«Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерімен оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 12 қазандағы № 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1999 жылғы 14 қазандағы 170 және Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрінің 1999 жылғы 8 қазандағы № 705-А-І бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 16 маусымдағы № 42, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 24 маусымдағы № 163, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 288-1 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 08-1-1-1/396 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 456, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 477 бірлескен бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерімен оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрінің 1999 жылғы 12 қазандағы № 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1999 жылғы 14 қазандағы № 170 және Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрінің 1999 жылғы 8 қазандағы № 705-А-І бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 16 маусымдағы М 42, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 24 маусымдағы № 163, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 288-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1178-нөмірмен тіркелген) бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б.Е. Қазбеков) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мәлімет үшін жіберсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрінің
      міндетін атқарушы                          Н. Ермекбаев

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрі                          Ә. Жақсыбеков

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы              Е. Дүйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады