"Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң мiндетiн орындаушының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 393-б бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3875. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2009 жылдың 1 шілдедегі N 53-п бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2009.07.01 N 53-п бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 393-б бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1272 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлсiн:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығын бекiту туралы";

      1-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы бекiтiлсiн";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      3-тармақта "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықта (әрi қарай - Нұсқаулық):

      атауы келесi редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы";

      1-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
      "1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес, жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қаржы көздерiне тәуелсiз, жер қойнауы туралы геологиялық және басқа да ақпарат мiндеттi түрде, тағайындалған тәртiп бойынша, ақысыз геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға сақтауға, жүйелеуге және қорытым шығаруға жiберiледi";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақта:
      "аймақтық басқарма" деген сөздерден соң "геология және жер қойнауын пайдалану (әрi қарай - аймақтық басқарма)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазгеоақпарат" РГАО" деген сөздер "Қазгеоақпарат" Республикалық геологиялық ақпарат орталығы (әрi қарай - "Қазгеоақпарат" РГАО)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтарда "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      "Аумақтық басқарудың ҒТК (Аумақтық басқару ҒТК хаттамасы)" деген сөздер "Аумақтық басқарудың Ғылыми техникалық кеңесi (бұдан әрi - ҒТК)" деген сөздермен, "Комитеттiң ҒТК" деген сөздер "Аумақтық басқарудың Ғылыми техникалық кеңесiнде (бұдан әрi - ҒТК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Комитеттiң ҒТК" деген сөздер "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органның Ғылыми техникалық алқасының (бұдан әрi - ҒТА)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
      "Келiсiм-шартта көзделiнген барлық жұмыстар аяқталғаннан соң, жер қойнауын пайдаланушы, Келiсiм-шарттың әрекеттiк мерзiмi бiтпей тұрып, аймақтық басқармаға Келiсiм-шартты аумақта жүргiзiлген геологиялық зерттеулер туралы қағаз және магниттiк тасымал түрлерiнде кесiмдi есепнама ұсынады. Кесiмдi есепнама ҒТК қаралып, Комитетке жiберiледi. Комитет есепнаманы ҒTA қарайды да, ҒТА хаттамасын қоса берiп, оны "Қазгеоақпарат" РГАО сақтауға жiбередi. Есепнаманың бiр данасы сақталуға аймақтық басқармаға жiберiледi. Осы Нұсқаулыққа қоса берiлген Тұрпатты тiзбеге сәйкес, аймақтық басқармаға сақталуға және де бастапқы материалдар да жiберiледi";

      Нұсқаулыққа қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында "Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы" деген сөздер "Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күн күнтізбелік күн толғаннан кейін қолданысқа енгізіледi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады