"Қазақстан Республикасындағы ақпарат қорғау құралдарын депозитке салу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2001 жылғы 22 маусымдағы N 86 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2009 жылғы 9 маусымдағы N 103 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1100 қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, лицензиялау мақсатына және принциптеріне тікелей қатысы жоқ артық нормаларды жою мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасындағы ақпарат қорғау құралдарын депозитке салу Ережелерін бекіту туралы" (2001 жылы N 29 - 463 орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, N 1601 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2001 жылғы 22 маусымдағы N 86 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы ақпараттық қызметі осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасызетсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                             А. Шабдарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады