"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Казақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. "Ішкі Істер органдарының жүйесінде мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және ішкі істер органдарының жүйесінде жұмысшыларға жұмысы үшін пайыздық үстемақы белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 223 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 26 шілдеде № 1931 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне (Б.Ш. Исенова) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы А. Кулинич