Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептi жасау мен табыс ету ережесiн, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3361. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 115 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.05.22 N 115 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 2-тармағына және 155-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептi жасау мен табыс ету ережесi, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандары бекітілсін.
     2. Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті (М.К.Сағындықов) мен Заң басқармасы (М.Д.Әйтенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Б.А.Исаевқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Қазақстан Республикасы     
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің     
2004 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 165 бұйрығымен бекітілген  

Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау
жөнiндегi есептi жасау және табыс ету ережесi

     1. Осы Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептi жасау және табыс ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептi жасау және табыс ету тәртібін айқындайды.
 

     2. Тиiмдiлiктi бағалау жөніндегі есепті жасау мен ұсынудың мақсаты бюджеттік инвестицияларды жоспарлау процесін жетілдіру және мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
 

     3. Осы Ережені экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың пайдалануы міндетті болып табылады.
 

     4. Тиімділікті бағалау жөніндегі есепті жасау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және:
     1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техника-экономикалық негіздемесінің немесе бюджеттік инвестициялардың, бюджеттік бағдарлама паспортының қаржы-экономикалық негіздемесінің жоспарланған деректерінің маркетингтік, техника-технологиялық, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік бөлімдері бойынша көрінісін;
     2) қол жеткізілген нәтижелерді (нақты деректерді) жоспарланғандармен салыстыруды;
     3) алымдар көздері мен әдістерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін ақпаратты өңдеу және талдау әдістерін көрсетуді қамтиды.
     Бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру шеңберінде ұсынылатын ақпарат бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауды жүргізу жөніндегі есепті жасау көзі болып табылады.
     Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау ақпаратты өңдеу мен талдаудың мынадай әдісі негізінде жүргізіледі.
     Тікелей материалдық немесе материалдық емес, жобаны (бағдарламаны) іске асыру барысында қол жеткізілген салдарлар болып табылатын нәтижелерді бағалаған кезде:
     мынадай нақты өлшемдердің: заттай көріністегі жұмыстар көлемінің, іске асыру мерзімдерінің, қаржы шығындарының, жобалық қуатының жобаны (бағдарламаны) дайындау сатысында жоспарланғандарға сәйкестігі дәрежесі белгіленеді;
     көрсеткіштердің стандарттар талаптарына және жоспарлау сатысында қалыптастырылған өзге де талаптарға сәйкестігі дәрежесі белгіленеді;
     жоспарлау сатысында қабылданған алғышарттардың (бастапқы деректердің), сондай-ақ күтілетін ағымдағы шығындардың және оларды қаржыландыру көздерінің расталу дәрежесі белгіленеді;
     жобаны (бағдарламаны) іске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және іске асыруға қатысушы тараптардың іс-әрекеті бағаланады;
     жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
     Қоршаған ортада аяқталған жоба (бағдарлама) нәтижелерінен туындаған өзгерістер болып табылатын салдарларды немесе оның құрамдауыштарын бағалаған кезде:
     жобада (бағдарламада) алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі белгіленеді;
     ішкі (жобаға қатысты) және сыртқы факторлардың мақсаттарға қол жеткізудегі үлесінің ара қатынасы белгіленеді;
     ағымдағы шығындар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында жасалған алғышарттардың (бастапқы деректердің) расталу дәрежесі талданады;
     жобада (бағдарламада) жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
     Аяқталған жобаның (бағдарламаның) әсері болып табылатын әлеуметтік-экономикалық ахуалға ықпалды бағалаған кезде:
     басқа жобалардың (бағдарламалардың) қатарындағы жобаның салалық және өңірлік стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге үлесінің ара қатынасы белгіленеді;
     салада немесе өңірде мемлекеттік инвестициялар басымдықтарын түзету жөнінде ұсынымдар тұжырымдалады;
     ағымдағы шығындар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында жасалған алғышарттардың (бастапқы деректердің) расталу дәрежесі талданады;
     салалық және өңірлік стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізудегі жоба (бағдарлама) үлесінің тиімділігі туралы қорытынды жасалады;
     4) бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау нәтижелерін;
     5) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдарды қамтиды.
 

     5. Бағалаудың барлық түрін орындаған кезде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу шеңберінде жаңа және қолданыстағы жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен іске асыруды жақсарту жөнінде ұсынымдар қалыптастырылады.
 

     6. Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау жөніндегі есептер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-бабында көрсетілген мерзімдерде ұсынылады.

Қазақстан Республикасы    
Экономика және бюджеттік   
жоспарлау министрінің     
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 165 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн
жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну
мерзiмдерi мен нысандары

     1. Осы Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандары (бұдан әрі - Мерзімдер мен Нысандар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды айқындайды.
 

     2. Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асырудың мақсаты бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
 

     3. Осы Мерзімдер мен Нысандарды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) әкімшілерінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың, сондай-ақ экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың пайдалануы міндетті болып табылады.
 

     4. Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) әкімшілерінің бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға мынадай ақпаратты:
     басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) (бұдан әрі -  жоба (бағдарлама)) тізбесіне енгізілген жобаны (бағдарламаны) дайындаудың және іске асырудың жоспар-кестесін (бұдан әрі - Жоспар-кесте);
     басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне енгізілген жоба (бағдарлама) бойынша заттай көріністегі жұмыстардың орындалуы туралы есепті (бұдан әрі - Жұмыстардың орындалуы туралы есеп);
     жұмыстардың орындалуы туралы есепке түсіндірме жазбаны табыс етуін көздейді.
 

     5. Жоспар-кесте әрбір жоба (бағдарлама) бойынша есепті көрсеткіштерді айқындайтын құжат болып табылады және 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Жоспар-кестеде тұтастай жоба (бағдарлама) бойынша, оның құрамдауыштары бойынша және әрбір құрамдауыш үшін іс-шаралар (жұмыс түрлері) бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жоспарлы орындалу және қаржыландыру көлемі қамтылады. Бұл ретте жоспарланып отырған жылға арналған орындалу және қаржыландыру көлемі тиісті бюджеттік бағдарламамен келісіледі және тоқсан бойынша бөлінеді. Жоспар-кестеде, сондай-ақ жоспарланған жыл басталғанға дейінгі кезеңге арналған нақты көлем мен жоспарланғаннан кейінгі екінші жылға арналған және кейінгі жылдарға арналған болжамды көлем көрсетіледі.
 

     6. Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізілген жоба (бағдарлама) құрамдауыштары бойынша іс-шараларды (жұмыс түрлерін) орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемі кестеге бөлшек түрінде енгізіледі, мұның алымы тиісті өлшем бірліктеріндегі заттай көрсеткіш, ал бөлімі Тізбеге сәйкес ұлттық валютада көрсетілген қаржыландыру сомасы болып табылады. Заттай көрсеткіштер дегеніміз физикалық өлшемдер (ұзындық, көлем, салмақ, саны және т.б.), әзірленген құжаттар (жобалау-сметалық, тендердік құжаттама, есеп, қорытынды және т.б.) немесе жүзеге асырылған іс-әрекеттер (консультация, семинар, іссапар, сатып алу, қадағалау, құжатты бекіту және т.б.).
 

     7. Іске асырылуы жоспарланғаннан кейінгі бірінші немесе екінші жылдарға жоспарланған жобалар (бағдарламар) үшін Жоспар-кестеде жобаны дайындау бойынша (техника-экономикалық негіздемені немесе қаржы-экономикалық негіздемені, қарыз немесе грант туралы келісімді және басқа құжаттарды әзірлеу мен қарау және т.б.) қаржыландыруға дейін жүзеге асырылатын іс-шаралар қамтылады. Мұндай іс-шараларды іске асыру кезеңі заттай көрсеткішті және қаржыландыру сомасын көрсетпей, кестенің тиісті көздерін қарайту арқылы көрсетіледі.
 

     8. Жұмыстардың орындалуы туралы есепте Тізбеге енгізілген жоба (бағдарлама) бойынша қаржы қаражатын игерудің және заттай көріністегі жұмыстарды орындаудың есепті тоқсандағы жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпарат қамтылады және ол 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Бұл ретте Жұмыстардың орындалуы туралы есептің жоспарлы көрсеткіштері Жоспар-кестенің көрсеткіштерімен сәйкес келеді.
 

     9. Тізбеге енгізілген жоба (бағдарлама) бойынша Жұмыстардың орындалуы туралы есепке түсіндірме жазба еркін нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді:
     жоба (бағдарлама) туралы жалпы деректерді: жоба (бағдарлама) атауын, іске асырылатын жерін және жобалық қуатын (күтілетін нәтижелерді), іске асыру кезеңін, сметалық құнын, қаржыландыру көздерін және схемасын, жобаның (бағдарламаның), оның ішінде сандық көріністегі мақсаты мен міндеттерін;
     қаржыландыру және бөлінген қаражатты игеру барысы, жобаны (бағдарламаны) іске асыру кезінде туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары, іске асыруға жоспарланған қаражатты үнемдеу немесе асыра жұмсау себептері туралы ақпаратты;
     жоба (бағдарлама) әкімшісінің іс-әрекетін қоса алғанда, жобаны (бағдарламаны) іске асыруға қатысатын органдар іс-әрекетінің сипатын;
     аяқталған жобалар (бағдарламалар) (кезеңдер, құрамдауыштар) үшін - алға қойылған мақсаттар мен жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу (жобалық қуаты), нақты іске асыру мерзімдері мен қаржыландыру көлемінің жоспарланған көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәлеметтерді, болашақтағы ағымдағы шығындар мен оларды қаржыландыру көздері туралы нақтыланған мәліметтерді қамтуға тиіс.
 

     10. Ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабына сәйкес мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
     Жоспар-кестені бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) әкімшілері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей ұсынады;
     Жұмыстардың орындалуы туралы есепті және оған түсіндірме жазбаны бюджеттік жобалардың (бағдарламалардың) әкімшілері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады;
     жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады;
     республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей ұсынады.

                                         Қазақстан Республикасы
                                        Экономика және бюджеттік
                                          жоспарлау министрінің
                                       2004 жылғы 15 желтоқсандағы
                                       N 165 бұйрығымен бекітілген
                                        Бюджеттiк инвестицияларды
                                         iске асыру мониторингiн
                                         жүзеге асыру шеңберiнде
                                        көзделетiн ақпаратты ұсыну
                                        мерзiмдерi мен нысандарына
                                                  1-қосымша

     Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік
      инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне
     енгізілген жобаны (бағдарламаны) дайындаудың және
                іске асырудың жоспар-кестесі
       ___________________________________________________
                      жоба (бағдарлама) атауы

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі: _______  Жоспарланатын жыл: 200__ ж.
                              (атауы)

Р/с
N

Жоба (бағдар-
лама) атауы

Заттай
көрсет-
кіштің
өлшем
бірлігі

Орындау/қаржыландыру көлемі

Жоба
бойынша
барлығы

оның ішінде
жылдар бойынша

жоспарланатын
жылдың басына дейін

Іс-шаралар
(жұмыс түрлері)

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Орындау/қаржыландыру көлемі

оның ішінде жылдар бойынша

жоспарланатын жылға (жоспар)

болжам

жылына
бар-
лығы

оның ішінде
тоқсан бойынша

жосп.
кейінгі
1-
жылға

жосп.
кейінгі
2-
жылға

жосп.
кейінгі
2-
жылға

I

II

III

IV

6

7

8

9

10

11

12

13

                                         Қазақстан Республикасы
                                        Экономика және бюджеттік
                                          жоспарлау министрінің
                                       2004 жылғы 15 желтоқсандағы
                                       N 165 бұйрығымен бекітілген
                                        Бюджеттiк инвестицияларды
                                         iске асыру мониторингiн
                                         жүзеге асыру шеңберiнде
                                        көзделетiн ақпаратты ұсыну
                                        мерзiмдерi мен нысандарына
                                                  2-қосымша

     Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік
      инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне
        енгізілген жоба (бағдарлама) бойынша заттай
       көріністегі жұмыстардың орындалуы туралы есеп
       ___________________________________________________
                      жоба (бағдарлама) атауы

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі: _________________________
                                        (атауы)

Есепті кезең:__________________ 200__ ж. ___ тоқсан

Р/с
N

Жоба
(бағ-
дар-
лама)
атауы

Заттай
көрі-
ністегі
жұмыс-
тардың
түрлері

Заттай
көрсет-
кіштің
өлшем
бірлігі

Заттай көріністегі орын-
далған жұмыстардың көлемі

жыл басы-
нан бері

оның ішінде
есепті
тоқсанда

жоспар

нақты

жоспар

нақты

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенің жалғасы

Есепті тоқсандағы игеру көлемі мың теңге

жоспар

нақты

жоспар

нақты

9

10

11

12

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады