Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 115 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау жөніндегі есепті жасау мен табыс ету ережесін, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру шеңберінде көзделетін ақпаратты ұсыну мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 165 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3361 болып тіркілген);
      2) "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың ң қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 13 қарашадағы N 171 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4466 болып тіркелген, "Юридическая газетаның" 2006 жылғы желтоқсандағы N 215(1195) санында жарияланған).
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады