Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1829. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрайымының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 113 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі Төрайымының 2009.07.24 N 113 Бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.Мыналар:
      1) ...;
      2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53 бұйрығының (2002 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1829 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2004 ж., N 25-28, 946-6.) күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым                                   А. Мешімбаева

                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған статистика жүйесіндегі мемлекеттік
мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап іске қосылады және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.    

     Төраға

     Келісілді                        Қазақстан Республикасының
     Қазақстан Республикасы        Статистика жөніндегі агенттігінің
     еңбек және халықты             2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53
     әлеуметтік қорғау                  бұйрығымен бекітілген
     министрлігі
     11.04.2002 ж.

Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің
мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын
қызметкерлер үшін мамандығы бойынша
жұмыс стажын есептеу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлердің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді.
      1. Мамандығы бойынша жұмыс стажына, сол мамандық бойынша статистика жүйесі саласындағы мемлекеттік мекемелерде және ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты емес басқа да ұйымдарда істеген барлық жұмыс уақыты кіреді, сондай-ақ:
      1) сол мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте болған;
      2) КСРО Қарулы Күштеріндегі қызметі, КСРО-ның ішкі істер мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы, сондай-ақ, интернационалдық борышын орындау, соның ішінде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда, әскери қызметшінің тұтқында болған, теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы Күштердегі мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өтеген;
      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, мәслихат депутаты өкілеттігін жүзеге асырған уақыт;
      4) заңдарға сәйкес жүктілігі мен босануы бойынша, сондай-ақ баланы күту бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілген;
      5) жұмыстан заңсыз шығарылған және кейіннен жұмысқа қайта алынған кездегі еріксіз жұмысқа шықпай қалған;
      6) мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп отырып оқыған;
      7) мамандық профилі бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмыспен айналысқан;
      8) қызмет саласына байланыссыз, оның еңбек жолы өткен ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты.
      2. Осы Ережеге сәйкес есепке алынатын мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
      3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу, осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
      4. Мамандығы және мамандықтардың ұқсастығы бойынша жұмыс стажын, құрамын тиісті мемлекеттік мекеменің басшысы бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі мемлекеттік мекеменің комиссиясы анықтайды.
      5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данадан жасалады және: бір данасы кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
      6. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшін қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар еңбек кітапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінділер болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады