Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 128 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің
Сот сараптамасы Орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы
қызметінің тәртібі туралы
Нұсқау
1. Біліктілік комиссиясының қызметі "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамасы біліктілігін беру тәртібі туралы" Ереже негізінде жүзеге асырылады.
2. Біліктілік комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын жоспарлайды, мәжілістерді шақырады және басқарады, комиссияның жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің алдында есеп береді.
3. Комиссияның хатшысы мәжілістерді өткізу үшін материалдар дайындайды және оларды комиссияға баяндайды, комиссияның жұмысы жөніндегі істерді жүргізеді, сот сараптамасы біліктілігі берілген адамдардың есебін жүргізуді жүзеге асырады.
4. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі мәселені қарау үшін мына төмендегі материалдар комиссияға тапсырылады:
- сот сараптамасы біліктілігін беру туралы негізделген ұсыныс;
- кәсіби дайындықтың басшысы дайындаған пікір;
- сынақтарды тапсыру туралы мәліметтер;
- ізденушінің дайындық кезінде қатысқан сараптамалары бойынша бақылау ісін жүргізу.
5. Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы мәселені комиссия бір ай мерзім ішінде қарайды.
6. Мәжіліс процесіне комиссия ұсынылған материалдарды тексереді, ізденушіден емтихан алады және кәсіби дайындық басшысы мен құрылымдық бөлімше басшысының пікірін тыңдайды. Талқылаудың нәтижесі бойынша комиссия оның дайындық деңгейін бағалайды және шешім қабылдайды.
7. Сот сарапшысы біліктілігін берудің нақты негізі болып оның алғашқы дайындық бағдарламаларында көзделген, бағдарлама тараулары бойынша сынақтарды тапсырумен расталған, арнайы білім көлемін игеру болып табылады.
8. Біліктілікті беру туралы мәселесі шешіліп отырған адам (ілгеріде - ізденуші) біліктілік комиссиясының мәжілісіне қатысады.
9. Шешім комиссия мүшелерінің мәжілісіне қатысушылардың ашық дауыс беруімен көпшілік дауыспен қабылданады.
Қабылданған шешімге келіспеушілігін комиссия мүшелері ерекше пікірде айтуы мүмкін.
10. Комиссия шешімінің көшірмесі ізденушінің жұмыс орны ұйымына жіберіледі және ол оның жеке іс қағазына жазылады.
11. Комиссия мәжілісі барысында хаттама жазылады (1-қосымша), оған комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
12. Біліктілік комиссиясының шешімі негізінде сот сарапшысы біліктілігі берілген адамға "Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәлік" беріледі.
13. Біліктілік комиссиясының іс жүргізу "Сот сарапшысы біліктілігін беру бойынша іс жүргізу" және "Сот сарапшысының куәлігін беруді тіркеу кітабын" (2-қосымша) ресімдеуді көздейді.
14. "Сот сарапшысы біліктілігін беру бойынша іс жүргізу" әрбір адамға жеке ресімделеді және оған мына материалдар енеді:
- сот сарапшысы біліктілігін беру туралы ұсыныс;
- стажировка басшысы дайындаған кең көлемді пікір;
- дайындық Бағдарламасы тараулары бойынша сынақтар тапсыру туралы
мәліметтер (комиссия мәжілісі хаттамаларының көшірмелері);
- біліктілікті беру туралы мәселе бойынша қабылданған шешімі бар
комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмесі;
- сот сарапшысының карточкасы.
15. "Сот сарапшысының карточкасы" сот сарапшысы біліктілігі берілген
адамға толтырылады (3-қосымша). Сондай-ақ карточкаға қосымша сарапшылық
мамандықтар бойынша берілген біліктілік туралы мәліметтер енгізіледі.
16. "Сот сарапшысының куәлігін беруді тіркеу кітабында" сот сарапшысы
біліктілігін беру туралы куәлікті берудің есебі жүргізіледі.
17. Біліктілік комиссиясының материалдары тұрақты сақтауға жататын
құжаттар категориясына жатады.
1-қосымша
Біліктілік комиссиясы мәжілісінің
ХАТТАМАСЫ
______________________________________________________________________
(сот-сараптама органының аты)
" " ________________ 199 ж.
Мәжіліске қатысқандар
________________________________________________
егер біліктілік комиссиясының
______________________________________________________________________
мәжілісіне оның мүшелері емес мамандар қатысатын болса,
______________________________________________________________________
онда хаттамаға олардың аты-жөнімен бірге, жұмыс орны,
_____________________________________________________________________
лауазымы және мамандығы көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы
орталығында сот сарапшысы біліктілігін берудің тәртібі туралы Ережеге
сәйкес Біліктілік комиссиясы:
1. ___________________________________________________________________
аты-жөні, тегі, лауазымы
______________________________________________________________________
сараптама түрі, мамандығы
______________________________________________________________________
сот сарапшысы біліктілігін беру туралы _______________________________
ұсынысын;
2. _____________________________________________________мінездемесін;
аты-жөні, тегі, лауазымы
3. __________________________________________________________ жасаған
аты-жөні, тегі
бақылау іс-жүргізу немесе сарапшы қорытындысының жобасын қарап шықты
______________________________________________________________________
аты-жөні, тегі
Білім деңгейін анықтау үшін __________________________________________
мынандай сұрақтар қойылды: ___________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
оларға ______________________________________________жауаптар берілді
(дұрыс, дұрыс емес)
Біліктілік комиссиясы шешті:
іс жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігін
______________________________________________________________________
______________________________________________________________берілсін
Сот сарапшысы біліктілігін _________________________________________
беруден қалыс қалу ___________________________________________________
(себебін көрсету)
______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
Хатшысы:
2-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы
куәліктерді беруді тіркеу
ЖУРНАЛЫ
_____________________________________________________________
Рет | Куәлік | Куәлікті алған адамның | Куәлік | Алғандығы
саны|нөмірі | аты-жөні, тегі | берілген | жөнінде
| | | күн | қолы
_____________________________________________________________
| | | |
| | | |
| | | |
3-қосымша
Сот сарапшысының карточкасы
Фамилиясы, аты-жөні __________________________________________________
Білімі _______________________________________________________________
(қандай жоғарғы оқу орнын, қашан бітірді)
Ғылыми дәрежесі, атағы _______________________________________________
______________________________________________________________________
Лауазымы _____________________________________________________________
(сот сарапшысы біліктілігін беру кезіндегі)
Сот-сараптама ұйымдарындағы жұмыс стажы ______________________________
______________________________________________________________________
___________________________________сарапшылық-біліктілік комиссиясының
___________________________________ 199 ж. " " ___________шешімімен
____________________________________________N ________ хаттама
__________________________________________________іс-жүргізу құқығымен
_________________________________________________________сараптама
мамандығы бойынша сот сараптамасы біліктілігі берілді
Сарапшылық-біліктілік комиссиясының 199 ж. " " _____________________
_________________________шешімімен____________________________________
______________________________________________________________________
(қай түрі және қандай мамандықтар бойынша)
сараптамалар жүргізуге қосымша құқық берілді
Сарапшылық-біліктілік комиссиясының 199 ж. " " ____________________
_______________________шешімімен_________________________________
______________________________________________________________________
(қай түрі және қандай мамандықтар бойынша)
сараптамалар жүргізу құқығы ұзартылды
____________________________________________________________байланысты
(себептерін көрсету керек)
199 ж. " " ______________________________ сараптамалар жүргізу
құқығынан айырылды.
Карточканың көлемі 210 х 148 мм.
оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.