"Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерімен оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 12 қазандағы N 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1999 жылғы 14 қазандағы N 170 және Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 705-А-І бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 ж. 16 маусымдағы N 42, Қорғаныс министрінің 2000 ж. 24 маусымдағы N 163, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 ж. 7 маусымдағы N 288-І Бірлескен Бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1178. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 08-1-1-1/396 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 456, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 477 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2009.11.16 N 08-1-1-1/396, ҚР Қорғаныс министрінің 2009.12.03 № 456, ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.11.12 № 477 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерімен оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 12 қазандағы N 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1999 жылғы 14 қазандағы N 170 және Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 705А-І V990944_ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) бұйрықтың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы";
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) бекітілсін". 2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы Тәртіптің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Оқығандар: Омарбекова А.Т. Құлшықова Г.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады