Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 17 шілдесіндегі N 690 қаулысы мен "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43-1-бабына сәйкес "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану үшін операциялар жүргізу есепнамасын беру Ережесінің" бекітілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының "Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң мiндетiн атқарушының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 393-б бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б (ҚР әділет Министрлігінің 2005 жылғы 6 қазанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізімінде N 3875 тіркелген) бұйрығы күшін жойды деп есептелсін.
2. "Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрінің міндетін атқарушысының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 393-б бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1272 болып тiркелген) күшін жойғаны жөніндегі бұйрықтың жобасы дайындалсын.
3. Осы бұйрықтың көшірмесі ҚР Әділет Министрлігіне жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау төраға орынбасары Е.Г. Кәрібаевқа жүктелсін.
Төраға Б. Өжкенов