Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті төрағаның 2000 жылғы 17 қаңтардағы N 1 және 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 65 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті төрағасының 2009 жылғы 9 шілдедегі N 36 бұйрығы.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 27 наурыздағы N 213 заңының 27-бабындағы 1-1-тармаққа,   43-1-бабындағысәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ядролық материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі апаттың зардаптарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті Төрағаның 2000 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1060 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті Төрағаның 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 65 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1996 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған 2004 ж., ақпан, N 9-12, 913-бап, 2004 ж., N 13-16, 913а-бап) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілердің бюллетенге жіберсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                      Т. Жантикин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады