Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Төрағасының 6 қазандағы N 96 н/қ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 435 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 245-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен бұйрығының (2007 жылғы 4 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4601 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Республикалық бюджеттің               Қазақстан Республикасының
атқарылуын бақылау жөніндегі          Қаржы министрі
есеп комитетінің Төрағасы             _______________Б.Жәмішев
______________О. Өксікбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады