды жою;
      10) жүк жөнелтушілерге әуе кемелерінің қозғалысының кестесі, қолданылатын тарифтер, әуе кемесінде бос жүк сыйымдылықтарының болуы, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүк тасымалдарының ережелері, сондай-ақ әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған немесе тасымалдау үшін ерекше жағдай талап ететін заттар туралы ақпараттық сипаттағы қызметтерді ұсыну;
      11) жүк жөнелтушіні жүкті жүк алушының мекен-жайына жөнелту туралы хабардар ету;
      12) жүк алушыны, оның мекен-жайына жүк жөнелтілгені туралы хабардар ету;
      13) жүк жөнелтуші мен жүк алушыны жеткізуге арналған автокөліктің келуі туралы хабардар ету;
      14) жүк жөнелтуші мен жүк алушыны жүктің қозғалысы туралы хабардар ету;
      15) жүк жөнелтуші мен жүк алушыны жүктің тағайындалған әуежайға келуі туралы хабардар ету;
      16) жүк жөнелтушіні жүктің жүк алушыға берілгені туралы хабардар ету.

  9. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

      15. Ұйым жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сапалы ұсыну үшін жағдайды қамтамасыз етуге сапа жүйесін әзірлеуі және жұмыс жай-күйінде ұстауы тиіс.

      16. Ұйымның басшысы бекіткен Сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы ережеге мыналар кіреді:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттар талаптары;
      2) сапа саласындағы ұйым саясаты;
      3) ұйымның персоналын оқытуға қойылатын талаптар;
      4) агенттердің сапаны қамтамасыз ету, жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғарлату үшін жауапкершілігі;
      5) есеп беруді және анықталған ауытқуларды және түзету іс-шараларын есепке алуды қоса алғандағы құжаттама.

  10. Персоналдың біліктілігі

      17. Ұйым:
      1) жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді ұсынуға дайындық сертификаты (куәлік) бар білікті мамандардың қажетті санымен толықтыруды;
      2) екі жылда кемінде бір рет өз мамандарын әзірлеу және олардың біліктілігін (білімін, дағдысын) жүйелі түрде жоғарлатуды;
      3) персоналдың жіберген технологиялық және басқа бұзушылықтарын, жолаушылар мен жүк жөнелтушілерден түскен арыздар, талаптар мен өтініштер және олар бойынша қабылданған шешімдерді есепке алу журналының болуын қамтамасыз етеді.

      18. Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын персоналға қойылатын талаптар:
      1) жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын білу;
      2) жоғары және/немесе арнайы орта білімінің болуы;
      3) жолаушылар мен/немесе жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін қажетті біліктілік құжаттарының, куәліктерінің, дипломдарының болуы;
      4) компьютерлік сауаттылығы болуы;
      5) ағылшын тілін білу (мамандану шеңберінде).

      19. Жүктерді біріктіру жөніндегі бөлімшенің персоналына қойылатын талаптар:
      1) жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын білу;
      2) әуе көлігімен тасымалдауға арналған жүктерді қабылдау, ресімдеу, тексеру және оларды жеткізу бойынша рұқсаттың және арнайы дайындықтың болуы.

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация     
министрлігінің Азаматтық авиация 
комитеті төрағасының      
2005 жылғы 1 маусымдағы     
N 112 бұйрығымен бекітілген    

  Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау
жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды
сертификаттық тексерудің
үлгі бағдарламасы

      Ұйымның атауы:_____________________________________________
      Тексерілген күні, бұйрықтың N:_____________________________
      Тексерушілердің А.Т.Ә.а, лауазымы: ________________________
                           ______________________________________
                           ______________________________________

р/с N 

Бағдарлама бойынша ұстанымдардың нөмірлері және тексерілетін элементтер

Сәйкестікті бағалау (+/-)

Сәйкессіздік ұстанымының нөмері

1

2

3

4

1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасының жинақталымының болуы және
сәйкестігі

1)

Сәйкестік сертификатын алуға
өтінім



2)

Ұйымның құрылтай құжаттарының
нотариалды расталған көшірмесі



3)

Мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің (заңды тұлғалар үшін)
және жеке кәсіпкер ретінде есепке
алынғандығы (жеке тұлғарлар -
жеке кәсіпкерлер үшін) туралы
куәліктің нотариалды расталған
көшірмесі



4)

Ұйымның аудиторлық есебі және
қаржылық жағдайы туралы анықтама



5)

Ұйымның барлық құрылымдық
бөлімшелерінің ережелері



6)

Ұйымның қызметі туралы басшылық,
ашылатын мәселелердің толықтығы.
Белгіленген талаптарға сәйкестік
және енгізілетін өзгерістердің
уақтылығы



7)

Тізбе және жолаушылар мен/немесе
жүк әуе тасымалдарын сату және
брондау жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын құжаттардың болуы



2. Басқару ұйымы және оның құрылымы

1)

Ұйымдастыру құрылымы, ұйымның
штат кестесі. Жүктелген
функцияларды орындау үшін
жеткіліктілік



2)

Басқару құрамы және персоналдың
міндеттерін және жауапкершілігін
айқындайтын қызметтік
нұсқаулықтар (филиалдарды, сату
және брондау пунктерін, жүктерді
біріктіру бөлімшелерін қоса
алғанда)



3)

Жолаушылар мен/немесе жүк әуе
тасымалдарын сату және брондауға
тікілей байланысты басқару құрамы
және персоналдың деректері,
олардың сәйкестігі



3. Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды ұйымдастыру

1) 

Дайындық сәйкестігі және
жолаушылар әуе тасымалдарын сату
және брондау технологиясын сақтау
және жолаушыларға қызмет көрсету



2)

Дайындық сәйкестігі және жүк әуе
тасымалдарын сату және брондау
технологиясын сақтау



3)

Дайындық сәйкестігі және жүктерді
біріктіру технологиясын сақтау



4)

Филиалдарды, сату және брондау
пункттерін, жүктерді біріктіру
жөніндегі бөлімшелерді қоса
алғанда, бейнетерминалдық
жабдықты (бұдан әрі - БТЖ) қосуға
арналған тасымалдарды брондау
орталығымен жасалған шарттардың
болуы



5)

Сәйкестендірушілік
валидаторлардың (штамптарды)
нөмерлерін беруді растайтын
құжаттарының болуы



6)

Тасымалдарды сату туралы агенттік
келісімдерінің болуы



4. Персонал

1)

Персоналды оқыту бағдарламасының болуы



2)

Персоналдың біліктілігін
жоғарлату курстарынан өту
мерзімдерін сақтау



3)

Еңбек ақыны төлеудің уақтылығы



5. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі 

4)

Сапаны қамтамасыз ету жүйесі
туралы ережені сақтау



5)

Құжаттаманы жүргізу, есеп беру
және анықталған ауытқушылықтарды,
персоналдың жіберген
технологиялық және басқа
бұзушылақтарын, жолаушылар мен
жүк жөнелтушілерден түскен
арыздар, наразылықтар және
өтініштерді және олар бойынша
қабылданған шешімдерді есепке алу



6. Үй-жай

1)

Ұйымның үй-жайларының болуы және
олардың жай-күйі, олардың ішінде
өндірістік санитария талаптарын,
өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау



2)

Үй-жай күзетін қамтамасыз ету,
ақша қаражатын және қатаң
есептеме бланкілерін сақтау
жөніндегі шаралар жүйесінің болуы



7. Техникалық жарақтандыру

1)

Автоматтандырылған брондау
жүйесіне қосылған БТЖ-ның болуы



2)

Телефондық және факсимильдік
байланыстың болуы. Бекітілген
талаптарға сәйкестік



3) 

Салмақ өлшеу техникасының және
жүктерді тексеруге арналған
сканерлік құрылғының болуы және
сәйкестігі



8. Нормативтік құқықтық және анықтамалық құжаттама

1)

Түсулер және нормативтік және
басқару құжаттарына өзгерістер
енгізу



2)

Ұйым персоналының жолаушылар
мен/немесе жүк әуе тасымалдарын
сату және брондау бойынша
бұйрықтарды, нұсқаулықтарды және
ақпаратты уақтылы жеткізуі және
зерделеуі



        ЕСКЕРТУ:
      (*) бұл ұйым үшін міндетті емес;
      (-1) сәйкестік сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
      (-2) келісілген мерзім ішінде жою немесе шектеуліктер енгізу жағдайында сәйкестік сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер;
      (-3) өндірісті және сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын және сәйкестік сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер.

      ҚОСЫМША: Сәйкессіздіктердің тізбесі _____ бет (беттер).
      ТЕКСЕРУШІЛЕР: _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                                    (қолы, А.Т.Ә.а)

      ТАНЫСҚАН: ұйымның басшысы: _____________ ____________________
                                    (қолы)          (А.Т.Ә.а)

      Сертификаттық тексеру жүргізілген күн: 200 _ жылғы "__"______

    Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау
        жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға
   Ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына
                  сәйкессіздіктер тізбесі
              _______________________________________
                        (ұйымның атауы)

Сертификаттық
тексерудің
бағдарламасындағы
сәйкессіздік
ұстанымының N

Сәйкессіздіктің
сипаттамасы

Ескертпе

1

2

3


        Тексерушілер: _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                                    (қолы, А.Т.Ә.а)

      Танысқан: ұйымның басшысы: _____________ ____________________
                                    (қолы)          (А.Т.Ә.а)

      Сертификаттық тексеру жүргізілген күн: 200 _ жылғы "__"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады