Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 128 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің    
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 128 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 наурыздағы № 181 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Бұйрық 1998 жылғы 16 наурыз № 181 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 сәуірде № 509 тіркелді).
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік және аттестаттау комиссия қызметінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 199 бұйрығы.
      3. «Сот-сараптама қызметін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 бұйрығы.
      4. «Орта айлық сарапшылық жүктемелер нормаларын, сараптамалардың күрделілік деңгейін, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» ММ-сі бойынша сараптамалардың күрделілігі үшін ақы төлеу тәртібін анықтау Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 119 бұйрығы.
       5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 199 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 300 бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады