Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2010.09.10 № 655Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде арнаулы құралдарды қолдануды регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде арнаулы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.
2. Бұйрық жекелеген батальонға жіберілсін.
Армия генералы
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2003 жылғы 26 тамыздағы
N 280 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
тәртіптік әскери бөлімінде арнаулы
құралдарды қолдану жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде (бұдан әрі - ТӘБ) арнаулы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулық тәртіпті қорғау және сотталғандарды қадағалау уақытында қызмет өткергенде ТӘБ жеке құрамының арнаулы құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сотталғандардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, ТӘБ әкімшілігі мен қызмет көрсету қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.
2. Арнаулы құралдар құқық бұзушыларға басқа ескертулермен әсер етудің барлық түрін қолданғанда және ойдағыдай нәтижелер бермегенде қолданылады.
3. Арнаулы құралдарды заңсыз қолданғаны үшін кінәлілер заңнамада белгіленген тәртіпте жауапкершілікте болады.
2. Арнаулы құралдардың тізбесі
4. Жеке қорғаныс құралдары:
1) шлемдер (армиялық құрыш, "Сфера", қорғаушы пластмассалық каска);
2) бронды көкірекшелер, оқтан қорғайтын күртешелер (ЖЗТ-71М, ЖЗЛ-74, "Мираж");
3) соққыға қарсы және броньды қалқандар ("Витраж" ЛЗТ-75, БЩ-82, "Забор");
4) газ тұмшалар.
5. Белсенді қорғаныс құралдары:
1) арнаулы резеңке таяқша;
2) кісендер (БР, БР-С);
3) қолға ұстайтын газды гранаталар ("Черемуха-1", "Черемуха-6");
4) газды гранаталарымен патрондар ("Черемуха-4", "Черемуха-7");
5) аэрозольдық орам ("Черемуха-10");
6) арнайы карабин (КС-23).
6. Арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдары:
1) арқаға астын аппарат ("Облако");
2) жарық-шу гранаталары мен қондырғылары ("Заря","Пламя");
3) кішкене көлемді жарылғыш қондырғысы ("Ключ", "Импульс");
4) өрт сөндіретін автоцистерна (АЦ-40/375Н);
5) автокөлікті мәжбүр етіп тоқтату үшін құрылғы ("Еж-М").
7. Арнаулы құралдардың тізбесі ұқсастармен өзара ауыстырылуы мүмкін немесе жаңалармен әзірлеу шаралары бойынша жаңартылуы мүмкін.
3. Арнаулы құралдарды қолдану
8. Арнаулы құралдардың түрі мен оны қолданудың үдемелігі, қалыптасқан жағдайды, құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының тұлғасы, сондай-ақ арнаулы құралдардың тактикалық-техникалық сипаттамасы ескеріле отырып айқындалады. Сотталушыларға арнаулы құралдар мыналар кезінде қолданылады:
1) ТӘБ әкімшілігіне қарсылық көрсеткен;
2) ТӘБ әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана бағынбаған;
3) бұзақылық іс-қимылдармен ТӘБ мүлкіне зиян келтіретін, әкімшілікті жәбірлейтін, басқыншылық мінез-құлқы;
4) жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан;
5) аманатқа адамдар алған;
6) азаматтарға шабуыл жасаған;
7) қашуларды жүзеге асырған, ТӘБ-дан қашқан сотталушыларды ұстаған;
8) сотталушыларға дене зақымдарын салудың, сол сияқты дене мүшелеріне зиян келтіру актілерінің жолын кескен, алдын алған.
9. Арнаулы құралдарды қолдану және оны қолданудың үдемелігі туралы шешімді қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жауапты нақты операциялардың жетекшілеріне тең лауазымды адам қабылдайды. Жеке іс-қимыл жасайтын ТӘБ-ның қызметкері осындай шешімді дербес қабылдайды.
10. Арнаулы құралдарды қолдануда мынадай жағдайлар сақталуы керек:
1) кешіктіру қызметкердің, сондай-ақ сотталушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін және өзге де ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін немесе осындай ескерту туындаған жағдайда орынсыз немесе мүмкін емес болып табылатын жағдайлардан басқа, оларға қарсы осы құралдар қолданылатын адамдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде міндетті алдын ала, нақты ескерту. Ескерту дауыстап, ал айтарлықтай ара қашықтық немесе сотталушылардың үлкен тобына - дауысты шығаратын қондырғылары, дауысты күшейткіштер арқылы және барлық басқа жағдайларда жауапты реакция жасау үшін жеткілікті уақыт берумен кемінде екі рет қайталап жасалуы мүмкін;
2) қойылған талаптарды орындау үшін жеткілікті уақыт беру, егер кешіктіру қызметкердің, сотталушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін және өзге де ауыр салдарларға әкеп соқтыратын немесе ескерту осы туындаған жағдайда орынсыз не мүмкін емес болып табылатын жағдайлардан басқа;
3) сотталушыларға анағұрлым аз зиян келтіруді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Белсенді қорғаныс құралдарын қолданатын ТӘБ-ның қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне оқытылуы тиіс. Арнайы операцияларды жүргізу кезінде арнаулы құралдар қолданған жағдайда медициналық қызметкерлер тартылуы тиіс;
4) арнайы операцияларды қамтамасыз ету кезінде белсенді қорғаныс құралдарын қолданған ТӘБ-ның қызметкерлері қолданғаны туралы ТӘБ-ның командиріне рапортпен баяндайды және мыналарды көрсетумен акті жасайды: қашан, қайда, қандай құрал, кімге қарсы және қандай жағдайларда қолданылғанын, қажетті қорғаныс немесе өте қажет жағдайда қолданғаны. Арнаулы құралдар болмаған кезде қолдағы бар түрлі құралдар пайдаланылуы мүмкін;
5) белсенді қорғаныстың арнаулы құралдарын қолданған әрбір фактісі туралы (кісен, резеңке таяқша, "Черемуха-10" басқа) ТӘБ-ның командирі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлер қызметі бас басқармасының бастығына баяндайды және ТӘБ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі әскери прокурорға хабарлайды.
11. "Черемуха-7" газды гранатасымен ату үшін "КС-23" арнайы карабинін қолдану, егер құқық бұзушылар жасырынған жерлерде бөтен адамдар, соның ішінде аманатқа алынған адамдар болса, прокуратура органдарының келісімі бойынша жүргізіледі.
4. Қызметкерлерді арнаулы құралдармен жабдықтау, қызметкерлерді даярлау, арнаулы құралдардың есебін
жүргізу және сақтау
12. Тәуліктік кезекшілікке түсетін кезекші наряд, міндетті түрде, белсенді қорғаныстың арнаулы құралдарымен (резеңке таяқшамен, кісендермен, "Черемуха-10" аэрозольді орамымен) жарақталады. ТӘБ-дағы тәртіпсіздік жағдайларда қарауылға және кезекші бөлімшелерге арнаулы құралдарды беруге рұқсатты бөлімнің штаб бастығы береді, ол туралы арнаулы құралдарды берудің есебін жүргізу журналында тиісті жазбалар жазылады. Кезекшілік аяқталғаннан кейін арнаулы құралдар бөлім бойынша кезекшіге қолын қойғызып өткізіледі. Арнаулы құралдарды сақтау ТӘБ-дан тыс орналасқан күзетілетін үй-жайда жүргізілуі тиіс.
13. Арнайы операцияларды жүргізу кезінде, кезекші нарядты арнайы құралдармен жарақтандыруға рұқсат етуді мыналар береді:
1) "КС-23" арнайы карабині және "Черемуха-7" патронды газды қол гранатасымен, "Черемуха-6" ұстайтын газды қол гранатасымен, "Заря" жарық-шу шығарушы гранатасымен және "Пламя" құрылғысымен, "Ключ" және "Импульс" кіші көлемді жарылғыш құрылғысымен, "Еж-М" көлікті мәжбүр етіп тоқтату құрылғысымен - ТӘБ-ның командирі немесе оның орнындағы адам.
2) өртке қарсы автоцистернамен, "Черемуха-1" газды гранатасымен, "Черемуха-4" патронды газды гранатасымен, "Облако" аспалы аппаратымен - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметі бас басқармасының бастығы немесе оның орнындағы адам.
14. Арнаулы құралдарды қолдану жөнінде қызметкерлерді даярлау арнайы даярланған нұсқаушылармен тәртіптік әскери бөлімде жүргізіледі. Оқу курстарынан өткен ТӘБ қызметкерлерінің жеке ісіне тиісті сынақтарды тапсырғаны туралы анықтама тіркеледі.
15. "Облако" аспалы аппаратын, жарық-шу шығаратын гранаталар мен "Заря" және "Пламя" құрылғыларын, "Ключ" және "Импульс" кіші көлемді жарылғыш құрылғаларын қолдануға заңнамада белгіленген тәртіпте оқытудан өткен қызметкерлерге жол беріледі.
16. Штаб бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскерлер қызметі бас басқармасының бастығы арқылы арнаулы құралдарды қолданудың заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды бақылайды және оларды заңсыз пайдалануға жол берген адамдарға ықпал етуге шаралар қолданады.
5. Қауіпсіздік шаралары
17. Резеңке таяқшаны қолданған кезде өмірге маңызды мүшелерге, басқа, бетке, мойынға соққы беруге жол берілмейді.
18. "КС-23" карабинін, дабыл беру пистолетін оқтауды команда бойынша қолданудың алдында тікелей жүргізіледі.
19. Газды-түтінді бұлттың әсер ету аймағында қалған операцияға қатысушылар қауіпті аймақты тез тастап шығулары тиіс. Газды-түтінді бұлттан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін мұсатырлы спирт (иіскеу үшін) және ас содасының екі пайыздық ерітіндісін немесе бор қышқылын (көзді жуу үшін) қолданылады.
20. Газды-түтінді бұлттарда жұмыс жеке қорғаныс құралдарымен жүргізіледі.
21. "Черемуха" арнаулы құралдарымен жұмыс істеген кезде мыналарға қатаң тыйым салынады:
1) "Черемуха-1" бөлшектеуге және оларды" ақауларын жоюға, сөмкелерден тыс алып жүруге (ілгектерімен ілінген);
2) бір уақытта екі және одан көп "Черемуха-6" гранатасын көлемі 60 куб.м кем үй-жайға лақтыруға;
3) 26 мм қағаз гильзасымен, дабылдық және жарықтандыратын оқ-дәрілер "КС-23" карабинінен, оқ-дәрілерімен жабдықталған әр түрімен, сондай-ақ газды пистолеттерден ату үшін арналған "Черемуха-4" газды гранатасын ату үшін қолдануға;
4) "КС-23" карабинінен басқа "Черемуха-7" гранатасын ату үшін басқа кез келген қаруды қолдануға;
5) "Черемуха-4", "Черемуха-7" гранаталарымен патрондарды бөлшектеуді жүргізуге.
22. Кіші көлемді жарылғыш құрылғыларымен, жарық-дыбысты грнаталарымен және қосылу құрылғыларының құралдары жарылғыш құрылғылардан бөлек алып жүруі тиіс.
Қосылу құралдарына электр тізбегін қосудың алдында онда кернеудің жоқтығына көз жеткізу керек. Кіші көлемді жарылғыш құрылғыларын немесе жарық-дыбысты гранаталар қолданатын қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
23. Сөніп қалған өткізгіш бауды тұтандыруды қайта қолдануға қатаң тыйым салынады.
10 минут бойы жұмыс істемей қалған "Пламя", "Ключ", "Импульс" құрылғанына, "Заря" гранатасына жақындауға тыйым салынады.
24. "Ключ", "Импульс", "Пламя" құрылғыларын қосудың электрлік тәсілін пайдаланған кезде электр тізбегінің дұрыстығына көз жеткізу тиіс және екінші қайтара жіберу жүргізілсін. 10 минуттан кейін (жұмыс істемеген кезде) қосу құралын жұмыс істемеген құрылғыдан ажырату және жұмыс істемей қалу себебін анықтау үшін тұрақты сақтау орнына жеткізу керек.
25. Кіші көлемді жарылғыш құрылғыларды және корпусы немесе қабығы зақымдалған (сызаттар, майысулар және т.б.) жарық-дыбысты гранаталарды пайдалануға тыйым салынады.
26. Белсенді қорғаныс және арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдары (резеңке таяқшалар, кісендер, "Черемуха-10" басқа) адамнан кемінде 2 метр қашықтықта қолданылсын.