«Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 135 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 813 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысының 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2723 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы - 20 наурызда № 12 жарияланған) «Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 135 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына осы бұйрықтың көшірмесін қоса ұсына отырып, бір апта мерзімінде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                          Б. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады