Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 шілдедегі N 38-Г және 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрайымының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 113 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының "Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 12 шілдедегі N 38-Г бұйрығының (2002 жылғы 17 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1953 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., N 34, 678-6.);
      2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53 бұйрығының (2002 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1829 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2004 ж., N 25-28, 946-6.) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және кадрды дамыту департаменті (Р. Қахан) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым                                   А. Мешімбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады