Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 21 қазандағы N 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3210. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 217 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2009.12.04 № 217 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  33-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-ө  өкімін  орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілерге мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы:
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты салалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. "Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілерге мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 16 маусымдағы N 276 бұйрығының күші жойылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары А.Ұ. Қарамановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 

      Төраға

Қазақстан Республикасы        
Индустрия және сауда министрлігінің 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық  
шаруашылық істері комитеті төрағасының
2004 жылғы 21 қазандағы N 414 бұйрығымен
бекітілген                

  Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген)
объектілерге мониторинг жүргізу
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілерге мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілердің мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) объектілердің құрылысына бақылау жүргізетін бірыңғай республикалық жүйе болып табылады және ақпараттар жинайды, олардың жай-күйін және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметінің объектілерінің өзгерісін талдайды, бағалайды әрі болжайды.

      3. Мониторингті:
      1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган);
      2) Уәкілетті органның облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармалары (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

      4.  Заңның  33-бабына сәйкес аумақтық бөлімшелердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілерінен осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілер жөніндегі ақпаратты сұрауға құқығы бар.
      Аумақтық бөлімшелер өз кезегінде мониторинг бойынша Уәкілетті органға ұдайы есеп беріп отырады.

  2. Мониторингтің негізгі мақсаты және
міндеттері

      5. Салынып жатқан (салынбақшы болып белгіленген) объектілердің мониторингі сәулет-құрылыс бақылауын жүргізу, құрылыс сапасы, экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау үшін заңнамалармен және өзге де мемлекеттік нормативтермен бекітілген нормалар мен талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, қауіпті (зиянды) табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің алдын алу, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен тарихи, мәдени құндылықтар деп танылған аумақтар мен объектілерді сақтау жолымен халықтың өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысу мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Мыналар:
      1) сәулеттік келбетті жақсартуға, құрастырмалардың, инженерлік жүйелер мен технологиялық жабдықтардың төзімділігі мен сенімділігін, пайдаланған кезде салынған объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталып жасалған жобалау құжаттамасын жетілдіру және сапасын арттыру бойынша жобалау ұйымдарының қызметі;
      2) құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісінің саласында шығарылған құрылыс өнімдерінің сапасы;
      3) қызметкерлердің біліктілігі және өндірістік қуат, сондай-ақ мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың жабдықталуы;
      4) объектілер мен кешендерде жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы ақпараттарды жинау және талдау үшін мониторинг жүргізіледі.

      7. Жоспарланған құрылыс, құрылыс алаңының жай-күйі, құрылыс-монтаж жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы деректерді жинау және талдау мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
      1) өңірлер шегінде құрылыс индустриясы базасының дамуын болжау;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қолданылып жүрген заңнамаларды, құрылыс нормалары мен ережелерін және өзге де мемлекеттік нормативтерді бұза отырып салынған объектілерді анықтау;
      3) өз еркімен объектілерді салу, сапасыз құрылыс материалдарын шығару, төзімділігі мен беріктігі бойынша сапа сертификаты жоқ немесе зертханалық сынақтан өтпеген құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын пайдалану фактілері бойынша әкімшілік шаралар қолдану үшін материалдар дайындау;
      4) мониторингтің қорытындылары бойынша республикалық және өңіраралық кеңес ұйымдастыру әрі өткізу, ақпараттық-талдамалық жұмыстар материалдарын баспасөзде жариялау;
      5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мамандар үшін біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастыру;
      6) құрылыс саласын дамыту мәселелері, салынып жатқан объектілердің ағымдағы сапасы бойынша халықты және мемлекеттік басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету.

  3. Мониторинг жүргізу

      8. Құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының сапасына тексеру жүргізе отырып, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қалаларды (аудандарды) дамытудың бас жоспарларының шешімдерін сақтай отырып, мониторинг бойынша аумақтық бөлімшелер есеп береді.

      9. Объектілерге мониторинг жүргізетін мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы өкілдерінің заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарынан, тапсырыс берушілерден, мердігерлік және жобалау ұйымдарынан объектілерді орналастыру мәселелері, құны және қаржыландыру көздері бойынша ақпараттар мен материалдарды, атқарушы және техникалық құжаттамаларды талап етуге құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады