Төрағаның 2004 жылғы 21 қазандағы № 414 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 217 Бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 21 қазандағы № 414 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті (Т.С.Жүнтірбаев) және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті (Ғ.Р.Әбдірайымов) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 21 қазандағы № 414 бұйрығының белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден алынуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                     С. Нокин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады